Орал қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 22 маусымдағы N 1088 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 26 маусымдағы № 1658 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 15 шілдеде № 7-1-106 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 3114 қаулысымен

      "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңының  32-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) "Батыс Қазақстан ЭТК" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - қоғам) саны 2123213 (екі миллион бір жүз жиырма үш мың екі жүз он үш) дана билік етуі шектелген жарияланған акцияларын 2123213000 (екі миллиард бір жүз жиырма үш миллион екі жүз он үш мың) теңге сомасына оларды мемлекеттің меншігіне мәжбүрлеп алып қою арқылы қоғамның салықтық берешегін өтеу есебіне орналастырсын;

      2) акцияларға мемлекеттік меншік құқығын қоғам акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне тіркеуді қамтамасыз етсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов