Орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 13 мамырдағы N 229 Бұйрығы. Қазақсатн Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 7 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 3720. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 554 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.07.28 № 554 Бұйрығымен.

      "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған "Орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Байсеркин Б.С.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаментінің директоры (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауға жіберсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А.Белоногқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрі
      2005 жылғы 9 шілде

Бекітілді            
Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау Министрінің
м.а. бұйрығымен       
13»мамыр 2005 ж. N 229   

Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар
"Орталықтанбаған шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыздандыруына
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптары"

МАЗМҰНЫ

1. Жалпы ережелері

      1. Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар "Орталықтанбаған шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыздандыруына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптары" (одан әрі - санитарлық ережелер) ісі орталықтанбаған сумен қамтамасыздандыру объектілерін (су тарату желісі жоқ скважиналарды, құдықтарды, су құйылатын құдықтарды, су құйылатын резервуарларды, су таситын поездарды, су таситын автокөліктерді) жобалаумен, салумен, жөндеумен және пайдаланумен байланысты, меншіктігінің түріне байланыссыз барлық ұйымдар мен жеке тұлғалар үшін тағайындалған.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 26 қыркүйектегі N 437 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Ұйымдардың басшылары және жеке тұлғалар осы санитарлық ережелердегі талаптардың орындалуын қамтамасыз етуі керек.

      3. Осы санитарлық ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
      1) су таситын автокөлік - халыққа шаруашылық-ауыз суды жеткізуге арналған арнайы автомобиль көлігін құралы;
      2) су алу құрылғысы - тұтынушыға су беруге арналған су объектілерінен су алу құрылғылары мен құралдардың кешені;
      3) су таситын поезд - су құбыры мен орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздері жоқ елді-мекендерге шаруашылық-ауыз суды жеткізуге арналған арнайы темір жол цистерна-термостарынан және кластық вагондардан тұратын арнайы жабдықталған поезд;
      4) орталықтандырылмаған сумен жабдықтау - суды пайдалану орындарына бермей, жалпы немесе жеке пайдалану үшін ашық ауыз суын алуға арналған құрылғылар;
      5) санитарлық қорғау аймағы - су сапасы нашарлауының алдын алу үшін сумен жабдықтау көзін (ашық және жер асты), су құбыры қондырғыларын және олардың айналасындағы аумақты ластанудан қорғау мақсатында белгілі тәртіп орнатылуы тиіс, сумен жабдықтау көзі мен су құбыры қондырғыларының айналасында арнайы бөлінген аумақ;
      6) каптаж - пайдалану мақсатында жер асты суларының табиғи жолмен ашылып, жер бетіне шығуын қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық қондырғы;
      7) сырттан әкелінетін сумен жабдықтау - су құбыры және орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздері жоқ елді-мекендерге шаруашылық-ауыз су қажеттілігіне арналған суды жеткізу;
      8) бұлақ (қайнар) - жер асты суының жер бетіне табиғи жинақы шығуы;
      9) ұңғыма - жер асты суын жер бетіне көтеруге арналған қондырғы;
      10) су құятын резервуар - елді-мекен су құбырының су тарататын желісіне жібере отырып, шаруашылық-ауыз су қажеттілігі үшін сырттан әкелінетін суды құюға арналған топыраққа терең енгізілген немесе топырақпен көмкерілген ыдыс. Су құятын резервуарлар бетінде диаметрі 0,7 метр, құлыпталатын ауыздықты люгы бар құйма немесе құрама темір бетоннан жасалуы қажет;
      11) құбырлы құдық - іргелері қаптаушы құбырлармен бекітілген, цилиндрлі тігінен тұрған арналар түрінде келетін, жер асты суын алуға арналған қондырғы;
      12) шахта құдығы - сумен қамтамасыз ету мақсатында жер асты суын алу үшін жасалған тереңдігі көлденең кесімінен жоғары келетін тігінен тұратын жер қыртысының қазбасы.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 26 қыркүйектегі N 437 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Орталықтан баған шаруашылық - ауыз сумен
қамтамасыздандыруға арналған қондырғы құрылысын
салуға жер учаскесін таңдауға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық
талаптар

      4. Орталықтанбаған шаруашылық - ауыз сумен қамтамасыз етуші көздері ретінде жер асты сулары қолданылуы тиісті. Оларды пайдалану арнайы жабдықталған су алу құрылымдарын орнату арқылы жүргізіледі (су тарату желісі жоқ скважиналар, шахтылы және құбырлы құдықтар, бұлақ каптаждары).

      5. Су тарату желісі жоқ скважиналар, құдықтар және бұлақ каптаждары тұрғындардың шағын тобын және шаруашылық-тұрмыстық объектілерін ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жасалуы керек.

      6. Скважиналарды, құдықтарды және бұлақ каптаждарын орнату орнын таңдау геологиялық және гидрогеологиялық мәлімдемелердің негізінде жүргізіледі.

      7. Құдықтарды және бұлақ каптаждарын орнату орындары ластанбаған участкелерде, ластаушы немесе ластауы ықтимал көздерінен, грунт суларының ағысы бойынша жоғары ең кемінде 50 метрден (онан әрі - м) алшақ орналасқан орыннан таңдап алынуы қажет: әжетханалардан, жуынды төгу шұңқырларынан, тыңайтқыш және улыхимикат қоймаларынан, өнеркәсіптік ұйымдардан, канализация құрылымдарынан, ескі істемеуші құдықтардан, мал қораларынан.

      8. Су алу құрылымдарын орнатуға рұқсат етілмейді: жауын және қар суларымен су басатын участкелерде, ойлы, батпақтанатын орындарда; қар көшкіні және топырақтың басқа деформация болу орындарында; көліктің қарқынды жүру магистральдеріне 30 м жақын орындарда.

      9. Құдықтар тұрғын ғимараттардан 100 м аспайтын қашықтықта орналастырылуы керек.

      10. Су алу қонырғыларын жабдықтауда, шаруашылық - ауыз сумен қамтамасыз етуіне Қазақстан Республикасында қолдануы рұқсатталған материалдар (сүзгіштер, қорғаушы торлар, насостардың бөлшектері т.б.), реагенттер және шағын тазалау қондырғылары қолданылады.

3. Скважиналарға және құбырлы құдықтарға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      11. Скважиналарды бұрғылау және орнату қазіргі құрылыс нормалары мен ережелерінің (онан әрі - ҚЕН) талаптарына сай жүргізілуі тиісті.

      12. Скважинаның конструкциясы судың дебитін өлшеуіне, сынамаларды алуына және жөндеу-қалыптастыру жұмыстарын жүргізуіне мүмкіндік беруі керек.

      13. Скважинаның үстіңгі бөлігі жер бетіндегі павильонда немесе жер асты камерасында орналастырылуы тиісті. Олардың биіктігі 2,4 м кем болмауы керек. Су беруші құбырлар еденнен ең кемінде 0,5 м биік орналасуы қажет.

      14. Скважинаның бас бөлігінің конструкциясы жер беткі сулары мен ластардың оның құбырлар арасындағы және құбырлар сыртындағы кеңістікке өтуін болдырмайтындай толық оқшаулануын қамтамасыз етуі керек.

      15. Төңірегіндегі аумақта скважинаны санитарлық қорғау аймақтары қарастырылып, жер асты суларын ластардан қорғау шаралары жүргізілуі тиісті.

      16. Құбырлы құдықтарды орнату үшін үстіңгі жағынан су өткізбеуші тау жыныстарымен қорғалған су горизонттары қолданылуы керек.
      Құбырлы құдықтың үстіңгі (бас) бөлігі жер бетінен 0,8-1,0 м жоғары орналасып, оқшауланып жабылып, қаптаумен және шелекке арналған ілмесі бар су ағатын құбырмен жабдықталуы қажет.

