Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 27 қаңтардағы N 68 "Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" қаулысын орындауда және мүгедектердi әлеуметтiк қорғау бойынша қосымша шаралар бекiту үшiн қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Жұмыс берушілер жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшiн жұмыс орындарының квотасын белгiлесiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е. Р. Мұқаевқа жүктелсін.
Қала әкімі