Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесін бекіту туралы

ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының VІ сессиясының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 45 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2008 жылғы 25 қаңтарда N 767 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы"  Кодексінің 3 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15 тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Алматы қаласының айрықша мәртебесі туралы" Заңының 3 бабы 8-1 тармақшасына сәйкес IV сайланған Алматы қаласының мәслихаты  ШЕШІМ  ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесі бекітілсін.
      2. Қосымшасына сәйкес Алматы қаласы мәслихаты шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалақұрылысы, көріктендіру және коммуналдық меншік жөніндегі тұрақты комиссияға (О.Ю. Нам) және Алматы қаласы әкімінің орынбасары В.Л. Крыловқа жүктелсін.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      IV сайланған Алматы қаласы
      мәслихаты VI сессиясының
      төрағасы                              Қ. Баймұхамбетов
 
 
      IV сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының хатшысы                  Т. Мұқашев

ІV сайланған Алматы
қаласы мәслихатының
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
VІ сессиясының N 45
шешімімен бекітілді

Алматы қаласының аумағын көріктендіру
ЕРЕЖЕСІ

1 бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесі (бұдан әрі - Ереже), Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің, Қазақстан Республикасының  "Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару туралы"
"Тұрғын үй қатынастары туралы""Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және  құрылыс қызметі туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.

      Ереже Алматы қаласында көріктендіру саласында жеке және заңды тұлғалардың қарым-қатынасын реттейді және жауапкершілігін анықтайды және меншік нысанына, жалгерлердің, құрылыс жүргізушілердің, ғимараттардың, құрылыстардың және құрылғылардың иелеріне немесе меншік түрлеріне қарамастан барлық шаруашылық жүргізу құқығындағы субъектілерге таратылады.

      2. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар мен түсініктер:

      1) Көріктендіру - адамның өмір тіршілігіне ыңғайлы, жайлы және қауіпсіз ортаны қамтамасыз ететін элементтер мен жұмыстар кешені. Бұл жұмыстар кешені көріктендіру элементтері мен нысандарды қорғау және жөндеу, пайдалану, ұстау, ұйымдастыруды келесі негізгі бағыттар бойынша ескереді: инженерлік көріктендіру, сыртқы көріктендіру, жарықтандыру, үй маңындағы аумақтарды көріктендіру.

      2) Бекітілген аумақ - санитарлық ұстау және көріктендіруді ұйымдастыру жұмыстары кезінде бекітілген аумақ субъектілерінің келісімі бойынша Алматы қаласының аудандық әкімдері беретін көріктендіру, жинау және ұстау төлқұжатында көрсетілген жер телімі.
      Көріктендіру, жинау және ұстау төлқұжатының үлгісі осы Ережеде қоса берілген.
      Қала шекарасында бекітілген нысандар болып табылатындар:
      қала көшелері жағындағы бөлінген телімдер шекарасынан, өтпе жол шетімен шектелген аумақ;
      ішкі орамды учаскелік аумақ;
      ауланың ішкі аумағы - кішігірім сәулет түрлерін орнату үшін, балалар, кір жаятын, қоқыс жәшіктері алаңдарын, автокөлік тұрақтарын, сәндік бағаналарды  орнату үшін қолданылатын, үйге кіретін жолдар, аулаға кіретін жолдар үшін пайдаланылатын (бір аулада бірнеше жер пайдаланушылар болса, онда бекітілген аймақ тең көлемде бөлінеді, әйтпесе келісім бойынша белгіленеді) жерлер;
      сақтау, жинақтау үшін және басқа да мақсаттарға уақытша пайдаланылатын аумақ;
      бөлінген және маңайындағы аумақ;
      инженерлік желілерінің қорғалатын аумақтары.
      Бекітілген аумақтық субъектілері болып жеке тұлға сияқты, заңды тұлға да бола алады:
      пәтер иелері кооперативтері (одан әрі - ПИК, ҮИКБ);
      ғимараттар мен орын-жайлардың иелері;
      жер уақытша немесе тұрақты пайдалануға берілген тұлғалар.

      3) Көшелердің санаты - қала жолдарын, көшелерін және кіру жолдарын жіктеу ондағы көлік қозғалысының қарқындылығына және олардың пайдаланылуы мен күтіп ұсталуына қойылатын ерекшеліктерге байланысты.

      4) Ірі көлемді қалдық (бұдан әрі - ІКҚ) - өзінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан, өздерінің көлемі бойынша арнаулықоқысжинайтын мәшинемен тасымалдауға келмейтін қолданыстың және шаруашылық қызметінің қалдықтары (тұрмыстық техника, жиһаз және т.б.).

      5) Шағын сәулеттік пішіндер - әсемдік  үшін және іске жарамды сипаттағы нысандар:
      мүсіндер, субұрқақтар, оймабедерлер, гүлдерге арналған құмыралар, павильондар, сәкілер, орындықтар, қоқыс жәшіктері, балалар ойындарына және  үлкендердің демалуына арналған жабдықтар мен конструкциялар.

      6) Жөн-жосықсыз төгілетін қоқыстар үйінділері - заңды және жеке тұлғалардың қызметі кезінде пайда болған қатты тұрмыстық қалдықтарды, ІКҚ, өндіріс және құрылыс қалдықтары, басқа қоқыстар, өз еркімен (жөн-жосықсыз төгілетін) шығару (орналастыру) немесе үю.

      7) Бөлінген аумақ - заңнамада қарастырылған, құқықтарымен жеке және заңды тұлғаларға берілген (бекітілген), қала құрылысы құжаттарында және Мемлекеттік жер кадастрыда белгіленген ауданы, шекарасы, тұрған жері, заңдық мәртебесі және басқа сипаттарға ие болатын қала аймағының бөлігі.

      8) Жерді пайдаланушы - мақсаты мен меншік түріне қарамастан қала шекарасында жер телімдерін пайдаланушы заңды немесе жеке тұлға.

      9) Маңайдағы аймақ - заңды және жеке тұлғалардың меншігінде, пайдалануында, жалға алған ғимараттың, үймереттің, құрылыс алаңының, қоршаудың, сауда нысандарының, жарнама немесе басқа нысандардың шекарасына тұтасатын аймақ.

      10) Өтпе жолдары, (жүргін бөлік, өтетін жол) - тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және басқа да аудандар, шағын аудандар, орамдар ішіндегі қалалық құрылыс нысандарына көліктердің кіруін қамтамасыз етуші жол элементі.

      11) Жолдарды күтіп ұстау - кешенді жұмыстар жиынтығы, нәтижесінде жол үймереттерін, жолдарды автомобиль жолдарын пайдалану талаптарына сай, көлік жүрісіне пайдалану жағдайында қалыпты ұстау.

      12) Қатты тұрмыстық қалдықтар (одан әрі - ҚТҚ) - тұтынудың тұрмыстық қалдықтары.

      13) Тротуар - жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолға жалғасып немесе одан көгалдармен немесе көгалдармен бөлініп жатқан жолдың бөлігі.

      14) Өкілетті орган - энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қызметтерді орындауға өкілді мемлекеттік орган.

2 бөлім. Қаланы таза ұстау 1 тарау. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету

      3. Заңды және жеке тұлғалар қаланың бұкіл аймағында тазалық пен тәртіпті қолдауға, сонымен қатар жеке меншік үйлер аумағында көріктендіру элементтеріне (жолдарды, тротуарларды, көгалдарды, шағын сәулет түрлерін, жарықтандыруды, субұруларды) зақым келтіруге немесе бұзуға жол бермеуге міндетті.

      4.  Қаланы күнделікті күтіп ұстауды мамандандырылған кәсіпорындар жүзеге асырады және мынадай шараларды қамтамасыз етуге жұмылдырылады:
      автомагистралдарды, жоларды, көшелерді, инженерлік құрылымдарды (көпірлер, бөгеттер, жол өткізгіштер және осы сияқтылар), көше жарықтары нысандарын, шағын сәулет пішіндерін және басқада нысандарын күтіп ұстау және қалпына келтіру;
      зираттарды күту;
      жасылдандыру және жасыл желектерді күту;
      қала аумағын қоқыстан, қалдықтардан жинау және оларды уақытылы шығаруды ұйымдастыру;
      қаланың тиісті санитарлық жағдайы: тұтынылған қалдықтарды жинауға арналған, қалдықтарға үшін контейнерлер (арнайы көліктермен шығаруға арналған) қоятын, кір кептіретін, үй жануарларын серуендететін алаңдарды көріктендіру, нормативтік талаптарға сәкес қоқыс жәшіктерін көпшілік пайдаланатын орындарға орнату;
      қала аумағын тазалау, суару, қоқыстарды жинау, қысқы мезгілде - қарды жинау және шығару, өтпе жолдарды және  жаяулар жүретін тротуарлар тайғаққа қарсы қоспалармен өңдеу, белгіленген және көметін орындарға тұтыныс қалдықтарын шығару, өзендерді, бұлақтарды, шұңқырларды, лотоктарды, нөсер суларының канализацияларын және басқа су өткізетін құрылғыларды қоқыстан тазарту;
      санитарлық  қорғалатын аймақтардың нормативтік шектеуінде жүйелі түрде аумақты күтіп ұстау жұмыстарын;
      бүкіл қалалық шаралар өткізу кезінде жекелеген жұмыстар;

      5. Жеке тұлғалар және барлық ұйымдық-құқықтық түрдегі заңды тұлғалар, соның ішінде нақты және уақытша нысандардың иелері осы Ереженің келесі талаптарына сәйкес орындауы тиіс:
      өз бетімен өзінің қаржысына немесе мамандандырылған кәсіпорындармен шартқа отыру жолымен күнделікті бөлінген және бекітілген аумағын көріктендіріп және санитарлық жағдайын ұстауға;
      кез келген  меншік нысанына ұқыпты қарауға;
      мемлекеттік меншік нысанына зиян келтірген жағдайда арнайы органдарға хабарлауға;
      көше аты мен үй нөмірі көрсетілген аншлагтарды техникалық дұрыс жағдайда және таза ұстауға;
      қоршауларды (дуалдарды) және шағын сәулет пішіндерін қалыпты жағдайда ұстауға;

      6. Барлық ұйымдық-құқықтық түрдегі заңды және жеке тұлғалардың құқығы бар:
      аумақты күтіп ұстау және көріктендіру жұмыстарын жүргізу үшін бірігуге;
      аумақтың күтімі туралы өкілетті органдардан ақпарат алуға;
      қала аумағының күтімі бойынша өтетін конкурстарға, басқа көпшілік  шараларға қатысуға.

      7. Көшелерді, алаңдарды, жаға жайларды, саябақтарды, скверлерді және басқа қоғамдық орындарды ластауға тиым салынады.

      8. Қала аумағында тұрмыс және құрылыс қоқыстарын, өндіріс қалдықтарын, ыдыстарды, кесілген ағаштарды, жапырақтарды, қарды тастауыға жол берілмейді. 

      9. Ішкі аулаларымен қоса кәсіпорындардада да және жеке үйлердің де маңайында қоқыстарды, жапырақтарды, ыдыстарды, өндіріс және тұрмыстық  қалдықтарын өртеуге, от жағуға тиым салынады.

      10. Хозфекальды және носер сулары канализацияларына жер үсті  суларын кәсіпорын аумағынан және инженерлік жүйелерден жіберу үшін канализациялық желілерді пайдаланатын кәсіпорындарының келісімі және келісім-шарты болуы керек.

      11. Су айдынына өндірістік кәсіпорындардан шыққан тазаланбаған суды жіберуге рұқсат етілмейді.

      12. Үйлердің ішкі орамдарында және жалпы пайдаланатын жерлерде су бөлетін колонкаларда, су айдындарында, көпшілік демалатын орындарда, тұрғын үйлердің кіре берістерінде  көліктерді жууға, тазалауға және жөндеуге тиым салынады.

      13. Автокөлік кәсіпорындары және автокөлік иелері қала көшелеріне көліктерді таза қалпында шығаруы тиіс.

      14. Топырақты, қоқысты, шашылатын құрылыс материалдарын, жеңіл ыдыстарды, жапырақтарды, кесілген ағаштарды жолдарды ластауға жол бермейтін брезентпен немесе басқа материалмен жабылмаған күйінде тасуға тиым салынады.

      15. Көгалдарда, гүлзарларда, балалар ойнайтын, кір жаятын және қоқыс контейнерлері алаңдарында, ғимараттардың қақпаларына әртүрлі бағыттағы нысандарды орналастыруға, сондай-ақ автокөліктерді қоюға тиым салынады.

      16. Аула аумағының  ішіндегі жолдарда  арнайы көліктің өтуіне тосқауыл болатын  балкаларды, блоктарды және аумақтарды оқшаулайтын өзге қоршауларды тұрғызуға және орнатуға, сондай-ақ олардың орналасуына қарамастан бөлшектенген көлік құралдарын қоюға, осыларға арнайы бөлінген тұрақтардан басқа жерлерде  тұруына тиым салынады.

2 тарау. Қала аумағын тазартуды ұйымдастыру

      17.  Аумақтарды тазарту жұмыстарының шекарасын анықтау, заңды және жеке тұлғаларға бекітіліп берілген аумақтарға сәйкес, осы Ереже негізінде орындалады:
      көше-жол желілері, алаңдар, қоғамдық орындар (жалпы пайдаланылатын демалыс аймақтары, саябақтар, скверлер, жағалауларды) бойынша - коммуналдық шаруашылығының өкілетті органымен мемлекеттік тапсырыс көлемінде;
      ішкі орамды және басқа да аумақтарды тазартудың шекарасы аудандық әкімдер беретін көріктендіру, жинау және ұстау төлқұжаты бойынша.

      18. Жинау жұмыстары осы Ереженің талаптарына, өкілетті органмен бекітілген нұсқаулар мен технологиялық ұсыныстарға сәйкес жүргізіледі.

3 тарау. Қала аумағын тазалау тәртібі 1. Көшенің өтпе жолдарын тазарту

      19. Өтпе жолдардың бөліктерін барлық ені бойынша тазарту, алаңдардың, көшелердің және қалалық көше желілерін, сондай-ақ жағалаулар, көпірлер, жол желілерін күту мен тазалау жұмыстарын осы жұмыстардың өндірісінде уәкілетті органмен жасасқан мемлекеттік тапсырыс жасау шарты негізінде мердігер-кәсіпорындар жүргізеді.

      20. Жол төсемдерін үзіліссіз қоқыстан, батпақтан, қардан технологиялық тазарту жұмыстарын қамтамасыз ету үшін күнделікті автокөліктерді қоюға тыйым салынады және тыйым салуды білдіретіні туралы жол белгілерін қою арқылы белгіленеді.

      21. Магистральдардың, көшелердің және өтпе жолдарының жол төсемдерін осьтік және резервтік жолақтарын, жиектемелерін сыпыру жұмыстары, алдын ала суланғаннан кейін, өкілетті органмен бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.

      22. Жолдың жүргін бөлік жағы қандай да болмасын ластан толығымен тазартылуы тиіс. Қозғалыс сызығымен белгіленген, осьтік және резервтік жолақтары тұрақты түрде құм мен әр түрлі ұсақ қоқыстардан тазартылуы қажет.

      23. Бөлу жолағының көгал алаңын тазалау, жолдардың жүргін жағындағы, тротуарлардың және көгал алаңдардың қоршауларын, жолды көріктендірудің басқа да элементтерін ұстауды осы аумақтар балансына кіретін кәсіпорындар жүргізеді. 

      24. Жолдардың жиектері ірі көлемді және басқа қоқыстардан тазартылуы қажет. Жұмыстарды жүргізу кезінде қоқысты көшелердің жүргін бөлік жағына және өтпе жолдарға шығаруға тыйым салынады.

2. Жаяу жүргіншілер жолдарын тазарту жұмыстары

      25. Көшелер мен тротуарлар бойымен орналасқан немесе жол жағынан көгалмен бөлінген тротуарлар, сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолдарын, жағалаулар қоршауына іргелес жатқан жаяу жүргіншілер жолдарын жинау аумақты көріктендіру, жинау және ұстау төлқұжаты бойынша жүргізіледі.

      26. Көпірлердегі, жол желілеріндегі тротуарларды, сондай-ақ инженерлік құрылғыларға және баспалдаққа шығатын жерлерге жалғасқан техникалық тротуарларды (кіре беріс жолдарын) жинауды, осы инженерлік құрылғылардың иесі болып табылатын кәсіпорындар жүргізеді.

      27. Саябақтар, скверлер, бульварлар, суайдындары, жаға жайлар, зираттар, соның ішінде осы жерлердегі тротуарлар, жаяу жүргіншілер аймақтары, баспалдақтар алып жатқан жалпы пайдаланудағы жерлерді жинауды осы аумақ бекітілген және пайдалануды қамтамасыз ететін мекеме жүргізеді.

      28. Көшелер мен өтпе жолдардың бойында орналасқан басқа тротуарларды жинау жұмыстары жүретін жолдарды күтуге жауапты кәсіпорындар жүргізеді.

      29. Тротуарлар толығымен топырақ-құмнан, әр түрлі қоқыстан тазартылуы қажет.

3. Аялдама және отырғызу алаңдарын тазарту

       30. Қалалық жолаушылар көлігінің аялдама алаңдарын жинауды жолдарға тазарту жұмыстарын жүргізуші ұйымдар атқарады. Аялдама алаңдары толығымен топырақ-құмнан, әр түрлі қоқыстан тазартылуы қажет.

      31. Қалалық қоғамдық көліктердің отырғызу алаңдарын жинауды иелері, сауда-аялдама кешендерін жалға алушылар жүргізеді, ал олар жоқ болса жақын арада орналасқан (бекітілген маңайдағы аймақ шегінде) жалға алушылар, сауда кешендерінің, тұрғын емес жәйлардың, ғимараттардың иелері, жолдарды тазалайтын кәсіпорындар жинауды жүргізедіі. Отырғызу алаңшаларын тазарту жөніндегі жұмыстардың шекарасы көріктендіру, жинау және ұстау төлқұжатында көрсетіледі.

      32. Жолаушылар павильондарын және оларға іргелес жатқан қоғамдық жолаушылар тасымалдау көлігі аялдамаларын жинау мен жуу жұмыстары олардың иелерімен немесе көшенің жүргін жолдарын жинауды жүзеге асыратын кәсіпорындармен жүргізіледі.

4. Басқа қала аумақтарын тазарту

       33. Маңайдағы жатқан және бөлініп берілген аумақтарды, қала көшелерінің оларға кіретін жолдарын меншігінде және пайдаланылануында ғимараттары бар заңды және жеке тұлғалар тазарту мен күту жұмыстары өз күштерімен немесе шарт бойынша мамандандырылған кәсіпорын арқылы жүгізеді.

      34. Автотұрақтарды және қалташаларды тазалау мен күту жұмыстарын осы аумақ бекітілген субъекті жүзеге асрады. Автотұрақтың иесі немесе ғимаратты, жер телімін пайдаланушы өзгерген кезде оны күту жаңа иесіне жүктеледі.

      35. Жеке тұрған жарнама объектілеріне іргелес жатқан аумақты, жарнама құрылғысынан радиусы бес метрдей жерді тазарту жұмыстарын, жарнама құрылғысының иелері немесе жарнама құрылғыларының иелерімен шарт бойынша тазарту жұмыстарын жүргізуші мамандандырылған ұйымдар орындайды.

      36. Сыртқы жарықтандыру бағаналарының құрылғысы мен діңгегі аумағын және тротуарларда орнатылған байланыс желілерінің маңайын жинау жұмыстарын тротуарларды жинауға жауапты кәсіпорындар жүргізеді.

