Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің "Аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың есептілікті беру тізбесін, нысандары мен мерзімділігін бекіту туралы" 2006 жылғы 26 шілдедегі N 275 және "Аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыр

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 19 наурыздағы N 116 Бұйрық. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 10 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5623 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 26 қаңтардағы N 60 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 26 қаңтардағы N 60 Бұйрығымен.

      "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың есептілікті беру тізбесін, нысандары мен мерзімділігін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 шілдедегі N 275 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4329 болып тіркелген, 2006 жылғы 11 қарашадағы N 46(307) "Ресми газет" газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      тақырыбында "ұйымдардың" деген сөзден кейін "және аудиторлық ұйымдардың" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақта:
      2) тармақшада ", 4, 5" сандары алып тасталсын;
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес аудиторлық ұйымның сыртқы сапа бақылауынан өтуі (оны өткен жағдайда) туралы есеп беру нысаны.";
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Аудиторлық ұйымдар сыртқы сапа бақылауынан өткеннен кейін отыз күн ішінде, уәкілетті мемлекеттік органға осы бұйрықтың 6-қосымшасына cәйкес нысан бойынша есеп беруі тиіс.";
      осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 6-қосымшамен толықтырылсын.
      2) "Аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпарат нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 1 ақпандағы N 54 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5131 болып тіркелген, 2008 жылғы 22 ақпандағы N 28(1254) "Заң газеті" газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      кіріспеде "9" деген сан "8" деген санымен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есепті, аудиторлық қызмет пен қаржылық бақылауды дамыту департаменті (Айтжанова Ж.Н.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны кейіннен мерзімді баспа басылымдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейінгі он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                       Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің   
2009 жылғы 19 наурыздағы
N 116 бұйрығына    
қосымша        

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің   
2006 жылғы 26 шілдедегі
N 275 бұйрығына   
6-қосымша       

нысан

___________________________ аудиторлық ұйымының 200 ___ жылғы
           (атауы)

       сыртқы сапалық бақылаудан өтуі (оны өткен жағдайда)
                         туралы ақпарат

N
р/с

Аудиторлық ұйымның атауы және орналасқан жері

Кәсіби ұйым қорытындысының нөмірі және берілген күні (көшірмесін қоса беріп)

Кәсіби ұйым қорытындысын шағымдану күні (шағымданған жағдайда)





      Басшы __________________      ___________________________
                   Қолы                      (аты-жөні)

      М.О.