Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 10 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6, 7 баптарына сәйкес, азаматтар құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету мақсатында қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақтөбе қаласы мәслихатының кезектен тыс жиырма бірінші сессиясының 2005 жылғы 19 қазандағы N 173 шешімінің 1 тармағынан бейбіт жиналыстар, митингілер және пикеттер өткізу үшін келесі белгіленген орындар алынып тасталсын:
1) Шернияз көшесі, 61 мекен-жайында орналасқан N 2 облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің стадионы;
2) Мир көшесі, 17 "А" мекен-жайында орналасқан металлургтер мәдениет үйінің ғимараты жанындағы алаң.
2. Шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы
Мәслихат хатшысы