Мүгедектер үшiн жұмыс орындарының квотасын белгiлеу туралы

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 22 маусымдағы N 1088 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық әділет басқармасында 2006 жылғы 21 шілдеде N 7-1-48 тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа алып және мүгедектердi әлеуметтiк қорғау бойынша қосымша шаралар бекiту үшiн қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      Ескерту: кіріспеге өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2008.06.26 N 1658 Қаулысымен.
      1. Жұмыс берушілер жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшiн жұмыс орындарының квотасын белгiлесiн.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е. Р. Мұқаевқа жүктелсін.

      Қала әкімі