Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 7 мамырдағы N 135-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 30 мамырдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4687 болып енгізілді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 21.06.2016 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексі 17-бабының 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоғамдық тыңдауларды өткізудің қоса берілген қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 21.06.2016 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің мәліметіне жеткізілсін.

      3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізілсін.

Министр



  Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2007 жылғы 7 мамырдағы
№ 135-ө бұйрығымен
бекітілген

Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидалары

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 21.06.2016 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 17-бабының 30) тармақшасына сәйкес әзірленді және қоғамдық тыңдауларды өткізу тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) жұртшылық - бір немесе бірден астам жеке немесе заңды тұлға, олардың ассоциациялары, ұйымдары немесе топтары, қоғамдық бірлестіктер;

      2) қоғамдық тыңдаулар – мүдделі жұртшылықтың пікірін есепке алу үшін ашық отырыстарды, сауалдарды өткізу арқылы мемлекеттік және басқарушылық шешімдерді қабылдау процессінде қатысуға жұртшылықтың құқықтарын іске асыру нысандардың бірі;

      3) мүдделi жұртшылық – қоршаған ортаға қатысты мәселелер жөніндегі шешімдер қабылдау процесімен қозғалатын немесе қозғалуы мүмкін, немесе осы процесске мүдделігі бар жұртшылық;

      4) тапсырыс беруші - жоспарланған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге қызметтің бастамашысы;

      Осы Қағидаларда қолданылатын өзге де терминдер мен анықтамалар Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      3. Кодекстің 20-бабының 4) тармақшасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде қоғамдық тыңдау ұйымдастырады.

      4. Қоғамдық тыңдаулардың қатысушылары:

      1) мүдделі жұртшылық;

      2) жергілікті атқарушы орган;

      3) I санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган;

      4) талқыланатын шешімдерді қабылдау құзыретіне жататын мемлекеттік органдар;

      5) бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі - БАҚ), олар мүдделі болған жағдайда;

      6) тапсырыс беруші болып табылады.

      5. Осы қағидалардың 1-қосымшасының нысанына сәйкес жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында "Қоғамдық тыңдаулар" деген арнайы айдар құрылады.

      6. Қоғамдық тыңдау:

      1) шаруашылық қызмет бойынша мүдделі жұртшылықпен ашық отырыс нысанында:

      Кодекстің 57-2-бабының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген жобалар бойынша;

      Кодекстің 57-2-бабының 6) тармақшасында көрсетілген I, II санаттағы объектілер үшін;

      2) Кодекстің 57-2-бабының 6) тармақшасында көрсетілген III, IV санаттағы объектілер үшін мүдделі жұртшылықтың пікірін ескеру үшін сауал нысанында өткізіледі;

      Бұл ретте, сауал парақтары осы Қағидалардың 2-қосымшасының нысанына сәйкес ресімделеді.

      7. Кодекстің 41-бабының 1-тармағына сәйкес Кодекстің 41-бабының 1-тармағының 14) тармақшасын қоспағанда, тапсырыс берушімен қоғамдық тыңдауға қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі құжаттамасы ұсынылады.

2-тарау. Қоғамдық тыңдауларды өткізу тәртібі
1 параграф. Ашық отырыс нысанындағы қоғамдық тыңдаулар

      8. Тапсырыс беруші алдын ала жергілікті атқарушы органмен қоғамдық тыңдауды өткізудің уақыты мен орнын, мүдделі жұртшылықтың тізімін алдын ала келіседі және оны құлақтандырудың едәуір тиімді тәсілдерін (БАҚ-та хабарландырулар, ақпараттық парақтар, стендтер, жеке хабарламалар, жазбаша мәлімдемелер) негіздейді.

      9. Жергілікті атқарушы орган мүдделі жұртшылықтың тізімін, оны құлақтандыру тәсілін, қоғамдық тыңдауларды өткізудің уақыты мен орнын, қоғамдық тыңдауды өткізуге жауапты тұлғаны анықтайды.

      10. Тапсырыс беруші мемлекеттік және орыс тілдерінде қоғамдық тыңдауларды өткізгенге дейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей мүдделі жұртшылықты хабарландыруды жүзеге асырады.

      11. Тапсырыс беруші қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы хабарландыруды, жоба бойынша құжаттаманы жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында жариялау үшін жолдайды.

      12. Жергілікті атқарушы органдар қоғамдық тыңдауларды өткізуге дейінгі жиырма күнге дейін белгiленiп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау жөніндегі рәсіміне және осы қызмет бойынша шешім қабылдау процесіне жататын экологиялық ақпаратқа ашық қолжетімділікті интернет-ресурсы арқылы, сонымен қатар құлақтандырудың өзге де әдістерін қолдана отыра қамтамасыз етеді.

      13. Мүдделі жұртшылық тапсырыс берушіге жоба құжаттамасына өз ескертулері мен ұсыныстарын (болған жағдайда) қоғамдық тыңдаулар өтетін күніне дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

      14. Қоғамдық тыңдаулар өтетін күні белгіленген орында және уақытта қоғамдық тыңдауды өткізуге жауапты жергілікті атқарушы органның тұлғасымен қатысушыларды тіркеу жүргізіледі.

      15. Қоғамдық тыңдауды жергілікті атқарушы органның өкілі ашады. Қатысушылардың көпшілік дауысымен күн тәртібі мен регламент бекітіледі, төраға мен хатшы сайланады.

      16. Тапсырыс берушінің жоба туралы баяндамалары тыңдалады. Баяндамаларда Кодекстің 41-бабының 1-тармағында көрсетілген Кодекстің 41-бабы 1-тармағының 1, 2, 14) тармақшаларын қоспағанда ақпарат қамтылады

      17. Қоғамдық тыңдауларда белгіленген регламентке сәйкес барлық қалаушылар пікірін білдіреді және баяндамашыларға сұрақ қояды.

      18. Жергілікті атқарушы орган қоғамдық тыңдау отырысының электронды жазбасын қамтамасыз етеді.

      19. Қоғамдық тыңдаулар нәтижелері осы Қағидалардың 3-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша хаттамамен ресімделеді. Хаттама қоғамдық тыңдаулар өткеннен кейін жеті күннен кешіктірілмей, қоғамдық тыңдауларға қатысқан адамдардың пікірлері ескеріле отырып жасалады. Хаттамада мүдделі жұртшылықтың негізделген ескертулері мен ұсыныстары және Тапсырыс берушінің әрбір ескерту мен ұсыныстың есебі бойынша ұстанымы көрініс табады. Хаттамаға қоғамдық тыңдаулардың төрағасы мен хатшысы қол қойылады және қоғамдық тыңдауды өткізгеннен кейінгі жеті күннен кейін жеті жұмыс күн ішінде жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында жарияланады.

      20. Қоғамдық тыңдауды өткізгеннен кейінгі жеті күннен кейін жеті жұмыс күн ішінде Тапсырыс беруші қоғамдық тыңдау хаттамасының бір данасын жариялау үшін жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсына жариялауға ұсынады.

      21. Қоғамдық тыңдаулар осы Қағиданың 5-тармағының 1), 2) тармақшасында көрсетілген өкілдердің міндетті түрде қатысуымен тапсырыс берушіні (құжаттаманы әзірлеушіні) қоспағанда өтті деп есептеледі.

2 параграф. Сауал нысанындағы қоғамдық тыңдаулар

      22. Тапсырыс беруші жергілікті атқарушы органды сауал нысанында қоғамдық тыңдауды өткізу жөнінде ескертеді.

      23. Жергілікті атқарушы орган жұртшылықтың қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы ақпаратқа қол жетімділігін қамтамасыз етуге жауапты тұлғаны анықтайды.

      24. Тапсырыс беруші мемлекеттік және орыс тілдерінде қоғамдық тыңдауларды сауал нысанында өткізу жөнінде хабарландыруды БАҚ-та келесі мәліметтерді көрсетумен жариялайды:

      жергілікті атқарушы органның атауы және қоғамдық тыңдауларды өткізуге және жауапты тұлғаның байланыс деректерін;

      мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі мемлекеттік органның атауын;

      тапсырыс берушінің атауы және байланыс деректерін;

      құжаттаманы әзірлеушінің атауын және байланыс деректерін;

      мүдделі жұртшылықтың пікірін ескере отыра сауалнама парағы және жоба бойынша құжаттама жарияланған мемлекеттік органның интернет-ресурсының мекенжайын;

      ұсыныстармен ескертулер қабылданатын интернет-ресурстың мекен-жайы және Тапсырыс берушінің электрондық поштасы.

      25. Жергілікті атқарушы органның жауапты тұлғасы мүдделі жұртшылықтан ұсыныстар мен (немесе) ескертулер түскен жағдайда, оны тапсырыс берушіге жолдайды.

      26. Тапсырыс беруші жұртшылықтан түскен ұсыныстар мен (немесе) ескертулеріне талдау жасайды.

      27. Тапсырыс беруші жергілікті атқарушы органның жауапты тұлғасымен бірлесіп, осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша қоғамдық тыңдау өткеннен кейін жеті күннен кешіктірмей, сауал нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хаттама жасайды. Хаттамада мүдделі жұртшылықтың негізді ұсыныстары мен ескертулері және Тапсырыс берушінің әр ұсыныстар мен ескертулерді ескеру бойынша көзқарасы баяндалады.

  Қоғамдық тыңдауларды
өткізу қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсындағы
"Қоғамдық тыңдаулар" айдары

Орналастыру күні

Хабарландыру


Қоғамдық тыңдауды өткізу туралы хабарландыру мәтіні, сонымен қатар жергілікті атқарушы органның атауы және қоғамдық тыңдауды ұйымдастыруға, ұсыныстар мен ескертулерді қабылдауға жауапты тұлғаның байланыс деректері;

мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі мемлекеттік органның атауы;

тапсырыс берушінің атауы;

жоба бойынша құжаттама жарияланған жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсының мекенжайы;

құжаттаманы әзірлеушінің атауы;

күні, уақыты, орны.


Жоба бойынша құжаттамаға мүдделі жұртшылықтың ескертулері, ұсыныстары

мүдделі жұртшылықтың ескертулеріне, ұсыныстарына тапсырыс берушінің жауаптары


қоғамдық пікір есебі бойынша сауалнама парағы


қоғамдық пікір есебі бойынша толтырылған сауалнама парақтары


қоғамдық тыңдаулар хаттамасы


сауалнама нысанындағы қоғамдық талқылау өткізу туралы хаттама

  Қоғамдық тыңдауларды
өткізу қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

      Мүдделі жұртшылықтың пікірін есепке алу жөніндегі

САУАЛ ПАРАҒЫНЫҢ № _____

      Күні __________

      1. А.Т.Ә, (заңды тұлғаның атауы), ЖСН (БИК)__________________________

      _____________________________________________________________________

      2. Тұрғылықты жері немесе заңды мекенжайы____________________________

       (елді мекеннің атауы)

      3. Айналысатын кәсібі _______________________________________________

      4. Байланыс деректері _______________________________________________

      (Мекенжайы, телефон, өзгесі жауап алу қажет болған жағдайда

      толтырылады)

      5. Ұйымның атауы, мекенжайы, телефоны _______________________________

      (сауал қатысушы ұйым атынан шығып отырған жағдайда толтырылады)

      6. Жоспарланатын қызмет туралы ұсынылған ақпарат толықтығының бағасы:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      7. Түсініктемелер, ұсыныстар:________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

  Қоғамдық тыңдауларды
өткізу қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

___________жоба бойынша ашық отырыс нысанындағы қоғамдық
тыңдаулардың хаттамасы

      1. Өткізу күні ________________________________________________

      2. Өткізу орны ________________________________________________

      3. Қоғамдық тыңдауларды___________________________ұйымдастырды

      (жергілікті атқарушы орган)

      4. Қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы ақпарат жұртшылыққа _______

      ____________________________________________арқылы жеткізілді.

      (құлақтандыруға пайдаланылған құралдарды көрсету, мысалы, БАҚ атауы

      және жариялау күндері)

      5. Қатысқандар:________________________________________________

      (негізгі қатысушылар санаты немесе хаттамаға қосымша ретінде барлық

      қатысушылардың толық тізімін ұсыну)

      6. Қоғамдық тыңдаулардың күн тәртібі:__________________________

      (күн тәртібіндегі негізгі тармақтар және оларға қарастырылған уақыт

      шегі)

      7. Сөз сөйлегендер:____________________________________________

      (сөз сөйлегендердің тізімі, олардың сөйлеген сөздері мен

      баяндамаларының тақырыбы және негізгі мәні, сөйлеген сөзімен

      баяндамаларының мәтіні болған жағдайда, оларды хаттамаға қосымша

      ретінде қосу).

      8. Жұртшылық өкілдерінің ұсыныстары мен ескертулері,

      сұрақтары:___________________________________________________________

      (сұрақты және жауапты, мақсатты топты немесе ұйымды көрсете отырып,

      ұсыныстар мен ескертулерді жазу; жазбаша көлемді ұсыныстар мен

      ескертулер болған кезде - оларды хаттамаға қосымша ретінде енгізу)

      9. Тапсырыс берушінің сұрақтарға, ұсыныстар мен ескертулерге

      жауаптары____________________________________________________________

      10. Талқылау қорытындысы бойынша негізгі тұжырымдар:

      _____________________________________________________________________

      Қоғамдық тыңдаулардың төрағасы:________________________________

       (Тегі, аты әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)

      Қоғамдық тыңдаулардың хатшысы: ________________________________

       (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)

  Қоғамдық тыңдауларды
өткізу қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

______________жоба бойынша сауал нысанындағы қоғамдық тыңдаулар
өткізу туралы хаттама

      Мекенжайы:___________________________________________________________

      Есепті жасау күні ___________________________________________________

      Материалдармен танысу_____ күн ішінде _________ жылдың _______бастап

      ____________________________________мекенжайлары бойынша жүргізілді.

      Құжаттаманың толық атауы: __________________________________________

      Шаруашылық қызметті жүзеге асыру орны: _____________________________

      Тапсырыс беруші: ___________________________________________________

      Әзірлеуші___________________________________________________________

      Сауал нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізу тәртібі:

      ақпараттық хабарландыруларды мына бұқаралық ақпарат құралдарында

      жариялау:____________________________________________________________

      Сауал нысанында қоғамдық тыңдаулар нәтижелерін өңдеу:

      сауал нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізу кезінде ________ сауалнама

      парағы келіп түсті.

      Сауал нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізгеннен кейін тапсырыс

      берушіге ұсынылды:

      Сауал нысанындағы қоғамдық тыңдаулар барысында айтылған ескертулер

      мен ұсыныстарға талдау:

      Жергілікті атқарушы

      органның жауапты

      тұлғасы ______________________

      Тапсырыс беруші ______________________

      Қосымша: сауал нысанындағы қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың

      толтырған сауал парақтары