Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы N 241 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 27 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4945 болып енгізілді.

Жаңартылған

      "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту: Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2011.06.21 № 230 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесі бекітілсін.

      2. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 637 тіркелген, "Кондоминиум объектісін тіркеу жөніндегі уақытша нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі агенттігінің 1998 жылғы 27 сәуірдегі N 75 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а.

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрі

      2007 жылғы 14 қыркүйек



  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
2007 жылғы 24 тамыздағы
N 241 бұйрығымен
бекітілген

"Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету ережесі

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 15.06.2020 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережелер "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 5-тармағына сәйкес және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу тәртібін белгілейді.

      2. Осы Ережелерде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) кондоминиум объектісі – жер учаскесінен (жер учаскелерінің), бастапқы және кейінгі объектілерден тұратын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кондоминиум нысанындағы жылжымайтын мүлікке меншік белгіленетін мүліктік кешен.

      2) гидромелиоративтік кондоминиум – жер учаскелеріне заттық құқық жеке және заңды тұлғаларға тиесілі, ал гидромелиоративтік жүйе немесе оның элементтері оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі бірыңғай мүліктік кешен (бұдан әрі – гидромелиоративтік кондоминиум объектісі) ретінде жылжымайтын мүлікке меншіктің ерекше нысаны.

      3. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы заңнамаға сәйкес, кондоминиум объектісі жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" Коммерциялық емес акционерлік қоғамында (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) тіркеледі.

      Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін көрсетілетін қызметті берушіге осы Ережелерге 1-қосымшаға сәйкес пәтерлердің, көп пәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайларының кемінде екі меншік иесінен жазбаша өтініш (бұдан әрі – өтініш) ұсынылады.

      Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу кезінде көрсетілетін қызметті беруші мәліметтерді "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құқықтық кадастрға енгізеді.

      4. Егер кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу кезінде құқықтық кадастрда жер учаскесіне құқықты тіркеу туралы мәліметтер болмаса, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен алырнған жер учаскесі туралы мәліметтерді енгізеді.

      Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде жер учаскесі туралы мәліметтер болмаған кезде көрсетілетін қызметті беруші жергілікті атқарушы органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесіне құқықтарды рәсімдеу туралы хабарлама жібереді.

      5. Кондоминиум объектісін тіркеу "Жылжымайтын мүлік тіркелімі мемлекеттік дерекқоры (бұдан әрі – ЖМТ МДҚ) ақпараттық жүйесіне жер учаскесін, бастапқы объектілерді сәйкестендіретін тиісті мәліметтерді және кондоминиум объектісін тіркеу үшін қажетті қайталама объектілердің сипаттамаларын, сондай-ақ құқық түрі, ортақ меншік нысаны (өзге де заттық құқық) туралы мәліметтерді енгізу және кондоминиум қатысушыларының ортақ мүліктегі үлестерінің мөлшерін автоматты түрде айқындау арқылы ұсынылған құжаттардың негізінде меншік құқығын растаудан тұрады.

      6. Кондоминиум қатысушыларының ортақ мүліктегі үлестерінің мөлшері бөлек (жеке) меншіктегі (өзге де заттық құқықтағы) тұрғын үй-жайдың пайдалы алаңының және тұрғын емес үй-жай алаңының кондоминиумның осы объектісіндегі барлық тұрғын үй-жайлардың пайдалы алаңының және барлық тұрғын емес үй-жайлар алаңының сомасына қатынасымен айқындалады.

      7. Кондоминиум объектісі тіркелгенге дейін кондоминиумға қатысушылардың не кондоминиум объектісін басқарушы органның ортақ меншікке байланысты мәмілелері заңды күшіне енбейді.

      8. Көп пәтерлі тұрғын үйді жекешелендіру кезінде кондоминиум объектісін бастапқы тіркеуді жекешелендіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган жүргізеді.

      9. Мемлекеттік тіркеуге пәтерлердің жалпы алаңының және көп пәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайлары алаңының өзгеруі нәтижесінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің құрамы және (немесе) пәтерлердің, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіндегі тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері үлестерінің мөлшері өзгертілуі жатады. Өзгерістер мен толықтырулар енгізу осы Ережеде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      10. Осы Ережеде белгіленген кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу тәртібі кондоминиумдардың басқа түрлеріне де қолданылады.

2-тарау. "Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Ережелердің 2-қосымшасына сәйкес "Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) келтірілген.

      Өтінішді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы, көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады: www.egov.kz (бұдан әрі – портал).

      Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасымен көрсетілетін қызметті берушіге жүгінуі мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдау жөніндегі қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы Стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды одан әрі қараудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 13.09.2021 № 795 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі:

      Қабылдау және беру бөлімінің қызметкері Стандарттың 8-тармағына сәйкес өтініш пен құжаттарды қабылдайды және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөліміне көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының сканерленген көшірмелерін жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің қызметкері құжаттар топтамасын қарайды, қарау нәтижелері бойынша кондоминиум объектісін тіркейді немесе тіркеуді тоқтата тұрады немесе Стандарттың 3 және 9-тармақтарында көзделген негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды, содан кейін мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды.

      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: ЭЦҚ арқылы қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы хабарламаны жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің қызметкеріне жолданады.

      Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне және құжаттарды қабылдау және беру бөліміне жолдайды.

      13. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету тәртібі:

      Көрсетілетін қызметті алушы порталда авторизациялаудан өтеді, өтініш толтырады және құжаттарды Стандарттың 8-тармағына сәйкес тіркейді.

      Тіркеуші органның ақпараттық жүйесінде кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін ақы төленгені туралы расталғаннан кейін жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің қызметкері құжаттар топтамасын қарайды, қарау нәтижелері бойынша кондоминиум объектісін тіркейді немесе тіркеуді тоқтата тұрады не Стандарттың 3 және 9-тармақтарында көзделген негіздемелер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды, содан кейін мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары ЭЦҚ арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды.

      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: ЭЦҚ арқылы қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы хабарламаны жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің қызметкеріне жолданады.

      Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушының порталдағы жеке кабинетіне жолдайды.

      14. Алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 13.09.2021 № 795 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті тоқтата тұру бір айдан аспайтын мерзімге мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:

      1) сотқа берілген талап-арыздар мен өзге де өтініштер (шағымдар) негізінде соттың қаулысы (ұйғарымы) бойынша;

      2) прокурорлық қадағалау актілеріне сәйкес заңның бұзылуы жойылғанға дейін;

      3) "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес;

      4) егер қажетті құжаттардың болмауы тіркеуге құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіздер болып табылмаса, өтініш берушінің осы Заңның 21-бабына сәйкес мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттарды ұсынуы үшін;

      5) мемлекеттік органдардан, егер көрсетілген мән-жайлар құжаттарды тіркеуге қабылдаудан бас тарту үшін негіздер болып табылмаса, осындай органдардан шығатын құжаттарда ақпараттың болмауына немесе осы құжаттарда белгілі бір қарама-қайшылықтардың болуына байланысты түсініктемелер алу немесе қажетті ақпаратты талап ету үшін;

      6) құқық белгілейтін құжаттардың негізінде белгіленетін тіркеу объектісінің және өтініште көрсетілген тіркеу объектісінің сәйкессіздігі кезінде олардың арасындағы қайшылықтарды жою үшін;

      7) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы толық төленбеген кезде;

      8) егер құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы төленгені туралы немесе тұлғаның ақы төлеуден босатылғаны туралы растау келіп түспесе, тоқтатыла тұрады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға тоқтата тұрудың себептері мен мерзімдерін, құжаттың күні мен тіркеу нөмірін көрсете отырып хабарлама жібереді.

      Мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру туралы шешімді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік тіркеуге құжаттарды қабылдаған кезден бастап құжат берілген кезге дейін, бірақ мемлекеттік тіркеу мерзімінің өтуінен кешіктірмей қабылдауы мүмкін.

      Егер тіркеуді тоқтата тұру үшін негіз болған мән-жайлар бір ай ішінде жойылмаса, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын көрсетілетін қызметті алушыны кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеуден бас тарту, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы алдын ала шешім жөнінде хабардар етеді.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеуді жүргізеді не мемлекеттік тіркеуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 13.09.2021 № 795 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15-1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны жөнінде хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын жіберіледі.

      Алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеуді жүргізеді не мемлекеттік тіркеуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.

      Ескерту. 2-тарау 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 13.09.2021 № 795 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу туралы өтінішді пәтерлердің, көп пәтерлі тұрғын үйдің, тұрғын емес үй-жайларының кемінде екі меншік иесі немесе олардың уәкілетті өкілі бере алады.

3-тарау. Гидромелиоративтік кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ерекшеліктері

      17. Егер гидромелиоративтік кондоминиум қатысушыларының келісімімен өзгеше белгіленген болмаса, ортақ мүліктегі гидромелиоративтік кондоминиумға қатысушылардың үлесінің мөлшері бөлек (жеке) меншікте (өзге де заттық құқықта) тұрған суармалы жер учаскесі ауданының осы гидромелиоративтік кондоминиумның құрамына кіретін барлық суармалы жер учаскелерінің аудандарының сомасына қатынасымен айқындалады. Гидромелиоративтік кондоминиум мүлігіндегі мұндай үлес зат түрінде бөліне алмайды (мінсіз үлес).

      Осындай үлестердің есебі туралы құжатты гидромелиоративтік кондоминиум қатысушылары Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге тапсырады.

      Гидромелиоративтік кондоминиумның құрамына кіретін жер учаскелерінің және/немесе гидромелиоративтік кондоминиумнің барлық объектісінің шекаралары өзгерген кезде гидромелиоративтік кондоминиум қатысушылары не уәкілетті өкілдері тіркеуші органға қажетті құжаттарды қоса бере отырып, тіркеу құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өтініш береді. Тіркеу құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бұл ретте осы Ережеде белгіленген тәртіппен жасалады.

      Гидромелиоративтік кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін өтініш берушілер немесе олардың уәкілетті өкілі тіркеуші органға Стандарттың 8-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      18. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шағымды қарауды жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүзеге асырады.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 13.09.2021 № 795 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Кондоминиум объектісін
мемлекеттік тіркеу
ережесіне
№ 1 қосымша
  нысан

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 13.09.2021 № 795 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _____________________________________________________

      ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалы")

      кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу туралы

      №_____________________________

      ӨТІНІШ

      Өтініш берушілер:

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (кондоминиум қатысушылары)

      Олардың атынан әрекет ететін: _______________________________________

      (уәкілетті өкілдің атауы мен деректемелері)

      Тіркеуді сұраймын ______________________________________________

      (мемлекеттік тіркеу объектісінің түрі)

      Кондоминиум объектісі туралы мәліметтер:

      Кондоминиум объектісінің мекенжайы: __________________________________

      Жылжымайтын мүлік түрі: ___________________________________________

      Бөлек меншіктегі қайталама объектілердің саны

      ___________________________________________

      Ғимараттың жалпы ауданы (бастапқы объект)_______________

      Бөлек меншіктегі барлық тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың пайдалы алаңы

      (қайталама объектілер) ________________шаршы/м

      Ғимаратты пайдалану үшін жер учаскесінің жалпы алаңы

      (бастапқы объект)____________га

      Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі_______________________

      Ауданы көрсетілген жалпы пайдалану орындарының қысқаша

      сипаттамасы________________________________

      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін (міз):

      1. Төлем туралы құжат: түрі _________ № ______ сомасы______ теңге

      2. Мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын құжаттар (жер учаскесін беру бойынша

      жергілікті атқарушы органдардың шешімі, жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді)

      _____________/_________________/______________________________________

      (күні) (өтініш берушінің қолы) (Өтініш берушінің аты-жөні (болған жағдайда)

      _____________________________________________________________________

      (Өтінішті қабылдаған маманның аты-жөні (болған жағдайда) және қолы)

      Өтініш беру күні: _______ 20__ж.

      Уақыты ______ сағ. ______ мин

      Өтінішті орындау / қарау / нәтижесі ________________________

      _____________________________________________________________________

      Тексерілді: күні________________ 20__ж.

      _____________________________________________________________________

      (Өтінішті қабылдаған тіркеуші маманның аты-жөні (болған жағдайда) және қолы)

      Ескертпе: Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Көрсетілетін қызметті алушы өзі көрсеткен тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекен-жайы, жұмыс орны, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық мекенжайы дұрыс екендігін, ал көрсетілген контактілерге жіберілген хабарлама (хабархат) тиісті және жеткілікті деп саналатындығын өзінің қолтаңбасымен растайды.

      _______________ "___" ________ 20__ ж.

      (қолы)

