"Электрондық сайлау жүйесiн Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңымен реттелмейтiн бөлiгiнде пайдаланудың тәртiбi жөнiндегi ережелердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 20

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының 2005 жылғы 16 қыркүйектегі N 17/39 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 21 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3843

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрiнің 2012.10.15 № 477 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "1997 жылғы мемлекеттік ғылыми стипендиялар және оларды төлеу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының 1997 жылғы 26 мамырдағы N 118  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 354 тіркелген, өзгерістер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3675 тіркелген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 312  бұйрығымен енгізілген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылым мен техниканы дамытуға аса зор үлес қосқан ғалымдар мен дарынды жас ғалымдарға мемлекеттік ғылыми стипендиялар төлеу тәртібі туралы нұсқаулықта:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Мемлекеттік ғылыми стипендияны төлеудің бірінші жылы өткеннен кейін мемлекеттік ғылыми стипендияларға кандидатураны ұсынған ғылыми (ғылыми, ғылыми-техникалық) кеңес стипендиаттың өткен жылғы жүргізген жұмыстары туралы есебін тыңдайды және төлеу мерзімін ұзарту немесе оны төлеуді мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынымдарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жібереді";

      10-тармақтағы ", тәртіп бойынша," деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Ғылым департаменті (В.В. Могильный) заңнамада белгіленген тәртіппен бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі А.Қ.Әбдімомыновқа жүктелсін.

      Министр