I-шi сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ХХI сессиясының 1998 жылғы 18 қыркүйектегi "Алматы қаласы аумағын жинауды ұйымдастыру және тазалықты сақтау, санитарлық тазалау, көрiктендiру Ережелерiн бекiту туралы" шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тур

Алматы қалалық Мәслихатының шешімі IІ сайланған XІІІ сессиясының 2001 жылғы 14 қарашадағы Алматы қалалық Әділет басқармасында 2001 жылғы 28 қарашада N 408 тіркелді. Күші жойылды - ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының VІ сессиясының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 45 шешімімен

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының (бұдан әрi - БҰҰ) Есiрткiге бақылау жасау және қылмыстың алдын алу жөнiндегi басқармасының Аймақтық Өкiлдiгiмен ынтымақтаса отырып, Есiрткi заттарының заңсыз айналымына қарсы күрес туралы БҰҰ Конвенциясының және Ұлтаралық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес туралы БҰҰ Конвенциясының шеңберiнде 2002 жылғы 5-7 наурыз кезеңiнде Алматы қаласында Халықаралық құқықтық ынтымақтастық жөнiндегi Орталық Азия конференциясын (бұдан әрi - Конференция) өткізсін.
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.03.04. N 263
               қаулысымен. P020263_
      2. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен БҰҰ арасындағы Конференция өткiзу үшiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жағдай жасауы мен қызмет көрсетулерiн ұсынуы туралы хат алмасу түрiндегi келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi Георгий Владимирович Кимге Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен БҰҰ арасындағы Конференция өткiзу үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жағдай жасауы мен қызмет көрсетулерiн ұсынуы туралы хат алмасу түрiндегi келiсiмге қол қоюға уәкiлеттiк берiлсiн.
      Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.03.04. N 263
               қаулысымен. P020263_
      4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi:
      1) 2002 жылға арналған республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығындар"

 

бағдарламасы бойынша көзделген қаражаттың есебiнен Конференцияны өткiзуге

қаражат бөлсiн;



     2) Конференцияға қатысушылардың келу және кету құжаттарын ресiмдеудi

қамтамасыз етсiн.

     Ескерту. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.03.04. N 263          

              қаулысымен. 


P020263_



     5. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Конференцияға

қатысушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етсiн.

     6. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының

Әділет министрлігіне жүктелсін.

     7. Осы қаулы қол қойылған күніне бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.