4. Шахтылы құдыққа қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      17. Шахтылы құдық ең жоғары орналасқан қысымды емес жер асты су горизонтынан суды алу үшін жасалады. Құдық құрамына бас бөлігі, дің (ствол) және суды қабылдау камерасы кіретін, шеңберлі немесе квадрат түріндегі шахты болып табылады.

      18. Құдықтың жер беткі (бас) бөлігі жер бетінен ең кемінде 0,7-0,8 м биік орналасуы керек. Құдықтың бас бөлігі қақпамен немесе люкпен жабылатын темірбетонды жапқышпен жабдықталады. Құдықтың жер бетіндегі барлық бөлігі қалқамен немесе күркемен жабылады. Құдық бас бөлігінің айналасында иленген және тығыздалған саздан немесе майлы саздақтан тереңдігі 2 м және ені 1 м нығыздалған болу керек. Құдықтың айналасында тастан, кірпіштен, бетоннан немесе асфальттан радиусы ең кемінде 2 м, құдықтан еңістігі 0,1 м отмостка жасалуы керек. Төгілген суды құдықтан әрі қарай әкетуіне арналған жыра жасалады. Құдықтың айналасы қоршалуы және оның жанында шелектер үшін орындық орнатылуы тиісті.

      19. Шахтының іргелері тығыз болып, жер беткі және жоғары жатқан жер асты суларын құдыққа өткізбейтіндей оқшаулану керек.

      20. Құдықтың іргелерін қаптау үшін бетонды немесе темірбетонды шеңберлерді, тасты, кірпішті, ағашты қолданады. Іргелерін қаптаушы тас (кірпіш) мықты және суға түс бермейтіндей болып, құрамында қоспалары жоқ жоғары маркалы цементті қолданып, бетонды немесе темірбетонды шеңбер түрінде қалануы қажет.

      21. Іргелерін ағашпен қаптауда қалыңдығы ең кемінде 15 сантиметр (онан әрі - см) бөренелер түріндегі белгілі тұқымды сүректер таңдап алынуы керек: судан жоғары орналасқан бөлігі үшін шырша немесе қарағай, ал оның су жинаушы бөлігінде - қандыағаш, емен, қарағай ағаштары қолданылады. Ағаш материалдары қабығынан тазартылып, тік болып, 5-6 ай бұрын дайындалып, терең жарықтары, құрт жеген орындары болмай, саңырауқұлақтармен залалданбауы керек.

      22. Сумен бірге топырақтың түсуін және судың лайлануын алдын алу үшін құдықтың түбіне кері сүзгіш төселеді.

      23. Шахтылы құдықтан суды көтеру үшін әртүрлі конструкциялы насостарды (қолдық немесе электрлік) қолдану керек. Сондай-ақ бір немесе екі жақтан бұрайтын бұрғаларды, бір немесе екі шелек ілінген дөңгелекті бұрғаларды, берік бекітілген шелекпен жабдықталған су көтергіш тырнаны»қолдануға рұқсат етіледі.

5. Бұлақ каптаждарына қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      24. Каптаждар жоғары көтерілуші немесе төмен түсуші бұлақтардың (қайнарлардың) жер бетіне шығушы жер асты суларын жинау үшін тағайындалады. Жоғары көтерілуші бұлақтың суын жинау каптажды камераның түбі арқылы, ал төмен түсуші бұлақтардың суын-камераның іргесіндегі тесіктері арқылы жүргізіледі.

      25. Құдықтың (каптаждың) жанындағы аумақ қоршалып және көркейтіліп, әрқашанда таза ұсталуы, төгілген сулар әрі әкетілуі, мұздарын жарып, шығарылып тұруы керек.

      26. Құдықтың (каптаждың) маңайында радиусы 20 метрден жақын жерде кірді жууға және шаюға, машина мен әртүрлі заттарды жууға, малды суаруға рұқсат етілмейді.

