Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесін бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының XХIV сессиясының 2007 жылғы 17 шілдедегі N 24/385-III шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2007 жылғы 22 тамызда N 2455 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Су кодексінің  92-бабына , "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  6-бабына  сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесі бекітілсін. 

      2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.      

       Сессияның төрағасы

      Шығыс Қазақстан облыстық 
      мәслихатының хатшысы

Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының 2007 жылғы
17 шілдедегі N 24/385-III
шешімімен бекітілді

Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған
ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде
жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу
ЕРЕЖЕСІ

      Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық- тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алудың осы ережесі (әрі қарай - Ереже) суды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатымен әзірленді.

  1. Жалпы ережелер

      1. Ереже Қазақстан Республикасы Су кодексінің  92-бабына , "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  27-бабы  1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Шығыс Қазақстан облысының аумағында халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алудың тәртібін анықтайды. 
      2. Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау - жеке немесе жалпы ашық пайдаланудағы ауыз суды шығындалу жерiне жеткiзбей алуға арналған құрылыстарды пайдалану. 
      3. Халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде заңды және жеке тұлғалар су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның оң қорытындысы болған жағдайда тікелей жер үсті және жер асты су объектілерінен су алуға құқылы. 
      4. Ереже халықты орталықтандырылмаған сумен жабдықтау бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ жеке мұқтаждықтары үшін ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға арналған су объектілерін пайдаланатын заңды және жеке тұлғалар үшін де міндетті. 
      5. Халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға арналған су объектілерін қауіпсіз пайдалануды халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы жергілікті уәкілетті орган мен су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
      6. Осы Ережеде мынадай терминдер мен анықтаулар пайдаланылады:
      1) су объектілері - шекаралары, көлемі мен су режимі бар құрлық бетіндегі жер бедері мен жердің қойнауында жинақталған су. Су объектілері - теңіздер, өзендер, оларға теңестірілген каналдар, көлдер, мұздықтар және басқа да жер үстінің су объектілері, құрамында жер асты сулары бар жер қойнауының бөлігі;
      2) арынды су мұнарасы - жасанды тірек құрылмасындағы су үшін құрылған арынды резервуар;
      3) бас тоған имараты - су объектілерінен суды алуға арналған имараттар мен құрылғылар кешені;
      4) жеке қажеттілік үшін жер асты суларын өндіру - жер асты суларына қатысты кейіннен мәміле жасау ниетінсіз тұрақты немесе уақытша жер пайдалану меншігіндегі жер учаскесінде жүзеге асырылатын өндіру; 
      5) санитарлық қорғау аймағы - су сапасының нашарлауының алдын алу үшін сумен жабдықтау көзін (ашық және жер асты), су құбыры имараттарын және оларды қоршаған аумақты қорғау мақсатымен белгіленген режим сақталуға тиіс сумен жабдықтау көзі мен су құбыры имараттарының төңірегінде арнайы бөлінетін аумақ; 
      6) су объектілерін пайдалану - жеке және заңды тұлғалардың материалдық немесе өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін су объектілерінің пайдалы табиғи қасиеттерін алу;
      7) шегендеу имараты - табиғи шығып жатқан жер асты суларының ашылуын және пайдалану мақсатында олардың жер бетіне шығарылуын қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық имарат; 
      8) жер үсті су объектілері - шекарасы, көлемі мен су режимі бар, құрлық бетінде жер бедерінің нысанындағы сулардың тұрақты немесе уақытша жинақталуы; 
      9) жер асты сулары - жер қойнауында жатқан және " Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы " Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес пайдаланылатын пайдалы қазба; 
      10) ауыз су және шаруашылық - тұрмыстық сумен жабдықтау - ауыз су және тұрмыстық мұқтаждықтарды өтеу үшін бас тоған құрылғылары арқылы жер үсті және жер асты су көздерін пайдалану; 
      11) бұлақ - жер асты суының жер бетіне табиғи жинақталып шығуы; 
      12) ұңғыма - жер асты суларын жер бетіне көтеруге арналған құрылғы;
      13) құбырлы құдық - жер асты суларын алуға арналған, қабырғасы құбырлармен айналдыра
бекітілген тік цилиндрлік каналдар түріндегі құрылғы; 
      14) жер асты шаруашылық-ауыз сулары - өзінің табиғи жай-күйіндегі немесе өңделгеннен кейінгі сапасы бойынша нормативтік талаптарға сай келетін және адамның ауыз суға және тұрмыстық мұқтаждығына, не болмаса ауыз су өнімдерін өндіруге арналған жерасты сулары; 
      15) шахта құдығы - сумен жабдықтау мақсатында жерасты суларын алу үшін құрылған, тереңдігі көлденең қимасынан үлкенірек тік тау-кен қазындысы. 

