Жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы N 204-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 2007 жылғы 23 шілдедегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4825 болып енгізілді

Жаңартылған

      2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабы 28-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзiрлеу кезiнде қоршаған ортаға көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтiң әсерiне бағалау жүргiзу бойынша Нұсқаулық бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2004 жылғы 28 ақпандағы N 68-ө "Жоспарлау алдындағы, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" бұйрығының күші жойылды деп есептелсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген, N 2779, 2005 жылғы 26 тамыздағы N 157-158 "Юридическая газета" газетінде жарияланды).

      3. Экологиялық реттеу департаменті осы бұйрықты қоршаған ортаны қорғау аумақтық басқармаларына және жергілікті атқарушы органдарға жеткізсін.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Министр

Қазақстан Республикасының 
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2007 жылғы 28 маусымдағы N 204-ө
"Жоспарлау алдындағы, жоспарлау,
жобалау алдындағы және жобалау 
құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп
отырған шаруашылық және өзге де
қызметтің қоршаған ортаға әсерін
бағалау жүргізу бойынша  
Нұсқаулықты бекіту туралы" 
бұйрығымен бекітілген   

"Жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу бойынша Нұсқаулық 1. Жалпы ережелер

      1. Жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу бойынша нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне және басқа да нормативтік-құқықтық кесімдеріне сәйкес жасалып отыр.

      2. Қоршаған ортаға әсерді бағалау (бұдан әрі - ҚОӘБ) қабылданатын басқарушылық және шаруашылық шешімдер түрлерінің экологиялық және басқа да зардаптарын анықтау, қоршаған ортаны сауықтыру, табиғи экологиялық жүйелер мен табиғи қорлардың жойылуын, азуын, сарқылуын болдырмау жөнінде нұсқауларды әзірлеу мақсатын ҚОӘБ-да жүргізіледі.
      ҚОӘБ көзделіп отырған нақты ауқымды және (немесе) экологиялық қауіпті объектілер мен құрылыстарын құруды (дамытуды, қайта құруды, консервациялауды, жоюды) реттейтін жобалық құжаттама үшін жасалып отыр және онымен бір топтамада келісу үшін мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылады.

      3. Осы Нұсқаулық жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы, жобалау құжаттамасына сәйкес көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметті ұйымдастырудың барлық сатыларында оны әзірлеу және жүргізу туралы шешімдерді қабылдау кезінде ҚОӘБ өткізудің жалпы тәртібін айқындайды.
      ҚОӘБ келесі жобалық құжаттамалар үшін жасалады:
      1) Кәсіпорындарды, объектілерді, кешендерді салу саласы немесе даму бағдарламасын негіздеу сатысында;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген қала құрылысы мен құрылысты жобалау;
      3) Кәсіпорындарды, объектілерді, кешендерді салудың техникалық-экономикалық негіздемесі және есептері, оның жұмыс құжаттамасының жобалары (кеңейту, жаңарту, техникалық);
      4) технологияларды, техника мен жабдықты, оның ішінде Қазақстан Республикасына өткізілетіндерін (әкелінетіндерін) қолдану жөніндегі құжаттама;
      5) Қоршаған ортаны қорғау және халықты экологиялық жағынан қауіпсіздендіру мәселелерін реттейтін нормативтік және нұсқаулық-әдістемелік құжаттама.
      Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің м.а. 2010.03.26 № 70-ө (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      4. Нұсқаулықта төмендегідей негізгі терминдер мен айқындамалар қолданылып отыр:
      әсер - адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігін, жануарлар мен өсімдіктер әлемін, топырақты, жер қойнауын, ауаны, климатты, ландшафты, тарихи ескерткіштер мен басқа да материалдық объектілерді, осы факторлар арасындағы өзара байланысты қоса алғанда қоршаған орта үшін көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің кез келген зардабы; ол сондай-ақ мәдени мұра мен әлеуметтік-экономикалық жағдайларға тигізілген зардаптарды да қамтиды, осы факторлардың өзгеруінің нәтижесі болып табылады;
      зардап - көзделіп отырған шаруашылық немесе өзге де қызметтің әсерінің нәтижесі және содан пайда болған, қоршаған табиғи және (немесе) әлеуметтік-экономикалық ортада көрініс тапқан өзгерістер;
      жобалаудан кейінгі талдау - қоршаған ортаға әсерді бағалаудың жобалау кезеңінде шығарған нәтижелер мен қорытындыларды анықтау үшін пайдаға асырған объектінің қоршаған ортаға әсерін бағалау процедурасы;
      жұртшылықтың қатысуы (қоғамдық пікірді ескерту) - қоғамдық пікірді білу және әсерді бағалау барысында оны ескерту мақсатымен жұртшылықты жоспарланған қызмет туралы және оның қоршаған ортаға ықтимал әсері туралы хабардар етуге бағытталған, ҚОӘБ шеңберінде жүргізілетін іс-шаралар кешені;
      ҚОӘБ бойынша құжаттаманы әзірлеуші - көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалауды жүзеге асыратын, аталған қызметті жүргізуге қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган берген тиісті лицензиясы бар заңды немесе жеке тұлға;
      қоғамдық талқылаулар - халықтың (жұртшылықтың) мүдделерін қозғайтын көзделіп отырған қызметті орындау жөніндегі шешімдерді қабылдауға оның қатысуына кепілдік беретін тура және кері ақпараттық байланысты қамтамасыз ететін, ҚОӘБ-тің құрамдас бөлігінің жалпылама атауы;
      қоршаған орта - атмосфералық ауаны, Жердің озон қабатын, жер бетіндегі және жер астындағы суларды, жерді, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ осылардың өзара әрекетінен туындайтын климатты қоса алғанда, табиғи және жасанды объектілердің жиынтығы;
      өзгеру - қоршаған ортаның құрамдас бөліктеріндегі және (немесе) олардың үйлесіміндегі қайтымды және (немесе) қайтымсыз өзгеріс;
      тапсырыскер - қызметтің осы түріне қойылатын нормативтік талаптарға сәйкес көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызмет бойынша құжаттаманы дайындау үшін жауапты және көзделіп отырған қызмет бойынша құжаттаманы экологиялық сараптамаға ұсынатын заңды немесе жеке тұлға;
      экологиялық сараптама - көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған орта сапасының нормативтері мен экологиялық талаптарға сәйкестігін белгілеу, сондай-ақ осы қызметтің қоршаған ортаға тигізуі мүмкін қолайсыз әсерлерінің және солармен байланысты әлеуметтік зардаптардың алдын алу мақсатында сараптама объектісін іске қосуға жол берілуін айқындау;
      экологиялық тәуекел - белгілі бір факторлардың ықпалы салдарынан қоршаған орта және (немесе) табиғи объектілер жай-күйінің қолайсыз өзгерістерге ұшырау ықтималдығы;
      экологиялық сүйемелдеу - көзделіп отырған қызметті жүзеге асырудың барлық сатыларында оған экологиялық негіздеме беру бойынша ұйымдық-техникалық және қисынды түрдегі өзара байланысқан әрекеттердің жүйелілігін қамтамасыз ететін рәсім;
      экологиялық қауіпсіздік - жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсер ету нәтижесінде туындайтын қатерлерден қорғалуының жай-күйі;
      экологиялық қауіп-қатер - қоршаған орта ахуалының антропогендік және табиғи, оның ішінде дүлей апаттарды қоса алғанда, нәубеттер мен апаттарға байланысты әсерлердің ықпалынан бүлінуімен, өзгеруімен немесе солай болу ықтималдығымен сипатталатын және де соған байланысты жеке адамның және қоғамның өмірлік маңызды мүдделеріне қатер төндіретін ахуал;
      экологиялық тұрғыдан қауіпті қызмет - басқарушылық және инвестициялық қызметті қоса алғанда, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға тікелей немесе басқа нәрсе арқылы зиянды әсерін тигізуі мүмкін немесе тигізіп отырған қызмет;
      экологиялық жағынан қауіпті объект - іске асырылуы адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізуі мүмкін немесе тигізіп отырған сараптама объектісі.

2. Қоршаған ортаға әсерді бағалау қағидаты

      5. ҚОӘБ төмендегідей қағидаттардың негізінде жүзеге асырылады:
      1) міндеттілік - ҚОӘБ рәсімі қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына тікелей немесе жанама әсер етуі мүмкін болатын кез келген шаруашылық және өзге де қызмет түрлері үшін міндетті болып табылады.
      Қоршаған ортаға әсер ететін шаруашылық және өзге де жобаларды, қоршаған ортаға әсерін бағалау рәсімісіз әзірлеуге және іске асыруға тыйым салынады;
      2) кіріктірілу (кешенділік) - көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға, жергілікті тұрғындарға, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпке әсер ету мәселелерін қарастыру оларды технологиялық, техникалық, әлеуметтік, экономикалық, жоспарлаушылық және басқа да жобалық шешімдермен өзара байланыстыра отырып жүзеге асырылады;
      3) баламалылық - зардаптарды бағалау көзделіп отырған қызметтен бас тарту нұсқасын ("нөлдік" нұсқаны) қоса алғанда жобалық шешімдердің баламалық нұсқаларын міндетті түрде қарастыруға негізделеді;
      4) жеткіліктілік - ҚОӘБ өткізу кезінде нақтылау дәрежесі көзделіп отырған қызмет қоршаған ортаға, жергілікті тұрғындарға, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпке әсерінің экологиялық маңыздылығымен айқындалатын дәрежеден төмен болмауы тиіс;
      5) сақтау - көзделіп отырған қызмет аумақтар мен су айдындарының биологиялық сан алуандылығының азаюына, биологиялық өнімділігі мен массасының төмендеуіне, сонымен қатар көзделіп отырған қызмет ықпалының аймағындағы биосфераның табиғи құрамдас бөліктерінің өмірлік маңызды қасиеттерінің нашарлауына әкеп соқпауы тиіс;
      6) сыйысымдылық - көзделіп отырған қызмет жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын нашарлатпауға және шаруашылық қызметтің басқа түрлеріне, ауыл шаруашылығына, жануарлар мен өсімдіктер әлеміне орны толмас зиян келтірмеуге тиіс;
      7) икемділік - ҚОӘБ барысы көзделіп отырған қызметтің нақты сипаты мен құжаттама түріне байланысты, талдаудың ауқымы, тереңдігі мен түріне орай өзгереді;
      8) жұртшылықтың қатысуы - ҚОӘБ өткізілуі барысында жұртшылықтың ҚОӘБ туралы ақпаратқа қол жеткізе алуы қамтамасыз етіледі және қоғамдық тыңдаулар (ҚОӘБ материалдарының қоғамдық талқылаулары) өткізіледі.

3. Қоршаған ортаға әсерді бағалау объектілерінің бағалану
маңыздылығы мен толымдылығы бойынша сыныптау

      6. Қоршаған ортаға әсерін бағалау жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызмет маңыздылығы мен толымдылығы бойынша І, ІІ, ІІІ, ІV болып 4 санатқа бөлінеді.
      I санатқа өндірістік объектілерді санитарлық сыныптауға сәйкес қауіптіліктің 1 және 2 сыныбына жататын қызмет түрлері, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбалардан басқа пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру жатады.
      II санатқа өндірістік объектілерді санитарлық сыныптауға сәйкес қауіптіліктің 3 cыныбына жататын қызмет түрлері, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру, орман пайдалану мен суды арнайы пайдаланудың барлық түрлері жатады.
      III санатқа өндірістік объектілерді санитарлық сыныптауға сәйкес қауіптіліктің 4 cыныбына жататын қызмет түрлері жатады.
      ІV санатқа өндірістік объектілерді санитарлық сыныптауға сәйкес қауіптіліктің 5 cыныбына жататын қызмет түрлері, сондай-ақ әуесқойлық (спорттық) балық аулау мен аң аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесі объектілерін пайдаланудың барлық түрлері жатады.

4. Қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсімі

      7. Қазақстан Республикасындағы шаруашылық және өзге де қызметті негіздейтін жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасының барысында ҚОӘБ рәсімі әрқайсысы мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысымен аяқталатын жүйелі іс-қимылдар реті бойынша өткізіледі.

      8. ҚОӘБ әзірлеудің нысаны, талқылаудың толықтылығы, қолданылатын материалдардың көлемі, экологиялық ғылыми-зерттеу және жобалық-іздестіру жұмыстарының деңгейі және нақтылануы жобалау сатысына, сонымен қатар адам денсаулығына және қоршаған ортаға көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің әсерінің ауқымдылығы мен қарқынына байланысты болады.

      9. ҚОӘБ материалдары жасалу деңгейі жобалау сатысына сай келетін құжат түрінде ресімделеді. Олар жобалау алдындағы және жобалық құжаттардың ажырамас бөлігі болып табылады.

      10. Шаруашылық және өзге де қызметті негіздейтін құжаттаманы әзірлеу кезеңдеріне сәйкес, олардың дәйекті түрде нақтылануын және айқындалуын көздейтін ҚОӘБ сатыларына атау беріледі:
      1) қоршаған ортаның ахуалына шолу жасау (объектіні жайғастыруға арналған учаскені оңтайлы таңдауды негіздеу үшін орындалатын аумақ бағалауы, Ниет туралы мағлұмдамасы);
      2) қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау (Алдын ала ҚОӘБ);
      3) қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ);
      4) "Қоршаған ортаны қорғау" тарауы;
      5) жобалаудан кейінгі талдау.

      11. Көзделіп отырған қызметтің орналасатын ауданындағы табиғи және әлеуметтік-экономикалық ортаның жалпылап қорытылған сипаты келтірілетін, аумақты (аумақтық бірліктерді) шаруашылық үшін пайдаланудың негізгі бағыттары қарастырылатын және ҚОӘБ бойынша тұжырымдық ұстанымдар айқындалатын "Қоршаған ортаның ахуалын шолу" - ҚОӘБ өткізудің бірінші сатысы төмендегілерді қамтиды:
      1) көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға әсерінің түрлері, оның қарастырылатын аумақтағы бұрыннан бар әсермен өзара әрекеттесуі (бұзылыстардың үлгілері, ластаушы құрамдастардың атауы мен мөлшері);
      2) ауаға шығарылуы, төгілуі ықтимал ластағыш заттардың сипаты, өндіріс және тұтыну қалдықтарының пайда болуының болжамды көлемі;
      3) өндіріс және тұтыну қалдықтарын тазалау мен кәдеге асырудың (көмудің) ықтимал тәсілдері;
      4) ықтимал апаттық жағдайларды бағалау (әсердің ықтималдығы, ауқымдылығы, ұзақтығы);
      5) жалпы экологиялық шиеленістің бәсеңдеуіне септігін тигізетін, көзделіп отырған (жоспарланатын) қызметті іске асырудың жағымсыз зардаптарын шектеу немесе бейтараптандыру бойынша ойластырылып отырған негізгі шешімдер.

      12. "Қоршаған орта жай-күйін шолу" қолдағы бар мұрағат, қор материалдары, басқа мамандандырылған әдебиет көздері, соған ұқсас жобалар бойынша көзделіп отырған (жоспарланатын) қызметтің техникалық-экономикалық параметрлерінің негізінде орындалады.
      ҚОӘБ рәсімінің нәтижелері бойынша табиғи ортаның ахуалын одан әрі оқып-үйрену және қоршаған ортаға әсерді егжей-тегжейлі бағалауды өткізу, сондай-ақ табиғатты қорғау шаралары жүйесін әзірлеу бойынша ұсынымдарды қамтитын қоршаған ортаның ахуалын шолуды құрайды. Шолудың материалдары шаруашылық қызметінің тапсырыс берушісі жасайтын Ниет туралы мағлұмдамаға және (немесе) объект құрылысына алған жер учаскесін таңдау материалдарына қоса тіркеледі.

      13. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға Ниет туралы мағлұмдама ұсынылғанға дейін көзделіп отырған қызметтің тапсырыс берушісі ұсынатын Ниет туралы мағлұмдаманы талқылауға жұртшылықтың қатысуын қамтамасыз етеді.

      14. Ниет туралы мағлұмдаманы уәкілетті органдарда оңды келісу негізгі жобалау алдындағы құжатты - "Инвестицияларды негіздеуді" әзірлеуге және (Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес) көзделіп отырған қызметтің жоспарланатын объектілері мен құрылыстарын салуға арналған жер учаскесін алдын ала таңдау рәсімін бастауға негіз болып табылады.

      15. ҚОӘБ өткізудің "Көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға әсерін алдын ала бағалау (бұдан әрі - Алдын ала ҚОӘБ)" екінші сатысының барысында қоршаған және әлеуметтік-экономикалық ортаның құрамындағы өзгерістердің және қоғам өмірінде және қоршаған ортадағы олардың келтіретін зардаптарының ықтимал әлеуетті бағыттары айқындалады.

      16. Шаруашылық қызметінің көзделіп (жоспарланып) отырған ойының Алдын ала ҚОӘБ түрлі техникалық шешімдерді талдаудың және мамандандырылған ғылыми материалдардың және қолдағы бар, қордағы және мамандандырылған әдеби материалдардың негізінде жүргізіледі. Күрделі және ірі жобалау алдындағы әзірлемелерде алдын ала инженерлік-экологиялық іздестірулерді жүргізу керек.

      17. Көзделіп отырған шаруашылық қызметіне әсердің түрлері және қарқындылығы осыған ұқсас жобалар бойынша немесе одан арғы арнайы зерттеулер және іздестірулер талап етілетін саласын көрсете отырып, әлемдік стандарттарға (технологияларға) сәйкес келетін үлестік көрсеткіштердің негізінде айқындалады.

      18. Қоршаған ортаның жекелеген құрамдастарының (ауаның, топырақтың, судың, жер қойнауының және тағы сол сияқты) ластану деңгейін есептеуді жүргізу талап етілмейді. Нақты көзделіп отырған шаруашылық қызметтің маңыздылығына, экологиялық тұрғыдан қауіптілігі мен ауқымдылығына қарай қоршаған ортада (ауаға, жер үсті және жер асты суларына, топыраққа) ластағыш заттарды (шығару, төгу) сейілту (тарату) үрдістерін үлгілеу бойынша қосымша есептеу Алдын ала ҚОӘБ-не енгізіледі.

      19. Алдын ала бағалау нәтижесінде алынған сапалық және сандық параметрлер (шығарылған, лақтырылған заттар, өндіріс және тұтыну қалдықтары, уақытша және тұрақты пайдалануға бөлініп берілетін жер алаңдары және т.с.) бағдарлық параметрлер болып табылады және табиғатты пайдалану жөніндегі нормативтер ретінде бекітілуге жатпайды.

      20. Алдын ала ҚОӘБ шаруашылық және өзге де қызметті негіздейтін жоспарлау алдындағы (инвестициялау алдындағы) құжаттамада, шаруашылық және өзге де қызметке кірісудің бастапқы кезеңінде жасалатын жобалау алдындағы құжаттамада, сондай-ақ жобалық құжаттаманы әзірлеудің алдындағы "Инвестицияларды негіздеу" негізгі жобалау алдындағы құжатында жасалады, ол төмендегілерді қамтиды:
      1) көзделіп отырған қызметтің қысқаша сипаттамасы, орналасқан жері мен жер пайдаланудың шарттары туралы деректер;
      2) аумақтың ландшафттық сипаттамасын, аймақтық жер ерекшеліктерін қамтитын қоршаған және әлеуметтік-экономикалық орта туралы мәліметтер; қоршаған ортаның ахуалы, оның құрамдас бөліктерінің антропогендік бұзылуы, құрылыс салудың ерекше шарттары (жоғары сейсмикалылығы, басқа қауіпті табиғи құбылыстар мен үрдістер) туралы деректер; көзделіп отырған қызмет ауданының табиғи құндылықтарын, оның тарихи-мәдени маңыздылығын сипаттау, қолда бар айрықша қорғалатын аумақтар мен объектілер; аумақтың әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері (аумақты шаруашылық үшін, қала салу үшін қолдану) туралы материалдар.

      21. Көзделіп отырған қызмет түрлерінің қоршаған ортаға әсерінің ықтимал үлгілері төмендегілерді қамтиды:
      1) көзделіп отырған қызмет түрлерінің сипаттамасы (техникалық-технологиялық параметрлер, (су, жер, биологиялық, материалдық, еңбек) қорларына деген қажеттіліктер, құрылыс үрдістеріне және объектілер мен құрылыстарды іске пайдалануда көлікпен қамтамасыз ету);
      2) объектілер мен құрылыстарды салу мен пайдаланудың қалыпты (штаттық) режимінде және апаттық жағдайларда (әсер етудің көздері, түрлері, дәрежесі мен аймақтары, оның ішінде ластағыш заттардың түрі, құрамы, бағдарлық көлемдері, өндіріс және тұтыну қалдықтарының сипаты - улылықтың түрі, көлемі, сыныптылығы) көзделіп отырған қызмет әсерінің түрлерін құрамдық-сапалық жағынан сипаттау;
      3) қоршаған және әлеуметтік-экономикалық ортаның көзделіп отырған шаруашылық қызмет түрлерінің ықтимал әсеріне төзімділігін анықтау.

      22. Көзделіп отырған қызметтің түрлерін іске асыру барысында қоршаған және әлеуметтік-экономикалық ортаның өзгеруін талдау төмендегілерді қамтуы тиіс:
      1) пайдаланудың қалыпты (штаттық) режимінде және апаттық жағдайларда және олардың тұрғындарға тигізетін зардаптары болған кезде көзделіп отырған қызмет түрлерін іске асыру барысында қоршаған және әлеуметтік-экономикалық ортадағы ықтимал өзгерістер;
      2) көзделіп отырған қызметті іске асырудың түрлеріне арналған қоршаған ортаны қорғау шараларының негізгі бағыттары;
      3) көзделіп отырған қызмет түрлерін іске асырудың барысында қоршаған және әлеуметтік-экономикалық ортаға келтірілуі мүмкін зиянды ірілендіре бағалау;
      4) аумақ тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мүдделерін сақтай отырып, объект орналастырылатын жерді (көзделіп отырған қызметтің ұсынылатын түрін таңдау) негіздеу;
      5) көзделіп отырған шаруашылық қызметті - жобалық құжаттаманы негіздейтін құжаттаманы әзірлеудің келесі сатысына ұсыныстар;
      6) көзделіп отырған шаруашылық қызметті негіздейтін жобалық құжаттаманы ҚОӘБ келесі кезеңін өткізуге негіз болып табылатын арнайы кешендік экологиялық іздестірулер мен зерттеулерді өткізуді ұйымдастыру және құрамы бойынша ұсыныстар;
      7) жоспарланатын қызметтің сипатына ауқымына, оның экономикалық маңыздылығына (қауіп-қатеріне), табиғи жағдайлардың қиындықтарына қарай, Алдын ала ҚОӘБ құрамы, көлемдері мен ақпаратты нақтылаудың жеткіліктілігі уәкілетті органдармен келісуі бойынша кеңейтілуі мүмкін.

      23. Жоспарлау алдындағы (инвестициялау алдындағы), сонымен қатар жобалау алдындағы бағалау сипатындағы құжаттама (бизнес-жоспарлар, техникалық-экономикалық есептер (ТЭЕ), техникалық-экономикалық көрсеткіштер (ТЭК) және басқа да оларға ұқсас жобалау алдындағы құжаттар), сонымен қатар "Алдын ала ҚОӘБ" қоса алғанда жобалау алдындағы негізгі құжаттама - "Инвестицияны негіздеу" мемлекеттік экологиялық сараптамаға келісуге ұсынылады.

      24. Жоспарлау алдындағы, сонымен қатар жобалау алдындағы бағалау сипатындағы құжаттаманы мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынғанға дейін көзделіп отырған қызметтің тапсырыскері ұсынылатын материалдарды жұртшылықпен бірге талқылауды өткізеді.

      25. Көзделіп отырған қызметтің тапсырыскері үшін мемлекеттік экологиялық сараптаманың оңды қорытындысы жоспарлау алдындағы, жоспарлау немесе жобалау алдындағы құжаттамада қарастырылған Алдын ала ҚОӘБ жасау кезінде барынша ұтымды үлгімен таңдалған көзделіп отырған қызметтің нақты объектілері мен құрылыстарын жобалауды бастау (жіті жобалау) жөнінде шешім қабылдауға негіз болып табылады.

