Мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүргізу ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы N 207-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 1 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4844 болып енгізілді.

Жаңартылған

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің  17-бабының 28) тармақшасына және  49-бабының 2-тармағына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қосымша берілген Мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүргізу ережелері бекітілсін.

      2. Экологиялық реттеу департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің мәліметіне жеткізілсін.

      3. Экологиялық реттеу департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілуін және белгіленген  заңнамалық тәртіпте оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
      басқару агенттігінің төрағасы
      2007 жылғы»6 шілде

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау Министрі
      2007 жылғы 10 шілде

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы Министрі
      2007 жылғы 9 шілде

      Қазақстан Республикасы
      Энергетика және минералдық
      ресурстар Министрі
      2007 жылғы»18 шілде

Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
министрінің 2007 жылғы
28 маусымдағы N 207-ө
бұйрығымен бекітілген

       Ескерту. Барлық мәтін бойынша "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік)" деген сөздер "Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган)" деген сөздермен ауыстырылды, "Министрліктің", "Министрлікте", "аумақтық органдардың", "аумақтық органдармен", "аумақтық органдар", "аумақтық органның", деген сөздер "уәкілетті органның", "уәкілетті органда", "аумақтық бөлімшелердің", "аумақтық бөлімшелермен", "аумақтық бөлімшелер", "аумақтық бөлімшенің" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009.10.26 N 228-ө Бұйрығымен.

Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу ережесі (бұдан 
әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс)  17-бабының 28) тармақшасына және 49-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Ереже Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) мемлекеттік экологиялық сараптама органдарының, оның аумақтық бөлімшелері мен мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізетін жергілікті атқарушы органдарының қызметін және өзара іс-әрекетін ұйымдастыру тәртібін айқындайды, сондай-ақ мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын материалдардың құрамына, мазмұнына талаптарды белгілейді.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009.10.26 N 228-ө Бұйрығымен.

      3. Ереже уәкілетті органның экологиялық сараптама органдарында, оның аумақтық бөлімшелері мен мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізетін жергілікті атқарушы органдарында іс жүзінде қолданылу және Қазақстан Республикасының аумағында қызметтерін жоспарлайтын және жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға ақпараттық материалы ретінде пайдаланылу үшін арналған.

  2. Терминдер және анықтамалар

      4. Ережеде Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінде ұсынылған терминдермен және анықтамалармен қатар, мынадай негізгі терминдер және анықтамалар пайдаланылады:
      сыртқы сарапшылар - қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындауға және қызмет көрсетуге тиісті лицензиялары бар, қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы және оның аумақтық бөлімшелері, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары экологиялық сараптама жүргізу үшін тартқан жеке және заңды тұлғалар;
      сараптамалық органдар - уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік сараптамалық органдары.

  3. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың
мақсаттары, міндеттері және қағидаттары

      5. Мемлекеттік экологиялық сараптама - оның мақсаты Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын іске асыру, Республиканың, жекелеген өңірлерінің, халық шаруашылығы салаларының, жекелеген кәсіпорындар қызметінің әлеуметтік экономикалық дамуы туралы шешімдер қабылдау процесінде табиғатты ұтымды пайдалану шарттарын қамтамасыз ету болып табылатын оның аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың өз құзыретінің шегіндегі сараптамалық қызметтің түрі.
      Мемлекеттік экологиялық сараптама көзделген және жүзеге асырылып отырған шаруашылық және өзге қызметтің қоршаған орта сапасының нормативтері мен экологиялық талаптарына сәйкестігін белгілейді, сондай-ақ бұл қызметтің қоршаған ортаға болатын мүмкін қолайсыз әсерлерінің және солармен байланысты әлеуметтік салдарларының алдын алу мақсатында мемлекеттік экологиялық сараптама объектілерін іске асыру мүмкіндігін анықтайды.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009.10.26 N 228-ө Бұйрығымен.

      6. Мемлекеттік экологиялық сараптама мақсаттары:
      1) қоршаған ортаға және халық денсаулығына жоспарланған және жүзеге асырылып жатқан басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық норма шығарушы және өзге де қызметтің болатын мүмкін кері әсерлі салдарларын айқындау және шектеу;
      2) экономикалық даму және қоршаған ортаны қорғау мүдделерінің теңгерімін сақтау, сондай-ақ табиғат пайдалану процесінде үшінші тараптарға келтірілетін зиянның алдын алу.

      7. Мемлекеттік экологиялық сараптама міндетті сипатқа ие және табиғат пайдалану және қоршаған орта мен халық денсаулығына әсері бөлігінде құқықтық, шаруашылық және басқарушылық шешімдерді қабылдағанға дейін жүргізілуі тиіс. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысынсыз жобаларды қаржыландыру мен іске асыруға тыйым салынады.

      8. Мемлекеттік экологиялық сараптама міндеттері:
      1) олардың іске асырылуы қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың жай-күйіне әсерін тигізе алатын көзделген шешімдердің экологиялық негізделуін айқындау;
      2) жоспарланып отырған және жүзеге асырылып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге қызметтің қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерін бағалаудың толықтығын және дұрыстығын, болатын мүмкін әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салдарларын талдау және экологиялық қауіп-қатер деңгейін анықтауды қоса отырып, айқындау;
      3) сараптама объектілерінде ұсынылатын қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарын ұтымды пайдалану, халықтың денсаулығын қорғау жөніндегі шаралардың тиімділігін, толықтығын және жеткіліктілігін бағалау;
      4) мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындыларын дайындау, оларды уақытылы сараптама объектісін іске асыру туралы шешім қабылдайтын мемлекеттік және басқа да ұйымдарға тапсыру және қажетті ақпаратты мүдделі ұйымдар мен халыққа ұсыну;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы стандарттарда, нормалар мен ережелерде бар экологиялық талаптарды сараптамаға салынатын құжаттамада сақтауды тексеру болып табылады.

      9. Мемлекеттік экологиялық сараптама қағидаттары:
      1) мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу міндеттілігі;
      2) бақылаушы және қадағалаушы мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу;
      3) мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларының объективтілігі және ғылыми негізделуі;
      4) олар өз өкілеттігін жүзеге асырған кезде сараптамалық органдар мен сарапшылардың тәуелсіздігі;
      5) жариялылық;
      6) мемлекеттік экологиялық сараптаманың кешенділігі мен оның түрлерінің алуан түрлілігі;
      7) экологиялық және медициналық-биологиялық мүдделердің басымдылығы болып табылады.

4. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы
жүзеге асыратын органдар

      10. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы мыналар жүзеге асырады:
      1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері – I санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу бөлігінде;
      Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын I санаттағы объектілерді уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы N 449 қаулысымен бекітілген критерийлерге сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен белгіленеді.
      2) жергілікті атқарушы органдар – II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама ұйымдастыру және жүргізу бөлігінде.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009.10.26 N 228-ө Бұйрығымен.

  5. Мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері

      11. Міндетті мемлекеттік экологиялық сараптамаға мынадай объектілер жатады:
      1) қоршаған ортаға әсерді бағалаудың ілеспе материалдарымен қоршаған ортаға әсер ететін белгіленген қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамалары;
      2) алып тасталды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 03.09.2013 № 268-ө (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      3) қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерінің жобалары;
      4) іске асырылуы қоршаған ортаға жағымсыз әсерлерге әкеп соғуы мүмкін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобалары, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары;
      5) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін келісімшарттар жобалары;
      6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құрудың немесе кеңейтудің, республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қорықтар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату мен олардың аумақтарын қысқарту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобалары;
      7) жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің ресурстарын өндіру және пайдалануға арналған биологиялық негіздемелер;
      8) қалалар мен аумақтардың, оның ішінде арнайы экономикалық аймақтар аумақтарын және шаруашылық қызметті жүргізудің айрықша режиміндегі аумақтарын салудың (дамытудың) бас жоспарларының жобалары;
      9) осы аумақтарды экологиялық апат немесе төтенше экологиялық жағдай аймақтарына жатқызуды негіздейтін аумақтарды зерттеу материалдары;
      10) көршілес мемлекеттердің қоршаған ортасына әсер етуі мүмкін немесе оны жүзеге асыру үшін көршілес мемлекеттермен ортақ табиғи ресурстарды пайдалану қажет болатын немесе көршілес мемлекеттердің Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген мүдделерін, оның ішінде «Байқоңыр» кешенін қозғайтын шаруашылық және өзге де қызмет жобалары;
      11) көлік құралдарын, оның ішінде Қазақстан Республикасында жылжитын (әкелінетін) жабдықтарды қоспағанда технологияларды, техникаларды қолдану жөніндегі құжаттама.
       Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда беріледі - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2011.09.23 № 248-ө (алғаш рет ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң, 2012 жылдың 30 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 03.09.2013 № 268-ө (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

  6. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын
материалдардың көлемі мен құрамы

      12. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын материалдарда қолданыстағы нормативтерге сәйкес жобаның толық құрамын көрсетілуі қажет және мазмұнында мыналар болуы тиіс:
      1) жоспарланған қызмет салдарларының кешенді экологиялық әлеуметтік және экономикалық бағалануы, мынаны қоса:
      жиынтық түсіндірме жазба;
      қоршаған ортаға әсерін тигізетін сараптама объектісінің, технологиялар және көзделген өндірістің технологиялық процестерінің сипаттамалары бар жоба. Сәулеттік қала құрылыстық, жоспарлық, болжамдық сипаттағы жобалық материалдардың мазмұны, экологиялық және басқа да бағдарламалар, табиғатты қорғау сұлбалары және басқа да жоспар алдындағы және жоба алдындағы құжаттамалар көзделген шаруашылық, өндірістік, ғылыми және басқа да қызметтің, оны дамытудың, қоршаған ортаға әсерінің қажеттілігін және орындылығын негіздей отырып, толық көрінісін беру тиіс;
      оны әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін құжат түрінде ресімделген ҚОӘБ материалдары;
      жобаның, ластаушы заттардың жер бетінің жақын қабатына шашырауын есептеудің, эмиссия мөлшерін негіздеудің электрондық нұсқасы "Excel" форматында;
      2) жоспарланған қызметтің экологиялық салдарлары туралы өтініш;
      3) қоғамдық пікірді есепке алудың нәтижелері;
      4) қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін немесе тигізе алатын объектілер үшін жоспарланған қызметті іске асыруды мына заңды және жеке тұлғалармен келістіру құжаттары:
      жер пайдаланушылар, жер телімдерінің иелері;
      санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары;
      су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекция (суды қорғау аумақтарында объектілерді орналастыру немесе қызметті жүзеге асыру кезінде);
      жер ресурстарын басқару жөніндегі органдар;
      жер қойнауын зерттеу және пайдалану органдары (пайдалы қазбалардың орналасуы болатын мүмкін учаскелерінде), сондай-ақ жер асты суларын пайдаланғанда және олардың болатын мүмкін ластану көздері бар болғанда);
      орман шаруашылығы, жануарлар дүниесінің өсiмiн молайтуды және пайдалануды қорғау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган;
       балық ресурстарын қорғау саласында (балық шаруашылығы су қоймаларында қызметтің әр алуан түрлерін жүргізетін кәсіпорындар үшін).
      Аталған ұйымдармен келістіру қажеттілігін көзделген қызметтің әсер ету аймағына келетін қоршаған орта объектілеріне байланысты сараптамалық орган белгілейді.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009.10.26 N 228-ө Бұйрығымен.

      13. Көзделген қызметтің сипаттамаларына тәуелді сараптамалық органдарға қарастырылуға ұсынылған материалдарда:
      1) тиімді материалдарды, энергияны үнемдеуші, аз қалдықты және қалдықсыз технологиялық процестерді енгізу;
      2) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өндіру, өндіріс және тұтыну қалдықтарын кешенді қайта өңдеу және кәдеге жарату;
      3) ағынды суларды тиімді тазартуды қамтамасыз ету, оларды техникалық қажеттіліктерге пайдалану, тазартылмаған суларды табиғи су арналар мен су қоймаларға, жергілікті жер бедеріне төгуден бас тарту тәрізді тазартудың басым бағыттары;
      4) атмосфералық ауаны ластанудан сақтауды негіздейтін шаралардың пәрмендігі мен кепілділігі;
      5) топырақ, өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесін сақтау және қалпына келтіру, объектінің табиғи-қорықтық қор мәртебесін сақтау;
      6) халық пен қоршаған ортаны антропогендік физикалық, химиялық және биологиялық факторлардың әсерінен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шешімдер көрсетілуі тиіс.

      14. ҚОӘБ жобалаудың барлық сатыларында жүргізіледі. Көзделіп отырған немесе іске асырылып жатқан қызметтің ҚОӘБ материалдарын және жобалық әзірлемелерді мемлекеттік экологиялық сараптаманың бастамашысы ұсынады және олар мына мәліметтерді қамтуы тиіс:
      1) жоспарланған қызметті жүзеге асыру орнының қоршаған табиғи ортасы жай-күйінің сипаттамасы;
      2) жоспарланған қызметтің қоршаған орта мен халықтың денсаулығына қалыпты жағдайларда және авариялық ахуалдар мен оның әлеуметтік экономикалық салдарлары жағдайындағы әсерінің түрлері мен деңгейін айқындау;
      3) көзделген қызметті жүзеге асыру және табиғи орта құрауыштарының сапалы жай-күйі жағдайында қоршаған орта жай-күйінің болатын мүмкін өзгерістерін болжау;
      4) жоспарланған қызметті жүзеге асыру процесінде қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар;
      5) өңірдің әлеуметтік экономикалық даму перспективалары;
      6) экологиялық қауіп-қатер деңгейін төмендету және авариялық ахуалдардың алдын алу шаралары;
      7) жоспарланған қызметтің мақсаттарына қол жеткізудің, жоспарланған қызметтен бас тартқанды қоса алғанда болатын мүмкін баламалы нұсқалары;
      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы экологиялық заңнамасына сәйкес басқа да талаптар.

      15. Орындалған ҚОӘБ нәтижелерінің негізінде тапсырушы (бастамашы), оны іске асыру туралы шешімді дайындау үшін негіз болып табылатын жоспарланған немесе жүзеге асырылып жатқан шаруашылық қызметтің экологиялық салдарлары туралы өтінішті дайындайды және сарапталатын материалдар құрамында ұсынады.

      16. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын құжаттарға мыналардың көшірмелері қоса беріледі:
      1) салалық сараптамаларды жүргізу жағдайына - тиісті қорытындылар;
      2) осы жобаны қайталама экологиялық сараптамаға ұсынған жағдайда - мемлекеттік экологиялық сараптаманың бұрын берілген қорытындыларын;
      3) жобалық құжаттаманы уәкілетті органда қарастырған жағдайда – мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысына ұсыныстар мен ескертулер тиісті аумақтық органнан.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009.10.26 N 228-ө Бұйрығымен.

      17. Көлік құралдарын қоспағанда технологияларды, техниканы және жабдықтарды, соның ішінде Қазақстан Республикасына әкелінетіндерді қолдану бойынша құжаттамада:
      1) қоршаған ортаға әсерін бағалауы;
      2) ұйым стандарты (техникалық шарттар);
      3) қолдану бойынша нұсқаулығы (бар болған жағдайда);
      4) алдын ала өткізілген сынақтар (зерттеулер) жөніндегі материалдар (хаттамалар, анықтамалар, есептер);
      5) сәйкестілік сертификаттары;
      6) көлік құралдарын қоспағанда технологиялардың, техниканың және жабдықтардың, соның ішінде Қазақстан Республикасына әкелінетіндердің, технологиялық үрдістің сипаттамасы;
      7) Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы, қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі және техникалық реттеу салаларындағы уәкілетті органдармен келісу болуы тиіс.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009.10.26 N 228-ө Бұйрығымен.
      17-1. Істен шыққан ұқсас техниканы, жабдықтарды ауыстыру үшін алынған техника, жабдық мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатпайды.
      Ескерту. 17-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009.10.26 N 228-ө Бұйрығымен.

      18. Шаруашылық қызметтің объектілерін орналастыруға және жер учаскелерін таңдауға арналған материалдар Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес қалыптастырылады және онда мына материалдар болуы тиіс:
      1) жер учаскесінің пайдалану мақсатын, оның өлшемдерін, орналасқан жерін (картографиялық материалдардың көшірмесін қоса беріп) көрсете отырып, жер учаскесін бөлуге келісу туралы өтініш.
      2) қоршаған ортаның жай-күйіне шолуы бар (ҚОӘБ бірінші стадиясына), объектіні (немесе оның құрылысы нұсқаларының техникалық экономикалық негіздемесін) салуға арналған жер учаскесін таңдау актісі;
      3) қоршаған ортаға әсерін алдын ала бағалауы бар (ҚОӘБ алдын ала бағалау), таңдап алынған алаңға байланған объект құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесінің материалдары.

      19.  Алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007.10.09.  N 296-ө (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

  7. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы 
ұйымдастыру және жүргізу рәсімі

      20. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы экологиялық сараптама объектілерін қарау, талдау және бағалау жолы арқылы:
      1) сараптамалық органдардың штаттық қызметкерлері;
      2) сыртқы сарапшыларды тарта отырып, сараптамалық органдардың басшылары  құрған сараптамалық комиссиялар;
      3) уәкілетті органның, мүдделі мемлекеттік органдардың, мекемелер және ұйымдардың, оның ішінде шет елдердің өкілдерінен - объектілердің қоршаған ортаға күрделі әсерлері бойынша мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу бөлігінде, тұратын салааралық сараптамалық  комиссиялар жүргізеді.

      21. Сыртқы сарапшылар ұсынылған құжаттаманың қаралуын ұйымдастырады және сараптамалық органдарға қорытынды ретінде ұсыныстар мен ескертулерін ұсынады.
      Сыртқы сарапшылардың қорытындысы ұсынымдық сипатқа ие болады.

      22. Оның барысында сараптамалық органдар материалдарды қарауды және сараптама объектінің бағалауын жүргізетін және дәлелденген және объективті сараптамалық қорытындыны қалыптастыратын мемлекеттік экологиялық сараптаманың рәсімі  біртіндеген сатылардан тұрады да мыналарды қамтиды:
      1) мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу туралы өтінішті (хатты) уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімдерінде тіркеуді;
      2) сараптамаға жіберілген материалдардың, деректемелердің толығы және бар болуы тексерілуде айқындалған, көзделген шаруашылық қызметтің ҚОӘБ және оларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және нормативтік талаптарға сәйкестігін белгілеуді қоса алғанда, алдын ала сараптаманы;
      3) сараптаманың қажетті деңгейін анықтауды, материалдарды бағалауды және талдап өңдеуді, көзделген немесе жүзеге асырылып жатқан қызметтің экологиялық қауіпсіздігінің дәрежесін, сараптама объектілерін іске асырудың жеткіліктігі мен шындығын қарастыратын сараптаманың негізгі сатысын;
      4) жекелеген сараптамалық бағалар мен мемлекеттік экологиялық сараптаманың нәтижелерін қорытуды, материалдарды келісу немесе келісуден бас тарту туралы сараптамалық қорытындыны дайындауды қамтитын сараптаманың қорытынды сатысын.

      23. Алдын ала сараптама сатысының талаптарына сәйкес келмейтін құжаттама, одан әрі қаралмайды және қаралмау себептері туралы хабарлама хатпен өтініш берушіге қайтарылады.

      24. Сараптамалық органдар объектіге мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу туралы өтінімнен мына жағдайларда бас тартуға құқылы:
      тапсырушы барлық қажетті құжаттарды ұсынбағанда;
      егер ұсынылған ҚОӘБ материалдары немесе экологиялық салдарлар туралы өтініш белгіленген талаптарға сәйкес келмесе немесе оларсыз объективті шешім қабылдау мүмкін болмайтын қате мәліметтер болса.

  8. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы
жүргізудің деңгейлері мен нәтижелері 

      25. Сараптамалық органның басшысы анықтайтын қарастырылатын материалдардың күрделілігіне байланысты мемлекеттік экологиялық сараптаманың жүргізілуі мына үш деңгейде жүзеге асырылады:
      1) бірінші деңгей - сараптамалық орган мамандарының санынан жекелеген сарапшылар жүзеге асыратын материалдардың сараптамасы;
      2) екінші деңгей - арнайы мәселелерді сараптау және талдау үшін сыртқы сарапшыларды тарта отырып, сараптамалық органның мамандары жүзеге асыратын материалдардың сараптамасы;
      3) үшінші деңгей - уәкілетті органның, мүдделі мемлекеттік органдардың, мекемелер мен ұйымдардың, оның ішінде шет елдердің өкілдерінен тұратын ведомствоаралық сараптамалық комиссиялар жүзеге асыратын барынша күрделі объектілер бойынша материалдардың сараптамасы.

      26. уәкілетті органның сараптамалық органдары жүзеге асыратын жобалық материалдарды қарау мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыға ұсыныстар мен ескертулерді ескере отырып, немесе оның аумақтықаумақтық бөлімшелерінің (объектінің орналасу орны бойынша) мамандарының қатысуымен жүргізіледі және мына түрде іске асырылады:
      1) жоба материалдары көзделген шаруашылық қызметтерді іске асырудың мүмкіндігі, орындылығы және қажеттілігі бөлігінде бағаланады және талданады, сондай-ақ келісу жөніндегі ұсыныстарды әзірлей отырып, проблема тұтастай бағаланады;
      2) ұсыныстар немесе ескертулер қалыптастырылады және жазба түрінде ұсынылады;
      3) қажет болған жағдайда аумақтық бөлімшелерінің өкілдері ахуалды алдын ала талдай отырып, ұсынумен мемлекеттік экологиялық сараптама процестерін жүргізуге қатысады. Бұл жағдайда аумақтық бөлімшелері ескертулер мен ұсыныстарды бере отырып, материалдарды қарастыру мерзімі екі аптаны құруы тиіс.
      Ескерту. 26-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009.10.26 N 228-ө Бұйрығымен.

      27. Басқа мемлекеттік органдар жүзеге асыратын салалық сараптама қорытындыларының нәтижелерін, мемлекеттік экологиялық сараптама негіздейтін материалдар ретінде пайдаланады; қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындыларының тұжырымын - ұсынымдық сипаттағы ретінде.

      28. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асырудың нәтижесі "Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі N 114-ө бұйрығымен белгіленген нысан бойынша сараптамалық қорытынды болып табылады. Қорытынды мына тұжырымдамалардың біреуімен аяқталады:
      1) "келісілмейді";
      2) "келісіледі"; 
      3)  Алынып тасталды
      Ескерту. 28-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007.10.09.  N 296-ө (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      29. "Келісілмейді" тұжырымы бар қорытынды болған жағдайда, сараптама бастамашысы мемлекеттік экологиялық сараптаманың ескертулері бойынша материалдарды жетілдіреді және оларды қайталама мемлекеттік экологиялық сараптамаға береді немесе көзделген қызметтен бас тартады.

      30.  Алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007.10.09.  N 296-ө (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      31. Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысына қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның сараптау бөлімшелерінің, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары тиісті аумақтарда немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының сараптау бөлімшелерінің басшылары өз құзыреті шегінде қол қояды.
      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009.10.26 N 228-ө Бұйрығымен.

      32. Қоршаған ортаға ерекше әсері бойынша айрықша күрделі объектілердің мемлекеттік экологиялық сараптамасының қорытындылары белгіленген тәртіпте бекітілген ережелеріне сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманың Сараптамалық кеңестерінде қарастырылады. 

  9. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы 
жүргізу және қолданылу мерзімі

      33. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу мерзімі мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органдарға алдын ала сараптамадан өткен қажетті барлық құжаттама берілген кезден бастап, I санатты объектілер үшін екі айдан және II, III және IV санатты объектілер үшін бір айдан аспауы тиіс.
      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда беріледі - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2011.09.23 № 248-ө (алғаш рет ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң, 2012 жылдың 30 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      34. Алдын ала сараптамадан өткізу мерзімі бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда беріледі - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2011.09.23 № 248-ө (алғаш рет ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң, 2012 жылдың 30 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 

      35. Жобалық құжаттамаға мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы берілген күнінен бастап бес жыл ішінде қолданылуда болады.

      36. Аталған мерзім ішінде іске асырылмаған мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері қайталама мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатады.

      37. Мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері қайталама мемлекеттік экологиялық сараптамадан мына жағдайларда:
      1) мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері бұрын өткізілген мемлекеттік экологиялық сараптаманың ескертулері бойынша жетілдірілген жағдайда;
      2) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін жобалық және басқа құжаттамаға өзгерістер енгізілген жағдайда;
      3) сот органдары шешімінің негізінде өтеді.
      Мемлекеттік экологиялық сараптаманы қайта жүргізу мерзімі тіркеуден өткен күннен бастап I санатты объектілер үшін бір айдан аспауы тиіс және II, III және IV санатты объектілер үшін он жұмыс күнінен аспауы тиіс.
       Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда беріледі - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2011.09.23 № 248-ө (алғаш рет ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң, 2012 жылдың 30 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      38. <*>
      Ескерту. 38-тармақ алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009.10.26 N 228-ө Бұйрығымен.