Білім беру қызметін қайтарымды көрсету туралы шартының үлгілік нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 18 қарашадағы N 937 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 20 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3292. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 621 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 № 499 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі).

      "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының  30-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Мектептен тыс ұйымдар қызметi туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 22 маусымдағы N 849  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 23, 291-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мектептен тыс ұйымдардың қызметi туралы ережесiнде:
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      "6-1. Мектептен тыс ұйымның әрбiр түрi қызметiнiң тәртiбін Қазақстан Республикасының білiм беру саласындағы орталық атқарушы органы бекiтедi.";
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Ұйым өз бетiнше Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы бекiткен мектептен тыс ұйымның әрбір түрi қызметiнiң тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердiң негiзiнде өз қызметiнің бiлiм беру бағдарламасын әзiрлейдi.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі