Қазақстан Республиасы Әділет министрiнiң 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 6 "Ақпараттық қызмет көрсету қағидаларын бекiту туралы" бұйрығына өзгерiс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2005 жылғы 25 тамыздағы N 230 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 26 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3815. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2007 жылғы 24 тамыздағы N 239 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.10.22 № 1095 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:

      1)  күші жойылды
      Ескерту. 1)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.19. N  610 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2) "Өрт қауiпсiздiгi саласында лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 1348  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 46, 464-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген Өрт қауiпсiздiгi саласында лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын бiлiктiлiк талаптарындағы 3) тармақша алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi