Кәсіби өзекті қалыптастыру және сақтау, ішкі істер органдары қызметкерлерінің құқықтық қорғалуын арттыру жөнінде қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1398 болып тіркелген "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережені қолданудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 1 қаңтардағы N 1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3018 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 23 шілдедегі N 428 бұйрығымен бекітіліп, өзгерістер енгізілген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережені қолданудың тәртібі туралы нұсқаулықта:
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Ішкі істер органдарында қызметке үміткер арнайы алғашқы даярлықтан өткенге дейін арнайы атақ берілмей және кадрға қабылданбай, тиісті лауазымға сынақ мерзімімен тағылымдамадан өтуші болып тағайындалады.";
96-тармақтың бірінші абзацы»қызметкерді "пайдалану" деген сөздерден кейін ", қызметте бос орындар болған кезде оны қарамағына (резервке) қабылдау жағдайларынан басқа" деген сөздермен толықтырылсын.