Әлеуметтік аударымдар төлеушінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан әлеуметтік аударымдардың Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған сомалары туралы ақпаратты сұрау және алу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 30 шілдедегі N 169-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 13 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3004. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 288 бұйрығымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1313 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 234-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қаржы лизингі шарттары бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг беруші әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын негізгі құралдар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі N 475 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 19, 245-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы лизингі шарттары бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг беруші әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын негізгі құралдар тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 40-1-жолмен толықтырылсын:

"40-1  Жеке функциялары бар, осы топтың басқа
       жерінде аталмаған немесе енгізілмеген
       машиналар және механикалық құрылғылар:
       өзге де машиналар мен механикалық тетіктер:
       өзгелері                                     8479 89 980 0".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі