"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы N 1650 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 6 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.»"Жүргізуші куәлігінің және көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктің жаңа үлгілерін енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 27 қарашадағы N 644 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1322 болып тіркелді, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3099 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 08 қыркүйектегі N 521 "N 1322 болып тіркелген "Жүргізуші куәлігінің және көлік құралдарын тіркеу туралы құжаттың жаңа үлгілерін енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 27 қарашадағы N 644 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы", және нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3934 болып тіркелген, "Ресми газет" газетінде, 2005 жылғы 10 желтоқсанда N 51 (259) жарияланған, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 17 қарашадағы N 639 "Жүргізуші куәлігінің және көлік құралын тіркеу туралы куәліктің жаңа үлгілерін енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 27 қарашадағы N 644 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрықтарымен өзгерістер енгізілген) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-тармақшамен толықтырылсын:
"3) жүргізуші куәлігі талонының үлгісі (талон) (4 қосымша).
Талон әкімшілік жазаларды және заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды тіркеу құралы болып табылады деп белгіленсін.
Талон алып қоюға жатпайды, оның ішінде жүргізуші куәлігін алып қою кезінде, сондай-ақ көлік құралын басқару құқығынан айырған жағдайда да алынбайды.";
N 1 қосымшадағы интегралдық микросхеманы суреттеу бөлігінің 4) тармақшасы алынып тасталсын;
осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес N 4 қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті (Ө.Т.Түсімов):
1) 2007 жылғы 1 тамыздан бастап жүргізуші куәлігі талонының қолданысқа енгізілуі және оларды беру тәртібі туралы халықты, сондай-ақ мүдделі министрліктерді, ведомстволарды, кәсіпорындарды, мекемелерді және ұйымдарды кеңінен ақпараттандыруды қамтамасыз етсін;
2) жол қозғалысын қадағалауды жүзеге асыратын ішкі істер органдары бөлімшелерінің қызметкерлерімен бірге 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап көлік жүргізушілерінде жүргізуші куәлігі талонының міндетті түрде болу талабының енгізілуі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізсін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне
мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін жіберуді және мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007.12.13 N 484 , 2008.05.29 N 202 Бұйрықтарымен.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер вице-министрі полиция генерал-майоры А.Ж. Шпекбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетіне (Ө.Т.Түсімов) жүктелсін.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007.12.13. N 484 Бұйрығымен.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2007 жылғы 15 наурыздағы
N 105 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2000 жылғы 27 қарашадағы
N 644 бұйрығына N 4 қосымша
Жүргізуші куәлігі талонның үлгісі
(Үлгіні қағаз мәтіннен қараңыз)
Жүргізуші куәлігі талоны мынадай визуалдық элементтерден турады:
1. иесінің қолы;
2. талонның нөмірі;
3. талонның қосымша функциялары үшін символдар мен ақпаратты
орналастыруға арналған орындары;
4. магнитті жолақ;
5. мынадай деректерден тұратын интегралдық микросхема:
1) жүргізуші куәлігі туралы:
сериясы және нөмірі;
берілген күні;
алынып қойылған күні;
2) жүргізуші туралы:
тегі, аты, әкесінің аты;
туған жері және күні;
жынысы;
тұрғылықты жері;
салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН);
жеке басын растайтын құжаттың түрі, сериясы, нөмірі және берілген күні;
жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
3) әкімшілік тәртіп бұзушылық туралы:
тәртіп бұзушылықтың түрі/коды/бабы, күні және уақыты;
әкімшілік тәртіп бұзушылық туралы хаттаманың сериясы және нөмірі;
әкімшілік жазаның түрі;
айыппұл мөлшері;
әкімшілік айыппұл салған инспектордың картасының жеке сәйкестендіру нөмірі;
айыппұл төлегені туралы нышан/белгі.
4) көлік иесінің жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыру туралы (міндетті түрде сақтандыру шартының бар екенін растайтын соңғы құжаттың нөмірі, күні және қолданылу мерзімі);
5) көліктің міндетті техникалық байқаудан өткені туралы (міндетті техникалық байқаудан өткенін растайтын соңғы құжаттың нөмірі, күні және қолданылу мерзімі);
6) жүргізуші куәлігі талоны үшін Қазақстан Республикасының
заңнамасында тыйым салынбаған қосымша функцияларды пайдалануға
мүмкіндік беретін деректер.