"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына , "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 наурыздағы Заңына және "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес, Жамбыл облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасының 2005 жылғы 31 тамыздағы және 2006 жылғы 3 тамыздағы жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы ұсынымдары негізінде Жамбыл облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Жамбыл облысы әкімиятының 2002 жылғы 27 маусымдағы "Облыстағы балық шаруашылығын жүргізуге жарамды су тоғандарының тізбесін бекіту туралы" № 65 қаулысының күші жойылсын (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде N 676 болып тіркелінген).
3. Осы қаулы Жамбыл облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды күшіне енеді, алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Ө. Үсенбаевқа жүктелсін.
Облыс Әкімінің
міндетін атқарушы А. Савченко
Жамбыл облысы әкімиятының
2007 жылғы 29 наурыздағы
N 65 қаулысына қосымша
Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесі
Ескерту. Тізбесіне өзгерту мен толықтыру енгізілді - Жамбыл облысы әкімдігінің 2008.12.25 № 407; 2009.10.29 № 331; 2010.12.02 № 329; 2010.11.23 № 365; 2013.03.27 № 81 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2- тармақтан қараңыз) қаулыларымен.
№ |
Орналасқан жері |
Су айдындарының атауы |
1 |
Байзақ ауданы |
1. Багара |
2 |
Жамбыл ауданы |
1. Бөгеткөл |
3 |
Жуалы ауданы |
1. Билікөл |
4 |
Т. Рысқұлов ауданы |
1. Шілік |
5 |
Меркі ауданы |
1. Аспара |
6 |
Мойынқұм ауданы |
1. Қаракөл |
7 |
Талас ауданы |
1. Ақкөл |
8 |
Сарысу ауданы |
1. Үлкен қамқалы |
9 |
Шу ауданы |
1. Тасөткел |
10 |
Қордай ауданы |
1. Аңырақай |