      27. Құдықтан суды алу үшін қоғамдық шелектер, насостар қолданылуы керек. Құдықтан (каптаждан) суды тұрғындардың әкелген шелектерімен алуына, қоғамдық шелектен суды алу үшін үйден әкелген ожауларды қолдануына рұқсат етілмейді.

      28. Құдықтағы суды қыста қатып қалуынан қорғау үшін таза сабан, шөп, жоңқалар қолданылады, олар құдыққа (каптажға) түспейтін болуы керек. Осы мақсат үшін көңді, шынымақталарды және басқа синтетикалық материалдарды қолдануға рұқсат етілмейді.

      29. Жылына ең кемінде бір рет құдықтар (каптаждар) лайдан тазартылып, құрылымдарына, жабдықтарына жөндеулер жүргізілуі керек.

      30. Құдықты (каптажды) тазалау, жуып-шаю және дезинфекциялау ондағы судың сапасының нашарлануында, сондай-ақ таралуы су факторымен байланысты инфекциялық аурулардың тіркелуінде жүргізіліп, соңынан осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес акт жазылады.

      31. Құдықтарға дезинфекция жасау үшін Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсатталған заттар қолданылуы керек.

      32. Ауыз су қажеті үшін жарамсыз құдықтар жойылуы керек. Құдықтар таза топырақпен-сазбен толтырылып, қатты тығыздалады. Жойылған құдықтың үстіндегі жердің беті төбешік түрінде 0,2-0,3 м жоғары тұруы керек (топырақтың шөгуін ескеріп).

      33. Егер микробиологиялық көрсеткіштері бойынша судың сапасының нашарлану себебін анықтауға және (немесе) жоюға мүмкіндік болмаса құдықтағы (каптаждағы) су тұрақты залалсыздандырылып тұруы қажет. Судың тұрақты химиялық ластануында құдықты жою туралы шешім қабылдануы тиісті.

6. Орталықтанбаған сумен қамтамасыздандыруда
судың сапасына қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      34. Құдықтардағы және бұлақ каптаждарындағы су құрамы мен қасиеттері бойынша осы санитарлық ережелердің 2 қосымшасына сәйкес ауыз судың сапасына сай келуі қажет.

      35. Орталықтанбаған сумен қамтамасыз етуші көздегі судың радиациялық тұрғыдан қауіпсіздігі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы саласындағы нормативтік актілеріне сәйкес бағаланады.

      7. Суды жеткізу бойынша су құятын құдыққа, су құятын резервуарларға, көлік құралдарына және су толтыру пункттеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      Ескерту. 7-бөліммен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 26 қыркүйектегі N 437 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      36. Су құятын құдықтың орналасқан жері мен құрылысы осы санитарлық ереженің 7 , 18 , 19 , 23 -тармақтарында көрсетілген талаптарға жауап беруі тиіс.
      37. Люк резервуардың ішіне шаңды, топырақты, сондай-ақ жаңбыр және көктемгі сел кезінде суды жібермейтін жаппаның үстінде орналасуы тиіс.
      38. Резервуар жәндіктер мен басқа да заттардың резервуардың ішіне түсуін болдырмайтын сүзгісі бар биіктігі 2 метр желдеткіш құбырымен жабдықталуға тиіс. Резервуар қоршалған болуы тиіс.
      39. Резервуардың түбі еңіс болуы, ал оның түпкі бөлігі люк ернеуінің астында орналасуы қажет. Резервуардың түпкі бөлігіне шөгінділерді, сондай-ақ резервуарды жуу және зарарсыздандырудан кейінгі суды шығару жүзеге асырылатын қарау құдығымен байланысатын су ағысын реттейтін тосқауылы бар құбыр орнатылуы қажет.
      40. Су құятын құдықтарды және резервуарларды алдын ала тазалау, дезинфекциялау жылына 2 рет, сондай-ақ микробиологиялық көрсеткіш бойынша суды зерттеудің қанағаттанғысыз нәтижесін алған кезде жүргізіледі. Дезинфекция зарарсыздандыру құралымен бүрку әдісімен немесе көлемді әдіспен жүргізілуі қажет. Микробиологиялық көрсеткіш бойынша судың сапасын қолдау үшін керамикалық мөлшерлеу патрондарын орнатуға болады.
      41. Әрбір су таситын поезд оларды су құятын келте құбырларға жалғастыруға мүмкіндік беретін шлангімен жабдықталуы қажет. Тұтынушылардың суды цистернадан тікелей алуы үшін олар арнайы су құбырының крандарымен жабдықталуы қажет.
      42. Цистерналар судың толық төгілуіне арналған құрылғылармен жабдықталуы қажет. Су жіберу крандары цистернаның ең төменгі бөлігіне жасалады.
      43. Цистерналар люктерінің қақпақтары су құю станцияларында ғана ашылуы және жабылуы қажет. Люктің және крандардың қақпақтарының кілттері су құятын поездарды жөнелтетін жұмысшыда сақталуы қажет.
      44. Цистерналар жазғы уақытта судың ысуын және жылдың салқын кезеңінде қатып қалуын болдырмау үшін жылу сақтайтын материалдармен жабылуы қажет.
      45. Цистернаның сыртқы екі жақ бетінде "Ауыз су" деген жазу болуы қажет.
      46. Дезинфекциялау үшін Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген құралдар пайдаланылуы қажет.
      47. Цистерналар жуу және зарарсыздандырудан кейін ауыз сумен толтырылады, содан кейін қалдық хлор мен микробиологиялық көрсеткішке сынама алынады. Бақылаудың нәтижесі арнайы журналға енгізіледі.
      48. Суды құюға және төгуге арналған шлангілер мен басқа да қажетті мүккәмал су таситын поездың қызметтік вагонының арнайы бөлімінде сақталады.
      49. Су таситын поезға қызмет етуші адамдар су таситын автокөліктің жүргізушісі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2656 болып тіркелген "Халықтың декреттелген тобының міндетті медициналық қараудан өту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 20 қазандағы N 766 бұйрығына сәйкес медициналық қараудан өтуі, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2531 болып тіркелген "Халықтың декреттелген тобын гигиеналық оқытуды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 17 қыркүйектегі N 688 бұйрығына сәйкес гигиеналық оқытудан өтуге тиіс.
      50. Су таситын автокөліктерді тікелей бағыт бойынша ғана пайдалану және сапалы ауыз суымен толтыру қажет, техникалық сумен толтыруға болмайды.
      51. Су таситын автокөлік цистернасының сыртқы бетінде "Ауыз су" деген жазу болуы қажет.
      52. Су таситын автокөлік цистернасының люгінде құлыппен жабылатын, нығыздаушы қақпағы болуы, ал су тарату келте құбырларында және кранда, сумен толтыруға арналған шлангінің келте құбырларында қозғалыс кезінде олардың ластануынан сақтайтын тысы болуы қажет.
      53. Әр цистерна алдын алу мақсатында 3 айда кемінде бір рет тазартылуы, жуылуы, дезинфекциялануы тиіс. Дезинфекция цистернаның ішкі қабырғаларына су бүрку әдісімен немесе көлемді әдіспен жүргізілуі қажет. Сол сияқты бұл жұмыстар суды зерттеудің қанағаттанғысыз нәтижелерін алған кезде жүргізілуі тиіс.
      54. Су таситын поездың цистерналарын сумен толтыру су колонкаларымен жүргізілуі тиіс.
      55. Су таситын поездың цистерналарындағы, су таситын автокөліктегі, су құятын резервуардағы судың сапасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2999 болып тіркелген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 28 маусымдағы N 506 бұйрығымен бекітілген "Ауыз сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйесінің су сапасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларының талаптарына жауап беруге тиіс (су құятын құдықтардың микробиологиялық көрсеткіштерінен басқа). Су құятын құдықтарда су микробиологиялық көрсеткіш бойынша осы санитарлық ереженің 2 -қосымшасына сәйкес сапа көрсеткішіне сәйкес болуы қажет.

