Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2007 жылғы 24 тамыздағы N 241 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 27 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4945 болып енгізілді.

Жаңартылған

      "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      Ескерту: Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2011.06.21 № 230 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      1. Қоса беріліп отырған Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесі бекітілсін.

      2. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 637 тіркелген, "Кондоминиум объектісін тіркеу жөніндегі уақытша нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі агенттігінің 1998 жылғы 27 сәуірдегі N 75 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а.

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрі
      2007 жылғы 14 қыркүйек

                                          Қазақстан Республикасы
                                          Әділет министрінің м.а.
                                       2007 жылғы 24 тамыздағы N 241
                                          бұйрығымен бекітілген

Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесі Жалпы ережелер

      1. 1. Осы Ереже "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Жер және Су кодекстеріне сәйкес әзірленді.
      Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2011.06.21 № 230 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      2. Кондоминиум - жылжымайтын мүлікке меншіктің (өзге құқықтың) ерекше нысаны, мұнда жылжымайтын мүліктің жекелеген бөліктері жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бөлек (жеке) меншікте тұрады, ал жылжымайтын мүліктің бөлек меншігінде тұрмайтын қалған бөлігі, оның ішінде жер учаскесі оларға ортақ үлестік меншік құқығында (өзге ортақ құқық) болады және бөлек (жеке) меншікте (өзге құқықта) тұратын жылжымайтын мүліктің бөлігінен бөлінбейді.

      3. Кондоминиумның объектісі деп жер учаскесінен (жер учаскелерінен), бастапқы және кейінгі объектілерден тұратын мүліктік кешен, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленетін кондоминиум нысанында жылжымайтын мүлікке меншік танылады.

      4. Кондоминиум объектісі жылжымайтын мүліктің тұрған жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын аумақтық әділет органдарында (тіркеуші орган) жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы заңнамаға сәйкес бірыңғай кешен ретінде тіркеледі.

      5. Кондоминиум объектісін тіркеу сәйкестендіретін жер учаскелері, бастапқы объектілер және кондоминиум объектісін тіркеу үшін қажетті кейінгі объектілердің сипаттамалары туралы мәліметтерді, сондай-ақ ортақ мүліктегі кондоминиум қатысушыларының құқықтарының түрлері, ортақ меншік (өзге заттық құқығы) нысаны және үлестерінің мөлшерлері туралы мәліметтерді тіркеу парағының нысанына сәйкес тіркеу құжаттарына енгізу болып табылады.

      6. Егер кондоминиум қатысушыларының келісімімен белгіленген болмаса, ортақ мүліктегі кондоминиум қатысушыларының үлесінің мөлшерін бөлек (жеке) меншікте тұрған (өзге заттық құқықта) тұрғын үйдің пайдалы ауданы мен тұрғын емес үй-жайдың ауданының осы кондоминиум объектісінде тұрған барлық тұрғын үй-жайлардың пайдалы аудандары мен барлық тұрғын емес үй-жайлардың аудандарының сомасына қатынасымен белгіленеді.
      Осындай үлестердің есебі туралы құжаттарды кондоминиум қатысушылары кондоминиум объектісін тіркеу үшін осы Ереженің 13-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге тапсырады.

      7. Кондоминиум объектісін тіркегенге дейінгі кондоминиум қатысушыларының не ортақ меншікке байланысты кондоминиум объектілерінің басқарушы органының мәмілелері заңды күшіне ене алмайды.

      8. Көппәтерлі тұрғын үйді жекешелендіру кезінде кондоминиум объектісін бастапқы рет тіркеуді жекешелендіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган жасайды.

      9. Кондоминиум үй-жайларының, жер учаскелерінің және/немесе барлық объектісінің шекаралары өзгерген кезде кондоминиум қатысушылары не уәкілетті өкілдері тіркеуші органға қажетті құжаттарды қоса бере отырып, тіркеу құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өтініш береді. Тіркеу құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бұл ретте осы Ережеде белгіленген тәртіппен жасалады.

      10. Осы Ережеде белгіленген кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу тәртібі кондоминиумның басқа да түрлеріне қолданылады.

2. Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу тәртібі

      11. Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті кондоминиум қатысушылары (бұдан әрі - Өтініш берушілер) немесе олардың уәкілетті өкілдері бере алады.

      12. Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу кезінде кондоминиум қатысушыларының уәкілетті өкілдері болып:
      1) кондоминиум қатысушыларының жалпы жиналысында сайланған адам;
      2) егер ортақ мүліктегі үлестерінің мөлшері тұрғын үй қатынастары туралы заңнамалық актіде көзделген тәртіппен айқындалған болса, кез-келген кондоминиум қатысушысы танылады.
      Кондоминиумның өкілетті қатысушылары кондоминиум объектісін тіркеуге өкілетті тұлғалары заңнамада көзделген тәртіппен айқындалуы тиіс.
      Кондоминиум объектісін тіркеу туралы өтінішті кондоминиум қатысушылары берген жағдайларда оның кондоминиум объектісін тіркеуге өкілеттігі жылжымайтын мүліктің кейінгі объектісіне берілген меншік құқығына (өзге заттық құқық) құқық белгілейтін құжатының нотариаттық куәландырылған көшірмесімен айқындалады.
      Ескерту: 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2011.06.21 № 230 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      13. Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін өтініш берушілер немесе уәкілетті өкіл тіркеуші органға мынадай құжаттар ұсынады:
      1) осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген нысан бойынша өтініші;
      2) жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық түгендеуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар куәландыратын әрбір кейінгі объектінің ауданын көрсете отырып, бастапқы объектінің техникалық паспорты;
      3) егер кондоминиум объектісін тіркегенге дейін жер учаскесіне құқығы тіркелмеген болса, жер учаскесіне құқық белгілеуші және сәйкестендіруші құжаттары;
      4) кондоминиумның қатысушыларының келісімімен немесе тұрғын үй қатынастары туралы заңнамада көзделген тәртіп пен белгіленген ортақ мүліктегі үлестерінің мөлшері;
      5) өкілдің жеке басын және өкілеттігін растайтын құжаттары.
      Құжаттарды қабылдаған кезде жеке басты растайтын құжаттар тиісінше тексерілген соң өтініш берушіге қайтарылады.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2008.04.21. N 103 Бұйрығымен.

      14. Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу туралы өтініште:
      1) тіркеуші органның атауы;
      2) өтініш берушілер туралы мәліметтер (кондоминиум объектісінің құрамына кірмейтін тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншіктенушілерінің (өзге де заттық құқықтардың иелерінің) атауларын көрсетпей-ақ кондоминиум қатысушылары туралы жалпы ақпарат;
      3) уәкілетті өкілдер туралы мәліметтер (егер өкілі жеке тұлға болса, тегі, аты, әкесінің аты, тұратын жері, жеке басын куәландыратын құжатының деректері; егер өкілі заңды тұлға болса, атауы, заңды мекен-жайы, мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі; өкілеттігін куәландыратын құжатының деректері);
      4) мемлекеттік тіркеу объектісінің түрі (кондоминиум объектісі немесе кондоминиум объектісінің сәйкестендіру, техникалық сипаттамалары);
      5) кондоминиум объектісінің қысқаша түсініктемесі (оның орналасқан жері, жылжымайтын мүліктің түрі, кейінгі объектілердің саны, жер учаскесінің, тұрғын үйдің жалпы ауданы және жалпы пайдаланатын жердің ауданы) және белгіленген нысанға сәйкес басқа да мәліметтер көрсетіледі.

      15. Ортақ мүліктегі кондоминиум қатысушыларының үлестері тараптардың келісімі бойынша айқындалған жағдайларда ортақ мүліктегі әрбір пәтерлердің және/немесе тұрғын емес үй-жайлардың меншіктенушілерінің (өзге де заттық құқықтарының) үлестерінің мөлшерлері туралы мәліметтерді қамтиды.
      Келісімге бөлек меншікте тұрған және/немесе тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншіктенушілері (өзге де заттық құқықтардың иелерінің) және/немесе олардың уәкілетті өкілдері қол қояды.