      26. ҚОӘБ өткізудің үшінші сатысы - "Қоршаған ортаның әсерін бағалау" көзделіп отырған шаруашылық қызметінің нақты объектілері мен құрылыстарының қоршаған ортаға (1, 2-қосымша) әсерінің барлық аспектілері толық көлемінде жіті талдауды көздейді және ол қоршаған ортаның құрамдас бөліктері бойынша төмендегідей материалдарды қамтиды:
      1) әуедегі орта:
      әсерді бағалауға қажетті климаттық жағдайлардың сипаттамасы;
      әуедегі ортаның қазіргі ахуалының сипаттамасы (табиғи өлшеулер бойынша қолда бар материалдардың қанықпаның рұқсат етілген шегі (бұдан әрі - ҚРШ) немесе қауіпсіз әсер етудің бағдарланған деңгейлерінен (бұдан әрі - ҚӘБД) асып кету еселігі көрсетіле отырып, атмосфералық ауаға шығарылатын ластағыш заттардың тізбесі);
      есептелетін химиялық ластанудың көздері мен ауқымдары: жабдықтарды жобамен көзделген барынша көп жүктемелеу кезінде, сонымен қатар ықтимал бір дүркін және апаттық шығарылыс кезінде. Атмосфералық ауаның қалай ластанатынын есептеген кезде сол жердегі жұмыс істеп жатқан, салынып жатқан немесе салынуы көзделген кәсіпорындардың (объектілердің) ауаны ластауға қосатын үлестерін ескере отырып және де сол жердегі ауаның қазіргі сапасын ескеру қажет;
      қалдығы аз және қалдықсыз (ысырапсыз) технологияларды енгізу, сонымен қатар әлемдік озық тәжірибеге сәйкес деңгейде атмосфералық ауаға шығарылуды болдырмау (қысқарту) жолындағы арнайы іс-шаралар;
      қоршаған ортаға ластайтын заттардың жол беруге болатын шекті шығарындылар (бұдан әрі - ШРШ) анықтай отырып, нормалау кезеңдері бойынша ұсыныстар;
      шығатын ластауыш заттардың (соның ішінде шудан, электр-магниттік өрістерден және өзге де зиянды физикалық әсерлерден) деңгейлерін ескере отырып, қабылданған санитарлық-қорғау аймағының (бұдан әрі - СҚА) мөлшерін негіздеу;
      ластану зардаптарын бағалау және жағымсыз әсерді төмендету бойынша іс-шаралар;
      атмосфералық ауаның ахуалын байқау мониторингісі мен бақылауды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар;
      айрықша қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (бұдан әрі - ҚМЖ) кезінде ауаға шығарысты реттеу шараларын әзірлеу;
      2) су қорлары:
      құрылыс салу және пайдалану кезеңінде шаруашылық және өзге де қызмет үшін су қорларына деген қажеттілік, қолданылатын су сапасына қойылатын талаптар;
      су көзінің сипаттамасы, тұрған жері, суды шаруашылықта қолдану;
      су тұтыну мен су бұрып берудің экологиялық жүйесінің тиімділігінің негізгі көрсеткіші ретінде алынатын таза судың жыл сайынғы көлемінің қарқыны міндетті түрде көрсетілген объектінің су балансы;
      жер үсті сулары:
      аумақтың гидрографиялық сипаттамасы;
      көзделіп отырған қызмет ықпал етуі мүмкін су объектілерінің сипаттамасы (барынша жақындатылған қадағалау жармаларын қолдана отырып);
      су ағымының гидрологиялық, гидрохимиялық, мұз қату, термикалық, жылжу шапшаңдығы режимдері, салындылардың режимдері, қауіпті құбылыстар - тасқын су басуы, кептелу, қабыршақ мұздың пайда болуы, айдап кету құбылыстары;
      жер үсті су көздерінен қалыпты жағдайда, қосымша реттеусіз нормативті негізделген көлемде су алуды бағалау;
      санитарлық қорғау аймақтарын ұйымдастырудың қажеттілігі мен тәртібі;
      шығатын сарқынды судың мөлшері мен сипаттамасы (ағылып құйылатын жері, ластағыш заттардың шығарылуының құрылмалық ерекшеліктерін, тізбесі мен концентрацияларын көрсете отырып);
      айналым жүйелерінің барынша ықтималды түрде енгізілуін, сарқынды суларды қайта қолдануды, тазалау құрылыстарының тұнбаларын кәдеге жарату тәсілдерін негіздеу;
      қоршаған ортаға ластайтын заттардың жол беруге болатын шекті төгінділер - (бұдан әрі - ШРТ) жету бойынша ұсыныстар, олардың құрамына төмендегілер кіруі тиіс:
      су көзінің ластану мүмкіндігін және суды алудың экожүйеге әсерінің зардаптарын қоса алғанда, құрылыс салу және пайдалану барысында жоспарланатын объектінің сулы ортаға әсерін бағалау;
      құрылыстарды төсеп тартумен, көпірлерді, су алғыш құрылғыларды салумен байланысты арналық үрдістердің өзгеруін бағалау, теріс зардаптарды анықтау;
      су қорғау шаралары, олардың тиімділігі, іске асыру құны және кезектілігі;
      жер үсті суларының экологиялық мониторингін ұйымдастыру;
      жер асты сулары:
      ауданды сипаттаудың гидрогеологиялық параметрлері, жер асты суларының барланған кен орындарының анықталуы мен оның сипаттамасы;
      пайдаланыстағы сулы горизонттың қазіргі ахуалының сипаттамасы (химиялық құрамы, пайдаланылатын қорлары, қорғалуы), оның қауіпсіз қолданылуы үшін қажет жағдайларды қамтамасыз ету, су алу құрылғыларын санитарлық қорғау аймақтарын ұйымдастырудың қажеттілігі;
      құрылыс салу мен пайдалану кезеңінде объектінің жер асты суларының сапасына әсерін бағалау, олардың ластану ықтималдығы;
      жер асты суларының ықтимал ластануының және сарқылуының зардаптарын талдау;
      жер асты суларын ластанудан және сарқылудан қорғау шараларын негіздеу;
      жер асты суларының экологиялық мониторингісінің бағдарламасы;
      3) жер қойнауы:
      жоспарланатын объектінің әсер ету аймағында минералдық және шикізат қорларының (қорлары мен сапасы) бар болуы;
      құрылыс салу және пайдалану кезеңінде объектінің минералдық және шикізат қорларына тапшылығы (түрлері, көлемі, алу көздері);
      минералдық және шикізат қорларын өндірудің қоршаған ортаның түрлі құрамдас бөліктеріне және табиғи қорларға әсерін болжау;
      су режимін реттеу және бұзылған аумақтарды пайдалану бойынша табиғат қорғау шараларын негіздеу;
      жер қойнауын пайдалану, пайдалы қазбаларды өндіру мен ұсату операцияларын өткізу кезінде төмендегідей материалдар ұсынылуы тиіс:
      қолданылатын кен орындарының сипаттамасы (пайдалы қазбалардың қоры бойынша мемлекеттік комиссиямен (ПҚҚБМК) бекітілген пайдалы қазбалардың қоры, олардың геологиялық ерекшеліктері және басқалары);
      зиянды топтамаларды арылтып алу мүмкіндіктерін қуаттайтын материалдар, ал улы топтамалар үшін - оларды көмудің тәсілі;
      пайдалы қазбалардың және ашылатын жоғарғы қабатты жыныстардың (әсіресе қайта қалпына келтіруде және құрылыс материалдары өндірісінде қолданылатын) радиациялық сипаттамасы;
      көзделіп отырған құрылыс объектілерін пайдалану барысында тау-кен жыныстары мен жер асты суларының ахуалын зерделеу, бақылау және бағалау үшін ұңғымалардың құрамы мен режимдік тарамын орналастыру бойынша ұсыныстар;
      пайдалы қазбаларды жер қойнауынан көрші учаскелер мен олар өндірілетін аудандағы жер асты қазбаларының қорларының азаюын (суландырылу, желдетілу, тотығу, тұтану және тағы басқалары салдарынан) болдырмайтындай етіп, барынша ықтималды түрде пайдалану бойынша ұсыныстар;
      мамандандырылған ғылыми-зерттеу ұйымының қорытындысына сүйене отырып, зиянды заттарды және өндіріс қалдықтарын жер қойнауына көму мүмкінділігін бағалау;
      4) өндіріс және тұтыну қалдықтары:
      қалдықтардың түрлері және пайда болу көлемдері;
      аумақтың өндіріс және тұтыну қалдықтарымен ластануының ерекшеліктері (қауіптілік индексі, улылығы, физикалық ахуалы);
      қалдықтардың барлық түрлерін зиянсыздандыру, кәдеге асыру, көму бойынша ұсынымдар;
      қалдықтарды залалсыздандыру немесе кәдеге жарату бойынша технологиялар;
      5) физикалық әсерлер:
      ықтимал жылу, электр-магниттік, шу әсерлерін және әсердің басқа да тұрпаттарын, сонымен қатар олардың зардаптарын бағалау;
      жұмыстар жасалатын аудандағы радиациялық жағдаяттың сипаттамасы, радиациялық ластанудың табиғи және техногендік көздерін анықтау;
      6) жер қорлары және топырақ:
      жер пайдаланудың күй-жайы мен шарттары, көзделіп отырған объектіні орналастыруға арналған аумақтың және меншіктің түріне сәйкес іргелес шаруашылықтардың жер балансы, жерге орналастырудағы ұсынылып отырған өзгерістер, объектіні құру мен пайдалану кезінде өтелуге жататын, ауылшаруашылығы өндірісі шығындарын және жерді пайдаланушылардың (меншік иелерінің) зияндарын есептеу;
      жоспарланатын объекті әсер ететін аймақтағы топырақ жамылғысының қазіргі ахуалының сипаттамасы (бонитет баллдары көрсетілген топырақ картасы, топырақтың су-физикалық, химиялық қасиеттері, ластануы, бұзылуы, эрозиясы, дефляциясы, құнарлылығы және механикалық құрамы);
      топырақ жамылғысына келетін әсердің сипаттамасы (механикалық бұзылыстар, химиялық ластану), объектінің ықпал жасау аймағында топырақтардың геохимиялық үрдістердің өзгеруінің, аумақтың үстін қайта жоспарлауға байланысты бедер-пішіні жаңа түрлерінің құрылуының, табиғи үрдістердің жандануының, өндіріс және тұтыну қалдықтарымен ластануының салдарынан топырақ пен жер қыртысы қасиеттерінің өзгеруі;
      әсер аймағында топырақтың құнарлы қабатын және ашылатын жыныстарды алып тастау, тасу және сақтау, тікелей қызметті қозғамайтын учаскелерде топырақ жамылғысын сақтау, бұзылған топырақ жамылғысын қалпына келтіру және аумақты бастапқы немесе басқа жолмен пайдалануға жарамды күйге (техникалық және биологиялық қайта қалпына келтіру) келтіру бойынша жоспарланатын шаралар және жобалық шешімдер;
      топырақтың экологиялық мониторингін ұйымдастыру;
      7) өсімдік:
      әсер объектісі аймағындағы өсімдік жамылғысының қазіргі ахуалы (геоботаникалық карта, өсімдік құрамы, функционалдық мағынасы, өсімдік қауымының өнімділігі, олардың табиғи қарқыны, өрт қауіпсіздігі, дәрілік, сирек кездесетін, жергілікті және Қызыл кітапқа енгізілген өсімдік түрлері, көгалдандыру екпелерінің ахуалы, өсімдіктердің ластануы мен зақымдануы; өсімдікке қазіргі антропогендік ықпалдың жасалуынан болатын бірмерзімдік ауысымы);
      объекті мен ілеспелі өндірістердің аумақтың өсімдік қауымына, аумақтарына әсерін сипаттау, әсер ету аймағында өсімдіктердің сирек кездесетін және жергілікті түрлеріне төнетін қауіп;
      өсімдік қорларын қолдану көлемін негіздеу;
      жоспарланатын қызмет аймағының өсімдікке әсер ету ауданын айқындау;
      әрекет ету объектісі аймағындағы өсімдік жамылғысында келетін өзгерістер (өсімдік қауымының құрамы, ахуалы, өнімділігі, генотиптердің бейімделуін бағалау, шаруашылық және функционалдық мағынасы, ластануы, зиянды жәндіктермен зақымдануы) және осы өзгерістердің тұрғындардың өмірі мен денсаулығына келтіретін зардаптары;
      өсімдік қауымын сақтау, олардың ахуалын жақсарту, өсімдіктерді сақтау және ұлғайта өсіру жөніндегі ұсынымдар;
      өсімдік жамылғысының мониторингі бойынша ұсыныстар;
      8) жануарлар дүниесі:
      су және жер үсті жануарларының бастапқы ахуалы;
      сирек кездесетін, сиреп бара жатқан және Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар түрлері;
      объектінің жануарлардың түр-құрамына, санына, олардың гендік қорына, мекендеу ортасына, көбею жағдайларына, қоныс аудару жолдарына және құрылыс салу мен пайдалану барысында жануарлардың шоғырланатын жерлеріне тигізетін әсерін сипаттау, түрлердің бейімделуін бағалау;
      объектінің әсер ету аймағындағы табиғи қауымдардың бүтіндігінің, мекендеу ортасының, көбею жағдайларының, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырланатын жерлеріне әсерінің бұзылуының, олардың алуан түрлерінің қысқаруының ықтималдығы, осы өзгерістердің оларға және қоршаған ортаға келтіретін зиянының зардаптарын бағалау;
      табиғи қауымдардың бүтіндігін және су мен жерде өмір сүретін жануарлардың алуан түрлерін сақтау мен қалпына келтіру, азық қорларын жақсарту жөніндегі шаралар;
      жануарлар әлемі мониторингісіне арналған бағдарлама;
      9) әлеуметтік-экономикалық орта:
      жергілікті тұрғындар өмірінің қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы, олардың еңбек қызметін сипаттау;
      құрылыс салу, пайдалану және жою кезеңінде объектіні адам күші мен қамтамасыз ету, оған жергілікті тұрғындардың қатысуы;
      жоспарланатын объектінің аймақтық-аумақтық табиғатты пайдалануға әсері;
      объектінің жобалық шешімдерін орындау кезінде (объекті пайдаланудың қалыпты жағдайларында және ықтимал апаттық жағдайларда) жергілікті тұрғындардың өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларының өзгеруін болжау;
      аумақтың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы және көзделіп отырған қызмет нәтижесінде оның өзгеруін бағдарлы түрде болжау;
      көзделіп отырған шаруашылық қызмет барысындағы әлеуметтік қатынастарды реттеу ұсыныстар;
      10) аймақтағы көзделіп отырған қызметті іске асырудың экологиялық тәуекелін бағалау:
      табиғи кешендердің құндылығы (функционалдық мағынасы, ерекше қорғалатын объектілер), бөлінген кешендердің (ландшафттардың) көзделіп отырған қызмет әсеріне төзімділігі;
      объектіні пайдаланудың қалыпты (апатсыз) режиміндегі қоршаған ортаға әсерінің зардаптарын кешенді түрде бағалау;
      апаттық жағдайлардың ықтималдығы (объектінің техникалық деңгейін және қауіпті табиғи құбылыстардың болуын ескере отырып), апаттық жағдайлардың көздері, түрлері, олардың қайталануы, әсер аймағы анықталады; апаттық жағдайлардың қоршаған ортаға және тұрғындарға келтіруі мүмкін зардаптарын болжау;
      көзделіп отырған шаруашылық қызмет нәтижесінде қоршаған ортаға және тұрғындардың денсаулығына келтірілетін шарасыз зиянды қоршаған ортаға теріс әсер үшін нормативтік төлемдерді бағдарлық есептеу түрінде бағалау, сонымен қатар ықтимал апаттық жағдайлар нәтижесінде қоршаған ортаға нормативтік көрсеткіштен тыс зиян үшін ықтимал өтемақылық төлемдердің мөлшерлерін есептеу іске асырылады, экологиялық сақтандыру мөлшерлерін анықтау кезінде технологиялық және статистикалық негізделген өтемақылық төлемдерді есептеу қолданылады;
      апаттық жағдайларды болдырмау және олардың зардаптарын жою жөніндегі ұсынымдар;
      қалдықтарды кәдеге жарату кезінде.
      Ескерту: 26-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің м.а. 2010.03.26 № 70-ө (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      27. Жұмыс құжаттамасына "Қоршаған ортаны қорғау" тарауын (бұдан әрі - Тарау) әзірлеу ҚОӘБ ресімінің төртінші сатысы болып табылады.
      "ҚОӘБ жобалау" сатысында қабылданған, көзделіп отырған қызметті іске асыру бойынша жекеленген техникалық шешімдер жұмыс құжаттамасын (3-қосымша) дайындау кезінде айтарлықтай өзгереді. Бұл жағдайда тарауды әзірлеу ҚОӘБ ҚОӘБ материалдарына қатысты түзетуші сипатта болады.

      28. Тараудың құрамы мен мазмұны көбінесе ҚОӘБ үшінші сатысының материалдарына ұқсас келеді.
      Қоршаған ортаға әсердің сипаттамасы мен параметрлерінің төртінші сатысында:
      жұмыс құжаттамасында (жобалық құжаттамада) қарастырылатын техникалық шешімдерге сәйкес анықталуы керек;
      қысқаша түрде, қабылданған шешімдерді талдауға және қоршаған ортаны қарастырылатын объектінің теріс әсерінен қорғауды қамтамасыз етуге жеткілікті көлемде баяндалуы керек.

      29. ҚОӘБ ресімі сияқты тарау бір сатылы техникалық жобалау кезінде орындалатын "Жұмыс жобасы" - жобалық құжаттама үшін міндетті болып келеді.

      30. Тарау қоршаған ортаның құрамдас бөліктеріне әсері жергілікті сипатта болатын өз ауқымы мен экологиялық маңыздылығы бойынша кішігірім объектілер және құрылыстар үшін жасалады.
      Тарауды дайындау кезінде жобаланатын объектінің маңындағы аумақта табиғи ортаның құрамдас бөліктерінің ахуалына арнайы инженерлік-экологиялық және өзге де іздестірулерді өткізу қажет. Инженерлік-экологиялық және өзге де іздестірулердің көлемі мен сипаты өнеркәсіптің тиісті саласындағы кәсіпорындарды жобалаудың ерекшеліктеріне немесе түрлі аймақтарда салынатын тұрғын үй объектілердің параметрлеріне қойылатын талаптарға қатысты нақтылануы мүмкін.

      31. Тарауда ықтимал нақты баламалық түрлері қарастырылуы тиіс және оның одан арғы іске асырылуы жүзеге асырылатын (құрылыс салу және пайдалану) техникалық-экономикалық және экологиялық тұрғыда ұсынылатын түрдің таңдалуы негізделеді.

      32. Тарауды әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және көзделіп отырған қызметті реттейтін салалық тиісті нормативтік құжаттарды басшылыққа алған жөн.

      33. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға Тарауды ұсынар алдында көзделіп отырған қызметтің тапсырыскері Тарауды және бұрын орындалған ҚОӘБ материалдарын қоса алғанда жобалық құжаттаманы талқылауға жұртшылықтың қатысуын қамтамасыз етеді.
      Көзделіп отырған қызметтің ауқымы және қоршаған ортаға шамалы болатын кезде жұртшылықтың Тарауды талқылауын өткізу ресімі аудандық оқу бөлімінде (қалалық) әкімшілік деңгейде жөн болады.

      34. ҚОӘБ ресімінің барлық сатыларында арнайы Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен мамандандырылған аттестатталған зертханаларды міндетті түрде тарта отырып, ғылыми-зерттеу және инженерлік-экологиялық іздестірулер өткізілуі тиіс.

      35. Өткізілген ҚОӘБ нәтижелері бойынша жобалық құжаттаманың тапсырыскері дайындайтын "Экологиялық зардаптар туралы мәлімдеме" ҚОӘБ-ға жеке қосымша болып табылады және мемлекеттік экологиялық сараптамаға жобалық материалдардың құрамында ұсынылады (4-қосымша).
      Экологиялық зардаптар туралы мәлімдеме ҚОӘБ ресімін орындаудың барлық сатыларында құрастырылады.

      36. Жобалаудан кейінгі талдау жаңадан іске қосылып жатқан (капиталдық салымдардың 50 миллион АҚШ доллары көлемімен санитарлық біліктіліктің 1-сынып) объектілер үшін шаруашылық және өзге де қызметтің басталуынан бір жыл өткеннен кейін (объектіні өнеркәсіптік пайдалануға тапсырғаннан кейін) объектінің қоршаған орта үшін қауіпсіздігін дәлелдеу (шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсері сипаттамасын анықтау) және табиғатты қорғау іс-шараларын реттеу мақсатымен жүзеге асырылады.

      37. Жобалаудан кейінгі талдау қоршаған ортаны қорғау саласында қызметтер мен жұмыстарды орындауға лицензиялары бар жеке және заңды тұлғалармен жүзеге асырылады. Жобалау кейінгі талдау жұмыстарын объект иеленуші ұйымдастырады және қаржыландырады.
      Ескерту. 37-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қоршаған Ортаны Қорғау министрінің 2008.03.20 N 62-ө (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      38. Жобалаудан кейінгі талдау процедурасы:
      1) алдағы өткен қоршаған ортаға әсерді бағалау кезеңдерінде жасалған қорытындылар мен материалдарды іске қосылған объектіні көріп, менеджерлері мен мамандарымен сұхбаттасқаннан кейін зерттеу;
      2) өлшеу және зертханалық зерттеу;
      3) жобалау кейінгі талдау нәтижелері туралы есеп құру.

      39. Жобалаудан кейінгі талдау сатысында төмендегі аспектілер анықталуы тиіс:
      1) объект орналасуы жобаға және ҚОӘБ-да белгіленген жағрафиялық нүктелерге сәйкес келуі;
      2) жобалық шешімдердің объектінің нақты мөлшеріне сәйкес келуі;
      3) жобалау сатысында және ҚОӘБ-да белгіленген табиғат қорғау құрал-жабдығының сәйкес келуі;
      4) эмиссия жобалық көздерінің нақты көздеріне сәйкес келуі;
      5) эмиссия көрсеткіштерінің жобада белгіленген нормативтерге сәйкес келуі;
      6) жобада қарастырылмаған объектінің қоршаған ортаға жағымсыз әсері туралы мәліметтер;
      7) объект қолданысының тұрақтылығы туралы мәліметтер: апаттық жағдай тәуекелі, қоршаған орта жай-күйіне тигізген зияны туралы;
      8) объекті пайдаланатын қызметкерлердің біліктілігі, қажетті білімдері туралы мәліметтер, қоршаған ортаны қорғау туралы ақпарат.

      40. Жобалаудан кейінгі талдау өткізу кезінде зерттеліп отырған объектіде және оған шектес аумақтарда қоршаған ортаның жергілікті мониторинг материалдарын пайдалану тиіс.

      41. Жобалаудан кейінгі талдау қорытындысы туралы есеп төмендегіні қамтуы тиіс:
      1) шаруашылық қызметін иеленуші туралы ақпарат;
      2) объект туралы жалпы ақпарат;
      3) объект орналасуы, қолданатын технология, қуаты;
      4) ҚОӘБ алдағы сатылары және мемлекеттік экологиялық сараптама туралы мәліметтер;
      5) жоба көрсеткіштерін талдау және салыстыру нәтижесі, ҚОӘБ алдағы сатылары туралы және пайдаланатын объектіде нақты жағдай туралы деректер;
      6) анықталған сәйкессіздікті түзету жөніндегі ұсынымдар;
      7) бұрын белгіленген нормативтерге, рұқсат шартына өзгерістерді енгізу жөніндегі ұсыныстар;
      8) қосымшалар (өлшеу, зертханалық талдау, фотоматериалдар, сұхбат қорытындысы және тағы сол сияқты).

      42. Жобалаудан кейінгі талдау кезінде ерекше көңіл әсерді бағалауда анықталған маңызды әсер түрлеріне, сондай-ақ болуы мүмкін салдары туралы нақты ақпарат жоқ әсер түрлеріне бөлінеді.

4-1. Технологияларды, техника мен жабдықты қолдану жөніндегі құжаттама үшін қоршаған ортаға әсерін бағалау ерекшеліктері

      Ескерту. Нұсқаулық 4-1-тараумен толықтырылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің м.а. 2010.03.26 № 70-ө (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      42-1. Көлік құралдары мен жабдықтарды қоспағанда, технологияларды, техника мен жабдықты қолдану жөніндегі құжаттама үшін ҚОӘБ осы Нұсқаулыққа сәйкес тиісті жоба шеңберінде өткізіледі.
      Сонымен бірге, техника мен жабдықтың экологиялық қауіпсіздігін негіздейтін материалдар, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексімен, Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерімен белгіленген экологиялық талаптарға сәйкестік талдауын қамту керек. Қабылданған техникалық регламенттер жоқ болған жағдайда, халықаралық стандарттармен белгіленген экологиялық талаптарға сәйкестік талдауы жүргізіледі.
      42-2. Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетіндерді (әкелінетіндерді), өндірілетіндерді қоса алғанда, көлік құралдары мен жабдықты қоспағанда өздік (әзірленген және қолданылуға жоспарланған) технологияға, техникаға құжаттама үшін ҚОӘБ мынадай құжаттар негізінде жүргізіледі:
      1) технологиялық процестің және жабдықтардың егжей-тегжейлі сипаттамасы, олардың сыныпталуын;
      ұсынылып отырған технологиялар мен техникалық шешімдердің ғылыми жаңалығын және тәжірибелік бағалануын;
      технологиялық жабдықтың қоршаған ортаға эмиссиясын анықтау және есептеудің әдістемелік ыңғайдың сипаттамасын және бағалануын;
      қоршаған ортаға түсетін ластаушы заттардың толық номенклатурасын (тізбесін) және олардың сипаттамасын;
      Қазақстан Республикасында олардың бар болуын көрсетумен түзілетін қалдықтарды залалсыздандыру немесе кәдеге жарату бойынша технологиялардың талдануын, не олар болмаған жағдайда технологияны кәдеге жарату кезінде жоғары экологиялық қатердің талдануын, не оның экономикалық орынсыз екендігін;
      технологияны, техниканы және жабдықты қолданумен байланысты экологиялық салдарды бағалауды (болжамдау) сипаттайтын түсіндірме жазба;
      2) қолданылатын технологияға талаптар кешенін (көрсеткіштер, нормалар, ережелер, қағидалар) қамтитын ұйымның (техникалық жағдайы) стандарты;
      3) қоршаған ортаның әсерін бағалаудың белгіленген көрсеткіштерін (бар болған жағдайда) сақтау қамтамасыз етілетін технологияның, техниканың, жабдықтың аталған түрін қолдану рәсімі көрсетілетін пайдалануға беру бойынша нұсқаулық;
      4) алдын ала жүргізілген сынақтар (зерттеулер) бойынша материалдар (хаттамалар, анықтамалар, есептер);
      5) сәйкестік сертификаттары (бар болған жағдайда);
      6) технологияның, техниканың, жабдықтың олардың қолда бар ұқсас түрлерімен салыстырғандағы сипаттамасы, технологиялық үрдістің сипаттамасы.

