Байланыс саласындағы рұқсат құжаттарын ресімдеу және радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу ережесін бекіту туралы

Көлік және коммуникациялар министрлігі Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитет төрағасының 2003 жылғы 11 наурыздағы N 13-п бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет минстрлігінде 2003 жылғы 11 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2234. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 13 шілдедегі N 295 Бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы

      Елдiң агроөнеркәсiптiк кешенiн ғылыми қамтамасыз ету жүйесiн жетiлдiру мақсатында қаулы етемін:
      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесi оған Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықты iске асыру жөнiндегi қажеттi шараларды қолдансын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi