Облыс әкімиятының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау облысы әкімиятының 2006 жылғы 26 маусымдағы N 205. Маңғыстау облысының Әділет Департаментінде 2006 жылғы 27 шілдеде N 1949 тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексіне , "Қазақстан Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік басқару туралы", " Нормативтік  құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, облыс әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1.  <*>

      Ескерту: алып тасталды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 
2007 жылғы 12 шілдедегі N 165  қаулысымен .

      3 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Департамент тендерлік комиссияны қалыптастырады. Тендерлік комиссия құрамына:
      1) Департаменттің;
      2) Облыс әкімі аппаратының;
      3) Маңғыстау облысының тарифтер жөніндегі басқармасының;
      4) Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің;
      5) Маңғыстау облысының әділет департаментінің өкілдері кіреді.
      Қажет болған жағдайда комиссия құрамына мемлекеттік басқару органдарының өкілдері енгізілуі мүмкін. 
      Жоғарыда көрсетілген өкілдер тендерлік комиссия жұмысына жекелей немесе тиісті дәрежеде ресімделген сенімхат негізінде қатысады. Департамент өкілі тендерлік комиссияның төрағасы болып табылады."; 

      31 тармақ мынадай редакцияда жазылсын "Келісім-шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған жағдайда, тараптар Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жауапкершілік артады.";

      38 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "38. Келісім-шарт жасасқан кезден бастап әрбір алты ай сайын комиссия белгіленген мерзімдерде тапсырылған есептер негізінде фирманың Басқарушысының келісім-шарт талаптарын орындауына тексеру жүргізуді сол жерге бару арқылы жүзеге асырады.";

      41 тармақтағы "Қазақстан Республикасымен танылған халықаралық келісім шарттар нормасымен" деген сөздер алып тасталсын. 

      42 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Келісім-шарт бойынша Объектіні басқару құқығын беру кезінде даулар, тараптардың өзара келісімімен немесе сотта қаралады.".  

      2. Маңғыстау облысы әкімиятының "Коммуналдық меншік объектілерін (мүліктерін) сатып алу құқығымен мүліктік жалға беру Ережелерін бекіту туралы" 2005 жылғы 02 қыркүйектегі N 242 (Маңғыстау облысының әділет Департаментінде 2005 жылдың 30 қыркүйегінде N 1922 тіркелген)  қаулысына  мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген коммуналдық меншік объектілерін (мүліктерін) сатып алу құқығымен мүліктік жалға беру Ережесіндегі:
      9 тармақтың 1 абзацындағы "және бекітіледі" сөздері алып тасталсын;

      2) тармақшасындағы "оның шарттары, және де тендер жеңімпазын анықтау шарттары" сөздері алып тасталсын;

      6) тармақшасы алып тасталсын; 

      10 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: 
      "10. Тендерді ұйымдастырушы ретінде тендерлік комиссия кіріседі.
      Тендерлік комиссия:
      1) Маңғыстау облысының қаржы департаментінің;
      2) Облыс әкімі аппаратының;
      3) Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің;
      4) Маңғыстау облысының тарифтер жөніндегі басқармасының;
      5) Маңғыстау облысының әділет департаментінің өкілдерінен құралады.
      Қажет болған жағдайда құрамға мемлекеттік басқару органдарының өкілдері енгізілуі мүмкін.
      Комиссия құрамы жалға берушінің бұйрығымен бекітіледі."; 

      11 тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1) жалға берушінің белгіленген мерзімінде және оған берілген мүліктік жалға беру объектісі туралы мәліметтері негізінде тендер шарттарын әзірлейді, онда жалгерлік ақының мөлшерлемесі мақсатына сай мүліктік жалға беру кезіндегі ұқсас объектілер үшін облыс әкімдігінің қаулысымен белгіленген жалгерлік ақының мөлшерлемесінен төмен болмауы тиіс."; 

      26 тармақтағы "жалға берушімен бекітілетін" сөздері алып тасталсын;

      3. Маңғыстау облысының қаржы департаменті (М. Әлібекова) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларын алсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М. Әбдірахмановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

       Облыс әкімі                        Қ. Көшербаев