5. Қолданыстағы объектілер үшін және трансшекаралық
әсерімен объектілер үшін қоршаған ортаға әсерді бағалау
процедурасын өткізу ерекшеліктері

      43. Жобалау процесінде әсерді бағалау жүргізілмеген жағдайда немесе табиғат пайдалану шарттары жобада қарастырылған шарттардан ерекшеленсе, ондай объектілер үшін қоршаған ортаға әсерді бағалау процедурасы өткізілуі тиіс.
      Жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның ҚОӘБ өзіне табиғи ортаның құрамдас бөліктері бойынша мына материалдарды қосады:
      шаруашылық және өзге қызметтің тапсырыс берушісінің деректемелері;
      жергілікті жердің және айналасының бағдарлармен карта-сұлбасы: дөңестер, өзендер, өзендер және тағы басқалары;
      карта-сұлбаға өнерәсіптік алаңдар (шығарындылардаң негізгі көздерімен), санитарлық-қорғау аймағы, бар тұрғын пәтерлер мен аумақтар, болашақ тұрмыс құрылыстарының учаскелері, демалыс аймақтары, санаторийлер, демалыс үйлері, метеостанциялар, атмосфераны ластауды бақылау орындары салынады;
      өнеркәсіптік шығарындыларды сейілтуді анықтайтын параметрлер бойынша жергілікті физикалық-географиялық және климаттық жағдайларының қысқаша сипаттамасы. Орташажылдық деректер, жерге таяу және көтерінкі температуралық түрленудің қарқындылығы мен қайталымдығының жылдық және тәуліктік барысы;
      өнеркәсіптік үдерістердің қоршаған ортаның элементтеріне әсер ететін қызмет түрлерін көрсетумен, табиғи ортаға эмиссиялар көлемімен және құрамымен (эмиссия көздері) қолданылатын материалдар мен жабдықтардың түрі мен санын, тұтынатын шикізаттар мен алынатын ресурстарды, санитарлық-қорғау аймақтарының өлшемдерін, қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтері жөніндегі ұсыныстар (қолданыстағы эмиссиялардың нормативтері болмаған жағдайда) қоса негізгі сипаттамалары;
      қолданылатын технологияны ең жақсы қол жетімді технологиялар мен техникалық үлестік нормативтерге сәйкестікке талдау;
      кәсіпорындардың қоршаған ортаның құрамдас бөліктері мен халық денсаулығына ағымдағы уақыттағы әсерін бағалау (әзірлеу алдындағы кезеңдегі өндірістік мониторинг және объектіні жобалауды бастағаннан кейінгі зертханалық зерттеулердің нәтижелері);
      экологиялық қауіпті және халық денсаулығы үшін қауіпті бағалау;
      қоршаған ортаға әсердің алдын алу, төмендету үшін қарастырылған шаралардың сипаттамасы;
      өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы;
      қоршаған ортаға әсерді бағалауды өткізу нәтижелері бойынша негізгі тұжырымдар;
      косымшалар (Соңғы 3 жылда берілген экологиялық рұқсаттардың көшірмелері, өлшеулердің, зертханалық талдаулардың деректері, соңғы 3 жылдағы барлық жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптамалар қорытындыларының көшірмелері, аялық шоғырлану мен жергілікті физикалық-географиялық және климаттық сипаттамалар туралы "Қазгидромет" РМК-ның хат анықтамасы).
      Ескерту. 43-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 3 ақпандағы N 17-ө (қолданысқа енһгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      44. Трансшекаралық әсерімен объектілер үшін қоршаған ортаға әсерді бағалау ерекшелігі Қазақстан Республикасымен белгіленген халықаралық келісімдермен және конвенциялармен анықталады.

6. Шағын бизнес объектілері үшін қоршаған ортаға әсерді
бағалау процедурасын өткізу ерекшеліктері

      45. 4 Қосымшада көрсетілген қоршаған ортаға әсері шамалы шағын бизнес объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алу үшін толтырылған жұмыс жобасына Экологиялық салдары туралы арыздың формасы (4-қосымша) жеткілікті, оны жобалау құжаттамасын тапсырыскер өзі немесе тапсырыскер бекітіп, қоршаған орта саласында жұмыстарды орындауға лицензиялары бар жеке және заңды тұлғалар әзірлейді.

      46. IV санатқа жататын шағын бизнес объектілері үшін қоршаған ортаға әсерді бағалау 1 сатысы - қоршаған ортаның жай-күйін шолу (объектіні орналастыруға арналған учаскені оңтайлы таңдауды негіздеу үшін аумақты бағалау), оның құрамына мынадай құжаттар енгізілуі тиіс:
      1) жер учаскесін пайдалану мақсаты мен оның орналасу орны көрсетіліп тапсырыскер арызы;
      2) құрылысқа арналған жер учаскесін таңдау туралы кесім немесе құрылысқа арналмаған не пайдалану мақсатын өзгерген жағдайда Ниет туралы мағлұмдама;
      3) сұрау салған учаске орналасу сызба-картасы және оның, шектес жер пайдаланушылардың, тұрғылықты жерлердің және өзге де объектілердің (су объектілерінің, ормандардың, рекреациялық аймақтардың және тағы басқалардың) шектері көрсетіліп сызба-карталары;
      4) сұрау салған жер учаскесін мәлімдеген мақсаты бойынша, жерді аумақтық бөлуге сәйкес жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органның (тұрғылықты жерлерде - сәулеттендіру және қала құрылысы органының) қорытындысы;
      5) объектіні немесе көзделіп отырған қызметтің қауіптіліктің V санатына жатқызылуын растайтын санитарлық-эпидемиологиялық органның қорытындысы;
      6) коммуналды немесе өзге де ұйымдардың су, жылыту, канализация жүйесіне объекті қосу мүмкіндігі туралы техникалық шарттары.
      Жоғарыда көрсетілген құжаттаманы тапсырыскер өзі немесе тапсырыскер бекітіп, қоршаған орта саласында жұмыстарды орындауға лицензиялары бар жеке және заңды тұлғалар әзірлейді.

      47. Объектіні орналастыру үшін таңдалған жер учаскесі ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда, мемлекеттік орманшылық қорының аумағында, суды қорғау, рекреациялық аймақтарында болса немесе жасыл желек екпе ағаштарын бұзуға байланысты жағдайда қоршаған ортаның жай-күйін шолу (объектіні орналастыруға арналған учаскені оңтайлы таңдауды негіздеу үшін аумақты бағалау) IV санаттағы объектілері үшін қоршаған орта саласында жұмыстарды орындауға лицензиялары бар жеке және заңды тұлғалар жасайды.

      48. Көлемі және экологиялық маңыздылығы шамалы (экологиялық қауіпті емес), әсері қоршаған ортаға жергілікті сипат алатын объектілер және құрылыстар үшін, сонымен қатар аумақта І және ІІ санаттағы өндірістік объектілерді жобалау және салу міндетті түрде Қоршаған ортаны қорғау тарауын "Жұмыс жоба" жобалау құжаттамасын сүйемелдейтін ҚОӘБ процедурасы ретінде орындау керек.
      Тарау қоршаған орта саласында жұмыстарды орындауға лицензиялары бар жеке және заңды тұлғалармен орындалады.

7. Қоршаған ортаның әсерін бағалауды жүргізуге қатысушылар

      49. ҚОӘБ өткізуі барысында шаруашылық және өзге де қызметті негіздейтін жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасының тапсырыскері:
      1) құжаттаманы дайындаудың барлық кезеңдерінде ҚОӘБ бойынша барлық қажетті экологиялық іздестірулер, зерттеулер және жұмыстардың (рәсімдердің) орындалуын ұйымдастырады;
      2) жұртшылыққа хабарлауды және оның ҚОӘБ-ті жүзеге асыру барысына қатысуын қамтамасыз етеді;
      3) ҚОӘБ материалдарына қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
      4) Көзделіп отырған (ұсынылып отырған) қызметтің түрін таңдау кезінде ҚОӘБ нәтижелерін ескереді;
      5) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарына Қазақстан Республикасында бекітілген тәртіп пен рәсімдерге сәйкес ҚОӘБ материалдарын ұсынады;
      6) жоспарлау алдындағы, жобалау алдындағы және жобалық құжаттаманың барлық өту кезеңдерінде (келісу, бекіту) құзырлы органдардың шарттарын, кепілдемелерін және ұсыныстарын орындайды;
      7) көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға теріс әсерлерін болдырмау (нормативті деңгейлерге дейін төмендету) жөніндегі шаралардың жеткіліктілігі мен тиімділігі үшін жауапкершілік көтереді.

      50. ҚОӘБ барлық сатылары бойынша құжаттама әзірлеуші:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тапсырыскер анықтаған мерзімде ҚОӘБ жасалуының сапалы, толық, шынайы және объективті екеніне кепілдік береді;
      2) тапсырыскермен бірге көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау бойынша материалдардың қоғамдық талқылануын өткізуге қатысады;
      3) Мемлекеттік экологиялық сараптама рәсімі өту кезінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орталық атқарушы органда ҚОӘБ бойынша ұсынылатын материалдардың қарастырылуына тапсырыскермен бірге қатысады.

8. Жұртшылықтың қоршаған ортаның әсерін бағалауды
әзірлеу рәсіміне қатысуы

      51. Шаруашылық және өзге де қызметті негіздейтін жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау адындағы және жобалау құжаттамасына ҚОӘБ материалдарын әзірлеу кезінде қоғамдық пікірді есепке алу жүзеге асырылады.
      Қоғамдық пікірді есепке алу жұртшылықтың ҚОӘБ материалдарын әзірлеу мен талқылауға қатысуы арқылы қамтамасыз етіледі және оны көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің тапсырыскері ұйымдастырады.

      52. Қоғамдық пікірді ескертудің негізгі ұйымдастыру негіздері:
      қоғамдық тыңдаулар. Жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасының тапсырыскері (әзірлеуші) жұртшылық өкілдерінің пікірлерін ашық тыңдауды жұртшылық өкілдерін жинау жолымен ұйымдастырады. Ол үшін Тапсырыскер (әзірлеуші) өткізілетін қоғамдық тыңдаулар, өткізу күні, уақыты және орны туралы, ҚОӘБ жобасына жұртшылықтың қолын жеткізу тәртібі туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарына (бұдан әрі - БАҚ) алдын ала береді. Қоғамдық тыңдауларға мүдделі жұртшылық, тапсырыскер (әзірлеуші), жергілікті атқарушы органдар, қоршаған ортаны қорғау аумақтық органдарының өкілдері қатысады;
      жұртшылықтың жазбаша ұсыныстары мен ескертулерін жинау, ол кезде тапсырыскермен (әзірлеушімен) төте байланыс БАҚ-на жұртшылықтың ҚОӘБ жобасы материалдарына қол жеткізуі тәртібі және қоғамдық пікірді ескертуге арналған ұсыныстар мен ескертулерді ұсыну туралы ақпарат беру арқылы қамтамасыз етіледі. Тапсырыскер (әзірлеуші) жұртшылықтан түсетін ұсыныстар мен ескертулерді қабылдау және тіркеу орнын ұйымдастырады;
       қызмет аумағындағы халыққа сауалнама жүргізу жолымен жазбаша ұсыныстар мен ескертулерді жинау. Осы іс-шара жүргізу үшін Тапсырыскер (әзірлеуші) жұртшылықтың ҚОӘБ қорытындысы және материалдарына қол жеткізуі тәртібі, мерзімі және сауалнама ұйымдастыру шарты туралы жұртшылықты БАҚ-нда хабардар етеді.

      53. Қоғамдық пікірді ескертудің ұйымдастыру нысанын таңдау көзделіп отырған шаруашылық қызмет жобасының маңыздылығына және оның қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсері деңгейіне, сонымен қатар жұртшылықтың мүдделі тобына тәуелді. Ұйымдастыру нысанын таңдау және қоғамдық тыңдаулардың өткізу күні қоршаған ортаны қорғау органдарымен келісіледі.

      54. Қоғамдық тыңдауларға қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсер етуі ықтимал, үш өлшемнің біреуі (немесе бәрі бірге), атап айтқанда, әсер мөлшері, кезеңі және қарқындылығы ескеріліп, көзделіп отырған шаруашылық қызметінің жобалау алдындағы және жобалау материалдарының ҚОӘБ қорытындысы ұсынылады.

      55. Қоғамдық пікірді ескертудің тәуелсіз нысаны ретінде жазбаша ұсыныстар мен ескертулерді жинау (соның ішінде сауалнама жүргізу), шаруашылық қызметтің жеке, маңыздылығы кемдеу жобалар бойынша жүргізіледі.

      56. Жазбаша ұсыныстар мен ескертулерді жинау қоғамдық пікірді ескертудің барлық сатыларында ұйымдастыру формасына қарамастан да өткізіле береді.

      57. Жобалаудың кейінгі сатысында қоғамдық пікірді ескерту өндірістік операция жеке жобасының ҚОӘБ қорытындысы бойынша жазбаша ұсыныстар мен ескертулерді жинау жолымен жүргізуге жол беріледі.

      58. Қоғамдық пікірдің төмендегі тәртібі орындалады:
      тапсырыскер (әзірлеуші) жергілікті атқарушы органдармен қоғамдық тыңдаулар өткізілетін уақыты мен орны туралы келіседі және БАҚ-на көзделіп отырған шаруашылық қызметтің әсерін бағалау қорытындысы бойынша қоғамдық пікірді ескерту жөніндегі іс-шараларды жүргізу, тыңдауларды ұйымдастыру нысаны, өткізу уақыты мен орны туралы ақпарат береді;
      хабарландыруда кеңсе мекенжайы көрсетіледі, онда жұртшылық өкілдері ҚОӘБ қорытындысымен таныса алады;
      тапсырыскер (әзірлеуші) жұртшылықты хабардар етудің басқа да тәсілдерін пайдаланыла алады (ақпараттық парақтар, ашық жерде орналасқан стендтер, плакаттар, теледидардағы хабарландырулар жолындағы ақпарат және тағы басқа тәсілдер);
      ҚОӘБ жобасы бойынша қоғамдық пікірді ескертуді ұйымдастыру туралы хабарландыруды беру күнінен бастап, Тапсырыскер (әзірлеуші) жұртшылық өкілдерінің ҚОӘБ жобасына қол жеткізуін, ескертулер мен ұсыныстар қабылдауды және тіркеуді қамтамасыз етеді.

      59. Қоғамдық тыңдаулар Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 7 мамырдағы N 135-ө бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2007 жылғы 30 мамырында N 4687 тіркелген) Қоғамдық тыңдауларды өткізу ережелеріне сәйкес өткізіледі.

      60. Қоғамдық пікірді ескерту тәртібі жазбаша ұсыныстарды жинау жолымен (соның ішінде сауалнама арқылы) жүзеге асырылады.
      Және де тапсырыскер (әзірлеуші):
      кеңсе ұйымдастырады, онда жұртшылық өкілдері ҚОӘБ қорытындысымен таныса алады;
      ҚОӘБ жобасы бойынша жұртшылықтан түсетін жазбаша ұсыныстар (сонымен қатар сауалнамалар) тіркелуін ұйымдастырады;
      ҚОӘБ жобасы бойынша жұртшылықтан түсетін ескертулер мен ұсыныстар талдауын ұйымдастырады және қоғамдық пікірді ескертіп, ҚОӘБ жобасын әзірлеуге қайтару туралы шешім қабылдайды;
      мемлекеттік экологиялық сараптамаға қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдарымен бірге жұртшылықтан хаттама түрде ресімделген ұсыныстар көшірмелері, сонымен қатар жұртшылық ұсыныстары бойынша жасалған түсіндірмелер ұсынады.

      61. Тапсырыскер (әзірлеуші) қоғамдық пікірді ескерту процесін құжаттауды қамтамасыз етеді (стенограмма, фото-бейнетүсірулер, аудиожазбалар және басқа материалдар ретінде), сонымен қатар:
      қоғамдық пікірді ескертуді жүргізу туралы хабарландыру беріледі;
      БАҚ-на ҚОӘБ қорытындысы туралы ақпарат ұсынылады;
      ҚОӘБ жобасымен танысқан тұлғаларды тіркеу жүргізіледі;
      қоғамдық тыңдауларға қатысушылар тізімі дайындалады;
      ҚОӘБ жобасы бойынша түсетін жазбаша ұсыныстар мен ескертулер тіркеледі;
      Қоғамдық тыңдаулар хаттамасы жасалады, онда жұртшылық пен Тапсырыскер арасындағы келіспеушілік және талқылау негізгі мәселелері көрсетіледі;
      жұртшылықтың ескертулері мен ұсыныстарын ескерту жөніндегі түсіндірмелер жобалық құжаттама түрде әзірленеді.

Қазақстан Республикасының 
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2007 жылғы 28 маусымдағы N 204-ө
бұйрығымен бекітілген жоспарлау
алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы
және жобалау құжаттамасын әзірлеу
кезінде көзделіп отырған шаруашылық
және өзге де қызметтің қоршаған ортаға
әсерін бағалауды жүргізу тәртібі 
туралы Нұсқаулыққа 1-қосымша 

Әсерін бағалауды толық көлемде жүзеге асыру ұсынылатын
объектілердің (қызмет түрлерінің) тізімі

      1. Мұнай өңдейтін зауыттар (тек қана шикі мұнайдан жағар май материалдарын өндіретін кәсіпорындарды қоспағанда) және 500 тонна және одан көбірек көмірді немесе жанатын тақтатастарды газдандыруға және сұйылтуға арналған құрылыстар.
      2. Жылу қуаттылығы 300 МегаВатт немесе одан көбірек жылу электр станциялары мен басқа да жылу құрылыстары:
      1) осындай электр станцияларын немесе реакторларды бөлшектеу немесе пайдаланылуын тоқтатуды қоса алғанда (жарылатын және ұдайы ұлғайтылатын материалдарды өндіру мен қайта құруға арналған тұрақты жылу жүктемесінің барынша қуаттылығы 1 килоВатт-тан аспайтын зерттеу қондырғыларынан басқа), атом электр станциялары және басқа ядролық реакторлар.
      Атом электр станциялары және басқа ядролық реакторлар барлық ядролық отын мен басқа да радиоактивтік ластанған элементтер қондырғы алаңынан мәңгі-бақи аласталған кезде, осындай қондырғы болудан қалады.
      3. Жағылып кеткен ядролық отынды ұқсататын кәсіпорындар:
      Өндіріске арналған құрылыстар:
      1) ядролық отынды өндіру немесе байытуға арналған құрылыстар;
      2) жағылып кеткен ядролық отынды немесе жоғары радиоактивтік қалдықтарды қалпына келтіруге арналған құрылыстар;
      3) жағылып кеткен ядролық отынды түпкілікті көмуге арналған құрылыстар;
      4) радиоактивтік қалдықтарды тек қана түпкілікті көмуге арналған құрылыстар;
      5) тек қана сақтауға арналған (10 жылдан көбірек мерзімге жоспарланған) құрылыстар;
      6) жағылып кеткен ядролық отынның немесе радиоактивтік қалдықтардың учаскелерінен тыс құрылыстар.
      4. Бастапқы шойын және болат қорыту комбинаттары.
      5. Металлургия, химиялық немесе электролиттік үрдістер арқылы кендерден, концентраттардан немесе екінші қайтара шикізаттан түсті металдар өндіретін кәсіпорындар.
      6. Таскендір шығаратын және таскендірден жасалатын және құрамында таскендірі бар бұйымдарды өндіретін және ұқсататын кәсіпорындар:
      1) таскендір цементі бұйымдарынан жылына 20 мың тоннадан астам дайын бұйым өндіру;
      2) фрикциялық материалдардан жылына 50 тоннадан астам дайын бұйым өндіру;
      3) таскендірді жылына 200 тоннадан астам көлемде кез келген басқа мақсатта пайдалану.
      7. Химиялық комбинаттар, яғни химиялық түрлендіру үрдістерін пайдаланатын, функционалдық жағынан бір-бірімен байланысты бірнеше бөлімше қатысатын, және төмендегіні көздейтін, химия өнімдерін өндіретін кәсіпорындар:
      1) негізгі органикалық химиялық заттарды өндіру;
      2) негізгі органикалық емес химиялық заттарды өндіру;
      3) фосфорлық, азоттық немесе калий тыңайтқыштарын (қарапайым немесе кешенді тыңайтқыштар) өндіру;
      4) ауру өсімдіктерге күтім жасау бойынша негізгі өнімдер мен биоцидтер өндіру;
      5) химиялық немесе биологиялық үрдістер қолданылатын негізгі фармацевтикалық өнімдерді өндіру;
      6) жарылғыш заттар өндіру.
      8. Ұзындығы үлкен теміржол желілерін және негізгі ұшатын жолағының ұзындығы 2100 м немесе одан көбірек әуежайларды салу:
      1) автострадаларды және шапшаң трассаларды салу;
      2) төрт және одан көбірек жолағы бар жаңа жолдарды салу және жаңа жол немесе түзетілетін және/немесе кеңейтілетін жол учаскелерінің толассыз ұзындығы 10 километр және одан көбірек болатын жағдайда, екі және одан кем жолағы бар қолданыстағы жолдарды төрт немесе одан көбірек жолаққа дейін түзету және/немесе кеңейту.
      9. Континенттік су жолдары және су сыйымдылығы 1350 тоннадан асатын кемелердің өтуіне арналған ішкі порттар:
      1) сауда порттары, жүк көтерімділігі 1350 тоннадан асатын кемелерді қабылдай алатын өзен және теңіз порттарының жүк айлақтары (паромдық айлақтарды қоспағанда).
      10. Қауіпті қалдықтарды өртейтін, химиялық өңдейтін кәсіпорындар немесе қауіпті қалдықтардың қоқысы тасталатын жерлер.
      11. Өнімділігі тәулігіне 100 тоннадан жоғары қоқымды өртейтін, химиялық өңдейтін кәсіпорындар немесе әдеттегі (қауіпті емес) қалдықтардың қоқысы тасталатын жерлер.
      12. Жер асты суларын алу немесе алынатын немесе тиелетін судың жылдық көлемі 10 миллион текше метрге тең немесе одан асатын болса, ызба суларды жасанды түрде тиеудің сұлбалары.
      13. Су қорларын бір өзен алабынан ауыстырып құю судың ықтимал тапшылығын болдырмауға бағытталған және ауыстырып құйылатын судың көлемі жылына 100 миллион текше метрден асатын екінші алапқа ауыстырып құю жұмыстары:
      1) алаптың көп жылдық орташа су ағыны жылына 2 млрд текше метрден асатын және ауыстырып құйылатын судың көлемі осы ағынның 5%-нан асатын барлық жағдайлардағы су қорларын өзен алаптары арасында ауыстырып құю жұмыстары.
      Екі жағдайда да ауыз су құбырлары бұған қосылмайды.
      14. Өнімділігі 150 мыңнан асатын эквиваленттік тұрғынды құрайтын сарқынды су тазарту станциялары.
      15. Өндірілетін көлемі мұнай үшін тәулігіне 500 тоннадан және газ үшін 500 мың текше метрден асатын мұнайды және табиғи газды коммерциялық мақсатта өндіру.
      16. Ұсталған немесе қорға қалдырылған судың жаңа немесе қосымша көлемі 10 млн. текше метрден асатын, суды ұстауға немесе тұрақты сақтауға арналған бөгеттер және басқа да құрылыстар.
      17. Диаметрі 800 миллиметрден астам және ұзындығы 40 километрден астам газды, мұнайды немесе химиялық заттарды тасымалдауға арналған құбыр жолдары.
      18. Үй құстарын немесе шошқаларды қарқынды түрде бордақылайтын:
      1) 85 000-нан астам бройлері, 60 000-нан астам тауығы;
      2) 3000-нан астам торайы (30 килограмм-нан асатын) немесе 900-ден астам шошқасы бар кәсіпорындар.
      19. Өндірістік кәсіпорындар:
      1) ағаштан және басқа да оған ұқсас талшықты материалдардан целлюлоза өндіретін;
      2) өндірістік қуаттылығы тәулігіне 200 тоннадан астам қағаз және картон өндіретін.
      20. Карьерлер және 25 гектардан асатын учаске алаңы маңында ашық тәсілмен өндіру немесе 150 гектардан асатын учаске ауданы маңында шымтезек өндіру.
      21. Кернеуі 220 килоВатт немесе одан көбірек және ұзындығы 15 километрден асатын электр берілісінің әуе желілерін салу.
      22. Мұнай, мұнай-химиялық немесе химиялық өнімдерді сақтауға арналған, сыйымдылығы 200 мың тонна және одан көбірек кәсіпорындар.

Қазақстан Республикасының  
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2007 жылғы 28 маусымдағы N 204-ө
бұйрығымен бекітілген жоспарлау
алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы
және жобалау құжаттамасын әзірлеу
кезінде көзделіп отырған шаруашылық
және өзге де қызметтің қоршаған ортаға
әсерін бағалауды жүргізу тәртібі
туралы Нұсқаулыққа 2-қосымша 

Толық бағалау қажеттілігін мемлекеттік сараптық органдар алдын ала сараптау негізінде немесе нормативті құжаттармен айқындайтын (алып шығару) шектік деңгейлерді (терімнің өлшемдерін) қолдана отырып, объектілердің (қызмет түрлерінің) тізімі ұсыну (үзінді)

      1. Ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы және су шаруашылығы:
      1) ауыл шаруашылығы шүйгін жерлерін қайта құрылымдау жобалары;
      2) қарқынды ауылшаруашылығы өндірісіне арналған тың жерлерді немесе әлсіз игерілген аудандарды пайдалану жобалары;
      3) ауыл шаруашылығына арналған су қорларын басқару жобалары, соның ішінде жерді суландыру мен құрғату жобалары;
      4) бастапқы орман отырғызу және жер пайдаланудың басқа үлгісі үшін өзгерту мақсатында орманды отау;
      5) қарқынды мал шаруашылығы жобалары (1-қосымшаға кірмеген);
      6) қарқынды балық шаруашылығы;
      2. Өндіруші өнеркәсіп:
      1) карьерлер, пайдалы қазбаларды және шымтезекті ашық өндіру (1-қосымшаға кірмеген жобалар);
      2) жер астында өндіру;
      3) жер қыртысынан шығарып, теңіз немесе өзеннен пайдалы қазбаларды өндіру;
      Терең бұрғылау, атап айтқанда:
      геотермальды бұрғылау;
      ядролық қалдықтарды сақтау үшін бұрғылау;
      топырақтың төзімділігін зерттеуге арналған бұрғылауды қоспағанда, сумен жабдықтау үшін арналған бұрғылау;
      4) тас көмір, мұнай, табиғи газ бен кендерді, сонымен қатар жанатын тақта тастарды өндіруге арналған жер бетіндегі өнеркәсіп құрылыстары.
      3. Энергетика:
      1) электр энергиясын, бу және ыстық су өндіруге арналған өнеркәсіп құрылыстары (1-қосымшаға кірмеген жобалар);
      2) газ, бу және ыстық суды тасымалдауға арналған өнеркәсіп құрылыстары;
      3) электр энергиясын әуе желілері арқылы беру (1-қосымшаға кірмеген жобалар);
      4) табиғи газдың жер үсті қоймалары;
      5) табиғи газдың жер асты қоймалары;
      6) органикалық отынның жер үсті қоймалары;
      7) тас көмір мен лигнинді өнеркәсіптік брикеттеу;
      8) радиоактивтік қалдықтарды өңдеу мен сақтауға арналған құрылыстар (1-қосымшаға кірмеген жобалар);
      9) гидроэлектртехникалық құрылыстар;
      10) электр энергиясын (жел фермалары) өндіруге арналған жел энергиясын қолданатын құрылыстар.
      3. Металдарды өндіру мен ұқсату:
      1) толассыз құюды қоса алғанда шойын немесе болат өндіретін кәсіпорындар (алғашқы немесе екінші қайтара балқыту);
      2) қара металдарды өңдейтін кәсіпорындар;
      металдарды ыстық қақтау зауыттары;
      механикалық балғалары бар темір соғатын цехтар;
      балқытылған қорғаныс металл жабындарын жағу;
      3) қара металлургияның құю зауыттары;
      4) металл балқыту кәсіпорындары, түсті металдардың қорытпаларын қоса алғанда, бағалы металдарды қоспағанда, екінші қайтара шикізатты қоса алғанда (тазарту, әзірлемелер құю және тағы басқа);
      5) электролиздік немесе химиялық үрдістер қолданатын, металдар мен пластиктердің бетін өңдеу кәсіпорындары;
      6) автомобильдерді жасау мен құрастыру және автомобиль қозғалтқыштарын өндіру;
      7) верфьтер;
      8) ұшақ жасайтын және жөндейтін кәсіпорындар;
      9) теміржол жабдықтарын жасау;
      10) жару арқылы таңбалау;
      11) металл кендерін күйдіру мен қабыстыруға арналған кәсіпорындар.
      Минералды шикізатты ұқсату:
      1) кокс ошақтары (көмірді құрғақ айыру);
      2) цемент зауыттары;
      3) таскендір өндіру және таскендір бұйымдарын дайындайтын кәсіпорындар (1-қосымшаға кірмеген жобалар);
      4) шыны талшығын қоса алғанда шыны-әйнек жасайтын кәсіпорындар;
      5) минералды талшықтарды өндіруді қоса алғанда минералды заттарды балқытатын кәсіпорындар;
      6) күйдіру тәсілімен қыш бұйымдарын, сонымен қатар жамылтқы черепица, кірпіш, отқа төзімді кірпіш, тақталы төсемдер, қыш бұйымдары мен фарфор жасау.
      6. Химия өнеркәсібі (1-қосымшаға кірмеген жобалар):
      1) жартылай фабрикаттарды ұқсату және химиялық заттарды өндіру;
      2) пестицидтер мен фармацевтикалық бұйымдар, лактар мен бояулар, эластомерлер мен асқын тотықтар өндіру;
      3) мұнай, мұнай-химиялық және химиялық өнімдер қоймасы.
      7. Тамақ өнеркәсібі:
      1) өсімдік және мал майларын және тоңмайларын өндіру;
      2) мал және өсімдік өнімдерін буып-түю және консервілеу;
      3) сүт өнімдерін өндіру;
      4) сыра қайнату және сыра ашытқысын жасау;
      5) тәтті тағам бұйымдары және тосап өңдеу;
      6) қасапханалар;
      7) крахмалды өнеркәсіптік жолмен өндіретін кәсіпорындар;
      8) балық ұнын және балық майын өндіретін кәсіпорындар;
      9) қант зауыттары.
      8. Тоқыма, былғары, ағаш өңдеу және қағаз өнеркәсібі:
      1) қағаз және картон жасайтын өнеркәсіп орындары (1-қосымшаға кірмеген жобалар);
      2) алдын ала өңдеу (ағарту, зермен бедерлеу операциялары) немесе талшықтарды және тоқыманы бояу фабрикалары;
      3) тері және былғары илеу кәсіпорны;
      4) целлюлоза өңдеу және өндіру кәсіпорындары.
      9. Резеңке өнеркәсібі, бұйымдарды эластомерлер негізінде өндіру және өңдеу.
      10. Инфрақұрылым жобалары:
      1) өнеркәсіптік кәсіпорындарды кеңейту жобалары;
      2) сауда орталықтары мен көлік тұрақтарын қоса алғанда, қала құрылысының жобалары;
      3) темір жолдарды және вагон-кеме және аралас терминалдарды артық жүктеу құралдарын салу (1-қосымшаға кірмеген жобалар);
      4) аэродромдар құрылысын салу (1-қосымшаға кірмеген жобалар);
      5) балықшылар айлақтарын қоса алғанда, жолдар, порттар және порттық құрылыстар салу (1-қосымшаға кірмеген жобалар);
      6) ішкі су жолдарын салу (1-қосымшаға кірмеген жобалар), каналдарды тарту және су басуына қарсы күресу жұмыстары;
      7) суды ұстауға немесе ұзақ сақтауға арналған бөгеттер мен басқа да құрылыстар (1-қосымшаға кірмеген жобалар);
      8) трамвай және жер асты желілері, метрополитендер, аспалы желілер немесе тек қана немесе негізінен жолаушыларды тасымалдауға арналған басқа да соған ұқсас желілер;
      9) мұнай және газ құбырлары (1-қосымшаға кірмеген жобалар);
      10) ұзындығы үлкен су науалары;
      11) жағалаудағы эрозиямен күресу жұмыстары және осындай құрылыстарға қызмет көрсету және қайта салуды қоспағанда мысалы, бөгеттерді, молдарды, кемежайларды және басқа теңіз қорғау құрылыстарын салу жолымен жағалауды өзгертуге қабілетті теңіз жұмыстары;
      12) жер асты суларын алу және ызба суларды жасанды түрде тиеудің сұлбалары (1-қосымшаға кірмеген жобалар);
      13) өзен алаптары арасында су қорларын ауыстырып құю жұмыстары (1-қосымшаға кірмеген жобалар).
      11. Басқа жобалар:
      1) механикалық көлік құралдарына арналған жолдардың тұрақты жарыс және тәжірибелік учаскелері;
      2) қалдықтарды көметін кәсіпорындар (1-қосымшаға кірмеген жобалар);
      3) тазалайтын құрылыстар (1-қосымшаға кірмеген жобалар);
      4) шлам орналастырылатын учаскелер;
      5) көлік құралдарын тастайтын жерлерді қоса алғанда, темір сынықтарын тастайтын жерлер;
      6) қозғалтқыштарға, турбиналарға немесе реакторларға арналған сынау стендтері;
      7) жасанды минералды талшықтар шығаратын кәсіпорындар;
      8) жарылғыш заттарды кәдеге асыратын немесе жоятын кәсіпорындар;
      9) мал соятын орындар.
      12. Туризм және бос уақыт:
      1) шаңғы жолдары, көтергіштер, аспалы жолдар және олармен байланысты құрылыстар;
      2) қайық станциялары;
      3) қала сыртындағы саяжай кенттері және қонақ үй кешендері және олармен байланысты құрылыстар;
      4) тұрақты кемпингілер және үй-фургондарының аялдама орындары;
      5) тақырыптық саябақтар.
      13. Осы қосымшадағы тізімге енгізілген, бекітілген, орындалған немесе орындалып жатқан, қоршаған ортаға айтарлықтай қолайсыз әсерлерге ие болуы мүмкін жобаларды кез келген түрде өзгерту немесе кеңейту.
      14. 1-қосымшаға алынған негізінде жаңа әдістерді немесе бұйымдарды жасау мен сынауға арналған және екі жылдан асырылмай қолданылатын жобалар.

                                           Қазақстан Республикасының
                                  Қоршаған ортаны қорғау министрінің
                                    2007 жылғы 28 маусымдағы N 204-ө
                          бұйрығымен бекітілген жоспарлау алдындағы,
                           жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау
                                        құжаттамасын әзірлеу кезінде
                                    көзделіп отырған шаруашылық және
                                         өзге де қызметтің қоршаған
                                     ортаға әсерін бағалауды жүргізу
                                тәртібі туралы Нұсқаулыққа 3-қосымша

              ҚОӘБ материалдарын әзірлеу сатыларының
   Қазақстан Республикасында шаруашылық және өзге де қызметті
    негіздейтін алдын ала жоспарлау, жобалау және жобалық
         құжаттаманы орындаудың сатыларына сәйкес келуі

ҚОӘБ
материалдарын
әзірлеу
сатылары

Өндірістік мақсаттағы
объектілер мен
құрылыстарды салуды
жобалаудың сатылары

Қала құрылысын
жобалаудың
сатылары (ҚР ҚНмЕ
3.01-07-2001
сәйкес

1. Қоршаған
ортаның ахуалын
шолу (ҚОӘБ
бірінші сатысы)

Ниет туралы мағлұмдама,
объектіні орналастыруды
негіздеу (ҚЕП 11-101-95
3.1-тармағы)

Қазақстан
Республикасының
таратып
қоныстандыру және
қала құрылысын
дамыту бойынша
бас сұлбасы,
аумақтарда
таратып
қоныстандыру және
қала құрылысын
салу бойынша
аймақтық
(облысаралық)
сұлбалары

2. Қоршаған
ортаға әсерді
алдын ала
бағалау Алдын
ала ҚОӘБ
(ҚОӘБ екінші
сатысы)

Инвестицияларды, сонымен
қатар ТЭН, ТЭЕ,
бизнес-жоспарды және басқа
жобалау алдындағы
құжаттарды ҚР ҚНмЕ
2.2-01-2001 2.1,
3.1-тармақтары, Қазақстан
Республикасының
"Қазақстан Республикасын-
дағы сәулетшілік, қала
құрылысы және құрылыс
туралы" заңы) негіздеу,
кен орнын өңдеудің
технологиялық сұлбалары
мен жобалары.

Қала құрылысын
жоспарлаудың,
облыстардың
- аумақтарын
дамытудың кешенді
сұлбалары және
қала құрылысын
жоспарлаудың,
әкімшілік
аудандардың
аумақтарын
дамытудың кешенді
жобалары. Қаланың
бас жоспарының
тұжырымдамалары
(ұзақ мерзімді
даму қызметі
болжамдары).

3. Жобалық
құжаттамасы екі
Жоба - жұмыс
құжаттамасы
сатысында
жасалатын -
қызметтің
ауқымды және
(немесе)
экологиялық
қауіпті
түрлеріне
арналған ҚОӘБ
- Қоршаған
ортаның әсерін
бағалау (ҚОӘБ
үшінші сатысы)

Жоба (ҚР ҚНмЕ 2.2-01-2001
2.3, 3.10,
4.1-тармақтары), кен
орнын ұйымдастыру жобалары.

Ірі қалалардың
бас жоспарлары.
Ірі өнеркәсіпті
аймақтардың және
өнеркәсіптік
аудандардың
жоспарлау
жобалары

4. "Қоршаған
ортаны қорғау"
тарауы Жұмыс
құжаттамасының
құрамында осы
тарау "Жоба"
сатысына
арналып
жасалатын (осы
кезеңде ҚОӘБ
төртінші сатысы
орындалуда)
ҚОӘБ түзетуі
болып табылады.

Жұмыс құжаттамасы (ҚР
ҚНмЕ 2.2-01-2001
2.3-тармағы)

50 мыңнан кем
тұрғыны бар
қалалардың,
кенттердің және
ауылдық елді
мекендердің бас
жоспарлары.
Кішігірім
өнеркәсіп
аймақтарын және
өнеркәсіп
аудандарын
жоспарлаудың
жобалары

5. "Жұмыс
жобасы" құжат-
тамасының
құрамында
қызметтің
шамалы және
(немесе)
экологиялық
қауіпсіз
түрлері үшін
ҚОӘБ екінші
сатысын жасау
деңгейінде
егжей-тегжейлі
талдау іске
асырылады

Жұмыс жобасы (КР ҚНмЕ
А 2.2-1-2001)


6. Жобалау
кейінгі талдау


Шаруашылық және
өзге де
қызметтің
басталуынан бір
жыл өткеннен
кейін жүзеге
асырылады

                                           Қазақстан Республикасының
                                  Қоршаған ортаны қорғау министрінің
                                    2007 жылғы 28 маусымдағы N 204-ө
                          бұйрығымен бекітілген жоспарлау алдындағы,
                           жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау
                                        құжаттамасын әзірлеу кезінде
                                    көзделіп отырған шаруашылық және
                                         өзге де қызметтің қоршаған
                                     ортаға әсерін бағалауды жүргізу
                                тәртібі туралы Нұсқаулыққа 4-қосымша

              Экологиялық зардаптар туралы арыз

__________________________________________________________________
                       (объектінің атауы)
Тапсырыскер ______________________________________________________
                       (толық және қысқарған атауы)
Деректемелері ____________________________________________________
   (пошталық мекен-жайы, телефоны, телефаксі, телетайпы, есепшоты)
Қаржыландыру көздері _____________________________________________
           (мемлекеттік бюджет, жеке немесе шетелдік инвестициялар)
Объектінің тұрған жері ___________________________________________
                        (облысы, ауданы, елді мекені немесе жақын
__________________________________________________________________
          арадағы елді мекеннен қашықтығы және бағыты)
Объектінің толық атауы,
қысқартылған белгісі,
ведомстволық бағыныстылығы,
немесе меншік
иесінің нұсқауы __________________________________________________
Ұсынылған жобалық
материалдар
(құжаттаманың
толық атауы) _____________________________________________________
             (инвестицияларды негіздеу, ТЭН, жоба, жұмыс жобасы,
__________________________________________________________________
елді жайлардың бас жоспары, егжей-тегжейлі тегістеу жобасы, және
тағы басқа)
Бас жобалық ұйым _________________________________________________
          (жобаның бас инженерінің атауы, деректемелері, аты-жөні)
      Cілтеме: Әсерді бағалаудың деңгейіне, объектіні орналастыру ауданына, өндірістік қызметтің (қала құрылысының) ерекшелігіне қарай көрсеткіштердің құрамы әсер етудің барлық салаларын бейнелеу кезінде өзгеруі мүмкін.
Объектінің сипаттамасы
Жерді бөліп берудің есептелетін ауданы ___________________________
Санитарлық-қорғау аймағының радиусы мен ауданы (СҚА) _____________
Өндірістік корпустардың саны мен қабаттылығы _____________________
Белгіленіп отырылған әлеуметтік-мәдени мақсаттағы ілеспелі
объектілердің салынуы ____________________________________________
Негізгі шығарылатын өнімнің номенклатурасы және табиғи мәндегі
өндіру көлемі (толық қуаттылықтағы жобалық көрсеткіштер)
1) _______________________________________________________________
2) _______________________________________________________________
3) ______________________________________________ және тағы басқа.
Негізгі технологиялық үрдістер
1) _______________________________________________________________
2) _____________________________________________ және тағы басқа.
Көзделіп отырған қызметтің әлеуметтік-экономикалық қажеттілігін
негіздеу _________________________________________________________
Көзделіп отырған құрылыс мерзімдері (бірінші кезек, толық
қуаттылығы бойынша) ______________________________________________
Шикізат түрлері және көлемдері:
1. Жергілікті
1) _______________________________________________________________
2) _______________________________________________________________
2. Басқа жақтан әкелген
1) _______________________________________________________________
2) _______________________________________________________________
Технологиялық және энергетикалық отын ____________________________
Электр энергиясы _________________________________________________
                   (алу көзінің көлемі және алдын ала келісу)
Жылу _____________________________________________________________
            (алу көзінің көлемі және алдын ала келісу)
Табиғатты пайдалану жағдайлары және көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға ықтимал әсері
Атмосфера
Атмосфераға шығарылуы мүмкін ластағыш заттардың тізімі және мөлшері:
Ауаға шығарылу жиынтығы, тонн/жылына _____________________________
Қатты, тонн/жылына _______________________________________________
Газ тәрізді, тонн/жылына ________________________________________
Шығарылыс құрамындағы негізгі ингредиенттердің тізімі
1) _______________________________________________________________
2) ______________________________________________ және тағы басқа. Санитарлық қорғау аймағының шегіндегі зиянды заттардың шамаланған концентрациялары
1) _______________________________________________________________
2) ______________________________________________ және тағы басқа. Физикалық әсердің көздері, олардың қарқындылығы және ықтимал әсер ету аймақтары:
Электр-магниттік сәулелену _______________________________________
Акустикалық ______________________________________________________
Вибрациялық ______________________________________________________
Су ортасы:
Таза су алу:
Бір жолғы, су айналымын жүйелерін толтыру үшін, текше м.
__________________________________________________________________
Тұрақты, текше метр/жылына _______________________________________
Сумен жабдықтау көздері:
Жер үсті, дана/(текше метр/жылына) _______________________________
Жер асты, дана/(текше метр/жылына ________________________________
Науалар және су құбырлары ________________________________________
               (ұзындығы, материал, диаметр, өткізу қабілеттілігі)
Ағылып құйылатын сарқынды сулардың мөлшері:
Табиғи су көздері мен су ағындары, текше метр/жылына _____________
Жинақтағыш тоғандар, текше метр /жылына __________________________
Басқа канализациялық жүйелерге, текше метр/жылына ________________
Сарқынды судағы негізгі ластағыш заттардың шоғырлануы (миллиграмм/литр) және көлемі (тонн/жылына) (ингредиенттер бойынша)
__________________________________________________________________.
      Су пайдаланылатын таяу жердегі ингредиенттер бойынша негізгі ластағыш заттардың шоғырлануы (су көздеріне немесе су ағындарына сарқынды судың ағылуы кезінде (миллиграмм/литр) __________________.
Жер
Иеліктен алынатын жердің сипаттамасы:
Ауданы:
тұрақты пайдалануға, гектар_______________________________________
Уақытша пайдалануға, гектар ______________________________________
оның ішінде егіндік, гектар ______________________________________
Орман екпелері, гектар ___________________________________________
Қайта қалпына келтіруді талап ететін бұзылған жер:
Оның ішінде карьерлер,
дана/ гектар _____________________________________________________
үйінділер,
дана/га __________________________________________________________
жинақтағыштар (тоған - тұндырғыштар, су, күл, қож үйінділері, соңғы бөліктердің қоймалары және тағы басқа.
дана/ гектар _____________________________________________________
Қалғандары,
дана/гектар
__________________________________________________________________
Жер қойнауы (кен рудасы кәсіпорындары мен аумақтары үшін)
Пайдалы қазбаларды өндірудің түрі мен тәсілі (текше м.)/жылына
Оның ішінде құрылыс материалдарын өндіру _________________________
Жер қойнауынан алынатын жыныстарды пайдаланудың кешенділігі мен тиімділігі (тонн/жылына)/% алу:
Негізгі шикізат
1) _______________________________________________________________
2) _______________________________________________________________
Ілеспелі құрамдас бөліктері
1) _______________________________________________________________
2) _______________________________________________________________
Бос жыныстардың және жер үстіне қоймаластырылатын байыту қалдықтарының көлемі:
жыл сайын, тонн (текше метр). ____________________________________ кәсіпорын қызметінің барлық мерзімінің қорытындысы бойынша, тонн (текше метр) _____________________________________________________.
Өсімдік
Жарым-жартылай немесе толық құртылған өсімдік тұрпаттары, гектар
__________________________________________________________________
      (дала, шабындық, бұталық, ағаш екпелері және тағы басқа)
Оның ішінде:
Ормандардағы ағаш отау аудандары, гектар _________________________.
Алынған ағаш көлемі, текше метр. _________________________________
Өсімдіктің, оның ішінде а/ш дақылдарының улы заттармен ластануы
(есептелетін)_____________________________________________________
Жануарлар
Жануарлар әлеміне, оның ішінде су жануарларына тікелей әсер ету көздері:
1) _______________________________________________________________
2) _____________________________________________ және тағы басқа. Қорғалатын табиғи аумақтарға (қорықтарға, ұлттық бақтарға,
қорғалымдарға) әсері _____________________________________________
Өндіріс қалдықтары
Кәдеге жаратылмайтын қалдықтардың көлемі, тонн/жылына ____________
Оның ішінде улы заттардікі, тонн/жылына __________________________
Қалдықтарды бейтараптандыру мен көмудің ұсынылып отырған тәсілдері Радиоактивтік көздер болуы, олардың ықтимал әсерін бағалау
Апаттық жағдайлардың ықтималдығы
Әлеуетті қауіпті технологиялық желілер мен объектілер:____________
Апаттық жағдайлардың пайда болу ықтималдығы
Ықтимал әсердің радиусі __________________________________________
Қоршаған ортада объектінің әсерінен туындаған өзгерістерді, сонымен қатар оның тұрғындардың өмірі мен денсаулығына әсерін кешенді түрде бағалау___________________________________________________________
      Объекті қызметінің нәтижесінде әлеуметтік-қоғамдық саладағы қоршаған ортаның ахуалына ықтимал зардаптарын болжау
      Тапсырыскердің (шаруашылық қызметіне бастама көтеруші) объектіні салу, пайдалану және жою барысында тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасау бойынша міндеттемелері.
      Қосымша*
      Жобалық құжаттаманы әзірлеуге және ҚОӘБ өткізуге қатысатын ұйымдардың және орындаушылардың тізімі.
      Мүдделі ұйымдардың және ведомстволардың, қадағалау органдарының қорытындылары.
      Қоғамдық тыңдаулардың материалдары.
__________________________________________________________________
      * Экологиялық зардаптар туралы арызды жобалық құжаттаманы бекітетін органдарға табыстау кезінде мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы қоса беріледі.

Қазақстан Республикасының  
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2007 жылғы 28 маусымдағы N 204-ө
бұйрығымен бекітілген Жоспарлау 
алдындағы, жоспарлау жобалау  
алдындағы және жобалау құжаттамасын
әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық
және өзге де қызметтің қоршаған ортаға
әсерін бағалауды жүргізу тәртібі туралы
Нұсқаулыққа 5-қосымша   

Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алу үшін
көзделіп отырған қызметтің жұмыс жобасына экологиялық зардаптар туралы арызының толтырылған формасы жеткілікті қоршаған ортаға әсері шамалы объектілердің тізбесі

      1) автокөлік саны елуден аспайтын ашық түрдегі автотұрақтар және сыйымдылығы екі автокөліктен аспайтын боксы бар гараждар;
      2) жекелеген жылу, су жабдығы, төгінді суларды тазалайтын құрылыстар және ТБО полигондары жоқ, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан, мемлекеттік орманшылық қорынан, суды қорғау аймақтарынан, жасыл желек екпе ағаштарды бұзуымен байланысты емес рекреациялық аймақтардан тыс орналасқан жеке тұрғын үй, қоғамдық және өзге де өндірістік емес объектілердің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы;
      3) санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының қорытындысына сәйкес санитарлық-қорғау аймақтарды құруды талап етпейтін жекелеген жылу, су жабдығы, төгінді суларды тазалайтын құрылыстар және ТБО полигондары жоқ, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан, мемлекеттік орманшылық қорынан, суды қорғау аймақтарынан, жасыл желек екпе ағаштарды бұзуымен байланысты емес рекреациялық аймақтардан тыс орналасқан өндірістік объектілердің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы;
      Осы тізбеге тұрғылықты ықшамаудандардың, қала және өзге де мекенді жерлердің қала құрылысы құжаттамасы және аумақтарды көгалдандыру жобалары кірмеді.