I және II-шi сайланған Алматы қалалық Мәслихатының кейбір шешiмдерiне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

IІ сайланған Алматы қалалық Мәслихатының IX сессиясының 2001 жылғы 4 cәуірдегі шешімі. Алматы қалалық Әділет басқармасымен 2001 жылғы 25 сәуірде N 327 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы N 388 шешімімен

      Астана қаласының мәдени объектілерін дамыту және Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақ ұлттық музыка академиясына музыкалық аспаптарды жеткізіп беру" жобасын жүзеге асыру үшін Жапония Үкіметінің Қазақстан Республикасының Үкіметіне грант беру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметінің арасындағы ноталар алмасу нысанындағы келісімнің жобасы (бұдан әрі - Келісім) мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, оған қағидатты сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат беріле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Келісім жасассын.
      3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан

 

Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келісім бойынша белгіленген

тәртіппен Келісімнің күшіне енуі жөніндегі қажетті мемлекетішілік

рәсімдерді жүргізсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.