"Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімиятының 2007 жылғы 29 наурыздағы № 65 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 331 Қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 08 желтоқсанда № 1734 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 326 қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабының 2) тармақшасына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Құмшағал ауылдық округінің әкімшілік шекарасына «Асылдандыру-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жерінен 20,0 гектар және Қаратөбе ауылдық округінің әкімшілік шекарасына «ЧПрК «Аманкелді» өндірістік кооперативінің жерінен 28,0 гектар жер қосылып Жамбыл ауданының Құмшағал және Қаратөбе ауылдық округтерінің шекаралары өзгертілсін.
      2. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс Әкімі                          Облыстық мәслихат хатшысы        Б. Жексембин                         Ә. ӘСІЛБЕКОВ