Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің 2007 жылғы 24 тамыздағы N 239 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 13 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4926 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын  іске асыру мақсатында, "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  7-бабын  басшылыққа ала отырып,  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса беріліп отырған Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтары күшін жойды деп танылсын.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министрдің м.а.

       "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Көлiк және коммуникация министрі
      2007 жылғы 24 тамыз

Қазақстан Республикасы Әділет   
министрінің м.а. 2007 жылғы    
24 тамыздағы N 239 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір күшін
жойған нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1) "Ақпараттық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы  N 6 бұйрығы  (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 2 қаңтарда N 1035 тіркелді);
      2) "Ақпараттық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 6 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 23 тамыздағы  N 125 бұйрығы  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1969 тіркелген, 2002 жылғы 18 қыркүйектегі N 38 "Юридическая газетінде" және Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының бюллетендерінде жарияланған, 2002 жыл, N 39, 700-құжат);
      3) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылы 1 ақпанда N 1035 тіркелген "Ақпараттық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 6 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 19 наурыздағы  N 69 бұйрығы  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2764 тіркелген, "Юридическая газетінде" 2005 жылы 2 тамызда N 139-140 жарияланған);
      4) "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 17 мамырдағы  N 136 бұйрығы  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2861 тіркелген);
      5) "Ақпараттық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 6 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 7 қыркүйектегі  N 256 бұйрығы  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3067 тіркелген, 2005 жылы 2 тамызда "Юридическая газетінде" N 139-140 жарияланған);
      6) "Ақпараттық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 6 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 25 тамыздағы  N 230 бұйрығы  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3815 тіркелген, 2005 жылғы 1 қыркүйекте "Юридическая газетінде" N 159 (893) жарияланған);
      7) "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы  N 31 бұйрығы  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4535 тіркелген);
      8) "Ақпараттық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 6 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 15 наурыздағы  N 86 бұйрығы  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4572 тіркелген).

Қазақстан Республикасы   
Әділет министрінің м.а.  
2007 жылғы 24 тамыздағы N 239 
бұйрығымен бекітілген  

Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес әзірленді.

      2. Осы Ережеде құқықтық кадастрдан сауалдарда бар жылжымайтын мүлікке және тіркеудің өзге де объектілерінде қазіргі бар және тоқтатылған құқықтар, жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамалары, құқық иелері туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдарында (бұдан әрі - Тіркеуші орган) азаматтық әуе кемелеріне, теңіз кемелеріне, ішкі суда жүзу кемелеріне, "өзен-теңіз" жүзу кемелеріне тіркелген құқықтар туралы ақпаратты ұсынудың тәртібін, негіздемесін, шарттары белгіленеді.

      3. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы ақпаратты ұсыну тегін негізде жүзеге асырылады.

      4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қорғалатын мемлекеттік құпияларға, коммерциялық құпияларға және өзге де құпияларға қатысты мәліметтерден басқа, Құқықтық кадастрдың мәліметтері осы Ереженің 12-тармағында көзделген жағдайлардан басқа ретте, жалпы қол жетімді болып табылады.
      Құқық иесінің (уәкілетті өкілдің), құқық қорғау, сот органдарының, іс жүргізуінде қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істері бойынша сот орындаушылардың, салық органдарының, нотариустардың, мұрагерлердің, банкроттық процесіндегі конкурстық және оңалту басқарушыларының, қорғаншы және қамқоршы органдардың заңнамада көзделген құзыретіне сәйкес дәлелді сауалдары бойынша тіркеуші орган тиісті мәліметтер береді.

      5. Мемлекеттік құпияларға жататын ақпараттарды беру Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы Заңымен бекітілген нормаларын қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу кезінде тіркеуші органға белгілі болған коммерциялық құпияны, жеке өмірдің құпиясын және өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді ұсынғанда тіркеуші орган осындай құпияларды қорғау жөнінде талаптар белгіленген заңнаманы сақтауы тиіс.

      6. Құқық иесін сәйкестендіретін мәліметтерді (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және туған күні, заңды тұлғаның атауы мен тіркеу нөмірі) қоспағанда азаматтар (дербес деректер) және басқа құқық иелері туралы ақпаратты ашатын мәліметтер берілмейді.

      7. Осы Ереженің 13-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген ақпараттар жеке және заңды тұлғаларға жылжымайтын мүліктің нақты бір объектісі бойынша ғана ұсынылады.

  2. Ақпаратты ұсынудың негіздемесі мен тәртібі

      8. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы ақпараттарды беру, сұрау берілген орган, берілетін ақпараттар түрі, жылжымайтын мүлік түрі, тұрған жері, арыз берушінің мәліметтері (тегі, аты, әкесінің аты, төлқұжат деректері (жеке басын растайтын деректер) жеке тұлғаның тұрған жері, заңды тұлғаның атауы және реквизиттері) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес жазбаша сұрау беру негізінде жүзеге асырылады.
      Іс жүргізуінде қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша құқық қорғау, сот және атқарушы органдар, салық органдары, нотариустар, мұрагерлер, банкроттық ресіміндегі конкурстық және оңалту басқарушыларының, қорғаншы және қамқоршы органдардың құзырларына сәйкес өтініш жасаған жағдайларда және нормативтік-құқықтық актілермен көзделген басқада жағдайларда, сұрау салуда талап етілген ақпарат негізі, сондай-ақ сұралатын ақпараттардың пайдалану мақсаты көрсетіледі.

      9. Тіркелген жылжымайтын мүлікке құқықтар және онымен мәмілелер жасау туралы ақпараттарды алу үшін сұраудан басқа, арызданушы тіркеу органына келесі құжаттарды тапсырады:
      1) жеке басын куәландыратын құжат;
      2) заңдармен белгіленген жағдайларды өкілдіктің өкілеттігін куәландыратын құжат.

      10. Тiркеушi орган арызданушының сұрау салуы негiзiнде оған тiркелген жылжымайтын мүлiкке құқықтар және онымен жасалатын мәмiлелер туралы оның жазбаша сұрауы келiп түскен сәттен бастап, 3 жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде ақпараттар беруге мiндеттi.

      11. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат:
      1) жылжымайтын мүлікке құқықтары (ауыртпалықтары) және осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша техникалық сипаттамалары туралы анықтамасы;
      2) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы беру түрінде жүзеге асырылады.
      3) осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес жылжымайтын мүліктің меншіктенушісі (құқық иесі) туралы мәліметті қамтитын техникалық паспортқа қосымша;
      4) жылжымайтын мүлік объектісінің жоспарын (сызбасын) қоса алғанда тіркеуші органдар растаған тіркеу істері құжаттарының көшірмелерін беру түрінде жүзеге асырылады.

      12. Құқықтық кадастрдың тіркеу ісінде тұрған құжаттардың көшірмелері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген олардың құзыретіне сәйкес сот, құқық қорғау органдарының және басқа мемлекеттік органдардың дәлелді сауалдары бойынша ұсынылады. Өзге адамдарға көрсетілген ақпарат құқық иесінің келісімі бойынша беріледі.

      13. Жеке және заңды тұлғалардың тіркеуші органдар растаған қарауында бар жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтары туралы қорытынды деректер құқық иесінің (уәкілеті өкілдің) құқық қорғау, сот және атқарушы органдардың, салық органдары, нотариустар, мұрагерлер, банкроттық ресіміндегі конкурстық және оңалту басқарушыларының, қорғаншы және қамқоршы органдардың дәлелді сауалдары бойынша беріледі.

      14. Құқықтық кадастрдан ақпарат "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпте және жағдайларда электрондық коммуникацияларды пайдалану арқылы берілуі мүмкін.

      15. Ақпараттық қызметтер нысандарында қамтылған деректер берілген сәтінде жарамды болып табылады.

                                     Құқықтық кадастрдан ақпарат
                                            ұсыну ережесіне
                                               1-Қосымша
____________________________________________________________________
   (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органы)

    Құқықтық кадастардан жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық
       ауыртпалықты) мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат алуға
                        Сауал N ____________

Мен, _______________________________________________________________
   (Т.А.Ә., паспорт деректері (жеке куәлігінің деректері) және жеке
                      тұлғаның тұратын жері,
____________________________________________________________________
               заңды тұлғаның атауы және реквизиттері)
____________________________________________________________________
__________________________________________________________ негізінде
        (өкілеттігін куәландыратын құжатының деректері)
_______________________________________________ атынан әрекет етуші
             (уәкілетті өкіл толтырылады)

Маған ұсынуыңызды сұраймын: керегіне белгі қою
 _
|_|   жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және 
      оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы;
 _
|_|   жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы;
 _
|_|   жылжымайтын мүліктің меншіктенушісі (құқық иесі) туралы
      мәлімет қамтылған техникалық паспортқа қосымша;
 _
|_|   жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (сызбасын) қоса
      алғанда тіркеуші орган растаған тіркеу істері құжаттарының
      көшірмесін.

Жылжымайтын мүлік объектісінің түрі ________________________________
Объектінің тұрған жері _____________________________________________

Мына құжаттарды қоса беремін:
____________________________________________________________________

Күні __________,_______________________________________________/____
          (сауал берушінің/уәкілетті өкілдің Т.А.Ә. және қолы)
____________________________________________________________________
          (сауалды қабылдаған маманның Т.А.Ә. және қолы)

Өтінішті орындау /қарау/ нәтижесі: _________________________________
____________________________________________________________________

тексерілді: күні ______________ 200__ ж.
____________________________________________________________________
                  (маманның Т.А.Ә. және қолы)

                                        Құқықтық кадастрдан ақпарат
                                              ұсыну ережесіне
                                                2-Қосымша

____________________________________________________________________
   (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органы)

       Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар)
         және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама

N __________                              "__" _________ 200 __ ж.

Берілді ____________________________________________________________
                  (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні)
____________________________________________________________________
   (алушының жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі мен күні,
                            берген күні)
____________________________________________________________________

жылжымайтын мүліктің мына объектілеріне растама: 

Жылжымайтын
мүліктің
түрі

Кадастрлық
нөмірі

Нысаналы
мақсаты
(жоспары
бойынша
литер)

Орналасқан
жері

Құрамдарының
саны

  

  

  

  

  

кестенің жалғасы

Қабаты

Жалпы
ауданы

Тұрғын
пайдалы
ауданы

Бөлінуі
(ЗУ)

Ескертпе

  

  

  

  

  

1) құқығы тіркелді:

Құқықтық
түрі

Мазмұны

Құқық
иесі

Ортақ
меншік
нысаны,
үлесі

Құқықтық
туындау
негіздемесі

Тіркелген
күні, уақыты

 

 

 

 

 

 

2) құқықтық ауыртпалығы тіркелді:

Ауырт-
палықтың
түрі

Мазмұны

Құқық иесі
немесе уәкі-
летті орган
(мүдделі
тұлға)

Ортақ
меншік
нысаны,
үлесі

Ауыртпалық-тың пайда
болуының
негіздемесі

Тіркелген
күні, уақыты

  

  

  

  

  

  

3) жылжымайтын мүлікке құқықтардың немесе құқықтық ауыртпалықтардың туындауына әкеп соқтырмайтын заңдық талаптар және мәмілелер тіркелді:

Заңдық талаптар
және мәмілелер

Мазмұны

Өтініш беруші
(мүдделі тұлға)

Туындау
негіздемесі

Тіркелген
күні, уақыты

  

  

  

  

  

Орындаушы:     _______________  _____________________________
                   (қолы)          (тегі, аты, әкесінің аты)
Бөлім бастығы: _______________  _____________________________
                   (қолы)          (тегі, аты, әкесінің аты)
Басшысы:       _______________  _____________________________
                   (қолы)          (тегі, аты, әкесінің аты)

 М.О.
____________________________________________________________________
  Ескертпе: Анықтамада қамтылған мәліметтер берілген сәтінде
            жарамды болып табылады.

                                       Құқықтық кадастрдан ақпарат
                                              ұсыну ережесіне
                                                3-Қосымша

____________________________________________________________________
   (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органы)

       Жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама

N _________                              "___" _________ 200 __ ж.

 Берілді ___________________________________________________________
____________________________________________________________________
   (жеке тұлға немесе оның өкілі үшін - тегі, аты, әкесінің аты,
   туған күні, жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі мен берген
                           күні, кім берген;
___________________________________________________________________,
        заңды тұлға үшін - атауы, мемлекеттік тіркеу туралы
       куәлігінің тіркеу нөмірі және оның өкілінің тегі, аты,
                              әкесінің аты)

жылжымайтын мүлікке  оның меншік құқығы тіркелген (тіркелмеген)
                          керегі жоғын сызып тастау
____________________________________________________________________
             (жылжымайтын мүліктің нысаналы мақсаты)

Елді мекенде _______________________________________________________
               (жылжымайтын мүлкі болған кезде - орналасқан жері)

Орындаушы:     _________________ _____________________________
                    (қолы)          (тегі, аты, әкесінің аты)
Бөлім бастығы: _________________ _____________________________
                    (қолы)          (тегі, аты, әкесінің аты)
Басшысы:       _________________ _____________________________
                    (қолы)          (тегі, аты, әкесінің аты)

М.О.
____________________________________________________________________
 Ескертпе: анықтамада қамтылған мәліметтер берген сәтінде жарамды
           болып табылады.

                                       Құқықтық кадастрдан ақпарат
                                              ұсыну ережесіне
                                                4-Қосымша

        МЕНШІК ИЕСІ (ҚҰҚЫҚ ИЕСІ) ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР

N _________                              "___" _________ 200 __ ж.

1. Кадастр нөмірі __________________________________________________
2. Жылжымайтын мүлік объектінің мекен-жайы _________________________
3. Меншік иесі (құқық иесі) ________________________________________
____________________________________________________________________
4. Құқық пайда болу негіздемесі ____________________________________
____________________________________________________________________
5. Тіркелген күні __________________________________________________

Маман (тіркеуші): __________________
                        (қолы)
Бөлім бастығы:    __________________
                        (қолы)
Басшысы:          __________________                М.О.
                        (қолы)