  Кондоминиум объектісін
мемлекеттік тіркеу ережесіне
№ 2 қосымша

      Ескерту. Стандартқа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 12.07.2021 № 590 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы
2) "электронды үкімет" веб-порталы: www.egov.kz.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы:
көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап көрсетілетін қызметті берушіге өтініш келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
2. www.egov.kz порталында:
Мемлекеттік қызмет тіркеуші органның ақпараттық жүйесіне мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгені туралы растау келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің ең ұзақ уақыты – 20 минут.
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ уақыты – 20 минут.
Мемлекеттік қызмет мынадай жағдайларда бір айдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады:
1) сотқа берілген талап қою және өзге де өтініштер (шағымдар) негізінде соттың қаулысы (ұйғарымы) бойынша;
2) прокурорлық қадағалау актілеріне сәйкес заңның бұзылуы жойылғанға дейін;
3) "Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес;
4) Егер қажетті құжаттардың болмауы тіркеуге құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болмаса, өтініш берушінің Мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағына сәйкес мемлекеттік тіркеуге қажетті құжаттарды ұсынуы үшін;
5) Егер көрсетілген мән-жайлар құжаттарды тіркеуге қабылдаудан бас тарту үшін негіз болмаса, мемлекеттік органдардан түсініктемелер алу немесе осындай органдардан шығатын құжаттарда оның болмауына немесе осындай құжаттарда қайшылықтардың болуына байланысты қажетті ақпаратты талап ету үшін;
6) құқық белгілейтін құжаттар негізінде белгіленетін тіркеу объектісі және өтініште көрсетілген тіркеу объектісі олардың арасындағы қайшылықты жою үшін сәйкес келмеген кезде жүзеге асырылады;
7) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы толық төленбеген кезде;
8) егер құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы төленгені туралы немесе тұлғаның ақы төлеуден босатылғаны туралы растау келіп түспесе, тоқтатыла тұрады.
Электрондық тіркеу осы баптың 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тоқтатыла тұрмайды.
Мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру туралы шешімді көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды мемлекеттік тіркеуге қабылдаған сәттен бастап құжат берілген сәтке дейін, бірақ мемлекеттік тіркеу мерзімі өткеннен кешіктірмей қабылдауы мүмкін.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жүгінген кезде:
1. Көрсетілетін қызметті берушіге қағаз/сканерленген тасығышта:
осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес үлестерді есептеу туралы қосымшасы бар кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу немесе тіркеуді тоқтата тұру туралы хабарлама не Стандарттың 3 және 9-тармақтарында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап;
2) порталға:
көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен қол қойылған қызмет көрсету нәтижесі туралы хабарлама жіберіледі.
Оң нәтиже болған жағдайда хабарламаға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес үлестердің есебі қоса беріледі.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы түрде көрсетіледі.
Мемлекеттік тіркеу үшін төлем Ақпарат және коммуникация министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 418 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17498 болып тіркелген) "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы Тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды бекіту туралы" белгіленген тарифтерге сәйкес алынады және 2 147,3 теңгені құрайды (қосылған құн салығын есепке алмағандағы баға, теңге).
Төлем сондай-ақ портал арқылы "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүргізіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің: құжаттарды қабылдау және беру – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, мемлекеттік корпорацияның белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібімен көрсетіледі, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық кезекті брондауға болады;
2. Портал арқылы жүгінген кезде – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, жексенбі және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
осы Ережелерге 1-қосымшаға сәйкес, нысан бойынша пәтерлердің, көп пәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайларының кемінде екі меншік иесінен жазбаша өтініш;
көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) және көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілінің жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін), сондай-ақ құжаттың түпнұсқасы не көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
егер кондоминиум объектісін тіркеу сәтіне дейін жер учаскесіне құқық тіркелмеген болса, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаты;
кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін төлемді растайтын құжат.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған, жер учаскесіне сәйкестендіру сипаттамалары туралы мәліметтерді құжаттарды қабылдау және беру қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік паролді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
2) порталға жүгінген кезде:
көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда, кемінде екі пәтер, көп пәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайлары меншік иесінен ЭЦҚ-мен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың сканерленген көшірмесі (жергілікті атқарушы органдардың шешімі), жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының сканерленген көшірмесі;
"электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүргізілген төлемді қоспағанда, кондоминиум объектісін тіркеу үшін төлемді растайтын құжаттың сканерленген көшірмесі.
Гидромелиоративтік кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін көрсетілетін қызметті алушылар немесе олардың уәкілетті өкілдері көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:
Ережелерге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
Су шаруашылығы құрылысының гидромелиоративтік жүйесінің паспорты;
ортақ үлестік меншік құрамына кіретін гидромелиоративтік жүйе элементтерінің және басқа да мүліктің тізбесі бар гидромелиоративтік жүйенің сызбасы (арналар, су беруді реттеуге арналған құрылыстар, коллекторлық-дренаждық желілер, тік дренаж ұңғымалары, электр желілері, электр жабдығы, сорғылар, осы құрылыстардың бұру жолдарының астындағы жерлер);
гидромелиоративтік кондоминиумның құрамына кіретін және бөлек (жеке) меншіктегі (өзге құқықтағы) барлық жер учаскелеріне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының көшірмелерін қоса бере отырып, гидромелиоративтік кондоминиумға қатысушылардың тізімі);
көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) немесе оның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі), сондай-ақ құжаттың түпнұсқасы не көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі.
Құжаттарды қабылдау кезінде жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасы тиісті тексеруден кейін өтініш берушіге қайтарылады;
7) кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін төлемді растайтын құжат.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілері, жылжымайтын мүлікке құқық немесе құқық ауыртпалығының түрі және өзге де тіркеу объектілері не олардың туындау, өзгеру немесе тоқтатылу негіздері заңнама талаптарына сәйкес келмеген кезде;
2) Егер өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілсе;
3) жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы органдарынан құрылыс объектілерінің Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес еместігі туралы тиісті ақпарат негізінде;
4) Егер қажетті құжаттар мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру кезінде ұсынылмаса, өтініш беруші Мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағына сәйкес мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда;
5) нысаны мен мазмұны бойынша заңнама талаптарына сәйкес келмейтін құжаттарды тіркеуге ұсынған кезде;
6) "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Заңның 31-бабының 1-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, құқықты немесе өзге де мемлекеттік тіркеу объектісін мемлекеттік тіркеуді болдырмайтын ауыртпалықтар болған кезде;
7) заңды күшіне енген сот актісі негізінде;
8) егер тіркеуді тоқтата тұру мерзімі ішінде тоқтата тұру үшін негіз болған мән-жайлар жойылмаса;
9) егер тіркеу объектісі мұндай құқыққа қатысты ауысу, өзгерту, тоқтату немесе ауыртпалықты белгілеу болып табылса, бұрын туындаған құқық ол туындаған сәтте қолданыста болған заңнамаға сәйкес келмеген кезде;
10) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның меншік құқығын және тиісті саланың уәкілетті органының жалдау құқығын тіркеуді қоспағанда, мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына тиесілі жылжымайтын мүлікке құқықтар мен ауыртпалықтарды тіркеу үшін өтініш жасаған кезде жүзеге асырылады.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Заңнамада белгіленген тәртіппен өз-өзіне қызмет көрсету, өздігінен қозғалуды, бағдар жасауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе жартылай жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар қабылдауды 1414, 88000807777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен тұратын жеріне Мемлекеттік корпорация қызметкері бара отырып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуына мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің, сондай-ақ 1414, 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобилді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік паролді пайдалана отырып, мобилді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

  Кондоминиум объектісін
мемлекеттік тіркеу ережесіне
№ 3 қосымша
  Нысан
  Т.А.Ж.
(бар болған жағдайда)
(бұдан әрі – Т.А.Ж)
немесе көрсетілетін қызметті
алушы ұйымының атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, көрсетілетін қызметті берушінің филиалы (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметті көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) __________________________________________________________;

      2) __________________________________________________________;

      3) ….

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден, 2 данада жасалды.

      Т.А.Ж. (құжаттарды қабылдау бойынша көрсетілетін қызметті берушінің филиал қызметкерінің (болған жағдайда) (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ж. (болған жағдайда)________________________________

      Телефон _______________________

      Алдым: ____________________________________________________

      Т.А.Ж. (болған жағдайда) / көрсетілетін қызметті алушының қолы

      "___" _________ 20__ жыл

  Кондоминиум объектісін
мемлекеттік тіркеу ережесіне
№ 4 қосымша
  Нысан

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама

"АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ" МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ" КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
(КЕАҚ аумақтық филиалы)
НЕКОМЕРЧЕСКОЕ АКЦИОНЕРНОЕ ОБЩЕСТВО "ГОСУДАРСТВЕННАЯ КОРПОРАЦИЯ "ПРАВИТЕЛЬСТВО ДЛЯ ГРАЖДАН"
(территориальный филиал НАО)

(күні)___________ N (номері) (тегі, аты, жөні), мына мекенжайда тұратын:
(мекенжай)
 
Жүргізілген мемлекеттік тіркеу туралы
ХАБАРЛАМА
(КЕАҚ аумақтық филиалы), ұсынылған өтінішті қарап (күні) (номері) және мекенжай бойынша орналасқан жылжымайтын мүлік объектісіне тіркеу ісінің материалдарын зерделеп, (мекенжайы), "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңының және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының ережелеріне сәйкес жоғарыда аталған жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргізілгенін хабарлайды.
Осы құжат "Электрондық құжат жəне электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370 Заңының 7-бабының 1-тармағына сəйкес қағаз тасымалдағыштағы құжатпен бiрдей.

