Маңғыстау облысының коммуналдық меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға беру Нұсқаулығын бекіту туралы

Маңғыстау облыстық әкімдігінің 2007 жылдың 12 маусымдағы N 165 қаулысы.
Маңғыстау облыстық Әділет департаметінде 2007 жылғы 25 шілдеде N 1973 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 18 тамыздағы № 244 қаулысымен

     Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011.08.18 № 244 қаулысымен
       Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне , Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы ", " Жекешелендіру туралы ", заңдарына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010.06.10 № 218 (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
       1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысының коммуналдық меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға беру Нұсқаулығы бекітілсін.
       2. Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылды деп танылсын:
      Маңғыстау облысы әкімдігінің "Кәсіпорындарды, мүліктік кешендерді, акционерлік қоғамдардың акцияларының мемлекеттік пакеттерін және шаруашылық серіктестіктердің мемлекеттік үлестерін сенімділік басқаруға беру жөніндегі Ережелерді бекіту туралы" 2001 жылғы 19 қазандағы N 43 қаулысы;
      Маңғыстау облысы әкімдігінің "Маңғыстау облысы әкімиятының "Кәсіпорындарды, мүліктік кешендерді, акционерлік қоғамдардың акцияларының мемлекеттік пакеттерін және шаруашылық серіктестіктердің мемлекеттік үлестерін сенімділік басқаруға беру жөніндегі Ережелерді бекіту туралы" 2001 жылғы 19 қазандағы N 43 (әділет басқармасында 2001 жылғы 20 қарашада N 620 болып тіркелген) облыс әкімиятының 2003 жылғы 29 қарашадағы N 196 (әділет басқармасында 2003 жылғы 9 желтоқсанда N 1182 болып тіркелген) қаулысымен өзгерістер енгізілген қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 27 қантардағы N 22 қаулысы;
       3. Маңғыстау облысы әкімдігінің "Облыс әкімиятының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 26 маусымдағы N 205 қаулысының 1 тармағы алып тасталсын.
       4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М. Әбдірахмановқа жүктелсін.
       5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі

Маңғыстау облысы әкімдігінің
2007 жылғы 25 шілдедегі N 165
қаулысына қосымша

Маңғыстау облысының коммуналдық меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға беру Нұсқаулық бойынша

      Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Жекешелендіру туралы" Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді, коммуналдық меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға беру тәртібін, оның ішінде тендер өткізуді, сенімдік басқарушылармен шарт жасасуды және оларды бақылауды жүзеге асыруды анықтайды.

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1. Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      Басқарма - Маңғыстау облысының қаржы Басқармасы;
      Сенімгерлік басқарушы - Басқармамен Шарт жасасқан тұлға;
      Шарт - Басқарма пен Сенімгерліік басқарушы арасында жасалған объектіні сенімдік басқаруға шарт (келісім-шарт);
      Объект - мүліктік кешені немесе коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын немесе мемлекеттік мекеменің мүлкі, акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакеті, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына мемлекеттің қатысу үлесі, сондай-ақ сенімдік басқаруға берілетін өзге мемлекеттік мүлік;
      Басқарушы орган - акционерлік қоғамның акцияларының мемлекеттік пакетін, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган, сондай-ақ мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органы;
      Тендер жеңімпазы - тендерлік комиссияның қорытындысы бойынша ең жақсы шарттарды ұсынған тендерге қатысушы;
      Ағымдағы құны - кейін сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылданған жағдайда объектінің Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес тәуелсіз бағалаушы есебінің негізінде Тендерлік комиссия бекітетін құны;
      Тендер - конкурстық саудалар нысаны, онда Басқарма оған ұсынылған шарттардың негізінде тендер жеңімпазымен шарт жасасуға міндеттенеді;
      Тендерлік комиссия - Басқармасының объектіні сенімгерлік басқаруға беру жөнінде тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін құрған органы. Ерекше жағдайларда, тендер комиссиясын құрамы Маңғыстау облысы әкімдігімен құрылады;
      Тендерге қатысушы - тендерге қатысуға жіберілген жеке немесе заңды тұлға.
      2. Объектіге сенімгерлік басқаруды тағайындаушы Басқармасы болып табылады.
      3. Объектіге сенімгерлік басқару Шарт бойынша мәміле негізінде туындайды (тағайындалады).
      3-1. Объектілерді заңды тұлғалардың жарғылық капиталын төлеу есебіне бергенге дейін Объектілер, кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін.
      Объектілерді кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру Тендер өткізбестен жүзеге асырылады.
       Ескерту. 1-тараудың 3-тармағы 3-1 тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010.06.10 № 218 (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      4. Шарт 10 жыл мерзімге дейін жасалынады. Ерекше жағдайларда, объектінің құрылымдық-салалық маңызына қарай сенімгерлік басқару 30 жыл мерзімге дейін бола алады.
      5. Объектіні сенімгерлік басқаруға кейін сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз беру туралы шешімді Заңнын 5-бабы 3-тармағына сәйкес, Маңғыстау облысы әкімдігімен қабылданады.
      6. Кейін сатып алу құқығымен Объектіні сенімгерлік басқаруды құрған жағдайда тендер өткізу міндетті болып табылады.
      7. Сенімгерлік басқарушының Объектіні сатып алу талаптары Шартпен анықталады. Шартта қандай мерзімде және қандай міндеттемелерді орындаған жағдайда Объект Сенімгерлік басқарушының меншігіне ауысатынын көздеуі керек.
      Сенімгерлік басқарушыға Объектіні сатуға ол Шартты тиісінше орындаған жағдайда ғана жол беріледі.
      8. Басқарма сенімгерлік басқаруды құру мақсатында:
      1) