Қазақстан Республикасының "Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы"
Заңына
, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі "Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы" N 689
қаулысына
сәйкес Алматы қаласының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің жанынан Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Түрксіб аудандары бойынша Алматы қаласының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссиялар (бұдан әрі - комиссиялар) осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамда құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) комиссия туралы Ереже;
2) комиссия шешімінің үлгісі;
3) комиссия мәжілісі хаттамасының үлгісі;
4) жылжымайтын мүлікті жария етуге байланысты комиссияға келіп түскен өтініштерді есепке алу журналының үлгісі;
5) жылжымайтын мүлікті жария етуге ұсынылған құжаттар тізілімінің үлгісі;
6) жылжымайтын мүлікті жария етуге ұсынылған құжаттарды алғандығы туралы қолхаттың үлгісі бекітілсін.
3. Комиссия өз қызметінде комиссия туралы Ережені басшылыққа алады.
4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы әкімінің
міндетін атқарушы
Әкімдік хатшысы
Алматы қаласы әкімдігінің
2006 жылғы 3 тамыздағы
N 5/989 қаулысына қосымша
Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы
Алмалы ауданы бойынша комиссияның
ҚҰРАМЫ
Ескерту. Алмалы ауданы бойынша комиссия құрамы өзгертілді - Алматы қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 9 қаңтардағы
N 1/58
және 2007 жылғы 22 ақпандағы
N 2/264
қаулыларымен.
|
1. |
Тимур Жұмажанұлы Әбіжанов |
Алмалы ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы |
|
2. |
Азамат Саматұлы
|
Алмалы ауданы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бастығы, комиссия хатшысы |
|
3. |
Ержан Әбдірахманұлы Ахметов |
Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы департаментінің Алмалы аудандық сәулетшісі |
|
4. |
Талғат Мейірбекұлы Асрарқұлов |
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінің Алмалы аудандық инспекторы |
|
5. |
Роза Әзімбекқызы Абсаметова |
Алматы қалалық мәслихатының депутаты |
|
6. |
Ернат Елубайұлы Байғалық |
Алматы қаласының Алмалы ауданы бойынша Салық комитеті өндірістік емес төлемдер бөлімінің жетекші салық инспекторы |
|
7. |
Қалбүбі Балсейітқызы Мұсаева |
Алматы қаласы Алмалы аудандық әділет басқармасының бастығы міндетін атқарушы |
|
8. |
Махаббат Рашидовна
|
Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының бас маманы |
|
9. |
Ботагөз Бимұханқызы
|
"Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы"»РМК Алмалы аудандық бөлімшесі бастығының орынбасары |
Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы
Әуезов ауданы бойынша комиссияның
ҚҰРАМЫ
Ескерту. Әуезов ауданы бойынша комиссия құрамы өзгертілді - Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 24 қазандағы
N 7/1252
, 2007 жылғы 9 қаңтардағы
N 1/58
және 2007 жылғы 22 ақпандағы
N 2/264
қаулыларымен.
|
1. |
Жасұлан Тоққожаұлы Естенов |
Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы |
|
2. |
Сәуле Ғалиқызы
|
Әуезов ауданы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы |
|
3. |
Қадырберген Алдабергенұлы
|
Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы департаментінің Әуезов аудандық сәулетшісі |
|
4. |
Мұрат Сыбашұлы Тұракелдиев |
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінің Әуезов аудандық инспекторы |
|
5. |
Екатерина Қозыбайқызы Балтабаева |
Алматы қалалық мәслихатының депутаты |
|
6. |
Асқат Қуатбекұлы Молдабеков |
Әуезов ауданы бойынша Салық комитеті өндірістік емес төлемдер бөлімінің бас салық инспекторы |
|
7. |
Аида Әлімжанқызы Усина |
Әуезов ауданының Әділет басқармасы бастығының орынбасары |
|
8. |
Марат Мәдиұлы Қанаев |
Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының бас маманы |
|
9. |
Айболат Солтанбекұлы Жақыпбеков
|
"Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы" РМК Әуезов аудандық бөлімшесі бастығының орынбасары |
|
10. |
Мади Жәтелдіұлы Отарбаев |
Алматы қаласы мемелекеттік сәулет құрылыс бақылау департаментінің бас маманы; |
Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы
Бостандық ауданы бойынша комиссияның
ҚҰРАМЫ
Ескерту. Бостандық ауданы бойынша комиссия құрамы өзгертілді - Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 24 қазандағы
N 7/1252
және 2007 жылғы 22 ақпандағы
N 2/264
қаулыларымен.
|
1. |
Бахытжан Шаймұхаметұлы Сапиев |
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы |
|
2. |
Тимур Надырханұлы Қабышев |
Бостандық ауданы әкімі аппараты мемлекеттік- құқықтық бөлімі бастығының міндетін атқарушы, комиссия хатшысы |
|
3. |
Бақыт Демешұлы Рымжанов |
Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы департаментінің Бостандық аудандық сәулетшісі |
|
4. |
Айбек Қажымұратұлы Тайжұмаев |
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінің Бостандық аудандық инспекторы |
|
5. |
Ирина Владимировна Смирнова |
Алматы қалалық мәслихатының депутаты |
|
6. |
Берік Сағындықұлы Ескінтаев |
Бостандық ауданы бойынша Салық комитеті өндірістік емес төлемдер бөлімінің бас салық инспекторы |
|
7. |
Айгүл Жантемірқызы Қасымова |
Бостандық ауданының Әділет басқармасы бастығының орынбасары |
|
8. |
Қайрат Сатыбалдыұлы Қайқыбаев |
Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасының бас маманы |
|
9. |
Ақылбек Мұхаметқалиұлы Нүркенов |
"Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы"»РМК Бостандық аудандық бөлімшесі бастығының орынбасары |
Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы
Жетісу ауданы бойынша комиссияның
ҚҰРАМЫ
Ескерту. Жетісу ауданы бойынша комиссия құрамы өзгертілді - Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 24 қазандағы N 7/1252 және 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 1/58 қаулыларымен.
|
1. |
Шаяхмет Шаймерденұлы
|
Алматы қаласының Жетісу ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы |
|
2. |
Гүлжан Абдулрахманқызы Сабурова |
Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқық бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы |
|
3. |
Шахман Нәбиұлы
|
Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы департаментінің Жетісу аудандық сәулетшісі |
|
4. |
Ерлан Бектұрғанұлы
|
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінің Жетісу аудандық инспекторы |
|
5. |
Сейілбек Машайұлы Қалақов |
Алматы қалалық мәслихатының депутаты |
|
6. |
Тұрар Керімбекұлы
|
Жетісу ауданы бойынша Салық комитеті өндірістік емес төлемдер бөлімінің бас салық инспекторы |
|
7. |
Ботагөз Кеңесқызы
|
Жетісу ауданының Әділет басқармасы бастығының орынбасары |
|
8. |
Айбек Нұрғожаұлы Баймұрзаев |
Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының бас маманы |
|
9. |
Сәкен Болатбайұлы
|
"Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы" РМК Жетісу аудандық бөлімшесі бастығының орынбасары |
Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы
Медеу ауданы бойынша комиссияның
ҚҰРАМЫ
Ескерту. Алмалы ауданы бойынша комиссия құрамы өзгертілді - Алматы қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 9 қаңтардағы
N 1/58
және 2007 жылғы 22 ақпандағы
N 2/264
қаулыларымен.
|
1. |
Ермек Сабырбекұлы
|
Алматы қаласының Медеу ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы |
|
2. |
Жәнібек Амангелдіұлы Сұлтанғалиев |
Алматы қаласының Медеу ауданы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы |
|
3. |
Жанат Әбдіқалықұлы
|
Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы департаментінің Медеу аудандық сәулетшісі |
|
4. |
Дәурен Қырғызбайұлы
|
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінің Медеу аудандық инспекторы |
|
5. |
Талапқали Әбішұлы Ізмұхамбетов |
Алматы қалалық мәслихатының депутаты |
|
6. |
Серік Шаризұлы
|
Медеу ауданы бойынша Салық комитеті өндірістік емес төлемдер бөлімінің бас салық инспекторы |
|
7. |
Әсел Ерболқызы Мамажанова |
Медеу ауданының Әділет басқармасы құжаттандыру және халықты тіркеу бөлімінің бастығы |
|
8. |
Владимир Георгиевич Яковлев |
Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы нормативтік және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы |
|
9. |
Қайырғали Жәмешұлы Қолдасов |
"Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы" РМК Медеу ауданы бойынша жылжымайтын мүлікті техникалық бөлімі бастығының орынбасары |
Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы
Түрксіб ауданы бойынша комиссияның
ҚҰРАМЫ
Ескерту. Түрксіб ауданы бойынша комиссия құрамы өзгертілді - Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 24 қазандағы
N 7/1252
қаулысымен.
