Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы N 241 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 27 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4945 болып енгізілді.

Жаңартылған

      "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту: Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2011.06.21 № 230 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесі бекітілсін.

      2. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 637 тіркелген, "Кондоминиум объектісін тіркеу жөніндегі уақытша нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі агенттігінің 1998 жылғы 27 сәуірдегі N 75 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а.

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрі

      2007 жылғы 14 қыркүйек



  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
2007 жылғы 24 тамыздағы
N 241 бұйрығымен
бекітілген

Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 18.07.2018 № 1104 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Ереже "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Жер және Су кодекстеріне сәйкес әзірленді.

      Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2011.06.21 № 230 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      2. Кондоминиум - жылжымайтын мүлікке меншіктің (өзге құқықтың) ерекше нысаны, мұнда жылжымайтын мүліктің жекелеген бөліктері жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бөлек (жеке) меншікте тұрады, ал жылжымайтын мүліктің бөлек меншігінде тұрмайтын қалған бөлігі, оның ішінде жер учаскесі оларға ортақ үлестік меншік құқығында (өзге ортақ құқық) болады және бөлек (жеке) меншікте (өзге құқықта) тұратын жылжымайтын мүліктің бөлігінен бөлінбейді.

      3. Кондоминиумның объектісі деп жер учаскесінен (жер учаскелерінен), бастапқы және кейінгі объектілерден тұратын мүліктік кешен, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленетін кондоминиум нысанында жылжымайтын мүлікке меншік танылады.

      4. Кондоминиум объектісі жылжымайтын мүліктің тұрған жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі тіркеуші орган) жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы заңнамаға сәйкес бірыңғай кешен ретінде тіркеледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 18.07.2018 № 1104 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Кондоминиум объектісін тіркеу сәйкестендіретін жер учаскелері, бастапқы объектілер және кондоминиум объектісін тіркеу үшін қажетті кейінгі объектілердің сипаттамалары туралы мәліметтерді, сондай-ақ ортақ мүліктегі кондоминиум қатысушыларының құқықтарының түрлері, ортақ меншік (өзге заттық құқығы) нысаны және үлестерінің мөлшерлері туралы мәліметтерді тіркеу парағының нысанына сәйкес тіркеу құжаттарына енгізу болып табылады.

      6. Ортақ мүлiктегi кондоминиум қатысушылары үлесiнiң мөлшерi бөлек (жеке) меншiкте тұрған (өзге заттық құқықта) тұрғын үйдiң пайдалы ауданы мен тұрғын емес үй-жайдың ауданының осы кондоминиум объектiсiнде тұрған барлық тұрғын үй-жайлардың пайдалы аудандары мен барлық тұрғын емес үй-жайлардың аудандарының сомасына қатынасымен белгiленедi.

      Осындай үлестердің есебі туралы құжаттарды кондоминиум қатысушылары кондоминиум объектісін тіркеу үшін осы Ереженің 13-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге тапсырады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әдiлет министрiнiң 2012.04.19 № 159 (ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.

      7. Кондоминиум объектісін тіркегенге дейінгі кондоминиум қатысушыларының не ортақ меншікке байланысты кондоминиум объектілерінің басқарушы органының мәмілелері заңды күшіне ене алмайды.

      8. Көппәтерлі тұрғын үйді жекешелендіру кезінде кондоминиум объектісін бастапқы рет тіркеуді жекешелендіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган жасайды.

      9. Кондоминиум үй-жайларының, жер учаскелерінің және/немесе барлық объектісінің шекаралары өзгерген кезде кондоминиум қатысушылары не уәкілетті өкілдері тіркеуші органға қажетті құжаттарды қоса бере отырып, тіркеу құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өтініш береді. Тіркеу құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бұл ретте осы Ережеде белгіленген тәртіппен жасалады.

      10. Осы Ережеде белгіленген кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу тәртібі кондоминиумның басқа да түрлеріне қолданылады.

