"Жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған орта

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің м.а. 2010 жылғы 26 наурыздағы № 70-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 13 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6166 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 30 шiлдедегі № 280 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 30.07.2021 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Қолданушылардың назарына!
      Осы бұйрық 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі (3-т. қараңыз).

      "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне экологиялық қауіпті технологияларды, техника мен жабдықты әкелуді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 23 маусымдағы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 204-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4825 болып тіркелген, 2007 жылғы 22 тамыздағы № 128 (1331) "Юридическая газета" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу бойынша нұсқаулықта:

      3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда баяндалсын:

      "4) технологияларды, техника мен жабдықты, оның ішінде Қазақстан Республикасына өткізілетіндерін (әкелінетіндерін) қолдану жөніндегі құжаттама;";

      26-тармақтың:

      4) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "қалдықтарды залалсыздандыру немесе кәдеге жарату бойынша технологиялар;";

      10) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "қалдықтарды кәдеге жарату кезінде;";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:

"4-1. Технологияларды, техника мен жабдықты қолдану жөніндегі құжаттама үшін қоршаған ортаға әсерін бағалау ерекшеліктері.

      42-1. Көлік құралдары мен жабдықтарды қоспағанда, технологияларды, техника мен жабдықты қолдану жөніндегі құжаттама үшін ҚОӘБ осы Нұсқаулыққа сәйкес тиісті жоба шеңберінде өткізіледі.

      Сонымен бірге, техника мен жабдықтың экологиялық қауіпсіздігін негіздейтін материалдар, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексімен, Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерімен белгіленген экологиялық талаптарға сәйкестік талдауын қамту керек. Қабылданған техникалық регламенттер жоқ болған жағдайда, халықаралық стандарттармен белгіленген экологиялық талаптарға сәйкестік талдауы жүргізіледі.

      42-2. Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетіндерді (әкелінетіндерді), өндірілетіндерді қоса алғанда, көлік құралдары мен жабдықты қоспағанда өздік (әзірленген және қолданылуға жоспарланған) технологияға, техникаға құжаттама үшін ҚОӘБ мынадай құжаттар негізінде жүргізіледі:

      1) технологиялық процестің және жабдықтардың егжей-тегжейлі сипаттамасы, олардың сыныпталуын;

      ұсынылып отырған технологиялар мен техникалық шешімдердің ғылыми жаңалығын және тәжірибелік бағалануын;

      технологиялық жабдықтың қоршаған ортаға эмиссиясын анықтау және есептеудің әдістемелік ыңғайдың сипаттамасын және бағалануын;

      қоршаған ортаға түсетін ластаушы заттардың толық номенклатурасын (тізбесін) және олардың сипаттамасын;

      Қазақстан Республикасында олардың бар болуын көрсетумен түзілетін қалдықтарды залалсыздандыру немесе кәдеге жарату бойынша технологиялардың талдануын, не олар болмаған жағдайда технологияны кәдеге жарату кезінде жоғары экологиялық қатердің талдануын, не оның экономикалық орынсыз екендігін;

      технологияны, техниканы және жабдықты қолданумен байланысты экологиялық салдарды бағалауды (болжамдау) сипаттайтын түсіндірме жазба;

      2) қолданылатын технологияға талаптар кешенін (көрсеткіштер, нормалар, ережелер, қағидалар) қамтитын ұйымның (техникалық жағдайы) стандарты;

      3) қоршаған ортаның әсерін бағалаудың белгіленген көрсеткіштерін (бар болған жағдайда) сақтау қамтамасыз етілетін технологияның, техниканың, жабдықтың аталған түрін қолдану рәсімі көрсетілетін пайдалануға беру бойынша нұсқаулық;

      4) алдын ала жүргізілген сынақтар (зерттеулер) бойынша материалдар (хаттамалар, анықтамалар, есептер);

      5) сәйкестік сертификаттары (бар болған жағдайда);

      6) технологияның, техниканың, жабдықтың олардың қолда бар ұқсас түрлерімен салыстырғандағы сипаттамасы, технологиялық үрдістің сипаттамасы.".

      2. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық экологиялық стандарттарды ендіру департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін және кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Қоршаған ортаны қорғау


Министрінің міндетін


атқарушы

М. Тұрмағамбетов