|
1. |
Талғат Көшенұлы
|
Алматы қаласының Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы |
|
2. |
Нұрлан Бақытбекұлы
|
Түрксіб ауданы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бастығы, комиссия хатшысы |
|
3. |
Сұлтанхан Әзімханұлы
|
Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы департаментінің Түрксіб аудандық сәулетшісі |
|
4. |
Нұржан Нұрсейітұлы Әскеров |
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінің Түрксіб аудандық инспекторы |
|
5. |
Катиля Дюсуповна
|
Алматы қалалық мәслихатының депутаты |
|
6. |
Әмір Оралханұлы
|
Түрксіб ауданы бойынша Салық комитеті өндірістік емес төлемдер бөлімінің бас салық инспекторы |
|
7. |
Марат Сәкенұлы
|
Түрксіб ауданының Әділет басқармасы бастығының орынбасары |
|
8. |
Манап Отарбайұлы Мырзабеков |
Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының бас маманы |
|
9. |
Ғабит Мұхтарұлы
|
Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы»РМК Түрксіб аудандық бөлімшесі бастығының орынбасары |
Алматы қаласы әкімдігінің
2006 жылғы 3 тамыздағы
N 5/989 қаулысымен бекітілген
Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Алматы қаласының
аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария
етуді жүргізу жөніндегі комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Алматы қаласының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссия) Алматы қаласының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария ету туралы не жария етуден бас тарту туралы шешім шығаруға уәкілетті Алматы қаласы әкімдігінің жанынан құрылатын алқалы орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметін«"Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
(бұдан әрі - Заң), осы Ережеге және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
3. Комиссия жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, салық органдарының, сәулет және қала құрылысы органдарының, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдардың және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдерінен құрылады.
4. Комиссияны төраға - Алматы қаласының тиісті ауданы әкімінің орынбасары басқарады.
Комиссияның дербес құрамы жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітіледі.
5. Комиссияның орналасқан жері - Алматы қаласының тиісті аудан әкімі аппаратының ғимараты.
6. Комиссия демалыс және мереке күндерін қоспағанда, Заңмен белгіленген мерзім шеңберінде барлық күндері жұмыс істейді.
2. Комиссияның міндеттері мен функциялары
7. Комиссияның негізгі міндеті жылжымайтын мүлікті жария ету не жария етуден бас тарту туралы шешім қабылдау болып табылады.
8. Комиссияның функциялары:
1) жылжымайтын мүлікті жария етуге өтініш жасаған Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының (бұдан әрі - жария ету субъектілері) өтініштерін уақтылы және сапалы қарауды қамтамасыз ету;
2) жария ету объектісі туралы мәліметтерді белгілеу;
3) құжаттардың мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынған мәліметтерге сәйкес келуін анықтау;
4) жария ету субъектісіне жылжымайтын мүлікті жария ету не жария етуден бас тарту туралы шешімдерді беру;
5) жария ету объектісі туралы мәліметтерді Заңға 3-қосымшаға сәйкес нысанда жария етілген мүлік тізіліміне енгізу болып табылады.
9. Комиссия жылжымайтын мүлікті жария етуге өтініш жасаған жария ету субъектілерінің өтініштерін белгіленген тәртіпте тіркейді.
Құжаттары қоса тіркелген өтініштерді комиссия хатшысы қабылдап алады. Өтініштер комиссияға келіп түскен жылжымайтын мүлікті жария ету жөніндегі өтініштерді тіркеу журналында (бұдан әрі - журнал) тіркеледі.
Құжаттары қоса тіркелген өтініштерді қабылдау кезінде мүлікті жергілікті мемлекеттік атқару органы бекіткен нысанда жария ету үшін берілген құжаттардың тізілімі жасалады.
Комиссия хатшысы өтінішті журналға тіркеп, оған нөмір қояды.
Комиссия хатшысы өтініштің екінші данасына өтініштің күні мен нөмірін және берілген құжаттар мен өтінішті алғандығы туралы қолын қоя отырып, өтініш білдірушіге қайтарады.
10. Жария ету мерзімінің ішінде берілген жылжымайтын мүлікті жария ету туралы өтініш тиісті комиссияға өтініш берілген күннен бастап 15 жұмыс күнінің ішінде қаралуға тиіс.
11. Заңның
6-бабында
және
11-бабының
1-тармағында көзделген құжаттарды алғаннан кейін комиссия:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі N 696
қаулысымен
бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу Ережелерінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша құжатты кері қайтару туралы;
2) жылжымайтын мүлікті жария етуден бас тарту туралы;
3) жылжымайтын мүлікті жария ету туралы.
Шешім әрбір жария ету объектісі бойынша жеке қабылданады және оған төраға, комиссия мүшелері және хатшы қол қояды.
Ескерту. 11 тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 24 қазандағы
N 7/1252
және 2007 жылғы 9 қаңтардағы
N 1/58
қаулыларымен.
12. Комиссияның хатшысы комиссия мәжілісінің хаттамасын жүргізеді және хаттамада көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығына жауап беретін комиссияның барлық мүшелері оған қол қояды.
13. Жергілікті атқарушы органдар мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссияның жұмысын қамтамасыз етеді.
14. Жылжымайтын мүлікті жария ету туралы ақпарат жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдарға жылжымайтын мүлікті жария ету туралы шешімнің көшірмесін жібере отырып, ұсынылады.
15. Жылжымайтын мүлікті әрі қарай ресімдеу туралы шешім шығарылғаннан кейін Комиссия шешімнің көшірмесін:
1) Жер қатынастары басқармасына жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжатты ресімдеу үшін;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі "Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу Ережелерін бекіту туралы" N 696
қаулысының
негізінде Алматы қаласының әкімдігімен құрылған қабылдау комиссиясына пайдалануға қабылдау актісін ресімдеу үшін;
3) "Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық төлқұжатты ресімдеу үшін жібереді.
Ескерту. 15 тармақ жаңа редакцияда жазылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 24 қазандағы
N 7/1252
қаулысымен; өзгеріс енгізілді - Алматы қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 9 қаңтардағы
N 1/58
қаулысымен.
15-1. Осы Ереженің 15-тармағында көрсетілген құжаттарды ресімдеу аяқталғаннан кейін комиссия жария ету субъектісіне мәліметтерді жария етілген мүлік тізіліміне бір мезгілде енгізе отырып, жылжымайтын мүлікті жария ету туралы шешімді ресімделген құжаттармен бірге береді.
Ескерту. 15-1 тармақ Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 24 қазандағы
N 7/1252
қаулысымен енгізілді.
16. Комиссия өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша:
1) мемлекеттік органдар мен ұйымдар беретін жария етілетін жылжымайтын мүлік туралы қажетті ақпаратты сұратуға;
2) комиссияның құрамына кірмеген мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін тартуға;
3) жылжымайтын мүлікті жария етуге өтініш жасаған адамдардан түсініктеме алуға;
4) жылжымайтын мүлікті жария етуге өтініш жасаған жария ету субъектілері мүлкінің тиесілігін анықтауға;
5) жылжымайтын мүлікті жария ету не жария етуден бас тарту туралы шешім қабылдауға құқылы.
5. Комиссияның қызметін тоқтату
17. Комиссия Заңда белгіленген мүлікті жария ету мерзімі аяқталғаннан кейін өз қызметін тоқтатады.
Алматы қаласы әкімдігінің
2006 жылғы 3 тамыздағы
N 5/989 қаулысымен бекітілген
____________________ ауданындағы
____________ жылжымайтын мүлікті
________________жария ету туралы
Қазақстан Республикасының "Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Заңына сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы _____________________ ауданы бойынша Алматы қаласының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссия ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. _____________________ мекен-жайы бойынша, ________________
аудан орналасқан жылжымайтын мүлік ________________________________
(СТН ________________) жария етілсін.
2. Жария етілген жылжымайтын мүлік заңда белгіленген тәртіпке
сәйкес 2007 жылғы 1 сәуірге дейін тіркеуден өткізілуі тиіс.
Комиссия төрағасы: ______________________________________
Комиссия хатшысы:________________________________________
Комиссия мүшелерінің аты-жөндері мен қолдары:
1._______________________________________________________
2._______________________________________________________
3._______________________________________________________
4._______________________________________________________
5._______________________________________________________
6._______________________________________________________
7._______________________________________________________
Алматы қаласы әкімдігінің
2006 жылғы 3 тамыздағы
N 5/989 қаулысымен бекітілген
"Бекітемін"»
Алматы қаласының
______________ауданы бойынша
комиссия төрағасы
_____________________________
(аты-жөні, қолы)
2006 жылғы "____"» ___________
Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы_______________
ауданы бойынша Алматы қаласының аумағында орналасқан,
құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді
жүргізу жөніндегі комиссия мәжілісінің
N _______ ХАТТАМАСЫ
Төрағалық етуші:___________________________________________________
Комиссияның мүшелері қатысты:______________________________________
___________________________________________________________________
Күн тәртібі:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Шешім:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Комиссия төрағасы: ________________________________________________
Комиссия хатшысы: _________________________________________________
Комиссия мүшелерінің аты-жөндері мен қолдары: 1._________________________________________________________________
2._________________________________________________________________
3._________________________________________________________________
4._________________________________________________________________
5._________________________________________________________________
6._________________________________________________________________
7._________________________________________________________________
Алматы қаласы әкімдігінің
2006 жылғы 3 тамыздағы
N 5/989 қаулысымен бекітілген
Жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссияға келіп түскен өтініштерді есепке алу журналы
|
N№ |
Қоса тіркелген құжаттарымен бірге өтініш берілген күн |
Өтініш берушінің аты-жөні немесе атауы |
Өтініш берушінің тұрғылықты жері немесе заңды мекен-жайы |
Жария етілетін мүліктің атауы |
Жария етілетін мүліктің құны |
Жария ету үшін төленген алым сомасы |
Комиссияның шешімі |
Шешімді берген күн |
Шешімді алдым (аты-жөні, қолы) |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Алматы қаласы әкімдігінің
2006 жылғы 3 тамыздағы N 5/989
қаулысымен бекітілген
Жылжымайтын мүлікті жария етуге ұсынылған құжаттардың
N ______ тізілімі
Берілген құжаттардың тізімі:
1._______________________________________________________
2._______________________________________________________
3._______________________________________________________
4._______________________________________________________
5._______________________________________________________
6._______________________________________________________
7._______________________________________________________
8._______________________________________________________
9._______________________________________________________
10.______________________________________________________
Құжаттардың саны ______ (______________________________)
Құжаттардағы беттердің саны _______ (__________________)
Маман _______________________________ __________________
(аты-жөні) қолы
2006 жылғы «"____"» ______________
Мен,____________________________________________________
(өтініш берушінің аты-жөні)
жылжымайтын мүлікті жария ету үшін берілген 2006 жылғы _____________ N ________ өтініш пен құжаттарды қабылдап алғаны туралы қолхатты шын мәнінде алдым, сондай-ақ
жария етуге ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығы мен толықтығына жауап беремін және:
1) маған (мен өкілі болып табылатын заңды тұлғаға) қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-193, 218, 221, 222 баптарында аталған қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалмағанын;
2) мен (мен өкілі болып табылатын заңды тұлға) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-193, 218, 221, 222 баптарында аталған қылмыстар жасағаны үшін сотталмағанымды;
3) мен (мен өкілі болып табылатын заңды тұлға) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 118, 120, 143, 154, 155 (бірінші бөлігі), 178, 179, 182, 185, 189, 205-209, 237, 239, 253, 357-2 баптарында аталған әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылмағанымды;
4) жария етуге құжаттары берілген жылжымайтын мүлік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, жеке тұлғаға, бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне, конституциялық құрылыс негіздеріне және мемлекеттің қауіпсіздігіне, меншікке, мемлекеттік қызмет мүдделеріне, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, халықтың денсаулығы мен имандылыққа қарсы жасалынған қылмыстардың нәтижесінде алынбағанын;
5) мен жария ету үшін құжаттар ұсынып отырған жылжымайтын мүлікке құқықтар сот тәртібімен дауланып жатпағанын;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында құқық берілмейтін жылжымайтын мүлікті жария етпейтінімді растаймын.
Өтініш беруші ____________ ______ 2006 жылғы "___" _____
(аты-жөні) қолы
Алматы қаласы әкімдігінің
2006 жылғы 3 тамыздағы
N 5/989 қаулысымен бекітілген
Жылжымайтын мүлікті жария ету үшін
ұсынылған құжаттарды алғаны туралы
N ______ қолхат
Құжаттар ұсынған өтініш беруші_________________________
(аты-жөні)
Берілген құжаттардың тізімі:
1._________________________________________________________________
2._________________________________________________________________
3._________________________________________________________________
4._________________________________________________________________
5._________________________________________________________________
6._________________________________________________________________
7._________________________________________________________________
8._________________________________________________________________
9._________________________________________________________________
10.________________________________________________________________
Құжаттардың саны ______ (_________________________________________)
Құжаттардағы беттердің саны_________________(_____________________)
Маман _______________________________________ ____________________
(аты-жөні) қолы
2006 жылғы "____"» ______________
Жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссияның шешімін табыстаған күн 2006 жылғы "____"» ______________
Ескерту: Құжаттардың түпнұсқасы жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссияның шешімін табыстаған уақытта кері қайтарылуы тиіс.