Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырма бірінші сессиясының 2005 жылғы 19 қазандағы "Бейбіт жиналыстар, митингілер және пикеттер өткізудің тәртібі мен орындарын қосымша регламенттеу туралы" әділет басқармасында 2005 жылғы 28 қазанда N 3-1-25 санымен тіркелген N 173 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс екінші сессиясының 2007 жылғы 30 қазандағы N 17 шешімі. Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласының Әділет басқармасында 2007 жылғы 14 қарашада N 3-1-80 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2012 жылғы 27 қазандағы № 85 шешімімен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2012.10.27 № 85 Шешімімен.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 10 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 7 баптарына сәйкес, азаматтар құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету мақсатында қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

       1. Ақтөбе қаласы мәслихатының кезектен тыс жиырма бірінші сессиясының 2005 жылғы 19 қазандағы N 173 Ақтөбе қалалық әділет басқармасында 2005 жылғы 28 қазанында N 3-1-25 санымен тіркелген, "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде 2006 жылғы 7 ақпанында N 14 газеттерінде жарияланған шешімінің 1 тармағынан бейбіт жиналыстар, митингілер және пикеттер өткізу үшін келесі белгіленген орындар алынып тасталсын:
      1) Шернияз көшесі, 61 мекен-жайында орналасқан N 2 облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің стадионы;
      2) Мир көшесі, 17 "А" мекен-жайында орналасқан металлургтер мәдениет үйінің ғимараты жанындағы алаң.
       Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009.04.25 N 170 (қолданысқа енгізілу тәртібін   4 тармақтан қараңыз) шешімімен.

      2. Шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы

      Мәслихат хатшысы