Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қатысушылары-сақтандыру ұйымдары төлеу үшін бастапқы біржолғы жарна мөлшерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 184 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 7 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4855 болып енгізілді.

Жаңартылған

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы Заңының 17-4-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша алғаш рет қатысу шартын жасасқан қатысушылар-сақтандыру ұйымдары үшін Қазақстан Республикасының тиісті жылға арналған мемлекеттік бюджет туралы заңнамасында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 150 еселенген мөлшеріне тең бастапқы біржолғы жарна сомасы белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 14.06.2021 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      3. Стратегия және талдау департаменті (М.С. Бөбеев):

      1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      4. Агенттіктің Төраға Қызметі (Е.Н. Заборцева) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

Төраға