Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылғы 11 шілдедегі N 153-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 7 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4853 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1084 бұйрығымен

      Ескерту. Шешімнің күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 23.12.2015 № 447/62-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Мәслихаттың 2007 жылғы 09 ақпандағы "Астана қаласында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесі туралы" № 341/43-ІІІ шешіміне Астана қаласы прокуратурасының қарсылық білдіргенін қарап, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 09 ақпандағы № 341/43-ІІІ "Астана қаласында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесі туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 464 нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 20 наурызда N 50-51 "Вечерняя Астана", 2007 жылғы 20 наурызда N 51 "Астана хабары" газеттерінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
      75 тармақта "немесе жануарды далаға тастағаны үшін" деген сөздер жойылсын;
      2007 жылғы 09 ақпандағы N 341/43-ІІІ "Астана қаласында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесін бекіту туралы" шешімі "Астана қаласында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесі туралы" деп аталсын.
      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Астана қаласы мәслихатының
      сессия төрайымы

      Астана қаласы мәслихатының
      хатшысы