"Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Темекi өнiмдерiнiң қалдықтары мен (немесе) айналымы туралы декларация нысанын, ережелерi мен тапсыру мерзiмдерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 537 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2004 жылғы 20 қаңтарда N 2675 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2004 ж., N 25-28, 944-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Темекi өнiмдерiнiң қалдықтары мен (немесе) айналымы туралы декларацияның нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Темекi өнiмдерiнiң қалдықтары мен (немесе) айналымы туралы декларацияны тапсыру ережелерiнде:
7-тармақта "дана" деген сөзден кейін "/кг" деген сөзбен толықтырылсын;
14-17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"14. "Eceптi кезеңнің басындағы қалдық" бөлiмiнде:
1) 440.00.001 жолында есептi кезеңнің басында декларантта бар фильтрлi сигареталардың қалдығы көрсетiледi;
2) 440.00.002 жолында есептi кезеңнің басында декларантта бар фильтрсіз сигареталардың, папиростардың қалдығы көрсетiледi;
3) 440.00.003 жолында есептi кезеңнің басында декларантта бар сигаралардың қалдығы көрсетiледi;
4) 440.00.004 жолында есептi кезеңнің басында декларантта бар сигариллалардың қалдығы көрсетiледi;
5) 440.00.005 жолында есепті кезеңнің басында декларантта бар тұтыну ыдысына салынған және түпкілікті тұтынуға арналған шегетін, шайнайтын, иіскейтін темекінің және өзге де темекінің (бұдан әрі - темекі) қалдығы көрсетіледі.
15. "Есепті кезеңде алынды" бөлімінде:
1) 440.00.006 жолында есепті кезеңде қызметін темекі өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымы саласында жүзеге асыратын тұлғалардан келіп түскен фильтрлі сигареталардың жалпы саны көрсетіледі;
2) 440.00.007 жолында есепті кезеңде қызметін темекі өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымы саласында жүзеге асыратын тұлғалардан келіп түскен фильтрсіз сигареталардың, папиростардың жалпы саны көрсетіледі;
3) 440.00.008 жолында есепті кезеңде қызметін темекі өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымы саласында жүзеге асыратын тұлғалардан келіп түскен сигаралардың жалпы саны көрсетіледі;
4) 440.00.009 жолында есепті кезеңде қызметін темекі өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымы саласында жүзеге асыратын тұлғалардан келіп түскен сигариллалардың жалпы саны көрсетіледі;
5) 440.00.010 жолында есепті кезеңде қызметін темекі өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымы саласында жүзеге асыратын тұлғалардан келіп түскен темекінің жалпы саны көрсетіледі;
6) 440.00.011 жолында есепті кезеңде Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортталған фильтрлі сигареталардың, папиростардың саны көрсетіледі;
7) 440.00.012 жолында есепті кезеңде Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортталған фильтрсіз сигареталардың, папиростардың саны көрсетіледі;
8) 440.00.013 жолында есепті кезеңде Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортталған сигаралардың саны көрсетіледі;
9) 440.00.014 жолында есепті кезеңде Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортталған сигариллалардың саны көрсетіледі;
10) 440.00.015 жолында есепті кезеңде Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортталған темекінің саны көрсетіледі.
16. "Есепті кезеңде өткізілді":
1) 440.00.016 жолында есепті кезеңде өткізілген фильтрлі сигареталардың жалпы саны көрсетіледі. Осы жолдың шамасы 440.00.021, 440.00.026, 440.00.031 және 440.00.036 жолдарында көрсетілген шамаларды қосумен айқындалады;
2) 440.00.017 жолында есепті кезеңде өткізілген фильтрсіз сигареталардың, папиростардың жалпы саны көрсетіледі. Осы жолдың шамасы 440.00.022, 440.00.027, 440.00.032 және 440.00.037 жолдарында көрсетілген шамаларды қосумен айқындалады;
3) 440.00.018 жолында есепті кезеңде өткізілген сигаралардың жалпы саны көрсетіледі. Осы жолдың шамасы 440.00.023, 440.00.028, 440.00.033 және 440.00.038 жолдарында көрсетілген шамаларды қосумен айқындалады;
4) 440.00.019 жолында есепті кезеңде өткізілген сигариллалардың жалпы саны көрсетіледі. Осы жолдың шамасы 440.00.024, 440.00.029, 440.00.034 және 440.00.039 жолдарында көрсетілген шамаларды қосумен айқындалады;
5) 440.00.020 жолында есепті кезеңде өткізілген темекінің жалпы саны көрсетіледі. Осы жолдың шамасы 440.00.025, 440.00.030, 440.00.035 және 440.00.040 жолдарында көрсетілген шамаларды қосумен айқындалады;
6) 440.00.021 жолында темекі өнімдерін көтерме саудада сатуды жүзеге асыратын тұлғаларға өткізілген фильтрлі сигареталардың саны көрсетіледі;
7) 440.00.022 жолында темекі өнімдерін көтерме саудада сатуды жүзеге асыратын тұлғаларға өткізілген фильтрсіз сигареталардың, папиростардың саны көрсетіледі;
8) 440.00.023 жолында темекі өнімдерін көтерме саудада сатуды жүзеге асыратын тұлғаларға өткізілген сигаралардың саны көрсетіледі;
9) 440.00.024 жолында темекі өнімдерін көтерме саудада сатуды жүзеге асыратын тұлғаларға өткізілген фильтрлі сигариллалардың саны көрсетіледі;
10) 440.00.025 жолында темекі өнімдерін көтерме саудада сатуды жүзеге асыратын тұлғаларға өткізілген темекінің саны көрсетіледі;
11) 440.00.026 жолында бөлшек саудада өзi сатқан немесе темекi өнiмдерiн бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын тұлғаларға өткiзілген фильтрлi сигареталардың саны көрсетіледі;
12) 440.00.027 жолында бөлшек саудада өзi сатқан немесе темекi өнiмдерiн бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын тұлғаларға өткiзілген фильтрсіз сигареталардың, папиростардың саны көрсетіледі;
13) 440.00.028 жолында бөлшек саудада өзi сатқан немесе темекi өнiмдерiн бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын тұлғаларға өткiзілген сигаралардың саны көрсетіледі;
14) 440.00.029 жолында бөлшек саудада өзi сатқан немесе темекi өнiмдерiн бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын тұлғаларға өткiзілген фильтрлi сигариллалардың саны көрсетіледі;
15) 440.00.030 жолында бөлшек саудада өзi сатқан немесе темекi өнiмдерiн бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын тұлғаларға өткiзілген темекінің саны көрсетіледі;
16) 440.00.031 жолында экспортқа өткiзілген фильтрлi сигареталардың саны көрсетiледi;
17) 440.00.032 жолында экспортқа өткiзілген фильтрсіз сигареталардың, папиростардың саны көрсетiледi;
18) 440.00.033 жолында экспортқа өткiзілген сигаралардың саны көрсетiледi;
19) 440.00.034 жолында экспортқа өткiзілген сигариллалардың саны көрсетiледi;
20) 440.00.035 жолында экспортқа өткiзілген темекінің саны көрсетiледi;
21) 440.00.036 жолында заттай төлегенде пайдаланылған, бүлiнген, жоғалған және өзге де құжаттай расталған өткiзілген фильтрлi сигареталардың саны көрсетiледi;
22) 440.00.037 жолында заттай төлегенде пайдаланылған, бүлiнген, жоғалған және өзге де құжаттай расталған өткiзілген фильтрсiз сигареталардың, папиростардың саны көрсетiледi;
23) 440.00.038 жолында заттай төлегенде пайдаланылған, бүлiнген, жоғалған және өзге де құжаттай расталған өткiзілген сигаралардың саны көрсетiледi;
24) 440.00.039 жолында заттай төлегенде пайдаланылған, бүлiнген, жоғалған және өзге де құжаттай расталған өткiзілген сигариллалардың саны көрсетiледi;
25) 440.00.040 жолында заттай төлегенде пайдаланылған, бүлiнген, жоғалған және өзге де құжаттай расталған өткiзілген темекінің саны көрсетiледi.
17. "Есепті кезеңнің соңына қалдық" бөлімінде:
1) 440.00.041 жолында есептi кезеңнің соңында декларанттағы фильтрлi сигареталардың қалдығы көрсетiледi. Осы жолдың шамасы 440.00.001 және 440.00.006 жолдарында көрсетілген шамаларды қосып, 440.00.016 жолында көрсетілген шаманы алумен айқындалады. Декларацияны келесі есепті кезең үшін тапсырған кезде, осы жолдың көрсеткіші көрсетілген декларацияның 440.00.001 жолына көшіріледі;
2) 440.00.042 жолында есептi кезеңнің соңында декларанттағы фильтрсiз сигареталардың, папиростардың қалдығы көрсетiледi. Осы жолдың шамасы 440.00.002 және 440.00.007 жолдарында көрсетілген шамаларды қосып, 440.00.017 жолында көрсетілген шаманы алумен айқындалады. Декларацияны келесі есепті кезең үшін тапсырған кезде, осы жолдың көрсеткіші көрсетілген декларацияның 440.00.002 жолына көшіріледі;
3) 440.00.043 жолында есептi кезеңнің соңында декларанттағы сигаралардың қалдығы көрсетiледi. Осы жолдың шамасы 440.00.003 және 440.00.008 жолдарында көрсетілген шамаларды қосып, 440.00.018 жолында көрсетілген шаманы алумен айқындалады. Декларацияны келесі есепті кезең үшін тапсырған кезде, осы жолдың көрсеткіші көрсетілген декларацияның 440.00.002 жолына көшіріледі;
4) 440.00.044 жолында есептi кезеңнің соңында декларанттағы сигариллалардың қалдығы көрсетiледi. Осы жолдың шамасы 440.00.004 және 440.00.009 жолдарында көрсетілген шамаларды қосып, 440.00.019 жолында көрсетілген шаманы алумен айқындалады. Декларацияны келесі есепті кезең үшін тапсырған кезде осы жолдың көрсеткіші көрсетілген декларацияның 440.00.002 жолына көшіріледі;
5) 440.00.045 жолында есептi кезеңнің соңында декларанттағы темекінің қалдығы көрсетiледi. Осы жолдың шамасы 440.00.005 және 440.00.010 жолдарында көрсетілген шамаларды қосып, 440.00.020 жолында көрсетілген шаманы алумен айқындалады. Декларацияны келесі есепті кезең үшін тапсырған кезде осы жолдың көрсеткіші көрсетілген декларацияның 440.00.003 жолына көшіріледі.";
21-тармақта:
3) тармақшадағы "темекi өнiмдерiнiң" деген сөздер "сигареталардың" деген сөзбен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы "фильтрсiз темекi өнiмдерiнiң" деген сөздер "фильтрсiз сигареталардың, папиростардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5)-7) тармақшалармен толықтырылсын:
"5) 440.01.005 жолында 440.01 нысанының толтырылатын бетінде көрсетілген сигаралардың жиынтық саны көрсетіледі;
6) 440.01.006 жолында 440.01 нысанының толтырылатын бетінде көрсетілген сигариллалардың жиынтық саны көрсетіледі;
7) 440.01.007 жолында 440.01 нысанының толтырылатын бетінде көрсетілген темекінің жиынтық саны көрсетіледі";
23-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) ЕурАзЭҚ ТН СЭҚ коды. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық сыртқы экономикалық қызметiнiң бiрыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың коды көрсетiледi;";
24-27 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"24. "Темекi өнiмдерi импортының көлемi" бөлiмiнде:
1) 440.02.001 жолы жеткiзуге жасалған шартқа (келiсiм-шартқа) сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортталатын фильтрлi сигареталардың саны көрсетiледi;
2) 440.02.002 жолы жеткiзуге жасалған шартқа (келiсiм-шартқа) сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортталатын фильтрсiз сигареталардың, папиростардың саны көрсетiледi;
3) 440.02.003 жолы жеткiзуге жасалған шартқа (келiсiм-шартқа) сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортталатын сигаралардың саны көрсетiледi;
4) 440.02.004 жолы жеткiзуге жасалған шартқа (келiсiм-шартқа) сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортталатын сигариллалардың саны көрсетiледi;
5) 440.02.005 жолы жеткiзуге жасалған шартқа (келiсiм-шартқа) сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортталатын темекiнің саны көрсетiледi.
25. "Жеткiзудiң жалпы құны" бөлiмiнде:
1) 440.02.006 жолында жеткiзушiмен жасалған шартқа (келiсiм-шартқа) сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортталатын фильтрлi сигареталардың жалпы құны көрсетiледi;
2) 440.02.007 жолында жеткiзушімен жасалған шартқа (келiсiм-шартқа) сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортталатын фильтрсiз сигареталардың, папиростардың жалпы құны көрсетiледi;
3) 440.02.008 жолында жеткiзушімен жасалған шартқа (келiсiм-шартқа) сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортталатын сигаралардың жалпы құны көрсетiледi;
4) 440.02.009 жолында жеткiзушімен жасалған шартқа (келiсiм-шартқа) сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортталатын сигариллалардың жалпы құны көрсетiледi;
5) 440.02.010 жолында жеткiзушімен жасалған шартқа (келiсiм-шартқа) сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортталатын темекінің жалпы құны көрсетiледi.
26. "Есептi кезеңде импортталған темекi өнiмдерiнiң саны" бөлiмiнде:
1) 440.02.011 жолында есептi кезеңде Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортталған фильтрлi сигареталардың саны көрсетiледi. Осы жолдың көрсеткiшi 440.01-нысанда түсiндiрiлуi тиiс;
2) 440.02.012 жолында есептi кезеңде Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортталған фильтрсiз сигареталардың, папиростардың саны көрсетiледi. Осы жолдың көрсеткiшi 440.01-нысанда түсiндiрiлуi тиiс;
3) 440.02.013 жолында есептi кезеңде Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортталған сигаралардың саны көрсетiледi. Осы жолдың көрсеткiшi 440.01-нысанда түсiндiрiлуi тиiс;
4) 440.02.014 жолында есептi кезеңде Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортталған сигариллалардың саны көрсетiледi. Осы жолдың көрсеткiшi 440.01-нысанда түсiндiрiлуi тиiс;
5) 440.02.015 жолында есептi кезеңде Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортталған темекілердің саны көрсетiледi. Осы жолдың көрсеткiшi 440.01-нысанда түсiндiрiлуi тиiс.
27. "Есептi кезеңде импортталған темекi өнiмдерiнiң құны" бөлiмiнде:
1) 440.02.016 жолында есептi кезеңде Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортталған фильтрлi сигареталардың құны көрсетiледi;
2) 440.02.017 жолында есептi кезеңде Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортталған фильтрсiз сигареталардың, папиростардың құны көрсетiледi;
3) 440.02.018 жолында есептi кезеңде Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортталған сигаралардың құны көрсетiледi;
4) 440.02.019 жолында есептi кезеңде Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортталған сигариллалардың құны көрсетiледi;
5) 440.02.020 жолында есептi кезеңде Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортталған темекінің құны көрсетiледi.";
28-тармақ алынып тасталсын;
30-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) ЕурАзЭҚ ТН СЭҚ коды. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық сыртқы экономикалық қызметiнiң бiрыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың коды көрсетiледi;";
31-34 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"31. "Темекi өнiмдерi экспортының көлемi" бөлiмiнде:
1) 440.03.001 жолы жеткiзуге жасалған шартқа (келiсiм-шартқа) сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс экспортталатын фильтрлi сигареталардың саны көрсетiледi;
2) 440.03.002 жолы жеткiзуге жасалған шартқа (келiсiм-шартқа) сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс экспортталатын фильтрсiз сигареталардың, папиростардың саны көрсетiледi;
3) 440.03.003 жолы жеткiзуге жасалған шартқа (келiсiм-шартқа) сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс экспортталатын сигаралардың саны көрсетiледi;
4) 440.03.004 жолы жеткiзуге жасалған шартқа (келiсiм-шартқа) сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс экспортталатын сигариллалардың саны көрсетiледi;
5) 440.03.005 жолы жеткiзуге жасалған шартқа (келiсiм-шартқа) сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс экспортталатын темекінің саны көрсетiледi.
32. "Экспортқа жеткiзудiң жалпы құны" бөлiмiнде:
1) 440.03.006 жолында жеткiзушiмен жасалған шартқа (келiсiм-шартқа) сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс экспортталатын фильтрлi сигареталардың жалпы құны көрсетiледi;
2) 440.03.007 жолында жеткiзушiмен жасалған шартқа (келiсiм-шартқа) сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс экспортталатын фильтрсiз сигареталардың, папиростардың жалпы құны көрсетiледi;
3) 440.03.008 жолында жеткiзушiмен жасалған шартқа (келiсiм-шартқа) сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс экспортталатын сигаралардың жалпы құны көрсетiледi;
4) 440.03.009 жолында жеткiзушiмен жасалған шартқа (келiсiм-шартқа) сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс экспортталатын сигариллалардың жалпы құны көрсетiледi;
5) 440.03.010 жолында жеткiзушiмен жасалған шартқа (келiсiм-шартқа) сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс экспортталатын темекінің жалпы құны көрсетiледi.
33. "Есептi кезеңде экспортталған темекi өнiмдерiнiң саны" бөлiмiнде:
1) 440.03.011 жолында есептi кезеңде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс экспортталған фильтрлi сигареталардың саны көрсетiледi. Осы жолдың көрсеткiшi 440.01-нысанда түсiндiрiлуi тиiс;
2) 440.03.012 жолында есептi кезеңде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс экспортталған фильтрсiз сигареталардың, папиростардың саны көрсетiледi. Осы жолдың көрсеткiшi 440.01-нысанда түсiндiрiлуi тиiс;
3) 440.03.013 жолында есептi кезеңде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс экспортталған сигаралардың саны көрсетiледi. Осы жолдың көрсеткiшi 440.01-нысанда түсiндiрiлуi тиiс;
4) 440.03.014 жолында есептi кезеңде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс экспортталған сигаралардың саны көрсетiледi. Осы жолдың көрсеткiшi 440.01-нысанда түсiндiрiлуi тиiс;
5) 440.03.015 жолында есептi кезеңде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс экспортталған темекілердің саны көрсетiледi. Осы жолдың көрсеткiшi 440.01-нысанда түсiндiрiлуi тиiс.
34. "Есептi кезеңде экспортталған темекi өнiмдерiнiң құны" бөлiмiнде:
1) 440.03.016 жолында есептi кезеңде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс экспортталған фильтрлi сигареталардың құны көрсетiледi;
2) 440.03.017 жолында есептi кезеңде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс экспортталған фильтрсiз сигареталардың, папиростардың құны көрсетiледi;
3) 440.03.018 жолында есептi кезеңде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс экспортталған сигаралардың құны көрсетiледi;
4) 440.03.019 жолында есептi кезеңде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс экспортталған сигариллалардың құны көрсетiледi;
5) 440.03.020 жолында есептi кезеңде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс экспортталған темекінің құны көрсетiледi.".
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Акциздерді әкімшілендіру басқармасы (Н.Д Байғазиев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Ұйымдастыру-қаржылық қамтамасыз ету басқармасы (Р.Ю.Юсупов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Салық комитетінің
Төрағасы
нысан 440.00 бет 01
Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Салық комитеті
Төрағасының 2007 жылғы 3 сәуірдегі
N 194 бұйрығына қосымша
"Темекі өнімдерінің қалдықтары
мен (немесе) айналымы туралы
декларация нысанын, ережелері
мен тапсыру мерзімдерін
бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
26.12.2003 жылғы
бұйрығымен бекітілген
Темекі өнімдерінің қалдықтары мен (немесе)
айналымы туралы декларация
РҚАО-ның ескертуі: Нысанды қағаз мәтіннен қараңыз
Нысан 440.01 парақ А
Темекі өнімдерінің көлемдері туралы мәліметтер
(Декларацияға N 1 қосымша )
РҚАО-ның ескертуі: Нысанды қағаз мәтіннен қараңыз
Нысан 440.02 бет 01
Импорт бойынша темекі өнімдерінің түсімдері
туралы мәліметтер
(Декларацияға N 2 қосымша)
РҚАО-ның ескертуі: Нысанды қағаз мәтіннен қараңыз
Нысан 440.03 бет 01
Экспортқа темекі өнімдерінің түсімдері туралы мәліметтер
(Декларацияға N 3 қосымша)
РҚАО-ның ескертуі: Нысанды қағаз мәтіннен қараңыз