Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін
4-тармақтан
қараңыз.
Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тасымалданатын тауарларға қатысты алдын-ала және жіктеу шешімдерін қабылдау тәртібін реттеу мақсатында,
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Алдын ала шешімді қабылдау ережелері мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 15 мамырдағы
N 210
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2295 болып тіркелген, 2003 жылғы 26 шілдедегі N 30 (135) "Ресми газетте" жарияланған, "Алдын ала шешімді қабылдау ережелері мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 15 мамырдағы N 210 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 24 желтоқсандағы
N 579
бұйрығымен, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2693 болып тіркелген, 2004 жылғы 15 мамырдағы N 20 (177) "Ресми газетте" жарияланған) және "Алдын ала шешімді қабылдау ережелері мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 15 мамырдағы N 210 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 30 наурыздағы
N 125
бұйрығымен, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4183 болып тіркелген, 2006 жылғы 28 сәуірдегі N 76-77 (1056-1057) "Заң газетінде" жарияланған) өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
4-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының орынбасары С.Д. Мулькинге" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
Аталған бұйрықпен бекітілген Алдын ала шешімді қабылдау ережелері мен нысандарында:
1-тармақта:
2)-тармақша алынып тасталсын;
3)-тармақшадағы "әдістемесін пайдалану" деген сөздер алынып тасталсын;
9-тармақта:
бірінші абзацтағы "кеден құнының әдістемесі, шығу елінің әдістемесі" деген сөздер "шығу елін айқындау" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Алдын ала шешім белгіленген нысандағы бланкте ресімделеді (2-қосымша) және оған кеден органының басшысы не осы бағытты басқаратын оның орынбасары қол қояды.
Алдын ала шешім бланктері қатаң есептілік бланктері болып табылады, олардың баспаханалық әдіспен жасалған реттік нөмірлері бар.
Алдын ала шешімнің бірінші данасы кеден органының таңбалық мөрімен расталады және ілеспе хатпен бірге өтініш берушінің мекен-жайына жіберіледі, немесе жүк кеден декларациясымен бірге одан әрі ұсыну үшін өтініш берушінің қолына беріледі, екінші дана (ілеспе хаттың екінші данасымен бірге) оны берген кеден органында сақталады. Кеден органы қабылдаған алдын ала шешімнің көшірмесі уәкілетті органға жіберіледі".
бесінші абзац алынып тасталсын;
16-тармақта:
"тауардың кеден құнын және шығу елін айқындау әдістемесі" деген сөздер "тауардың шығу елін айқындау" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Кеден ісі мәселелері жөніндегі" деген сөздер алынып тасталсын;
2. "Кеден органының тауарды жiктеу жөніндегі шешiмiн қабылдау ережесiн және оның нысанын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы міндетін атқарушының 2005 жылғы 29 қыркүйектегі N 385 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3892 болып тіркелген, 2005 жылғы 21 желтоқсандағы N 237-238 (971-972) "Заң газетінде" жарияланған) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің кейбір бұйрықтарына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 12 шілдедегі N 240 бұйрығымен енгізілген өзгеріспен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4318 болып тіркелген, 2006 жылғы 1 қыркүйектегі N 158 (1138) "Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кеден органының тауарларды жiктеу жөніндегі шешiмiн қабылдау ережесi және оның нысандарында:
11-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Кеден органдарының тауарларды жіктеу жөніндегі шешімдердің бланктері қатаң есептілік бланктері болып табылады, оларда осы Ереженің 1-1-қосымшасына сәйкес кеден органының кодын қоса алғанда баспаханалық әдіспен жасалған есептік сериясы мен нөмірі болады";
13-тармақ мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
"Уәкілетті орган тауарды жiктеу жөніндегі шешiмдi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің басқа бөлімшелерінің сұрау салулары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша қабылдайды";
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (Қ-К. Кәрбозов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
2007 жылғы 27 желтоқсандағы
N 486 бұйрығына қосымша
Кеден органының тауарды жiктеу
жөніндегі шешiмiн қабылдау
ережесiне және оның нысанына
1-1-қосымша
Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына
сәйкес тауарларды жіктеу жөніндегі алдын ала шешім, кеден
құнын айқындау жөніндегі алдын ала шешім, тауарларды жіктеу
жөніндегі кеден органының шешімі бланктерінің сериялары
N
|
Кеден органдарының атауы |
Бланктердің
|
1
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
|
KZ
|