      16. Тіркеу парағына жазба енгізгенге дейін кондоминиум объектісін тіркеуге құжаттарды ұсынып болған соң тіркеуші орган:
      1) кондоминиум объектісінің құрамына кіретін бастапқы объектінің техникалық тексеру туралы құжаттарының тіркеуші органда бар екендігі және осы құжаттардың ұсынылған техникалық паспортқа сәйкес келуі;
      2) егер оларға құқықтары жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүйесі енгізілгенге дейін пайда болған болса, кейінгі объектіге құқықтары осындай жүйе енгізілгенге дейін пайда болған болса, келісімнің негізінде ортақ мүліктегі кондоминиум қатысушыларының үлестерін белгілеген кезде кондоминиум қатысушыларының кейінгі объектіге құқықтарын тіркеу;
      3) өтініш берушілердің немесе олардың өкілдерінің ұсынған ортақ мүліктегі кондоминиум қатысушыларының үлестерінің есебінің дұрыстығы;
      4) егер үлестері осындай келісіммен айқындалған болса, кондоминиум қатысушыларының ортақ мүліктегі олардың үлестерінің мөлшері туралы арасындағы келісімнің мазмұны мен нысандарының заңнамаға сәйкестігін тексереді.
      Ескерту: 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2011.06.21 № 230 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      17. Келісімді заңнамада белгіленген талаптарға сәйкестігін белгілеу үшін тіркеуші орган оның дерекқорында бар деректер бойынша осы кондоминиумның үлестерді белгілеу туралы келісімді жасауға қатысуы тиісті қатысушыларының құрамын белгілеуі тиіс.
      Тіркеуші органдарда келісімге қол қоюы тиіс кондоминиумның қатысушыларының толық тізімін, кондоминиум қатысушыларының құрамын айқындауға мүмкіндік беретін деректер болмаған жағдайда құқық белгілейтін құжаттарының негізінде белгіленеді.

      18. Кондоминиум объектісін тіркеу өтініш тіркеуші органға түскен күннен бастап он бес күн ішінде жүзеге асырылады.

      19. Кондоминиумның тіркелетін объектісінің тіркеу парағына әрбір кейінгі объектінің меншіктенушісіне (өзге де заттық құқықтардың иелеріне) жататын ортақ мүлік үлестері жазба енгізіледі.
      Кейінгі объектілер ортақ үлестік меншік құқығында бірнеше адамдарға жататын болса, тіркеу парағында кондоминиум қатысушыларының ортақ мүлкіне ортақ меншік құқығындағы кейінгі объектінің барлық меншіктенушілерінің үлестері көрсетіледі.

      20. Кондоминиум объектісін тіркеген соң тіркеуші орган кондоминиум қатысушыларының үлестерінің есебі туралы құжатты немесе кондоминиумның барлық қатысушыларының жасаған келісімін, кондоминиум объектісінің мемлекеттік тіркелгенін растайтын тіркеуші органның мөртаңбасы бар жер учаскесіне құқық белгілеуші және сәйкестендіру құжаттарын өтініш берушіге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне қайтарады.

3. Гидромелиоративтік кондоминиум объектісін
мемлекеттік тіркеудің ерекшеліктері

      Ескерту. 3-тараумен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2008.04.21. N 103 Бұйрығымен.

      21. Гидромелиоративтік кондоминиум - біртұтас мүліктік кешен (бұдан әрі - гидромелиоративтік кондоминиум объектісі) ретінде жылжымайтын мүлікке меншіктің ерекше нысаны, бұл ретте жер учаскелеріне заттық құқық жеке және заңды тұлғалардың иелігінде, ал гидромелиоративтік жүйе немесе оның элементтері ортақ үлестік меншік құқығында олардың иелігінде болады.

      22. Гидромелиоративтік кондоминиумның объектісі деп жер учаскелерінен, гидромелиоративтік жүйе немесе оның элементтерінен тұратын мүліктік кешен, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленетін жылжымайтын мүлікке гидромелиоративтік кондоминиум нысанындағы меншік танылады. K030481

      23. Егер гидромелиоративтік кондоминиум қатысушыларының келісімімен өзгеше белгіленген болмаса, ортақ мүліктегі гидромелиоративтік кондоминиумға қатысушылардың үлесінің мөлшері бөлек (жеке) меншікте (өзге де заттық құқықта) тұрған суармалы жер учаскесі ауданының осы гидромелиоративтік кондоминиумның құрамына кіретін барлық суармалы жер учаскелерінің аудандарының сомасына қатынасымен айқындалады. Гидромелиоративтік кондоминиум мүлігіндегі мұндай үлес зат түрінде бөліне алмайды (мінсіз үлес).
      Осындай үлестердің есебі туралы құжатты гидромелиоративтік кондоминиум қатысушылары осы Ереженің 25-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге тапсырады.

      24. Гидромелиоративтік кондоминиумның құрамына кіретін жер учаскелерінің және/немесе гидромелиоративтік кондоминиумнің барлық объектісінің шекаралары өзгерген кезде гидромелиоративтік кондоминиум қатысушылары не уәкілетті өкілдері тіркеуші органға қажетті құжаттарды қоса бере отырып, тіркеу құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өтініш береді. Тіркеу құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бұл ретте осы Ережеде белгіленген тәртіппен жасалады.

      25. Гидромелиоративтік кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін өтініш берушілер немесе уәкілетті өкіл тіркеуші органға мынадай құжаттар ұсынады:
      1) осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген нысан бойынша өтініш;
      2) су шаруашылығы құрылыстарының гидромелиоративтік жүйесінің паспорты;
      3) гидромелиоративтік жүйе элементтері және ортақ үлестік меншік құрамына кіретін басқа да мүлік тізбесімен (каналдар, су беруді реттейтін құрылыстар, коллекторлы-кәрізді желі, тік кәріздеу ұңғымалар, электр желісі, электрлік құрал-жабдықтар, сораптар, осы құрылыстардың бұру жолақтарындағы жерлер) гидромелиоративтік жүйенің сызбасын;
      4) гидромелиоративтік кондоминиумның құрамына кіретін және бөлек (жеке) меншікте (өзге құқықта) тұратын барлық жер учаскелеріне құқық белгілеуші және сәйкестендіруші құжаттардың көшірмелеріне қоса гидромелиоративтік кондоминиумға қатысушылардың тізімі;
      5) гидромелиоративтік кондоминиумға қатысушылардың келісімімен немесе осы Ереженің 23-тармағында көзделген тәртіппен белгіленген ортақ мүліктегі үлестерінің мөлшері;
      6) өкілдің жеке басын және өкілеттігін растайтын құжаттары.
      Құжаттарды қабылдаған кезде жеке басты растайтын құжаттар тиісінше тексерілген соң өтініш берушіге қайтарылады.

                                         Кондоминиум объектісін
                                      мемлекеттік тіркеу ережесіне
                                               1 Қосымша

____________________________________________________________________
   (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органы)

                      ӨТІНІШ N_____________

         Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу туралы

Өтініш берушілер:___________________________________________________
____________________________________________________________________
                       (кондоминиум қатысушылары)
Атынан іс-әрекет ететіндер:_________________________________________
____________________________________________________________________
                (уәкілетті өкілдің атауы мен деректері)
Негізінде_______________________________________________________________________________________________________________________________
                (уәкілетті өкілдің құжатының деректері)
Тіркеуді сұраймын___________________________________________________
                       (мемлекеттік тіркеу объектісінің түрі)
Кондоминиум объектісі туралы мәліметтер:
Кондоминиум объектісінің мекен-жайы:________________________________
Жылжымайтын мүлікті түрі:___________________________________________
Кейінгі объектінің саны____________ Жер учаскесінің жалпы ауданы_____________________________
Ғимараттың жалпы ауданы_______Жалпы пайдаланатын жердің жалпы ауданы________________________
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін (міз):
1. Төлегені туралы құжаты: түрі___________№________ сомасы_____теңге
2. Негізінде мемлекеттік тіркеу жасалған құжаттары
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
           (атауы, сериясы, нөмірі, кім және қашан берді)
__________________/____________________/____________________________
    (күні)      (өтініш берушінің қолы) (өтініш берушінің Т.А.Ә.)
____________________________________________________________________
            (өтінішті қабылдаған маманның Т.А.Ә. және қолы)
Өтініш берген күні:____________200__ж. Уақыты________сағ_______мин
Өтінішті орындау /қарау/ нәтижесі___________________________________
____________________________________________________________________
Тексерілді: күні________________ 200__ж.
____________________________________________________________________
             (тіркеуші маманның Т.А.Ә. және қолы)