2-тарау. Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 18.07.2018 № 1104 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті кондоминиум қатысушылары (бұдан әрі - Өтініш берушілер) немесе олардың уәкілетті өкілдері бере алады.

      12. Кондоминиум объектiсiн мемлекеттiк тiркеу кезiнде кондоминиум қатысушыларының уәкiлеттi өкiлдерi болып:

      1) кондоминиум қатысушыларының жалпы жиналысында сайланған адам;

      2) егер ортақ мүліктегі үлестердің мөлшері тұрғын үй қатынастары туралы заңнамалық актіде көзделген тәртіппен айқындалатын болса, кез келген кондоминиум қатысушысы танылады.

      Кондоминиум объектiсiн тiркеу туралы өтiнiштi кондоминиум қатысушыларының жалпы жиналысында сайланған адам берген жағдайларда, оның өкiлеттiгi тұрғын үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің жалпы жиналысында хаттамамен анықталады.

      Кондоминиумның қатысушысы берген кондоминиум объектісін тіркеу туралы өтінішке осы кондоминиум қатысушысына меншік құқығынын (өзге заттық құқық) негізінде жататын жылжымайтын мүлiктiң кейiнгi объектiсiне құқық белгiлейтiн құжатының нотариалды куәландырылған көшiрмесi қоса беріледі.

      Ескерту: 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әдiлет министрiнiң 2012.04.19 № 159 (ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.

      13. Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін өтініш берушілер немесе олардың уәкілетті өкілі тіркеуші органға мынадай құжаттар ұсынады:

      1) қызмет алушының (жеке тұға үшін) немесе оның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (сәкестендіру үшін), сондай-ақ, қызмет алушы өкілінің уәкілеттілігін растайтын құжаттың көшірмесі;

      Құжаттарды қабылдаған кезде жеке басын растайтын құжаттар тиісінше тексерілген соң өтініш берушіге қайтарылады;

      2) осы ереженің қосымшасына сәйкес белгiленген нысандағы Кондоминиум объектiсiн мемлекеттік тiркеу туралы өтініші;

      3) егер кондоминиум объектісін тіркегенге дейін жер учаскесіне құқығы тіркелмеген болса, жер учаскесіне құқық белгілеуші және сәйкестендіруші құжаттары;

      4) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңында көзделген тәртіппен айқындалған ортақ мүліктегі үлестердің мөлшері;

      5) төлемiн растайтын құжат.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 18.07.2018 № 1104 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу туралы өтініште:

      1) тіркеуші органның атауы;

      2) өтініш берушілер туралы мәліметтер (кондоминиум объектісінің құрамына кірмейтін тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншіктенушілерінің (өзге де заттық құқықтардың иелерінің) атауларын көрсетпей-ақ кондоминиум қатысушылары туралы жалпы ақпарат;

      3) уәкілетті өкілдер туралы мәліметтер (егер өкілі жеке тұлға болса, тегі, аты, әкесінің аты, тұратын жері, жеке басын куәландыратын құжатының деректері; егер өкілі заңды тұлға болса, атауы, заңды мекен-жайы, мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі; өкілеттігін куәландыратын құжатының деректері);

      4) мемлекеттік тіркеу объектісінің түрі (кондоминиум объектісі немесе кондоминиум объектісінің сәйкестендіру, техникалық сипаттамалары);

      5) кондоминиум объектісінің қысқаша түсініктемесі (оның орналасқан жері, жылжымайтын мүліктің түрі, кейінгі объектілердің саны, жер учаскесінің, тұрғын үйдің жалпы ауданы және жалпы пайдаланатын жердің ауданы) және белгіленген нысанға сәйкес басқа да мәліметтер көрсетіледі.

      15. Алынып тасталды - ҚР Әдiлет министрiнiң 2012.04.19 № 159 (ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.

      16. Тіркеу парағына жазба енгізгенге дейін кондоминиум объектісін тіркеуге құжаттарды ұсынып болған соң тіркеуші орган:

      1) құқық белгілейтін құжатта көрсетілген сәйкестендіру сипаттамаларының "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйедегі мәліметтермен сәйкес келуіне;

      2) Алынып тасталды - ҚР Әдiлет министрiнiң 2012.04.19 № 159 (ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.

      3) өтініш берушілердің немесе олардың өкілдерінің ұсынған ортақ мүліктегі кондоминиум қатысушыларының үлестерінің есебінің дұрыстығы;

      4) Алынып тасталды - ҚР Әдiлет министрiнiң 2012.04.19 № 159 (ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.

      Ескерту: 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2011.06.21 № 230 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.04.19 № 159 (ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 24.02.2015 № 111 (алғашқы жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      17. Алынып тасталды - ҚР Әдiлет министрiнiң 2012.04.19 № 159 (ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.

      18. Кондоминиум объектiсiн тiркеу өтiнiш тiркеушi органға келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні iшiнде жүзеге асырылады.

      Ескерту: 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 27.05.2016 № 362 (алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Кондоминиумның тіркелетін объектісінің тіркеу парағына әрбір кейінгі объектінің меншіктенушісіне (өзге де заттық құқықтардың иелеріне) жататын ортақ мүлік үлестері жазба енгізіледі.

      Кейінгі объектілер ортақ үлестік меншік құқығында бірнеше адамдарға жататын болса, тіркеу парағында кондоминиум қатысушыларының ортақ мүлкіне ортақ меншік құқығындағы кейінгі объектінің барлық меншіктенушілерінің үлестері көрсетіледі.

      20. Кондоминиум объектiсiн тiркеген соң тiркеушi орган кондоминиум қатысушыларының үлестерiнiң есебi туралы құжатты, кондоминиум объектiсiнiң мемлекеттiк тiркелгенiн растайтын тiркеушi органның мөртаңбасы бар жер учаскесiне құқық белгiлеушi және сәйкестендiру құжаттарын өтiнiш берушiге немесе олардың уәкiлеттi өкiлдерiне қайтарады.

      Ескерту: 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әдiлет министрiнiң 2012.04.19 № 159 (ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.

3-тарау. Гидромелиоративтік кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеудің ерекшеліктері

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 18.07.2018 № 1104 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 3-тараумен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2008.04.21 N 103 бұйрығымен.

      21. Гидромелиоративтік кондоминиум - біртұтас мүліктік кешен (бұдан әрі - гидромелиоративтік кондоминиум объектісі) ретінде жылжымайтын мүлікке меншіктің ерекше нысаны, бұл ретте жер учаскелеріне заттық құқық жеке және заңды тұлғалардың иелігінде, ал гидромелиоративтік жүйе немесе оның элементтері ортақ үлестік меншік құқығында олардың иелігінде болады.

      22. Гидромелиоративтік кондоминиумның объектісі деп жер учаскелерінен, гидромелиоративтік жүйе немесе оның элементтерінен тұратын мүліктік кешен, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленетін жылжымайтын мүлікке гидромелиоративтік кондоминиум нысанындағы меншік танылады. K030481

      23. Егер гидромелиоративтік кондоминиум қатысушыларының келісімімен өзгеше белгіленген болмаса, ортақ мүліктегі гидромелиоративтік кондоминиумға қатысушылардың үлесінің мөлшері бөлек (жеке) меншікте (өзге де заттық құқықта) тұрған суармалы жер учаскесі ауданының осы гидромелиоративтік кондоминиумның құрамына кіретін барлық суармалы жер учаскелерінің аудандарының сомасына қатынасымен айқындалады. Гидромелиоративтік кондоминиум мүлігіндегі мұндай үлес зат түрінде бөліне алмайды (мінсіз үлес).

      Осындай үлестердің есебі туралы құжатты гидромелиоративтік кондоминиум қатысушылары осы Ереженің 25-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге тапсырады.

      24. Гидромелиоративтік кондоминиумның құрамына кіретін жер учаскелерінің және/немесе гидромелиоративтік кондоминиумнің барлық объектісінің шекаралары өзгерген кезде гидромелиоративтік кондоминиум қатысушылары не уәкілетті өкілдері тіркеуші органға қажетті құжаттарды қоса бере отырып, тіркеу құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өтініш береді. Тіркеу құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бұл ретте осы Ережеде белгіленген тәртіппен жасалады.

      25. Гидромелиоративтік кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін өтініш берушілер немесе олардың уәкілетті өкілі тіркеуші органға мынадай құжаттар ұсынады:

      1) осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу туралы өтініші;

      2) су шаруашылығы құрылыстарының гидромелиоративтік жүйесінің паспорты;

      3) гидромелиоративтік жүйе элементтері және ортақ үлестік меншік құрамына кіретін басқа да мүлік тізбесімен (каналдар, су беруді реттейтін құрылыстар, коллекторлы-кәрізді желі, тік кәріздеу ұңғымалар, электр желісі, электрлік құрал-жабдықтар, сораптар, осы құрылыстардың бұру жолақтарындағы жерлер) гидромелиоративтік жүйенің сызбасын;

      4) гидромелиоративтік кондоминиумның құрамына кіретін және бөлек (жеке) меншікте (өзге құқықта) тұратын барлық жер учаскелеріне құқық белгілеуші және сәйкестендіруші құжаттардың көшірмелеріне қоса гидромелиоративтік кондоминиумға қатысушылардың тізімі;

      5) гидромелиоративтік кондоминиумға қатысушылардың келісімімен немесе осы Ереженің 23-тармағында көзделген тәртіппен белгіленген ортақ мүліктегі үлестерінің мөлшері;

      6) қызмет алушының (жеке тұлға үшін) немесе оның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін), сондай-ақ, қызмет алушы өкілінің уәкілеттілігін растайтын құжаттың көшірмесі.

      Құжаттарды қабылдаған кезде жеке басын растайтын құжаттар тиісінше тексерілген соң өтініш берушіге қайтарылады.;

      7) төлемін растайтын құжат.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 18.07.2018 № 1104 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Кондоминиум объектісін
мемлекеттік тіркеу ережесіне
қосымша

      ____________________________________________________________________
("Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік Корпорация" КЕАҚ)

ӨТІНІШ №_____________
Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу туралы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 18.07.2018 № 1104 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Өтініш берушілер:___________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (кондоминиум қатысушылары)

      Атынан іс-әрекет ететіндер:_________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (уәкілетті өкілдің атауы мен деректері)

      Негізінде___________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (уәкілетті өкілдің құжатының деректері)

      Тіркеуді сұраймын___________________________________________________

      (мемлекеттік тіркеу объектісінің түрі)

      Кондоминиум объектісі туралы мәліметтер:

      Кондоминиум объектісінің мекен-жайы:________________________________

      Жылжымайтын мүлікті түрі:___________________________________________

      Кейінгі объектінің саны____________ Жер учаскесінің жалпы

      ауданы_____________________________

      Ғимараттың жалпы ауданы_______Жалпы пайдаланатын жердің жалпы

      ауданы________________________

      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін (міз):

      1. Төлегені туралы құжаты: түрі___________№________ сомасы_____теңге

      2. Негізінде мемлекеттік тіркеу жасалған құжаттары

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (атауы, сериясы, нөмірі, кім және қашан берді)

      __________________/____________________/____________________________

      (күні) (өтініш берушінің қолы) (өтініш берушінің Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      ____________________________________________________________________

      (өтінішті қабылдаған маманның Т.А.Ә. (болған жағдайда) және қолы)

      Өтініш берген күні:____________20__ж. Уақыты________сағ_______мин

      Өтінішті орындау /қарау/ нәтижесі___________________________________

      ____________________________________________________________________

      Тексерілді: күні________________ 20__ж.

      ____________________________________________________________________

      (тіркеуші маманның Т.А.Ә. (болған жағдайда) және қолы)