Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген жылжымайтын мүлiктi жария етудi жүргiзу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі N 696 қаулысы

      2006 жылғы шiлдеде Болгарияның Қара теңiз жағалауында болған дүлей апаттың салдарын жою үшiн Болгария Республикасына ресми iзгiлiк көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне заңнамада белгіленген тәртіппен Болгария Республикасына iзгiлiк көмек көрсету үшiн 2006 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң төтенше резервiнен 100000 (бiр жүз мың) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен көрсетiлген қаражатты Болгария Республикасының Үкiметi белгілеген арнайы шотқа аударуды қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртіппен бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі