"Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ақпараттық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 6 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1035 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған "Ақпараттық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 6 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 143 , 2002 жылғы N 12, 561-құжат; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1969 тіркелген, "Юридическая газета" газетінің 2002 жылғы 18 қыркүйектегі N 38 санында, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған "Ақпараттық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 6 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2002 жылғы 23 тамыздағы N 125 , 2002 жыл, N 39, 700-құжат; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2764 тіркелген, "Юридическая газета" газетінің 2005 жылғы 2 тамызындағы N 139-140 сандарында жарияланған "Ақпараттық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 6 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 19 наурыздағы N 69 ; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2861 тіркелген "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 17 мамырдағы N 136 ; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1035, N 3067 тіркелген, "Юридическая газета" газетінің 2005 жылғы 2 тамыздағы N 139-140 сандарында жарияланған "Ақпараттық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 6 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 7 қыркүйектегі N 256 ; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3815 тіркелген, "Юридическая газета" газетінің 2005 жылғы 1 қыркүйектегі N 159 (893) санында жарияланған "Ақпараттық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 6 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 25 тамыздағы N 230 ; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4535 тіркелген, "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 қаңтардағы N 31 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен;) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген ақпараттық қызмет көрсету қағидасында:
14-тармақта "1 жұмыс күні" деген сөздер "2 жұмыс күні" деген сөздермен ауыстырылсын;
1 қосымшада:
Кестенің үшінші бағанында "Алаңы" деген сөз "Нысаналы мақсаты (жоспар бойынша литер)" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары осы бұйрықты өзінің қызметінде басшылыққа алсын.