      37. Жаяу жүргіншілердің жер асты және жер үсті жолдарының кіре берісінен жер үсті жолы бөлігіне немесе баспалдақтан периметр бойынша бес метрлік арақашықтықты (аумақты жинау, ұстау және көріктендіру төлқұжатына сәйкес) осы нысандар балансына кіретін кәсіпорындар жүргізеді.  

      38. Жанар-жағар май құю стансасына, автожуу бекеттеріне, құю кешендеріне және іргелес жатқан аумақтарға (өту жолына дейін) кіретін және шығатын жерлеріне жинау мен тазалығын сақтау жұмыстарын осы объектілерді өз балансында ұстаушылар жүргізеді.

      39. Трансформаторларға немесе бөліп бергіш шағын станцияларға, автоматты түрде жұмыс істейтін басқа инженерлік орын-жайларға (қызмет көрсететін құрамсыз), сондай-ақ тоқ беру желілерінің бағаналарына іргелес жатқан аумақтарын жинау жұмыстарын осы объектілердің иелері жүргізеді. Жер үсті құбырларының астындағы қорғалатын аумақтарды тазарту мен күту жұмыстары желілердің иелерімен жүргізіледі.

      40. Сауда нысандарына іргелес жатқан, уақытша көшедегі сауда жасау аумағының орындарын (базарлар, сауда павильондары, жылдам салынатын сауда кешендері, шатырлар, дүңгіршектер және т.б.) радиусы 10 метр қашықтықта және көшедегі жүргін жолдарға дейін сауда нысандарының иелері тазартады. Іргелес жатқан көгалдарға, шатырларға, сауда шатырларына, дүңгіршектерге және басқа сауда нысандарына жәшіктерді үюге жол берілмейді.

      41. Ақылы автотұрақтардың, гараждардың аумақтарын жинау жұмыстарын иелері мен осы нысандарды пайдаланушы ұйымдар жүргізеді.

      42. Көп уақыт бойы пайдаланылмаған және игерілмеген аумақтардағы ғимараттарды бұзғаннан кейінгі аумақты жинау мен күту жұмыстарын, осы аумақ бөлініп берілген жер пайдаланушылар немесе жер иелері жүргізеді.

      43. Жапырақ түскен уақытта бекітіліп берілген аумақтарды жинауға жауапты кәсіпорындар, көшелер мен магистральдар бойындағы, аула аумақтарындағы түскен жапырақтарды сыпыру жұмыстарын жүргізеді. Ағаштар мен бұталардың түбіне жапырақтарды жинауға тыйым салынады.

      44. Тастанды сулар (шұңқырлардан су сору, инженерлік желілердегі апат жағдайлары және т.б.) салдарынан пайда болған су басу жағдайлары болғанда, ал қыста қатып қалған қарлар мен мұздардың пайда болғанда оларды жоюдың жауапкершілігі осы жағдайдың болуына жол берген ұйымдарға жүктеледі.

      45. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізген кездегі қоқыстарды, осы жұмыстарды жүргізуші ұйымдар: қаланың бас магистральдарынан - тез арада, басқа көшелер мен аулалардан - тәулік мерзімінде шығарады.

      46. Алаңдардағы, магистральдардағы, көшелердегі және өтпе жолдардағы қарды және ернеудегі сметаларды (ал қыс мезгілінде қар мен мұз үйінділерінің қалыптасуы) механикалық жинаудан кейін қолмен тазалау жұмыстарын жақын жерде орналасқан (бекітілген маңайдағы аймағының шегінде) кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, сауда кешендері мен павильондардың, тұрғын емес жәйлардың, ғимараттардың иелері жүргізеді, ал бұндай кәсіпорындар болмаған жағдайда  механикалық  жинау жасаған кәсіпорын тазалайды.

      47. Механикалық тәсілмен жинауға қолайсыз (көлемінің тарлығына немесе қиын құрылымына байланысты) нысандарды  жинау қолмен жүргізілуі тиіс.

      48. Көп қар жауған кезде жолдың жүргін бөлігінде, жер асты өткелдерінде (көлемінің аздығына немесе құрылымының күрделігіне байланысты) су басу болса, онда мамандарылған кәсіпорын су басуды жояды.

5. Жер үсті және жер асты инженерлік жүйелерін күтіп ұстау

      49. Су ағатын желілерге қоқыспен бітеліп қалуын болдырмау үшін су ағатын коллекторларға сыпырғыны және тұрмыстық қоқыстарды тастауға тыйым салынады.

      50. Су ағатын қалалық  желілердің нөсер суларын қабылдайтын құдықтарға профилактикалық тексеруді және оларды жинауды бекітілген кесте бойынша, бірақ айына бір реттен кем емес мамандандырылған кәсіпорындар немесе балансында осы құрылғылар бар басқа ұйымдар жүргізеді.
      Нөсер суларын қабылдайтын құдықтардың торлары үнемі жұмыс істейтін жағдайда болу керек. Торлардың және құдықтардың өткізу қабілетін шектейтін бітелуге, лайлануға жол берілмейді.

      51. Жер асты инженерлік коммуникацияларының иелері:
      жер асты коммуникацияларын күтіп ұстауға және жөндеуге, сонымен қатар уақытылы құдықтар мен коллекторларды тазалауға жауапты;
      жолдардың төсемдерімен, тротуарлармен, когалдармен және құдықтардың люктарымен бір деңгейде, қалыпты жағдайда ұстауды, сонымен қатар коммуникациялардың қанағаттанарлықсыз жағдайынан пайда болған жолдардың бұзылған шегінде төсемдерін қалпына келтіріп жөндеуді қамтамасыз етеді (өз қаржыларымен немесе мамандарылған мекемелермен келісім шартқа отыру негізінде);
      құдықтардың люктарын бар болуын және қалыпты жағдайда болуын бақылау және оларды уақытында ауыстыруға және жоғалған кезде орнына (тәулік ішінде) қоюды жүргізеді;
      коммуникацияның (қар үйінділері, мұз, лай, сұйықтықтар және басқалар) жұмысын реттеумен байланысты апатты жоюды бір тәулік ішінде қамтамасыз етеді.

      52. Жер үсті құрылғыларының иелері және пайдаланушы ұйымдар оның  маңайындағы аумақтың санитарлық жағдайына инженерлік желілер аймағының шекарасында жауапты.

4 тарау. Қысқы кездегі қала көшелерін
тазартудың ерекшеліктері 1. Жалпы ережелер

       53. Қала көшелерінің өтпе жолдары мен кіру жолдарын қыста жинау  жұмыстары осы Ереже талаптарына, жұмыс технологияларын, техникалық құралдар мен тайғаққа қарсы қолданылатын қоспаларды анықтайтын нұсқауларға және заңнамаға сәйкес бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.

      54. Қала аймағын тазалауға жауапты ұйымдар (тапсырыс берушілер қызметі және мердігерлік ұйымдар) 1 қазанға дейін тайғақа қарсы материалдар қажетті мөлшерде тасып жеткізуі, дайындауы және жинауы керек.

      55. Көшенің жүргін бөлігіннің жағалауындағы қарды жинауды  және  тасып шығаруды осы көшенің жүргін бөлігін және өтпе жолдарды тазалауға жауапты кәсіпорын жүргізеді.

      56. Саябақтардағы, орман саябақтарындағы, бақтардағы, скверлердегі, бульварлардағы жолдарды және басқа жасыл аймақтарда тазалау кезінде жасыл желектердің жойылмауын және еріген суды қайтаруды қамтамасыз ету шартымен құрамында химиялық реагенттері жоқ қарды уақытша жинауға арнайы алаң дайындалып, жинауға рұқсат беріледі.

      57. Қысқы кезеңде жолдар, бақ орындықтары, қоқыс салатын жәшіктер және басқа да элементтер мен кіші сәулет пішіндері, сондай-ақ олардың алдындағы және бүйірлеріндегі жерлер, оларға баратын жолдар қар мен мұздақтардан тазартылуы керек.

      58. Тротуарлар мен жолдың жүргін бөлігіндегі, инженерлік желілерде болған апаттан пайда болған мұзды желі иелері уатып жинайды. Уатылған мұздар белгіленген орындарға шығарылады.

      59. Көшелердің көлік жүретін бөлігін, және өтпе жолдарды, тротуарлар мен аула аймақтарын тазалау жұмыстарының технологиясы және  тәртіптері ауа райы жағдайына қарамастан көліктердің және жаяулардың қозғалысына бөгет болмауы тиіс.

      60. Тиым салынады:
      магистральдің, көшелердің жүргін бөлігіне және өтпе жолдарға, тротуарлар мен көгалдарға, ішкі орамдардың өтпе жолдарынан, аула аймақтарынан, кәсіпорындар, ұйымдар, құрылыс алаңдарынан, сауда нысандарынан және басқаларынан жиналған қарды жылжытуға немесе орнын ауыстыруға;
      тротуарларда, қалалық жолаушылар тасмалдайтын көліктердің мінгізу алаңдарында, саябақтарда, скверлерде, аулаларда және басқа жаяу жолы мен жасыл желек аймақтарында көктайғақ реагенті ретінде техникалық тұзды және сұйық хлорлы кальциды пайдалануға;
      көгалдарға, гүл алаңдарына, бұталар және басқа да жасыл желектерге лас және тұз араласқан қарды, сонымен қатар мұз үйінділерін роторлық лақтыруға және орынын ауыстыруға.

2. Көшелердегі және магистральдардағы
қыста тазарту жұмыстары

      61. Қысқы тазалаудың бірінші кезектегі операцияларына кіреді:
      жолдардың көлік жүргін бөлігін тайғаққа қарсы  материалдармен өңдеу;
      қарды күреу және сыпыру;
      күрелген қарды тасып шығару үшін жинастыру;
      жол тораптарын, қалалық жолаушылар тасмалдайтын көлік аялдамаларын, әкімдік және қоғамдық ғимараттардың кірме жолдарын,  аулалардан шығатын және тағы басқа жолдарды күрелген қардан тазарту.

      62. Екінші кезектегі операцияға кіретіндер:
      қарды шығару (тасу);
      қар шығарылғанан кейін жол жағалауын тазартуы;
      мұзды уату және қар-мұздан құралған үйіндіні шығару.

      63. Қала жолдарының жүргін бөлігін тайғаққа қарсы материалдармен қар қабаты пайда болуы үшін қар жауа бастағаннан кейінгі 20-40 минутта хлоридтермен өңдеген жеткілікті.

      64. Қаладағы метеорологиялық қызметтерден күні бұрын тайғақ болатыны туралы ескерту алған жағдайда, эстакадалардың, көпірлердің жүргін бөлігін өңдеу жұмыстары қар жаумай тұрып жүргізіледі.

      65. Қысқы мезгілде қатты реагенттерді шашатын машиналар мен айналатын щеткалы қар тазалағыштардың тәулік бойғы кезекшілігін қарастыру.

      66. Барлық тайғаққа қарсы материалдарды шашуға арналған машиналар тәулік бойы кезекшілікте белгіленген көшелер мен өтпе жолдарда (жұмыс кестесінің бағытымен) жұмыс істеуге бекітіледі; маршурт кестесінің көшірмесі жолдама қағазбен бірге жүргізушіге береді.

      67. Қар басқаннан кейін ең алдымен көлік бағыты үшін ең қауіпті магистральдар және көшелер учаскелерін, яғни тік түсетін және көтерілетін жолдарды, көпірлерді, эстакадаларды, тоннельдерді, жол тораптарын және қоғамдық көлік аялдамаларын, сондай-ақ төтенше және басқа кедергілер болатын және тағы басқа жерлерді тайғаққа қарсы материалдармен өңдеу.

      68. Көлік қозғалысы үшін ең қауіпті орындарды өңдеуді аяқтағаннан кейін көлік жүретін бөлікті тайғаққа қарсы материалдармен жаппай өңдеу қажет. Бұл операция  алдымен жағалаудағы тастан бастап жолаушылар тасмалдайтын көлік қозғалысы жолағына дейін жүргізіледі.
      Барлық аумақты тайғаққа қарсы материалдармен жаппай өңдеу уақыты - қар жауа бастағаннан кейінгі төрт сағаттан асырмай жауапты жол тазалаушы кәсіпорындар жүргізуі қажет.

      69. Технологиялық циклда "шашу-сыпыру" үлестері екеуінікі де тең болуы керек (реагенттермен өңделінген аудандардың саны сыпырылған аудандар санына тең болуы тиіс).

      70. Қар жол төсемінен 2,5-3,0 сантиметрге биік болса, бұл жаңадан түскен 5 сантиметр нығыздалмаған борпылдақ қарға тең, жолдың жүргін бөлігіне механикаландырылған сыпыру жүргізіледі.

      71. Ұзақ қар жауса механикаландырылған сыпырудың циклын әрбір 5 сантиметр жаңадан қар түскен сайын жүзеге асырылады.

      72. Бір ғана кәсіпорын тазалайтын жағдайда барлық көшелерді және өтпе жолдарды қажетіне қарай бір реттік күреу мен сыпыру уақыты төрт сағаттан аспау керек.

      73. Қар тоқтаусыз жауса технологиялық циклдың мөлшері (шашу - сыпыру) үш реттен кем емес жасалып, қажеттігі қарай қайталануы керек.

      74. Қар аяқталғаннан кейін жол төсемдеріне соңғы сыпыру жүргізіледі.

      75. Жолдың жүргін бөлігі механикаландырылған сыпырудан кейін оның көлденең бойында қар, мұз қалдықтарынан тазалануы тиіс.

      76. Уақытша жиналған қар үйіндісі - көшелердің жүргін бөлігінен және өтпе жолдардан, сонымен қатар тротуарлардан тазаланған қар көшелердің  жүргін бөлігінің және өтпе жолдардың шетіне жиналған қар.

      77. Қар үйіндісін жинауға тиым салынады:
      барлық бір деңгейдегі жолдардың, көшелердің және өтпе жолдардың тоғысуында және теміржол өтетін үшбұрышты аймақ көрінетін жерлердің маңына;
      жаяу жүргіншілер өтпе жолдарына 5 метр жақын жерде;
      қоғамдық көлік аялдамаларына 20 метр жақын жерде;
      көлік қоршаулармен немесе бордюрлармен қоршалған жолдардың учаскелерінде;
      тротуарларда. 

      78. Жол жағасына күрелген қарды жинау кезіндеқарды  тротуарларға және көгалдарға орынын ауыстыруға тиым салынады.

      79. Бір жақты көлік қозғалатын көшелер мен өтпе жолдардан, оның ішінде гүлзарлар, көгалдар және бетонды блоктар, аймақтар түрінде бөлініп тұратын жолақтары бар магистральдар жағынан қарды сыпыруды бастап, қыс бойы тұрақты түрде көлік жүретін бөлік жағалауындағы тасқа дейін қардан және мұздан  тазалануы тиіс.

      80. Қар үйіндісін уақытша жинау кезінде және жылымықта еріген сулардың ағыуы үшін  жолдың жиек тастарындағы еріген су ағатын шұңқырлар тазаланып, жиектегі таспен қар үйіндісі арасында көлденеңі 0,5 метрден кем емес ара қашықтық болуы керек. Нөсер суларын қабылдаушыларға қар үйінділерін жинауға тиым салынады.

      81. Қалалық жолаушылар тасмалдайтын көлік аялдамалары және жер үсті жаяу өтпе жолдары қар үйінділерінен тазартылып, жол салынуы керек:
      аялдамаларда : 30 метрден 50 метрге дейін;
      жаяулар өтпе жолдары белгісі бар жолдарда, белгінің көлеміне қарай, ал белгісі жоқ жерде 5 метрден кем емес.
      Аулаларға және ішкі орамдарға кіретін, шығатын жолдар, ауланың ішкі жолдары өтпе жолдардың шетінен бастап механикалық күреу мен сыпырудан кейін.

      82. Көшелерден және өтпе жолдардан қарды шығару екі кезеңде жүзеге асады:
      бірінші кезекте (таңдап) қар жауып біткеннен кейін қалалық жолаушылар тасмалдайтын көлік аялдамаларындағы, жаяу өтпе жолдардағы, көпірлердегі және жол өткелдеріндегі, көпшілік баратын  орындардағы (ірі әмбебап дүкендер, базарлар,  қонақ үйлер, вокзалдар, театрлар және т.б.), ауруханалардың аумағына және басқа әлеуметтік маңызды нысандарға кіретін жолдардағы қарды шығару 24 сағат ішінде жүзеге асырылады;
      соңғы (жаппай) қарды шығару бірінші кезекті шығару аяқталғаннан кейін кезекпен, тапсырыс берушілердің тапсырысы бойынша шығарылады .

      83. Қар тасушы көліктің әрбір өтуінен кейін жол жиегіндегі және жағалаудағы тас төсемдердіндегі қар қалдығынан және мұздан тазартылып, шығарылады.
      Арнайы дайындалған алаңдарға көшелердегі және өтпе жолдардағы қар тасып шығарылуы тиіс. Белгіленген тәртіп бойынша келісілмеген орынға қарды тасып шығаруға тиым салынады.
      Табиғатты қорғау ұйымдарының келісімі бойынша аудандық әкімдер аппаратына қар үйінділерін шығаратын орынды анықтау жүктеледі.

      84. Қар ерігеннен кейін қарды уақытша жинайтын орындар қоқыстан тазаланып, көріктендірілуі тиіс.

§ 3. Тротуарларды, жер үсті жолаушылар көлігінің аялдамаларындағы жолаушыларды отырғызатын
алаңдарды және жаяу жүргіншілер жолдарын тазалау

      85. Қар жауған кезде және тайғақта:
      Тротуарлар, аялдамалардағы отырғызу алаңдары және басқа жаяу жүретін аймақтар тайғаққа қарсы материалдармен (құм, ұсақ  қиыршық тас) бүкіл көлемі бойынша өңделуі және жаңа жауған және тапталған қардан тазартылуы тиіс.
      Тротуарларды, жаяу жолдарын және жолаушыларды отырғызатын алаңдарды қардан тазалау жұмыстары (механикалық сыпыру және қолмен тазарту) қар жаууы тоқтағаннан кейін бірден жүргізіледі. Ұзақ қарқынды қар жауғанда қардан тазарту және тайғаққа қарсы материалдармен (құм, ұсақ  қиыршық тас) өңдеу жиілігі әрбір 5 см қар түскен сайын қайталануы тиіс.

      86. Троллейбустар жол бағыты бойынша жүретін жолдардың тазалау ерекшеліктері:
      троллейбустар бағыты  өтетін  көшелерде және өтпе жолдарда сұйық реагенттерді қолдануға тиым салынады;
      троллейбустар аялдамалары аймағында тұзды сұйық үйіндіні жиналуына рұқсат етілмейді.

4. Үйлердің аулаларындағы қысқы тазалау жұмыстары

      87. Тротуарлар, үйлердің аулалары және өтпе жолдар асфальтқа дейін қардан және мұздан таза болу тиіс. Мұз қалыптасқан жағдайда (тайғақ)  құм және қиыршық ұсақ тастармен өңдеу жүргізіледі.

      88. Үйлердің аулаларынан және орам аралығындағы жолдардан тазаланған қарды автокөліктер мен жаяулар қозғалысына кедергі жасамайтын орындарға жинауға рұқсат етіледі.

      89. Қар жинау кезінде жасыл желектерге зақым келтіруге тиым салынады.

      90.  Ішкі үй аулаларында қарды жинағанда еріген қар суының қалай ағатынын алдын ала ескеру керек.

      91. Қыс мезгілінде ғимарат иелері және жалдаушылар уақытында шатырларды қар мен мұздан, сүңгілерден тазарту жұмыстары ұйымдастырылуы қажет.

      92. Ғимараттың жаяу жүргіншілер жағындағы шатырын тазарту жұмыстары жедел түрде қатерлі учаскеге қоршау орнату арқылы жүргізілуі керек.

      93. Көше жағына қараған шатырлардан қар мен мұздан жаяу жүргіншілер жолдарына түсіріп тазарту жұмыстары тек күндізгі уақытта жүргізілуі қажет. Ал қарды шатырдың басқа жақтарынан, сондай-ақ жазық шатырлардан сырғанатып ауланың ішкі аумағына түсірілі керек. Қарды түсірер алдында жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын жасау қажет. Ғимараттардың (құрылыстардың және құрылғылардың) шатырларынан  түскен қарлар, мұздар мен сүңгілер жедел түрде өтпе жолдың шет жағына қарай көшені тазалаушы ұйымдар шығарып әкеткеншеорналастырылады.

      94.Сарқынды су құбырларының аузына қар, мұз және қоқыстарды тастауға тыйым салынады.

5 тарау. Жаз мезгілінде қала аумақтарын тазалау
 
  1. Жалпы ережелер

      95. Жолдық төсемдерді (осьтік және резервті жолақты) магистральдарды, көшелерді және өтпе жолдарды алдын ала дымқылдап сыпыру күндізгі уақытта сағат 8-ден 21 сағатқа дейін, ал қатты қарқындағы көлік қозғалысы бар магистральдарда және көшелерде түнгі мезгілде жүзеге асырылады.

      96. Магистральдардың, көшелердің жүргін бөлігінің жолдық төсемдерін және өтпе жолдарды, трамвай төсемдерін жуу түнгі (сағат 23-тен сағат 7-ге дейін ) және қажетіне қарай күндізгі уақытта да жүргізіледі.

      97. Жолдың жүргін бөлігін жуған кезде лайлы суды және қоқысты тротуарларға, көгалдарға, қалалық жолаушылар тасмалдайтын  көлік аялдамаларының павильондарына, отырғызатын алаңдарына, жақын жерде орналасқан ғимараттардың, сауда нысандарының қасбеттеріне және т.б. орындарға шашыратуға тиым салынады.

      98. Ыстық күндері (ауа температурасы +25 градус С жоғары болса) жолдардың төсемдерін сулау сағат 12-ден сағат 16-ға дейінгі мезгілде жүргізіледі (екі сағат сайын).

      99. Жапырақтар түскен кезде оны тазалауға жауап беретін ұйымдар түскен жапырақтарды көше бойындағы, магистральдар мен  үй аулаларынан тазалауды және шығаруды жүзеге асырады. Ағаштардың және бұталардың түбіріне жапырақтарды  жинауға  тиым салынады.

2. Жаз мезгілінде жолдарды тазалаудың талаптары

      100. Жолдың жүргін бөлігі барлық ластану түрлерінен жаппай тазаланып және жуылуы тиіс.
      Реттеуші сызық болып табылатын - осьтік, резервтік жолақтар құмнан және әртүрлі ұсақ қоқымнан тұрақты тазаланып тұруы тиіс.

      101. Екі метрлік жол жағалауындағы аймақта және ернеуінде, сондай-ақ тротуарлар және онда орналасқан жолаушылар тасмалдайтын көлік аялдамаларының отырғызу алаңында, трамвай жолдарын топырақ-құмды қоқымдардан және әртүрлі қоқыстардан толық тазаланып және жуылуы  тиіс.

      102. Жолдың жағасы ірі көлемдегі және басқа да қоқыстардан таза болуы тиіс.

      103. Темір-бетоннан құралған бөлу жолақтары құмнан, батпақтан және ұсақ қоқыстардан тұрақты тазаланып тұруы тиіс.
      Шудан қорғайтын қабырғалар, металл қоршалулар, жол белгілері және жол көрсеткіштер жуылуға тиісті.

      104. Көгал ретінде орналастырылған бөлу жолағында, қалалық жолдардың жағалау бөлігінде шөп төсемдерінің биіктігі 15 см аспау керек. Әртүрлі қоқыстармен жолақтың ластануына жол берілмейді.

3. Жаз мезгілінде үйлердің аулаларын тазалау

      105. Үйлердің аулаларын, аула ішіндегі өтпе жолдарды және тротуарларды қоқымдардан, шаңнан және ұсақ тұрмыстық қалдықтардан тазалауды, сондай-ақ күні бойы тазалықты қолдауды  аулаға бекітілген субъектілер қамтамасыз етеді.

      106. Үйдің ауласын жуу үшін суару шүмектер және шланга арқылы суғару әрбір үй маңында жабдықталған және пайдалануға жарамды күйде болу тиіс.

      107.   Кішігірім нысандардың иелері (автотұрақтар, көлік жөндейтін орындар, ангарлар, қойма түріндегі құрылымдар, ғимараттар, сауда және қызмет көрсету нысандары) санитарлық тазалық және бөлінген аумақтың тазарту бойынша келісім-шартқа отыруға міндетті, немесе оны өз күшімен ұйымдастыруы тиіс.

6 тарау. Қалалық аумақтардағы қалдықтарды жинау,
уақытша сақтау және шығару

      108.  Қаланы  қоқыстардан тазарту  Алматы қаласы мәслихаты  бекіткен Қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) шығарудың басты сызбасына сәйкес жүргізіледі.

      109. Қала аумағында қызмет жасайтын заңды тұлғалар (ПИК, ҮИКБ және басқалар), басқа шаруашылық субъектілері, сондай-ақ жеке тұрғын үйлер иелері заңнама бойынша бекітілген ҚТҚ жиналу нормаларына сәйкес сұрыптайтын, заласыздандыратын және ҚТҚ пайдаға асыру үшін өңдейтін мамандандырылған кәсіпорындармен келісім шарты бар, ҚТҚ шығаратын мердігер кәсіпорынмен келісім шартқа отыруы қажет.

      110. ҚТҚ шығару өкілетті органдар өткізген конкурсты (тендерді) жеңіп алған, кестеде мерзімі көрсетілген (ҚТҚ шығару келісім шартына қосымша) қоқыс шығарушы кәсіпорындар жүргізеді.
      Қоқыс шығарушы кәсіпорындар қоқыстарды сұрыптайтын, заласыздандыратын және ҚТҚ-ны пайдаға асыру үшін өңдейтін, соңынан қоқысты жоятын, мамандандырылған кәсіпорындарға қоқысты шығару және жеткізу қызметтерін уақытында көрсетуі тиіс.

      111. Ірі көлемді қоқыстарды (қалдықтарды) шығару жұмыстары кәсіпорындармен, мекемелермен және жеке тұлғалармен немесе шарт негізінде қоқыс шығарушы ұйымдармен жүргізіледі.

      112. Жылжымайтын нысандарды салу және (немесе) жөндеу жұмыстарымен айналысушы жеке  және заңды тұлғалар қоқыстарды жою үшін, оны өздігінен шығаруға немесе шығару жөніндегі қоқыс шығарушы ұйымдармен келісім шарттар жасау қажет.

      113. Үй-жайлардың аумағында көлік өтуге ыңғайлы жолдары бар контейнер орнататын арнайы алаңшалар бөлінуі қажет. ҚТҚ-ны жинау үшін металдан жасалған контейнерлерді қолдану керек. 

      114. Аумақтарында (бөлініп берілген, бекітілген, аула ішілік) контейнерлік алаңшалары бар кәсіпорындар, ұйымдар, өзге де шаруашылық етуші субъектілер келесі талаптарды орындаулары қажет:
      1) контейнерлік алаңшалардың кіреберістері мен оларға өтетін жолдардың қатты төсемдері болуы тиіс;
      2) контейнерлік алаңшалар маңайындағы жатқан аумақтарға қоқыстарды шығармау үшін жаппай қоршалуы тиіс;
      3) контейнерлік алаңдар мен оның аулаларының тазалық жағдайын қамтамасыз ету;
      4) қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемді қоқыстарды шығаруға,  уақытында шарт жасасуға;
      5) контейнерлердегі тұрмыстық қалдықтарды жағуға жол бермеуге;
      6) жылдың қысқы мерзімінде контейнерлік алаңшаға арнайы автокөліктің жұмысына және тұрғындардың пайдалануына қолайлы жағдай туғызу мақсатында кіреберістер мен оларға өтетін жолдарды қар мен мұздан тазарылуын қамтамасыз етуі керек.

      115. Контейнерлік алаңшаларды және контейнерлерді қолданатын, қызмет көрсететін ұйымдардың орындауы қажет:
      контейнерлерді уақытында жөндеуге және одан әрі пайдалануға, жарамсыздарды ауыстыруы;
      қоқыс қабылдағыш камераларды, алаңшаларды және жинағыштардың  астауын, сондай-ақ қалдық салғыштардың тұрақты жуылып тұруын, зарарсыздандырылуын және шыбындарға қарсы дезинфикция жасауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдану қажет.

      116. Контейнерлер орнату алаңшалар тұрғын-жай және қоғамдық ғимараттардан, спорт алаңдарынан және халықтық дем алатын орындарынан қашықтықта болуы керек. Алаңшаның көлемі орнататын контейнерлер санына есептелуі қажет.

      117. Контейнерлік алаңдарды орналастыру мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен, пәтер иелері кооперативімен келісу қажет.

      118. Контейнерлердегі қоқыстарды тиеу кезінде түсіп қалған қоқыстарды жинау жұмыстарын ҚТҚ, ІКҚ шығаратын ұйымның қызметкерлері жүзеге асырады.

      119. Қоқыс қабылдағыш камера құлыпқа салынуы қажет, бөтен адамдардың қоқыс қабылдағыш камераға кіруіне тыйым салынады.

      120. Қоқыс шығару құбырын пайдалануды иелігінде тұрғын үй орналасқан пайдаланушы ұйым жүзеге асырады.

      121. Пайдаланушы ұйым қамтамасыз етуге міндетті:
      1) қоқыс шығару құбырының және қоқыс қабылдағыш камерасының дұрыс жұмыс істеуін;
      2) қоқыс шығару құбырының шусыз жұмыс істеуін, ол үшін баспалдақ алаңындағы қоқыс шығару құбырына салатын қақпақтарының саңлаусыз, тығыз жабылатын резеңке төсемдерімен жабдықталған болуын;
      3) қоқыс қабылдағыш камераның және бағаналарын профилактикалық дезенфекциялық шараларды (дезинфекция, дезинсекция және дератизация) ай сайын жүргізуге.

      122. Жөнсіз үйінділерге, қалдықтардың жағылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жөнсіз үйінділерге жауапты тұлғаларды анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда, қалдықтарды шығару және жөнсіз үйінділер орынын қалпына келтіру жұмыстары өкілетті органдар белгілеген мерзімде аумақ иесінің немесе жер пайдаланушы қаражаты есебінен жүргізіледі.

      123. Вокзалдарда, базарларда, әуе жайларда, саябақтарда, демалыс орындарында, алаңдарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде және басқа көпшілік пайдаланатын орындарда, көшелерде, қалалық жолаушылар тасмалдау көліктері аялдамаларында, сауда нысандарының кіре берістерінде міндетті түрде қоқыс жәшіктері орнатылуы тиіс. Қоқыс жәшіктері бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта; аулаларда, саябақтарда, алаңдарда және басқа аумақтарда 10-нан 100 метрге дейінгі арақашықтықта қоқыс жәшіктері орнатылады. Қалалық жолаушылар тасмалдау көліктері аялдамаларында және сауда нысандарының кіре берістерінде екі қоқыс жәшігінен орнатылуы тиіс.

      124. Қоқыс жәшіктерін орнату мен тазалау мемлекеттік тапсырыс келісім шартына сәйкес пайдаланушы мердігер кәсіпорындар және иелігінде немесе қолданысында аумағы бар шаруашылық субъектісі жүргізеді. Жәшіктер толуына қарай тазаланады. 

      125. Жәшіктер ластануына қарай жуылуы тиіс, бірақ аптасына бір реттен кем емес.

7 тарау. Ұсақ бөлшек сауда үшін уақытша
құрылғыларды орнату, сондай-ақ жалпы пайдаланудағы
демалыс аймағын күтіп ұстау

      126. Ұсақ бөлшектік уақытша сауда нүктелерінің нысандарын (павильондар) орнату қолданыстағы нормаларға және ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

      127. Сәулеттік және түстері туралы шешім  сәулет және қала құрылысы  департаментімен келісіледі. Ұсақ бөлшектік сауда объектілерін жөндеу және бояу жұмыстары олардың иелерінің қаражаты есебінен, сәулет және қала құрылысы департаментімен келісілген сыртқы түрі мен түсі шешімін сақтауды ескере отырып, орындалуы тиіс.

      128. Ұсақ бөлшектік сауда нысандары мен кешендеріне көліктік қызмет көрсету, маңайында жатқан магистральдар мен жаяу жүргіншілер бағыттарындағы, көлік қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне кедергі келтірмеуі қажет. Тауар жеткізуді жүзеге асыратын автокөліктің тұрағы, сауда нүктелеріне тауар артуды тек осылар үшін арналған орындардан жүзеге асырылады. Осы мақсаттарда тротуарларды, жаяу жүргіншілер жолы мен гүлзарларды пайдалануға тыйым салынады.

      129. Сауда нүктелерінің иелері маңайында жатқан аумақтық (бекітіліп берілуіне сәйкес) көркейтілу жұмыстарының бұзылмауын қадағалауы керек. Маңайында жатқан көріктендіру нысандарына , жасыл желектерге, гүлзарларға және т.б. зиян келтірген сауда нүктелерінің иелері, көріктендіру нысандарын өз қаражаты есебінен алғашқы қалпына келтіруі қажет.

      130. Ұсақ бөлшектік сауда ғимараттарының иелеріне аумақтарын тазарту мен қоқыс шығару үшін осы қызмет түрлерімен айналысушы ұйымдармен келісім шарт жасауы керек немесе өз күштерімен атқарулары тиіс.

      131. Көпшілік пайдаланатын демалу аймақтары - саябақтар, скверлер, бульварлар, жаға жайларды осы нысандар бекітілген бюджеттік бағдарламалар әкімгерлері күтеді.
      Көпшілік пайдаланатын демалу аймақтарын тазалау және ағымдағы күту жұмыстарын бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерімен  отырған келісім шарт негізінде мамандандырылған кәсіпорындар жүргізеді.

      132. Көріктендірудің, ғимараттардың және шағын сәулеттік пішіндердің элементтеріне, көпшілік демалатын аймақтардың құрылымына сәулеттік және түстік шешімдеріне өзгерістерді Алматы қаласы сәулет және қала құрылыс департаментімен келісіліп, жүргізіледі.

      133. Саябақтарда және жаға жайларда орнатылған қоқыс жәшіктерінен басқа арнайы контейнерлер қоятын алаңдар болуы керек.

      134. Саябақтардың және жаға жайлардың аймақтарында нормалар мен ережелер талаптарына сәйкес қоғамдық әжетханалар болуы керек.

      135. Көпшілік демалатын аймақтарды қолданыстағы нормативтік талаптарға сай қоғамдық тамақтану нысандары және ұсақ бөлшекті сауда нүктелері орналасуына болады. Бұл нысандардың иелері бөлінген және бекітілген аумаққа санитарлық тазалау мен жинау үшін арнайы кәсіпорындармен келісім шартқа отыру керек, әйтпесе қолданыстағы талаптарға сәйкес өзі жүргізеді. Осы нысандарды жөндеу және сырлау жұмыстары олардың иелері есебінен орындалады.

      136. Көпшілік демалатын аймақта тиым салынады:
      қоқыстарды, жапырақтарды өртеуге, от жағуға, көліктерді жууға және тазалауға;
      көгалдарға, гүлзарларға, тротуарларға нысандарды орналастыруға;
      мангалды қолданып, ашық отта кәуап және басқа тағамдарды пісіруге;
      23.00 кейін қатты музыка қоюға.

8 тарау. Шағын сәулеттік пішіндерді күтіп ұстау

      137. Тұрғын үй ғимараттары аумағы, қоғамдық аймақтар, гүлзарлар, көшелер, саябақтар, алаңдар демалу үшін шағын сәулеттік пішіндермен жабдықталады.

      138. Қоршаулар, дуалдар салу және орнату  белгіленген тәртіппен  тек қана өкілетті органдар келісімімен және рұқсатымен келесі талаптарды сақтап құрылысын жүргізуге және орнатуға болады:
      кірпіш, бетон (жабық) дуалдармен тек қана өндірістік кәсіпорындарды, арнайы мекемелерді, режимдік нысандарды қоршауға рұқсат етіледі;
      биіктігі 2 метрге дейін металл дуалмен (әсем-әшекейлі, ашық) немесе жасыл (желек) қоршаумен көп пәтерлі тұрғын үйлерді, коттедждік қалашықтарды қоршауға рұқсат етіледі;
      биіктігі 2 метрден үлкен металл дуалдармен (ашық) мектептерді, балабақшаларды және емделу мекемелерін қоршауға рұқсат етіледі;
      биіктігі 0,7 метрге дейін жасыл (желек) қоршаумен коттедждік қалашықтағы жеке тұрғын үйлерді, әкімшілік ғимараттарды, банк мекемелерін, сауық және демалыс орындарын және басқа нысандарды (бөлінген аумағының шекарасының шегінде) қоршауға болады.

      139. Шағын сәулет пішіндері стационарлық және мобильдік болуы мүмкін; олардың саны және орналасуы аумақтарды көріктендіру жобаларында белгіленеді. 

      140. Қоғамдық ғимараттардағы, алаңдардағы, көшелердегі, гүлзарлардағы және саябақтардағы, жағалаулардағы шағын сәулеттік пішіндер ерекше жобалар бойынша әзірленеді.

      141. Жаңа құрылыс салынылып жатқан учаскесі шекарасында  бекітілген жоба-сметалық құжаттамаға сәйкес шағын сәулеттік пішіндері жобалау, әзірлеу және орнатуды тапсырыс беруші жүзеге асырады.

      142. Шағын сәулеттік пішіндердің сындарлы шешімдері олардың тұрақтылығын, пайдалану қауіпсіздігін қамсыздандыруы тиіс. 

      143. Шағын сәулеттік нысандардың иелері - заңды және жеке тұлғалар өз қаржыларына оларды ауыстыруға, жөндеуге және бояуға міндетті.

9 тарау. Ықшам аудандар мен тұрғын үйлер орамдарын көріктендіру

      144. Ықшам аудандар мен орамдардың аймақтары қоқыс контейнерлерін қоятын, кір кептіретін, демалатын, балалардың ойнайтын, спортпен айналысатын, үй жануарларын қыдыртатын, автотұрақ, аялдату, жасыл аймақ үшін алаңшалармен жабдықталады.

      145. Алаңшалардың саны, орналасуы мен жабдықталуы құрылыс және санитарлық нормаларға сәйкес болуы тиіс, сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменттерімен келісілуі керек.

      146. Тұрғын жай орамдары, шағын аудандар аумақтарында, сондай-ақ аула маңы аумақтарында мына тәртіп сақталуға міндетті:
      көтермелердің, жаяу жолдардың, жүргіншілер жолының, орам ішіндегі кіреберістері мен жолдарының төсемдерін қалыпты жағдайда ұстауға;
      аулаларға өздігінен түрлі шаруашылық немесе қосалқы құрылыс (гараждар және басқа) салуға жол бермеуге;
      ауланың ішкі аумақтарына құрылыс материалдарын үйуге жол бермеу;
      өзінің балансындағы (шаруашылық жүргізуші немесе жедел басқару) инженерлік желілерді қалыпты жағдайда ұстауға, құдықтарды уақытында қарап, тазартуға;
      шағын сәулет пішіндерін, спорттық, ойын, балалар мен шаруашылық алаңшаларының жабдықтарын, қоршаулар мен қашаларын қалыпты жағдайда ұстауға, олардың сыртқы түрінің ұқыптылығын сақтауға.

      147. Тұрғын үйлердің, шағын аудандардың аулаларында,  сондай-ақ ауланың ішкі аумағында тыйым салынады:
      1) аумақты тазарту немесе апатты жағдайларды жою жұмыстарынан басқа, сағат 23-тен сағат 7-ге дейін, тыныштық пен тәртіпті бұзатын іс-әрекет жасауға;
      2) ауланың ішкі және ішкі орам аумағындағы жасыл аймаққа, балалар алаңшасына, жүргіншілер жолына қызметтік және жеке меншік автокөлікпен кіруге, қоюға;
      3) арнайы бөлінеген және белгілермен, таңбалармен белгіленген орындардан тыс жерлерге көліктерді қоюға және аялдатуға.

10 тарау. Ғимараттар мен құрылғылардың
қасбеттерді күтіп ұстау

      148. Меншігінде ғимараттар мен құрылыстар бар   кәсіпорындардың және ұйымдардың басшылары ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін күтіп ұстауға, аталған нысандарға және олардың жекелеген элементтеріне (балкондар, лоджиялар, су ағатын құбырлар және басқалар) қалпына келтіру, жөндеу және сырлау жұмыстарын уақытында жүргізуді, сонымен қатар қасбеттерде орнатылған ақпараттық, ескерткіш тақтайшалардың тазалығын және дұрыс жағдайда болуын қамтамасыз етуге тиісті.
      Дүкендер мен офистердің қала көшелері жағына шығатын витриналары жарықпен безендірілген болуы тиіс.

      149. Өз еркімен ғимараттардың қасбеттерін және олардың үйлесілімділік элементтері қайтадан жабдықтауға тиым салынады.

      150. Шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе жедел басқаруындағы ғимараттары және орын-жайлары бар жеке меншік иелері мен заңды тұлғалар, ғимараттарды, құрылыстарды және құрылғыларды, басқа жер учаскелеріндегі жылжымайтын нысандарды қала құрылысы мен жобалау құжаттарына, қала құрылысы нормативтері мен ережелері, экологиялық, санитарлық, өртке қарсы және басқа арнайы нормаларға сәйкес, қалыпты жағдайда сақтау жұмыстарын жүргізуге, соның ішінде оларға қарамағындағы ғимараттар мен құрылғылардың қасбеттерін жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын өз есебінен немесе бөлінген қаражат есебінен жүргізуі керек.

      151. Егер де бірнеше заңды немесе жеке тұлғалардың меншігінде, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқаруында тұрғын емес немесе тұрғын ғимараттары болған жағдайда, осы тұлғалар ғимараттың пайдалану ауданына қарай қасбетін жөндеуге, жаңғырту жұмыстарын жүргізуге үлес қосуы керек. Ғимараттарға немесе орын-жайларға жоспарлы түрде жаппай жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын жүргізген кезде, үлестік қатынасы бар тұлғалар осы мақсаттарға жұмсалатын қаражатты біріктіріп, жұмсауына болады. 

      152. Сәулет, тарих немесе мәдениет ескерткіштері болып табылатын ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттерін жөндеу, жаңарту, қайта қалпына келтіру жұмыстары Қазақстан Республикасының және Алматы қаласының құқықтық актілерімен бекітілген, қорғау міндеттемелеріне сәйкес Мәдениет департаменті мен Сәулет және қала құрылысы департаменттерінің келісімімен орындалады.

      153. Тыйым салынады:
      алдын ала сәулеттік бөліктерді қалпына келтірмей ғимараттар мен орын-жайларға сырлау жұмыстарын жүргізуге;
      табиғи немесе жасанды тастармен қапталған қасбеттерді сырлауға.

11 бөлім. Сыртқы жарықтандыруды және
субұрқақтарды күтіп ұстау

      154. Алматы қаласының өкілетті органы бекіткен кестеге сәйкес көшелердің, жолдардың, алаңдардың, жағалаулардың және басқа жарықтандырылатын нысандардың сыртқы жарығын қосу табиғи жарықтың көлемінің азаюы кезінде кешкі ымырт кезінде 20 люкске дейін, ал сөнуі - таңғы күңгіртте 10 люкске дейін беріледі.

      155. Алаңдардағы, магистральдардағы және көшелердегі, аула аумақтарындағы шамдардың жанбауы 3 пайыздан аспауы керек. Металл бағаналары, кронштейндер мен басқа сыртқы жарық құрылғылары мен қыстырма желілерінің элементтері таза, тот баспай ұсталып, сырлануы  қажет. Жанып кеткен шамдарды ауыстыруды тиісті қызметтер оны анықтағаннан кейін 24 сағаттың ішінде ауыстыруы тиіс.

      156. Пайдаланудан шыққан құрамында сынап бар газ санатындағы шамдар - доқалы сынапты шам (ДСШ), металлдық диодтары бар доқалы шам (ДИШ), доқалы натрийлі (ДНАТ), люминесцентті шамдарды сақтайтын арнайы орындарда сақталып, одан әрі қайта өңделуі үшін арнайы кәсіпорындарға жеткізілуі қажет. Аталған шамдар түрлерін қалалық полигон аумағына шығаруға тыйым салынады.

      157. Жарық және электрлі көліктердің байланыс желілерінің құлап қалған бағаналарын негізгі магистральдарда кешіктірілмей бағана иесі шығарады, ал басқа аумақтарда және бұзылған бағаналар - тәулік ішінде шығарылады.

      158. Су бұрқақтардың жағдайына және пайдаланылуына өкілетті органдар жауапты.

      159. Су бұрқақтарды қосу мерзімін, олардың жұмыс істеу тәртібін, тостағандарын шаю және тазарту кестесін, технологиялық үзілістерін және жұмыс істеуінің аяқталуын өкілетті органдар белгілейді.

      160. Су бұрқақтар жұмыс істеп тұрған мезгілде күн сайын су беті қоқыстан тазартылады. Пайдаланушы ұйымдар субұрқақтардың тазалығын олар жұмысын тоқтатқаннан кейін де қамтамасыз етуі тиіс.

12 тарау. Көркем безендіру және жарнама

      161. Маңайдағы аймақта, сонымен қатар ғимараттардың, жарнама беретін жарнама тақталарында орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнамалар мен ақпарат нысандары таза ұсталуы және түнгі уақытта жарықтандыратын арнайы прибормен жарықтандырылуы тиіс. Рұқсат құжатнамасы бар заңды және жеке тұлғалар бұларды күтіп ұстауға жауапты.

      162. Жарнама құрылғысының иесі жарнама құрылғысын орналастырғаннан соң және орнынан алған соң аумақты көріктендіріп, қалпына келтіруі тиіс.

      163. Жарнамалық құрамалардағы кескіндемені (плакаттарды) алмастырғанда автокөлікпен көгал алаңдарға кіруге тиым салынады. 

      164. Кәсіпорындар мен ұйымдар ғимараттың бекітілген аймағын және қасбетін эстетикалық түрін қамтамасыз етуі керек. Кіре берісінде сыртқы есікте маңдайша жазулар, яғни кәсіпорынның бағдары туралы ақпараттар, фирмалық аталуы, тіркелген тауарлық белгісі (тауарлардың және қызметтердің тізімінсіз), тұтынушыны хабардар ететін кәсіпорынның мекен-жайы және ғимараттың қасбетінде оған кіру бағыты көрсетілген ақпараттар, кәсіпорын орналасқан орынжайдың ілінуі тиіс.

      165. Кәсіпорынның жұмыс жасау тәртібі туралы мәліметті тұтынушыға жеткізуге арналған баспа материалдары түріндегі плакаттарды кәсіпорындардың витриналарына (терезелеріне), есіктеріне орналастыруға болады.

      166. Кәсіпорындардың тауарлары мен көрсететін қызметтері туралы ақпараттармен витриналарды ішкі жағынан безендіріліп, сондай-ақ тауар өнімдерінің үлгісі, өздерінің фирмалық аталуы, олардың тауарлық және қызметтік белгілері, кәсіпорынның бағытын ашатын және фирмалық аталуына сәйкес бейнелеу элементтері, декоративті, мейрамдық безендірулер жасауға болады. Витринаның безендірілуі эстетикалық талартарға сәйкес болуы керек.

      167. Қаланың жалпы пайдаланатын жерлерінде мерекелік безендіруді ұйымдастыру, орналастыру және орнынан алу жұмыстарын қаланың тиісті қызметтері орындайды.

      168. Әртүрлі жарнамаларды және басқа да ақпараттарды ғимараттарға, дуалдарға, қалалық жолаушылар көліктері павильондарына, жарықтандыру бағаналарына, ағаштарға жапсыруға және ілуге тиым салынады.

      Барлық нысандардан (ғимараттардың қасбеттері, дүкендер, байланыс жүйелерінің және сыртқы жарықтандыру бағаналары және тағы осылар сияқты) өз еркімен ілінген жарнамалық және басқа хабарландыруларды, жазуларды және суреттерді олардың ведомстволық тиістілігіне қарамастан  қаладағы аудандық әкімдердің аппараттарына, сонымен қатар иелері мен жалға алушыларға жою жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру жүктеледі. 