        

  2. Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз су және
шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су
объектілерінен су алуға қойылатын талаптар

      7. Халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен тәулігіне елу текше метрге дейінгі көлемде су алу үшін арнайы су пайдалануға рұқсат беру құжаттарын алу талап етілмейді. 
      8. Халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен тәулігіне елу текше метрге дейінгі көлемде су алуды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитет төрағасының 2006 жылғы 17 ақпандағы N 29  бұйрығымен  бекітілген Халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде заңды және жеке тұлғалар пайдаланатын су объектілерін тіркеу ережесінде белгіленген тәртіппен су объектісін орналасқан жері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органдарында тіркеуге міндетті.
      9. Қазақстан Республикасы Су кодексінің  66-бабына  сәйкес халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен тәулігіне елу текше метрден артық көлемде су алу кезінде арнайы су пайдалануға рұқсат беру құжаттарын алу талап етіледі. 
      10. Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау үшін жер асты сулары пайдаланылуы тиіс.
      11. Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау үшін жер асты суларын алу арнайы бас тоған имаратын (су тарту желісі жоқ ұңғымалар, шахталық және құбырлы құдықтар, бұлақ шегендеуі) орнату жолымен жүзеге асырылады.
      12. Орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау кезінде су алуға арналған имараттың құрылысын салу үшін жер учаскесін таңдауға, сондай-ақ бас тоған имаратын арнайы жабдықтауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар "Орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 13 мамырдағы N 229  бұйрығымен  бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар бойынша анықталады. 
      13. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның және жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкілетті органның тиісті негіздемесі мен шешімінсіз ауыз су сапасындағы суды өндірістік және басқа мұқтаждарға пайдалануға жол берілмейді. 
      14. Сорғы бас тоған имаратын пайдаланумен халықты орталықтандырылмаған шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін жер үсті су объектілерінен су алған кезде балықты қорғайтын құрылғылар орнатылуы тиіс. 
      15. Халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алуды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар мыналарға міндетті:
      1) судың жай-күйіне әсер ететін су шаруашылығы имараттары мен техникалық құрылғыларды ақаусыз күйінде ұстауға, олардың пайдаланылу сапасын жақсартуға; 
      2) су ресурстарын пайдалануды есепке алуға;
      3) су қорғау іс-шараларын жүзеге асыруға;
      4) жер үсті және жер асты суларының су жинау алаңының ластануына жол бермеуге; 
      5) басқа да су пайдаланушылардың құқықтары мен мүдделерінің бұзылуына жол бермеуге; 
      6) су объектілері мен су шаруашылығы имараттарына ұқыпты қарауға, оларға зиян келтірілуіне жол бермеуге; 
      7) су объектілерінің су қорғау аймақтарының аумағында шаруашылық және өзге де қызметтің белгіленген режимінің сақталуын қамтамасыз етуге; 
      8) су объектілері мен су шаруашылығы имараттарында жеке тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге. 
      16. Халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдардың шешімі және алаптық су шаруашылығы басқармаларымен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша санитарлық қорғау аймағын белгілеу жолымен пайдаланылатын су объектілерін ластанудан, қоқысталудан және сарқылудан қорғауды қамтамасыз етулері тиіс. 
      17. Халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде су алу үшін пайдаланылатын су объектілерінің суының сапасы мемлекеттік стандарттарға, санитарлық ережелер мен нормаларға және гигиеналық нормативтерге сәйкес келуі тиіс. 
      18. Су көзiнiң ауыз сумен жабдықтауға жарамдылығын мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары анықтайды. 
      19. Үй жанындағы және саяжай учаскелеріндегі жеке мұқтаждықтар үшін су алу тіркеуді қажет етпейді. 
      20. Халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларда су шаруашылығы имаратының паспорты болуы тиіс. 

  3. Жер үсті және жер асты су объектілерін есепке алуды ұйымдастыру және оларды Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз су және
шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде тіркеу

      21. Халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен тәулігіне елу текше метрге дейінгі көлемде су алу кезінде су объектісін тіркеу оның орналасқан жері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органдарда жүргізіледі. 
      22. Жергілікті атқарушы орган тапсырылған құжаттарды тіркеу үшін су объектісінің халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігін тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мемлекеттік органдарымен келісу бойынша жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді.
      23. Халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде тіркелетін су объектілерін есепке алуды жергілікті атқарушы орган, осы ереженің 1-қосымшасына сәйкес су объектілері бойынша мәліметтер базасын ұйымдастыру және жүргізу жолымен жүргізеді.
      24. Халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде су алу үшін пайдаланылатын су объектілерін жергілікті жерлерде тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар осы ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментіне жыл сайын 1 ақпанға дейін мәліметтерді тапсырады. 
      25. Халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алуды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар алатын суларының есебін жүргізулері тиіс. Есепті суөлшеуішпен жүргізуге ұсыныс жасалады. 

Шығыс Қазақстан облысының
халқын орталықтандырылмаған
ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық
сумен жабдықтау кезінде жер
үсті және жер асты су
объектілерінен су алу
ережесіне 1 қосымша

Халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен
жабдықтау кезінде су алуға арналған су объектілерін тіркеу
ЖУРНАЛЫ

___________________________________________________________
(аудан, елді мекен)

Құ-
жат-
тар-
ды
тап-
сыру
күні

Тір-
кеу
нө-
мірі

Мемле-
кеттік
тіркеу
(заңды
тұлға-
лар
үшін),
жеке
куә-
ліктің
дерек-
тері
(жеке
тұлға-
лар
үшін)

Су
объ-
екті-
сінің
атауы

Суды
пайда-
лану-
дың
мақса-
ты
(тұр-
ғындар
үшін
шаруа-
шылық-
тұр-
мыстық
су,
ауыз
су)

Алына-
тын
жер
үсті
және
жер
асты
сула-
рының
көлемі
(текше
метр/
тәу-
лік)

Мемле-
кеттік
сани-
тарлық-
эпиде-
миоло-
гиялық
қадаға-
лаудың
қоры-
тындысы
(аудан-
дық,
қала-
лық)

Ертіс
бас-
сейндік
су ша-
руашы-
лығы
басқар-
масының
қоры-
тындысы

Су
объектісін
тіркеу
туралы
хабарлама

 

 

кү-
ні

 

 

 

кү-
ні

кү-
ні

күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

Шығыс Қазақстан облысының
халқын орталықтандырылмаған
ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық
сумен жабдықтау кезінде жер
үсті және жер асты су
объектілерінен су алу
ережесіне 2 қосымша

Шығыс Қазақстан облысы бойынша халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде су алу үшін пайдаланылатын
су объектілерін есепке алу бойынша
МӘЛІМЕТТЕР

N

Ауданның,
елді
мекеннің
атауы

Заңды және жеке тұлғалар
бойынша тіркелген су
объектілерінің саны

Орталықтандырылмай қамтамасыз етілген суды тұтынушылардың жалпы саны

Алынған судың  көлемі мі/тәу-
лік

тәулігіне 50
мі дейінгі
көлемде ха-
лықты орта-
лықтандырыл-
маған сумен
жабдықтау
бойынша қыз-
метті жүзеге
асырушы
орган

тәулігіне 50 мі
дейінгі көлемде
жеке мұқтаждық-
тары үшін ауыз
су және шаруа-
шылық-тұрмыстық
сумен жабдықтау-
ға арналған су
объектілерін
пайдаланушылар

 

 

1

2

3

4

5

6