                                               1 Қосымша
                                    "Орталықтанбаған шаруашылық-ауыз
                                        сумен қамтамасыздандыруына
                                     қойылатын санитарлық-эпидемио-
                                       логиялық талаптары" бойынша
                                       санитарлық-эпидемиологиялық
                                         ережелері мен нормаларына

                            А К Т
          Құдықтарды (каптаждарды) тазалау, жуу және
                      дезинфекциялау бойынша

      Елді мекен ____________________ "__"_______________ 200__ ж.

      Төмендегі өкілдер құрамындағы комиссиямен: мемлекеттік
санитарлық қадағалау органының______________________________________
____________________________________________________________________
                         (қала, аудан)
____________________________________________________________________
                     (қызметі, аты, тегі)
заңды, жеке тұлғаның________________________________________________
_______________________________________ қатысуында осы акті жазылды.
               (қызметі, аты, тегі)
_____________________________________________________ орналасқан
(орналасу орны, техникалық мәлімдемелері - тереңдігі, көлемі)
құдыққа, бұлақ каптажына (керегінің астын сыз) тазалау, жуу және
дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді_________________________________
____________________________________________________________________
                        (реагентті көрсет)
хлордың белсендігінің концентрациясында _____________________ мг/дм 3
(г/м 3 ) жанасу уақытында_________________сағат "___"________ 200__ ж.
Дезинфекцияны аяқтаудан кейінгі судың физико-химиялық және
бактериологиялық анализдері __________ парақта беріледі.

      Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау органы өкілінің қолы ________________________

      Заңды, жеке тұлғаның қолы ________________________

                                               2 Қосымша
                                    "Орталықтанбаған шаруашылық-ауыз
                                        сумен қамтамасыздандыруына
                                     қойылатын санитарлық-эпидемио-
                                       логиялық талаптары" бойынша
                                       санитарлық-эпидемиологиялық
                                         ережелері мен нормаларына

     Құдықтар мен бұлақ каптаждарындағы ауыз су сапасының
                   көрсеткiштерiнiң тiзiмi

Көрсеткіштері

Өлшем бірліктері

Нормативтері

Органолептикалық

Иісі, 20 о С-та

балл

2-3 тен аспауы

Дәмі, 20 о С-та

балл

2-3 тен аспауы

Түсі

градус

30 дан
аспауы

Лайлығы

ФЛБ (формазин
бойынша лайлық
бірліктері)

2,6-3,5
аралығында

немесе мг/дм 3
(коалин бойынша)

1,5-2,0
аралығында

Химиялық компоненттері

Жалпы кермектігі

мг-экв/дм 3

7-10
аралығында

Нитраттары (NO 3 - )

мг/дм 3
(N бойынша)

45 тен аспауы

Жалпы минералдануы
(құрғақ қалдығы)

мг/дм 3

1500 дейін

Перманганатты
тотығуы

мг/дм 3

5-7 аралығында

Сульфаттар (SO 4 2- )

мг/дм 3

500 ден аспауы

Хлоридтер (CI - )

мг/дм 3

350 ден аспауы

Бейорганикалық және
органикалық текті
химиялық заттар

мг/дм 3

СанПиН
"Санитарно-
эпидемиоло-
гические
требования
к качеству
воды центра-
лизованных
систем
питьевого
водоснаб-
жения"
құжатына
сәйкесті.

Микробиологиялық

Коли-индекс

дм 3 судағы саны

10 нан
аспауы

Жалпы микробтық саны

1 мл микробтардың колонияларының саны

100 ден аспауы

Термотолерантты колиформды бактериялар 1)

100 мл бактерия-
лардың саны

болмауы

Колифагтар 1)

100 мл бляшка құраушы бірліктерінің саны

болмауы

      1) - коли-индекс және микробтық сан параметрлерінің
өсуіндегі қосымша анықталатын көрсеткіштері