Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы Заңының 17-4-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қатысушылары-сақтандыру ұйымдары үшін тиісінше жылға мемлекеттік бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 150 еселік мөлшерінен кем емес және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың түрі бойынша соңғы қаржы жылына есептелген сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын мерзімінен бұрын бұзған жағдайда сақтанушыларға (қайта сақтанушыларға) қайтарылған (қайтаруға жататын) сақтандыру сыйлықақыларын және Қазақстан Республикасының резиденті сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қайта сақтандыру шарты бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларын қоспағанда) 1,5 пайызы мөлшеріндегі бастапқы біржолғы жарнасының сомасы белгіленсін.
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Стратегия және талдау департаменті (М.С. Бөбеев):
1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
4. Агенттіктің Төраға Қызметі (Е.Н. Заборцева) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.
Төраға |