Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында кадрлар даярлауды мемлекеттік білімдік несиелендіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі № 1018 қаулысын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 730 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 27 қазандағы № 444 бірлескен бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында қадрлар даярлауды мемлекеттік білімдік несиелендіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі № 1018 қаулысын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 25 сәуірдегі № 167 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 26 сәуірдегі № 213 бірлескен бұйрығының (2007 жылғы 31 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4691 болып енгізілді, 2007 жылғы 29 желтоқсанда «Казахстанская правда» газетінің № 202 (25447) жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
      2. Экономика және қаржы департаменті (Т.А. Нұрғожаева) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін;
      2) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының              Қазақстан Республикасы
      Білім және ғылым министрі              Ішкі істер министрі
      ___________А. Сәрінжіпов               ___________Қ. Қасымов