Күші жойылды - ҚР Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2010.04.20 № 160 Бұйрығымен.
"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1458 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы аң аулау ережесіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында аңшы иттерді тіркеу туралы құжат беру ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасының орынбасары Қ.Ш.Мұсабаевқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық ол алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Орман және аңшылық шаруашылығы
комитеті төрағасының
2007 жылғы 14 наурыздағы
N 103 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында аңшы иттерді
тіркеу туралы құжат беру ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында аңшы иттерді тіркеу туралы құжат беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1458 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесіне сәйкес әзірленді.
2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының аң аулайтын алқаптарында аң аулау кезінде пайдаланылатын аңшы иттерді тіркеу туралы құжат беру тәртібін айқындайды.
3. Аңшы иттерді тіркеу туралы құжат беруді жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары (бұдан әрі - аумақтық органдар) жүзеге асырады.
4. Аңшы иттерді тіркеу туралы құжат қаңғыбас иттердің жануарларға келтірілетін нұқсанға жол бермеу және олардың адамдар мен жануарлардың денсаулығына қауіпті ауруларды таратуын болдырмау мақсатында беріледі.
5. Аңшы иттерге аң аулайтын алқаптарда жабайы аңдар мен құстарды іздеу, ізіне түсу және аулау үшін аң аулауға құқығы бар жеке тұлғалар (бұдан әрі - аңшылар) пайдаланатын асыл тұқымды және тұқымсыз иттер жатады.
2. Аңшы иттерді тіркеу туралы құжаттарды
қарау және беру тәртібі
6. Аңшы итті тіркеу туралы құжат алу үшін тұрғылықты жер бойынша аумақтық органға аңшы қол қойған тапсырыс жіберіледі.
7. Тапсырыста мыналар көрсетіледі:
1) тіркеудің мақсаты;
2) тұқымы, түр-түсі;
3) туған жылы.
8. Тапсырысқа мынадай құжаттар қоса тіркеледі:
1) аңшы иттермен олардың тұқымын асылдандыру жұмысын жүргізетін кинологтар клубтары, олардың қауымдастықтары, аңшылар қоғамдары асыл тұқымды иттерге беретін аңшы иттің шығу тегі туралы анықтама немесе куәлік;
2) "Ауыл шаруашылығы жануарларын ұқсастандыру туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі N 164 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2247 нөмірмен тіркелген) ауыл шаруашылығы жануарларын жалпы ұқсастандыру шеңберінде тиісті ветеринариялық ұйымдар аңшыларға беретін асыл тұқымды және тұқымсыз иттердің белгіленген үлгідегі төлқұжаты;
3) оң жақ бүйірінен және сол жақ бүйірінен түсірілген көлемі 6 х 8 сантиметр аңшы иттің екі фотосуреті.
9. Аумақтық орган тапсырысты қарап, он күн ішінде куәландыру құжаттарының негізінде мәліметтерді "Қазақстан Республикасының аңшы куәлігін беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2004 жылғы 19 қарашадағы N 246 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3274 нөмірмен тіркелген) бекітілген Аңшы куәлігі мен Есеп карточкасына енгізіп, қосымшаға сәйкес аңшы итті тіркеу туралы белгіленген үлгідегі сертификат береді.
Қазақстан Республикасында
аңшы иттерді тіркеу туралы
құжат беру ережесіне
қосымша
Аңшы итті тіркеу туралы
сертификат
р/с |
Тұқымы, |
Туған жылы |
Итті ветеринариялық |
Фотосуретке арналған орын |
|||
Аңшы иттің оң жақ бүйірінен |
Аңшы иттің сол жақ |
||
М.О. (орталық орган)
Орталық органның басшысы ___________________ ___________
(Т.А.Ж.) (қолы)