13 тарау. Аялдама пункттеріне қойылатын талаптар

      169. Аялдама пункттері ҚР 3 N 01-01-2002 "Қалақұрылысы. Қалалық және ауылдық елді-мекендерді жоспарлау және құрылысын жүргізу" СНжЕ талаптарын, Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрінің міндетін орындаушының 2004 жылға 10 наурыздағы N113-1  бұйрығымент бекітілген Жолаушылар мен жүктерді автомобил көлігімен тасымалдау Ережесін және жол қозғалысы Ережесін, оларға жолаушылардың қауіпсіз және жайлы баруын ескеріп орналастырылады және жабдықталады.

      170. Аялдама пункттерінің құрылысы тек қана жеңіл құрамаларымен, онда тұрғындарға қызмет көрсететін нысандарсыз салынады (таксофондар, сауда автоматтарынан басқасы).
      Ескерту: осы тармақтың күші аялдама пункттерінде орналастырылған, тұрғындарға қызмет көрсететін нысандардың меншік иелеріне, аялдама пункттері үшін бөлінген жер учаскесіне жер пайдаланудың құқығының берілген мерзімі өткеннен кейін қолданылады.

      171. Анықтама ақпараты (аялдама тірегінің аталуы, бағыттардың нөмірі, бағыттардың қозғалыс уақытының арақашықтығы) аялдамада орнатылған электрондық таблода орналастырылуы тиіс.

14 тарау. Таксофондар

      172. Таксофондарды жұмыс істейтін жағдайда болуына және қолданыстан шыққанда (телефон қалқандарын бояу немесе жуу, сынған әйнектерін ауыстыру, бөгде жазуларды жою, әйнектерді тазалау) уақытында келеңсіздіктерді жою қызмет көрсететін ұйымдарға жүктеледі.

      173. Таксофондар маңындағы аумақтардың жағдайына аймағында  таксофондар орналасқан тапсырыс беруші қызметтер, кәсіпорындар және ұйымдар, ведомстволар, басқа шаруашылық субъектілері жауапты.

15 тарау. Алматы қаласы аумағындағы көріктендіру жағдайына, тазалауды және тазалық сақтауды ұйымдастыруды бақылау бойынша өкілетті органдардың және мемлекеттік органдардың міндеттері

      174. Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес осы Ереженің сақталуын бақылауды қоршаған ортаны қорғау, ішкі істер, сәулет-құрылысты бақылау, өртке қарсы және санитарлық қадағалау, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдармен олардың құзіретінің шегінде жүргізіледі.

      175. Қаланың көріктендіру жағдайын жалпы бақылау функционалдық міндеттерге сәйкес мемлекеттік бақылау-қадағалау органдарының комиссиялық іс-қимылдарын реттеуді (оның ішінде аралап өту,  зерттеулер және басқалар)   өкілетті органдар жүргізеді.

3 Бөлім. Ережені бұзғаны үшін жеке және
заңды тұлғалардың жауапкершіліктері 

      176. Осы Ережені бұзған  жеке және заңды тұлғалар қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының Әкімшілік тәртіп бұзушылықтар туралы Кодексіне сәйкес жауапқа тартылады.

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес ереже бұзушылар әкімшілік жауапқа тарту, оларды келтірген материалдық зиянының орынын толтырады және осы Ережеде қарастырылған талаптарды орындаудан және жіберілген тәртіп бұзушылықтар қалпына келтіруден босатпайды.

КӨРІКТЕНДІРУ ЖӘНЕ САНИТАРЛЫҚ
ТАЗАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ТАЛАПТАР

      1. Жеке тұлғалар, жеке тұрғын үйлердің иелері, барлық ұйымдастыру-құқықтық үлгідегі заңды тұлғалар Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесінің талаптарына сәйкес мыналарды орындауы тиіс:
      бөлінген және оның аумағын өзінің  қаражаты  есебінен өз бетінше немесе мамандандырылған кәсіпорындармен шартқа отыру жолымен ұстауды қамтамасыз етуге; қандай да болмасын меншік түріндегі нысандарға ұқыпты қарауға;
      тиісті органдарды мемлекеттік меншік нысандарына зиян келтірілген жағдайда хабар беруге;
      көшелер мен үйлердің нөмірлерін көрсетіп аншлагтарды  техникалық  жөнделген және тазалық  жағдайда ұстауға;
      қоршауларды және шағын сәулет пішіндерін  ұқыпты жағдайында ұстауға.
      Күрделі және уақытша нысандардың иелері оларға бөлінген, маңайдағы және бекітіліп берілген аумақтарын санитарлық тазалықта ұстау және оны тазалауға шарт жасасуы қажет немесе оны өз бетінше тазалауға - күн сайын.

      2. Қатты тұрмыстық қалдықтарын шығаруға мамандандырылған кәсіпорындармен шарт жасасуға.

      3. Қаланың аумағында тұрмыстық және құрылыс қоқыстарын, өндіріс қалдықтарын, босаған ыдыстарды, ағаш кесінділерін, жапырақтарды, қарды төгуге жол бермеу.

      4. Қоқыстарды, жапырақтарды, жәшіктерді, өндірістік қалдықтарды өртеуге, от жағуға тиым салынады, кәсіпорындар мен жеке үйлердің аулаларын қоса.

      5. Қарамағында ғимараттар мен құрылғылары бар кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, ғимараттар мен құрылғылардың иелері аталған нысандарды және олардың жекелеген элементтерін  (балкон, лоджия, су құбырлары және басқалар) қалпына келтіру, жөндеу және қасбеттерді сырлауды қамтамасыз етулері тиіс.
      Қаланың көшесіне қасбеті қарап тұрған дүкендер мен офистердің витриналары жарықпен безендірілуі тиіс.

      6. Кәсіпорындар мен ұйымдар ғимараттың ауласы мен қасбетінің  эстетикалық жағынан  әдемілігін қамтамасыз етулері тиіс. Кіре берісте сыртқы жазуы орналасуы  тиіс, яғни  кәсіпорынның қызмет мақсаты, оның фирмалық аталуы, тауар белгісі (тауарлар мен қызметтердің тізбесін пайдаланусыз),  кәсіпорынның орынжайына кіретін жерді көрсететін және мекенжайы туралы тұтынушыны хабардар ететін ақпарат, кәсіпорын орналасқан орынжайдың қасбетінде, кіретін жерде.
      Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесін орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасындағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 387 бабына сәйкес Сізге әкімшілік ықпал ететін шаралар қолданылатын болады.

      Таныстым А.Ж.Т.__________________________________________

      Қызметі_____________қолы___________   күні_____________


      Алматы қаласының аумағын
      көріктендіру Ережесіне
      қосымша        

Аумақты көріктендіру, жинау және ұстау
ТӨЛҚҰЖАТЫ

________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
 
__________________________________
(заңды  орналасқан мекен-жайы)

АЛМАТЫ қаласы ______________АУДАНЫ
 
 
 


    Аумақты көріктендіру, жинау және ұстау
ТӨЛҚҰЖАТЫ
 
       ____________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
 
       ____________________________________
(заңды мекен-жайы, телефон)

      1. Басқарушының аты-жөні
      ______________________________________________________
                        (телефон, СТН)
      ______________________________________________________

      2.ҚТҚ шығаруға келісім шарт, N, күні   _______________

      3.Қатты жабындының көлемі, м 2              _______________

      4.Көгал алаңдардың көлемі, м 2           _______________

      5. Ағаштар, тал-шіліктер саны, бр.     _______________  

      6. КАФлардың саны,бр.                  _______________

      7. Аула тазалаушылар (саны) немесе аймақты тазалауға келісім-шарт N______________________________________________
      Бұл төлқұжатта көрсетілген ақпараттар өзгерген жағдайда заңды тұлғаның жетекшісі __________________ ауданы әкімі аппаратын хабардар етуге және аймақты көріктендіру, жинау және таза ұстау туралы жаңартылған төлқұжат алуы тиіс.
      
      М.О.        ___________________________ аты-жөні.
                          (басшы қолы)
      "___" __________ 200__ жылы берілген
      
      ___________ аудан әкімі  _______________________ аты-жөні.    
         М.О.                         (қолы)

Бекітілген аумақтың
КЕСТЕСІ
 

      РҚАО ескертуі: кестенің қағаз нұсқасын қараңыз

      IV сайланған Алматы
      қаласы мәслихатының
      2007 жылғы 12 желтоқсандағы
      VI сессиясының
      N 45 шешіміне қосымша

      Мыналардың күші жойылды деп саналсын:

      1. IІ сайланған Алматы қалалық мәслихатының 1998 жылғы 18 қыркүйектегі XXI сессиясының "Алматы қаласындағы көріктендіру, санитарлық тазалау, тазалық сақтау және аумақты жинастыру сақтау Ережесін бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 1999 жылы 5 наурызда N 35 тіркелген);

      2. II сайланған Алматы қалалық мәслихатының 2001 жылғы 4 сәуірдегі IХ сессиясының "І және ІІ сайланған Алматы қалалық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімінің 2 тармағы, 2001 жылғы 25 сәуірде N 327 рет санымен тіркелген; 

      3. II сайланған Алматы қалалық мәслихатының 2001 жылғы 14 қарашадағы ХIII сессиясының "I сайланған Алматы қалалық мәслихатының 1998 жылғы 18 қыркүйектегі XXI сессиясының "Алматы қаласындағы көріктендіру, санитарлық тазалау, тазалық сақтау және аумақты жинастыру Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі, 2001 жылғы 28 қарашадағы N 408 рет санымен тіркелген; 

      4. III сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2007 жылғы 15 қаңтардағы  XV сессиясының "I сайланған Алматы қалалық мәслихатының 1998 жылғы 18 қыркүйектегі XXI сессиясының "Алматы қаласындағы көріктендіру, санитарлық тазалау, тазалық сақтау және аумақты жинастыру Ережесін бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" шешімі, 2007 жылғы 21 ақпанда "Вечерний Алматы" N 43-44 газеттерінде  жарияланған.