Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2008 жылғы 18 қаңтардағы N 2 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 5 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5127 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған "Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.

      2. Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі аумақтық басқармалар осы бұйрықпен танысуды ұйымдастырып және оның сөзсіз орындалуын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс департаменті (Ә.Е. Баймұратов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркелуіне жолдасын және мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары А.Д. Бишиғаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

      Қазақстан Республикасы 
Ақпараттандыру және байланыс
агенттігі төрағасының 
2008 жылғы 18 қаңтардағы
N 2 бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік қызмет көрсету
СТАНДАРТЫ
"Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті
құрылғыларды тіркеу"

1. Жалпы ережелер

      1. Бұл стандарт ақпараттандыру және байланыс жөніндегі аумақтық басқармаларға радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін беру тәртібін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) белгілейді.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасының  "Байланыс туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитет төрағасының 2003 жылғы 11 наурыздағы N 13-п бұйрығымен (бұдан әрі - бұйрық) бекітілген Байланыс саласындағы рұқсат құжаттарын ресімдеу және радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу ережесі негізінде жүзеге асырылады, N 2234 мемлекеттік тіркеу нормативтік құқықтық акті реестрінде тіркелінген.

      3. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің ақпараттандыру және байланыс жөніндегі аумақтық басқармалары - құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі - аумақтық басқармалары) мемлекеттік қызмет көрсетеді.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны  радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларға мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін беру болып табылады.

      5. Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тіркелген  Қазақстан Республикасының азаматтарына, мекемелерге, ұйымдарға, кәсіпорындарға (бұдан әрі - өтініш берушілер) мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

      6. Аумақтық басқарма өтініш берушінің құжаттарын алғаннан кейін үш жұмыс күннің ішінде оның құжаттарын қарайды.

      7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 тамыздағы N 932 қаулысымен бекітілген радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды мемлекеттік тіркеу үшін алым ставкасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету ақылы негізде ұсынылады.

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің веб-сайтында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және аумақтық басқармалардың бөлмелерінде орналасқан стендтерде орналастырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      9. Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін тұтынушылар радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды (бұдан әрі - РЭҚ (ЖЖҚ)) пайдалану орны бойынша тиісті аумақтық басқармаға:
      1) белгіленген үлгідегі өтініш;
      2) радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың тиісті түріне арналған сауалнаманы көрсетеді.

      10. Аумақтық басқарма РЭҚ-қа (ЖЖҚ) арналған сауалнамаларды толтырудың жинақылығы мен дұрыстығын тексереді.

      11. РЭҚ-қа (ЖЖҚ) арналған сауалнамаларды толтыру жинақты немесе дұрыс болмағанда аумақтық басқарма тіркеуден бас тартады. Құжаттарды қайта тапсырған жағдайда, оларды қарау мерзімі жаңартылады.

      12. Тіркеу рәсім аяқталғаннан кейін аумақтық басқарма белгіленген нысандағы РЭҚ пен ЖЖҚ-ны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін дайындайды және белгіленген нысандағы РЭҚ пен ЖЖҚ-ны мемлекеттік тіркеудің журналын толтырады.

      13. РЭҚ пен ЖЖҚ-ны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік өтініш беруші РЭҚ пен ЖЖҚ мемлекеттік тіркеуі үшін ақы төлегенін растайтын құжатын көрсеткеннен кейін беріледі.

3. Жұмыстың қағидаттары

      14. Аумақтық басқармалар қызметі адамның конституциялық құқығын сақтауға, жүктелген қызметтерін атқару кезіндегі заңдылыққа негізделеді және әдептілік, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және жасырындылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелері

      15. Аумақтық басқармалар жұмысының нәтижелері осы стандартқа қоса беріліп отырған 1-қосымшаға сәйкес сапа мен қол жеткізу көрсеткіштерімен өлшенеді.

5. Шағымдану тәртібі

      16. Мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасы бойынша наразылық болған жағдайда Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі басшыларының, аумақтық басқармалар бастығының атына шағым беріледі.

      17. Шағымдар жазбаша түрде пошта не Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі, аумақтық басқармалардың кеңсесі арқылы тікелей жұмыс күндері қабылданады.

      18. Қабылданған шағым аумақтық басқармалардың кіріс хат-хабарлар есебі журналында немесе Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркеледі және бір ай мерзім ішінде қаралады.

      19. Шағымды қарау нәтижелері шағым берушіге жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.  

6. Байланысу ақпараты

      20. Аумақтық басқарманың жұмыс және бастығының қабылдау кестесі аумақтық басқармасының жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Аумақтық басқармасының байланыс телефондары және мекенжайы Қазақстан Республикасы Ақпарттандыру және байланыс агенттігінің веб-сайтында орналастырылған (2-қосымша).

      21. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, сол жағалау, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, тел: 8 (7172) 74-09-09, факс: 8 (7172) 502-888.

Мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына 1 қосымша  
"Радиоэлектронды құралдар 
мен жоғары жиілікті   
құрылғыларды тіркеу" 

       Сапа мен қолжетімділік көрсеткішінің мәні

Сапа мен қолжетімділік көрсеткіштері

Көрсет-
кіштің
нормативті
мәні

Өткен
жылғы
көрсет-
кіштің
мақсатты
мәні

Есепті
жылғы
көрсет-
кіштер
мақсатты
мәні

1

2

3

4

1 Уақытылығы

1.1. % (үлес) құжаттарды тапсырған
кезеңнен бастап  қызмет көрсетудің
уақытылық жағдайы

99

99

99

2. Сапа

2.1. % (үлес) қызмет көрсету сапасы
үдерісіне қанағаттанған тұтынушылар

85

85

85

2.2. % (үлес) лауазымды адам рәсім-
деген құжаттар үдерісі (атқарылған
есептеу, есептесулер және т.б.)

100

100

100

3. Қол жетімділік

3.1. % (үлес) қызмет көрсету жүйе-
сінде сапа және ақпаратқа қанағат-
танған тұтынушылар

85

85

85

3.2. % (үлес) алғаш рет құжат тап-
сырғандағы тұтынушылардың құжаттар-
ды дұрыс толтыру үдерісі

70

70

70

4. Шағым беру үрдісі

4.1. % (үлес) осы қызмет түріне  қызмет көрсетілген тұтынушылар саны-
ның негізді шағымдарының үдерісі

15

15

15

4.2. % (үлес) белгіленген уақытында
қаралған және қанағаттандырылған
негізді шағымдар үдерісі

100

100

100

4.3. % (үлес) тұтынушылардың бар
тәртіппен шағымданғандарының қана-
ғаттанғандары

60

60

60

4.4. % (үлес) тұтынушылардың, шағым-
дарды қарау мезгіліне қанағаттанған-
дары

60

60

60

5. Сыпайылық

5.1. % (үлес) тұтынушылардың, қызмет
көрсетушілердің сыпайылығына қана-
ғаттанғандары

75

75

75

Мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына 2 қосымша  
"Радиоэлектронды құралдар 
мен жоғары жиілікті   
құрылғыларды тіркеу" 

N
р/н

Басқарма атаулары

Заңды мекен-жайы

Байланыс телефондары

1.

Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша
Ақпараттандыру және
байланыс басқармасы

010000, Астана қ.
Республика
даңғылы, 13

8(7172)
216936

2.

Алматы қаласы және
Алматы облысы бойынша
Ақпараттандыру және
байланыс басқармасы

050000, Алматы қ.
Жұмалиев, 108
каб. 410

8(3272)
680880, 681010 факс, 709268

3.

Ақтөбе облысы бойынша
Ақпараттандыру және
байланыс басқармасы

030000, Ақтөбе қ.
Әбілхайырхан
даңғылы, 62

8(7132)
520340,
факс: 520372

4.

Атырау облысы бойынша
Ақпараттандыру және
байланыс басқармасы

060000, Атырау қ.
Пушкин көшесі
201 бөлме 221

8(7122) 270024 ф,
271615

5.

Қарағанды облысы
бойынша Ақпараттандыру
және байланыс басқармасы

100000,
Қарағанды қ.
Ермеков көшесі
73/А оф. 302

8(7212)
437010 ф,
437024

6.

Павлодар облысы
бойынша Ақпараттандыру
және байланыс
басқармасы

140000,
Павлодар қаласы,
Ак.Сәтпаев көшесі,
50

8(7182)
323549,
327280 ф.
540338

7.

Қостанай облысы
бойынша Ақпараттандыру
және байланыс басқармасы

110000, Қостанай қал., Темірбаев
көшесі, 14, 58-59
пәтер

8(7142) 535185 ф, 535074, 503026

8.

Қызылорда облысы
бойынша Ақпараттандыру
және байланыс басқар-
масы

120000,
Қызылорда қаласы,
Қазантаев көшесі, 8 үй, 3 пәтер

8(72422)
70953 ф,
78853 ф,
77548

9.

Жамбыл облысы бойынша
Ақпараттандыру және
байланыс басқармасы

080000, Тараз қ.
Қазыбек би
көшесі, 138

8(7262) 450960 ф
434224

10.

Маңғыстау облысы
бойынша Ақпараттандыру
және байланыс басқар-
масы

130000, Ақтау қ.
9 мөлтек ауд. 18
үй, 91-92 пәтер

8(7292) 313344,
429911 ф.

11.

Батыс-Қазақстан облысы
бойынша Ақпараттандыру
және байланыс басқар-
масы

090000, Орал қал.
Дзержинск көшесі,
100, 4-қабат 4 каб.

8(7112) 503877 ф,
244974, 513865

12.

Оңтүстік-Қазақстан облысы бойынша
Ақпараттандыру және
байланыс басқармасы

160000,
Шымкент қ.
Тәукехан даңғылы,
35

8(7252)
510100,
534952, 211391

13.

Солтүстік-Қазақстан
облысы бойынша
Ақпараттандыру және
байланыс басқармасы

150000, Петропавл қ., Интернационал
көшесі, 55

8(7152) 490080 ф,
461194

14.

Шығыс-Қазақстан облысы
бойынша Ақпараттандыру
және байланыс басқар-
масы

070000, Өскемен қ. Карл Либкнехт көшесі, 19

8(7232) 269105,
252784 ф.