Аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпарат нысанын бекіту туралы 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 1 ақпандағы N 54 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 12 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5131 болып енгізілді.

Қолданыстағы

       Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан  қараңыз.

      "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1998 жылғы 20 қарашадағы  21-бабы  2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпарат нысаны бекітілсін.

      2. Аудиторлық ұйымдар есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейінгі мерзімде уәкілетті мемлекеттік органға осы бұйрықпен бекітілген нысан бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру жөніндегі ақпаратты табыс етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Н. Айтжанова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Министр

Қазақстан Республикасы    
Қаржы министрінің      
2008 жылғы»1 ақпандағы   
N 54 бұйрығымен бекітілген  

 Нысан 

            Аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық
             жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі
                    200__жылдағы ақпарат

Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру туралы деректер  

р/р

Сақтандыру ұйымы-
ның атауы және
орналасқан жері 

Сақтандыру
полисінің
нөмірі мен
берілген
күні

Сақтан-
дыру со-
масының 
мөлшері

Сақтан-
дыру сый-
лығының
мөлшері

Сақтандыру сыйлығының
іс жүзінде
төленген
мөлшері 

 

 

 

 

 

 

Басшы _______________    ____________________________________
          қолы                         (аты-жөні)

М.О.