*штрих-код ЖМТ МДҚ-дан алынған және тиісті "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды

  Жүргізілген мемлекеттік тіркеу
туралы хабарламаға
қосымша

Кондоминиум объектісіне қатысушылардың үлесін есептеу

      Мекенжай:_______________________________

      Көп пәтерлі тұрғын үйдің пайдалы алаңы ________________шаршы/м

      Тұрғын/ тұрғын емес үй-жайлардың пайдалы алаңы ________________ шаршы /м

      Жер учаскесінің жалпы алаңы (ортақ үлестік меншік құқығында)____________га

      Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі _______________________

      Көп пәтерлі тұрғын үйдің кадастрлық нөмірі __________________

№ п/п

Көп пәтерлі тұрғын үйдегі (пәтер/тұрғын емес үй-жай) қайталама объектінің мекенжайы)

Меншік иесінің Т.А.Ж.

Пәтердің/тұрғын емес үй-жайдың жалпы ауданы

Үлес

1

2

3

4

5











Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуді тоқтата тұру туралы хабарлама

"АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ" МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ" КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
(КЕАҚ аумақтық филиалы)
НЕКОМЕРЧЕСКОЕ АКЦИОНЕРНОЕ ОБЩЕСТВО "ГОСУДАРСТВЕННАЯ КОРПОРАЦИЯ "ПРАВИТЕЛЬСТВО ДЛЯ ГРАЖДАН"
(территориальный филиал НАО)

(күні)___________ N (номері) (тегі, аты, жөні), мына мекенжайда тұратын:
(мекенжай)
 
Мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру туралы
ХАБАРЛАМА
(КЕАҚ аумақтық филиалы), ұсынылған өтінішті қарап (күні) (номері) және мекенжай бойынша орналасқан жылжымайтын мүлік объектісіне тіркеу ісінің материалдарын зерделеп, (мекенжайы), "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңының және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының (бұдан әрі – Заң) ережелеріне сәйкес, жоғарыда көрсетілген жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру негізді деп хабарлайды (бап – тоқтата тұру себептерінің негіздемесі).
Осы Заңның 27-бабының 3-тармағының негізінде, егер тіркеуді тоқтата тұру туралы сот актісінде өзгеше белгіленбесе, тіркеуді тоқтата тұруға негіз болған мән-жайлар жойылғанға дейін, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге тіркеу тоқтатыла тұрады.
Егер Сіз бір ай ішінде тіркеуді тоқтата тұруға негіз болған мән-жайларды жоймасаңыз, мемлекеттік тіркеуден бас тартылады.
Бұл ретте, Сіз берген өтінішті кез келген уақытта кері қайтарып алуға болады.
Осы құжат "Электрондық құжат жəне электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370 Заңының 7- бабының 1-тармағына сəйкес қағаз тасымалдағыштағы құжатпен бiрдей.

*штрих-код ЖМТ МДҚ-дан алынған және тиісті "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуден бас тарту туралы хабарлама

"АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ" МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ" КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
(КЕАҚ аумақтық филиалы)
НЕКОМЕРЧЕСКОЕ АКЦИОНЕРНОЕ ОБЩЕСТВО "ГОСУДАРСТВЕННАЯ КОРПОРАЦИЯ "ПРАВИТЕЛЬСТВО ДЛЯ ГРАЖДАН"
(территориальный филиал НАО)

(күні)___________ N (номері) (тегі, аты, жөні), мына мекенжайда тұратын:
(мекенжай)
 
Мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы
ХАБАРЛАМА
(КЕАҚ аумақтық филиалы) ұсынылған тіркеу құжаттары мен мына мекенжайда орналасқан: мекенжай, жылжымайтын мүлік объектісіне тіркеу ісінің материалдарын зерделеп, "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң), атап айтқанда (бас тарту себебі) жоғарыда аталған жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуден бас тарту негізделетінін хабарлайды.
Заңның 31-бабының 5-тармағына сәйкес тіркеуден бас тартуға негіз болған мән-жайлар жойылған кезде тіркеуге өтініш қайта берілуі мүмкін.
Осы құжат "Электрондық құжат жəне электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370 Заңының 7-бабының 1-тармағына сəйкес қағаз тасымалдағыштағы құжатпен бiрдей.

*штрих-код ЖМТ МДҚ-дан алынған және тиісті "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды