"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1. "Оқыту қызметін өтемелі көрсету шартының үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 18 қарашадағы N 937
бұйрығына
(Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізбесінде N 3292 тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Оқыту қызметін өтемелі көрсету шартының үлгілік нысанында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Көрсетілетін оқыту қызметі үшін төлем ақы сомасы тиісті мемлекеттік білім беру стандартының шеңберінде теңгемен белгіленеді.";
мынадай мазмұндағы 6-1, 6-2-тармақтарымен толықтырылсын:
"6-1. Студент шарт жасау кезінде білім алудың барлық кезеңіне шығыстарды мезгілді өтеген жағдайда шарт сомасы оқудың мерзімі аяқталғанға дейін өзгермейді.
6-2. Оқыту үшін шығыстарды кезеңмен төлеу кезінде еңбек ақыға арналған шығыстар және инфляция индексі өскен жағдайда тараптардың келісімі бойынша төлем ақы көлемі жылына 1 рет өзгеруі мүмкін, ол туралы осы шартқа қосымша жасалады. Оқыту құнының өсуі оқытуға арналған шығыстардың жалпы көлеміне қатысты еңбек ақыға арналған шығыстардың және инфляция индексінің өсуін арттырмауы қажет.".