"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 50-1 -баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Электрондық сайлау жүйесін Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңымен реттелмейтін бөлігінде пайдаланудың тәртібі жөніндегі Ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2004 жылғы 18 тамыздағы N 128/164 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3038 тіркелген, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "Электрондық сайлау жүйесiн Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңымен реттелмейтiн бөлiгiнде пайдаланудың тәртiбi жөнiндегi ережелердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2004 жылғы 18 тамыздағы N 128/164 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2005 жылғы 16 қыркүйектегі N 17/39 , нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, тіркеу N 3843, 2005 жылғы 27 қыркүйекте N 113 (737) "Заң газетінде", 2005 жылғы 20 қазанда N 41 (249) "Ресми газетінде" жарияланған және "Электрондық сайлау жүйесін Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңымен реттелмейтін бөлігінде пайдаланудың тәртібі жөніндегі ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2004 жылғы 18 тамыздағы N 128/164 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" 2005 жылғы 1 желтоқсандағы N 50/105 , нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, тіркеу N 3954 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Электрондық сайлау жүйесін Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңымен реттелмейтін бөлігінде пайдаланудың тәртібі жөніндегі Ережелерде:
3-тармақта "мен сайлау блоктарының" деген сөздер алып тасталсын;
11-тармақтың үшінші абзацында "мен сайлау блоктары", "немесе сайлау блогының" деген сөздер алып тасталсын.
2. Осы қаулы облыстардың, Астана, Алматы қалаларының сайлау комиссияларына басшылыққа алу үшін жіберілсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы