Кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы N 455 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 21 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5050 болып енгізілді.

Жаңартылған

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Н.Айтжанова) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр



  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2007 жылғы 15 желтоқсандағы
N 455 бұйрығымен бекітілген

Кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптары

      1. Бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi аккредиттелген ұйым берген сертификаттың болуы.

      2. Бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi аккредиттелген ұйым жүзеге асыратын кәсіби бухгалтерді сертификаттаудан өтуге жоғары экономикалық білімі және бухгалтерлік, экономикалық, қаржылық, аудиторлық, есепке алу-талдамалық немесе бақылау-тексеру салаларында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ жоғарғы оқу орындарында бухгалтерлік есеп пен аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызметпен айналысатын және соңғы бес жылдың кем дегенде үш жылы аталған салаларда практикалық жұмыс стажы бар адамдар жіберіледі, мұның өзі нотариалды куәландырылған еңбек кітапшасының және/немесе еңбек шартының көшірмесімен құжаттамалық түрде куәландырылуға тиіс.

      3. Кәсіби бухгалтерлерге кандидаттар мынадай:

      халықаралық қаржылық есептілігі стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп;

      салық және салық салу;

      азаматтық құқық пәндері бойынша бухгалтерлерді кәсiби сертификаттау жөнiндегi аккредиттелген ұйым ұйымдастырған емтихандарды тапсыру арқылы өз білімін растауға тиіс.

      4. Кәсіби бухгалтерлер әр 2 жыл сайын бухгалтерлерді кәсiби сертификаттау жөнiндегi аккредиттелген ұйымдарды біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.