Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылғы 11 шілдедегі N 153-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 7 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4853 болып енгізілді.

Қолданыстағы

        Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  8-тармақтан қараңыз.

      "Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 14 наурыздағы  N 56-ө өкіміне сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі  N 91-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1904 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, N 35, 684-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған үлгілік шартта:

      7-тармақта:
      бірінші жолдағы (Тапсырыс беруші) "СТН" деген аббревиатура "БСН" аббревиатурасымен ауыстырылсын;
      екінші жолдағы (Орындаушы) "СТН" деген аббревиатура "БСН (ЖСН)" аббревиатуралармен ауыстырылсын.

      2. "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін өтініштің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 15 маусымдағы  N 136-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2940 болып тіркелген), мынадай өзгеріс енгізілсін:
      қоса беріліп отырған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін өтініштің нысанында "СТН ______ ӘЖК _______" деген жол "ЖСН_______" деген жолмен ауыстырылсын.

      3. "Әлеуметтік аударымдар төлеушінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан әлеуметтік аударымдардың Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған сомалары туралы ақпаратты сұрау және алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 30 шілдедегі  N 169-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3004 болып тіркелген), мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік аударымдар төлеушінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан әлеуметтік аударымдардың Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған сомалары туралы ақпаратты сұрау және алу ережесінде:
      1 және 2 - қосымшаларында "СТН" деген аббревиатура "БСН" аббревиатурасымен ауыстырылсын.

      4. "1998 жылғы 1 қаңтардан бергі кезеңдегі табыстың жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкестігін анықтау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы  N 310-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3355 болып тіркелген), мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1998 жылғы 1 қаңтардан бергі кезеңдегі табыстың жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкестігін анықтау ережесінде:

      10-тармақта "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындаудың және жүзеге асырудың тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің, 1997 жылғы 4 желтоқсандағы N 1701 қаулысының 22-тармағына сәйкес" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 25 тамыздағы N 819 қаулысымен бекiтiлген Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау мен төлеудi жүзеге асыру ережесінің 28-тармағына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1 - қосымшада:
      "Әлеуметтік дербес код (ӘЖК)N___" деген жол "Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) N ___" деген жолмен ауыстырылсын;
      "ӘЖК тағайындау жөніндегі бөлімнің бастығы" деген сөздер "бөлімнің бастығы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2 - қосымшада:
      "Әлеуметтік дербес код (ӘЖК) N___" деген жол "Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) N ___" деген жолмен ауыстырылсын;
      кестенің бесінші бағанындағы "Жіберушінің СТН" деген сөздер "Жіберушінің БСН" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3 - қосымшада:
      "Әлеуметтік дербес код (ӘЖК) N___" деген жол "Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) N ___" деген жолмен ауыстырылсын;
      "Төлеуші - ұйымның СТН" деген жол "Төлеуші - ұйымның БСН" деген жолмен ауыстырылсын.

      5. "Әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2005 жылғы 1 желтоқсандағы  N 306-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3985 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2006 жыл, N 1, 199-құжат), мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тірек-қозғалу аппараты функцияларының бұзылушылықтары бар балаларға арналған мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелер мен мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік Ережеде:

      9-тармақтың 4) және 5) тармақшалары алынып тасталсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелер мен мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік Ережеде:

      12-тармақтың 4) және 5) тармақшалары алынып тасталсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерінде әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік Ережеде:

      9-тармақтың 4) және 5) тармақшалары алынып тасталсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік Ережеде:
      9-тармақтың 4) және 5) тармақшалары алынып тасталсын.

      6. Құқықтық қамтамасыз ету және ақпараттық-талдау жұмысы департаменті (А.Ә. Сарбасов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Г.Н. Әбдіхалықоваға жүктелсін.

      8. Осы бұйрық, мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап қолданылатын 4-тармақтың үшінші абзацын қоспағанда, 2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы