Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 24.10.2014 № 730 және ҚР Білім және ғылым министрінің 27.10.2014 № 444 бірлескен бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында кадрлар даярлауды мемлекеттік білімдік несиелендіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі N 1018 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ :
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік білім беру және мемлекеттік студенттік кредиттерді қайтару мәселелері бойынша сенім білдірілген өкілдің (агенттің) ішкі істер органдарымен өзара іс-қимылы жөніндегі нұсқаулық бекітілсін (бұдан әрі - Нұсқаулық).
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бюджеттік департаменті (Т.А. Нұрғожаева) бір апта мерзімде облыстардың ішкі істер органдарына (республикалық маңызы бар қалалар және астана) мемлекеттік білім беру және мемлекеттік студенттік кредиттер бойынша берешегі бар азаматтар туралы ақпаратты мемлекеттік білім беру және мемлекеттік студенттік кредиттерді қайтару мәселелері жөніндегі сенім білдірілген өкілдің (агенттің) ұсынуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің облыстық (республикалық маңызы бар қалалар және астана) ішкі істер органдарының басшылары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бюджеттік департаменті Нұсқаулықтың бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелуге жатады және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аппарат басшысы Қ.О. Айтбайға және Қазақстан Республикасы Ішкі істер вице-министрі А.Ж. Шпекбаевқа жүктелсін.
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі Білім және ғылым министрі
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2007 жылғы "__"_________
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2007 жылғы 25
сәуірдегі N 167 және
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрінің 2007
жылғы 26 сәуірдегі N
213 бірлескен
бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік білім беру және мемлекеттік студенттік кредиттерді қайтару мәселелері бойынша сенім білдірілген өкілдің (агенттің) ішкі істер органдарымен өзара іс-қимылы жөніндегі нұсқаулық
1. Осы нұсқаулық мемлекеттік білім беру және мемлекеттік студенттік несиелерді қайтару мәселелері бойынша сенім білдірілген өкілдің (агенттің) (бұдан әрі - сенім білдірілген өкіл) ішкі істер органдарымен өзара іс-қимыл тетігін жасасуды талдау мақсатында әзірленді.
2. Сенім білдірілген өкіл қосымшаға сәйкес нысан бойынша ай сайын ағымдағы айдың 5-не дейін электрондық түрде ішкі істер органдарына мемлекеттік білім беру және студенттік несие бойынша (бұдан әрі - несие) берешегі бар азаматтар туралы, оның ішінде несие бойынша қарыз сомасын өндіріп алу туралы Қазақстан Республикасы сотының шешімі барларға (бұдан әрі- борышқорлар тізімі) қатысты ақпаратты ұсынады.
3. Ішкі істер органдары азаматтардың Қазақстан Республикасынан тұрақты тұруға тыс жерлерге кету мақсатында өтініш білдірген кезінде, сондай-ақ шетелдердегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері немесе консулдық мекемелері шетелге Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша істерімен кеткен және сонда тұрақты тұруға ниет білдірген азаматтарға рұқсат берген кезінде несие бойынша борышқорлар тізімімен салыстыру арқылы берешегінің барлығын анықтайды.
4. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кету мақсатымен өтініш білдірген азаматтарды несие бойынша борышқорлар тізімінде анықтаған кезде ішкі істер органдары бір жұмыс күні ішінде азаматтар өтінішінің кез-келген жағдайы туралы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кету мақсатында, нақты мекен-жайын, жұмыс орнын, кету мерзімін, борышқордың Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын мекен-жайын көрсетіп жазбаша (тапсырыс хатпен немесе факсимильді байланысты пайдаланып) хабарлайды.
5. Қазақстан Республикасынан тұрақты тұруға тыс жерлерге кету мақсатында өтініш білдірген»"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес осы Нұсқаулықтың 4-тармағында көрсетілген іс-қимылмен қатар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кетуге тыйым салу үшін негіздеме болып табылатын сотпен несиені өтеу жөніндегі міндеттемелер жүктелген азаматтар борышқорлар тізімінде анықталған жағдайда ішкі істер органдары, егер сенімгер жазбаша келісім бермесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кетуге тыйым салу шараларын қолданады.
6. Сенімгер сотпен несиені өтеу жөніндегі міндеттемелер жүктелген борышқорлардың өтініші туралы ақпаратты алған кезде үш жұмыс күні ішінде ішкі істер органдарына жазбаша кетуге келісімін жолдайды немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кетуге келісім беруден бас тартады.
Мемлекеттік білім беру және
мемлекеттік несиелерді
қайтару мәселелері бойынша
сенім білдірілген өкілдің
(агенттің) ішкі істер
органдарымен өзара
іс-қимылы жөніндегі
нұсқаулыққа қосымша
Мемлекеттік білім беру және студенттік
кредит бойынша берешегі бар азаматтар
туралы ақпаратты ұсыну нысаны
Қарыз алушының |
Туған жылы |
Соңғы белгілі тұрғылықты жері |
Сот шешімінің бар болуы туралы ақпарат |
Сот төрешісініңөз өндірісіне азаматтық істі қабылдау немесе заңды күшіне енбеген сот шешімінің бар екендігі туралы ақпарат |
Ескерту |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |