"Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережені қолданудың тәртібі туралы»нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 1 қаңтардағы N 1 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 26 наурыздағы N 114 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 6 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4607 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығымен.

Күшін жойған

      Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2011.05.27 № 246 (ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күндік мерзімге дейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Кәсіби өзекті қалыптастыру және сақтау, ішкі істер органдары қызметкерлерінің құқықтық қорғалуын арттыру жөнінде қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1398 болып тіркелген "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережені қолданудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 1 қаңтардағы N 1  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3018 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 23 шілдедегі  N 428 бұйрығымен бекітіліп, өзгерістер енгізілген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережені қолданудың тәртібі туралы нұсқаулықта:
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      "6-1. Ішкі істер органдарында қызметке үміткер арнайы алғашқы даярлықтан өткенге дейін арнайы атақ берілмей және кадрға қабылданбай, тиісті лауазымға сынақ мерзімімен тағылымдамадан өтуші болып тағайындалады.";

      96-тармақтың бірінші абзацы»қызметкерді "пайдалану" деген сөздерден кейін ", қызметте бос орындар болған кезде оны қарамағына (резервке) қабылдау жағдайларынан басқа" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Министр