Кеден органының тауарды жiктеу жөніндегі шешiмiн қабылдау ережесiн және оның нысанын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің 2005 жылғы 29 қыркүйектегі N 385 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 14 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3892. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 Бұйрығымен

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 210 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жeдeл жаңару жолында" атты Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын iске асыру жөніндегi жалпыұлттық жоспардың іс-шараларын орындаудың желілік кестесiнің 58.5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгізiлетін өзгерістер бекітілсiн.
      2. Қосымшаға сәйкес Қазақ КCP Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң      
2005 жылғы 29 қыркүйектегі
N 964 қаулысымен   
бекітiлген      

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер

      1. "Тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж мемлекеттік қызметшілерге жеке тұрғын үй caлу үшін жер учаскелерiн берудiң тәртібi мен шарттары жөніндегi epeжeнi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 1996 жылғы 7 маусымдағы N 720 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 27, 235-құжат):
      кiрiспедегі "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2730 Жарлығының 26-бабының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 маусымдағы Заңының 24-бабының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж мемлекеттік қызметшілерге жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскелерiн берудiң тәртібі мен шарттары жөнiндегі ережеде:
      3-тармақта:
      "0,15" деген сандар "0,10" деген сандармен ауыстырылсын;
      "("Азаматтар мен заңды ұйымдарға жер учаскелерін беру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 сәуiрдегi N 401 қаулысымен белгiленген азаматтарға тұрғын үйдi салу және қызмет көрсету үшін жер учаскелерiн беру нормаларынан айырмашылығы - 0,1 гектар)" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі" деген бөлiмде:
      "Байланыс" деген кiші бөлімдегі реттiк нөмiрi 58-жол алынып тасталсын.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.07.2015 № 597 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.07.20. N 1102 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.02. N 452 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.29 N 1385 Қаулысымен.
      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.11 N 481 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Pecпубликасы 
Үкiметiнiң        
2005 жылғы 29 қыркүйектегі
N 964 қаулысына    
қосымша         

Қазақ КCP Министрлер Кабинетiнiң, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң, Қазақстан Республикасы Yкiметінің күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесі

      1. "1992 жылы республиканың мұнай-газ өндiретiн және мұнай-газ айыратын өнеркәсiбiнің тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 20 қарашадағы N 713 қаулысы.

      2. "Қорғаныс кешенi электротехникалық және машина жасау кәсіпорындарының Қазақ мемлекеттiк корпорациясы туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 5 желтоқсандағы N 761 қаулысы.

      3. "Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi жанынан республикалық сыртқы экономикалық "Құрылыс" бiрлестiгiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 5 маусымдағы N 505 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1992 ж., N 22, 360-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы тұтынушылар қоғамы одағының (Қазтұтынуодағы) валюталық қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 22 қыркүйектегi N 790 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1992 ж., N 36, 557-құжат).

      5. "Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және агросервистiк қызмет көрсету жөніндегі "Қазагрожөнмаш-холдинг" акционерлiк холдингтік компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 9 қарашадағы N 942 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1992 ж., N 44, 646-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасында отқа төзiмді материалдар өнеркәсiбiн дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 22 желтоқсандағы N 1070 қаулысының 5, 6-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1992 ж., N 49, 718-құжат).

      7. "Әлемдiк энергетикалық кеңестiң Қазақстан ұлттық комитетi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 6 мамырдағы N 371 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., N 16, 191-құжат).

      8. "Шығыс Азия туристiк одағы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 13 мамырдағы N 388 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 17, 201-құжат).

      9. "Мемлекеттік немесе қоғамдық мұқтаждықтар үшін жер учаскелерін алуға байланысты азаматтарға бұзуға жататын олардың үйлерінің (пәтерлерінің), құрылыстарының, құрылғыларының және жеміс-жидек екпелерiнің құнын анықтау және өтеу тәртібi туралы epeжесi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 3 маусымдағы N 450 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 21, 257-құжат).

      10. "Қазтұтынуодағының 1993 жылғы 1 тоқсандағы тауар алмасу (баспабос) операциялары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 14 маусымдағы N 504 қаулысы.

      11. "Қазмұнайөнiмi" концерніне дизель отынының экспортына қосымша квота бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 17 маусымдағы N 509 қаулысы .

      12. "Алаугаз" мемлекеттiк холдинг компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 2 қыркүйектегi N 770 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 34, 397-құжат).

      13. "Қазақгаз" Мемлекеттік холдинг компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 9 қыркүйектегi N 851 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 36, 851-құжат).

      14. "Агроөнеркәсiп кешенi салаларын қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етудің республикалық бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 28 ақпандағы N 231 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 12, 113-құжат).

      15. "Прибор-Алматроникс" ғылыми-техникалық бiрлестігінің Қазақстан Республикасында ғылымға сүйенетін өндiрiстердi дамыту жөнiндегi қызметін қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 3 мамырдағы N 468 қаулысының 3, 4, 5, 7-тармақтары.

      16. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Қорғаныс тапсырмасын материалдық, қаржы-кредиттік және құқықтық қамтамасыз ету шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 1 тамыздағы N 864 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 33, 363-құжат).

      17. "Сәулет-қала құрылысы құжаттамаларын сараптау мәселелері жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1994 жылғы 8 желтоқсандағы N 1395 қаулысымен бекiтiлген Объектiлер мен кешендердi салу, кеңейту, қайта жаңарту, техникалық қайта жарақтандыру және күрделі жөндеуге арналған сәулет-қала құрылысы құжаттамаларын сараптау мәселелері жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешімдерiне енгiзiлетін өзгерiстердiң 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 46, 517-құжат).

      18. "Қазақстан Республикасының тұтынушыларын газбен қамтамасыз ету жүйесін жетілдiру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 12 желтоқсандағы N 1399 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 46, 520-құжат).

      19. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 2 қыркүйектегі N 770 және 1993 жылғы 9 қыркүйектегi N 851 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1995 жылғы 16 наурыздағы N 275 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., N 9, 104-құжат).

      20. "Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесіне құқық беруге арналған өтiнiшке азамат қоса ұсынатын құжаттар мен мәлiметтердiң тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 5 маусымдағы N 777 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., N 20, 226-құжат).

      21. "ЮТЭК" отын-энергетика компаниясының Президенті және Байқаушы кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 7 тамыздағы N 1089 қаулысы .

      22. "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы ережені бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 20 наурыздағы N 365 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 15, 193-құжат).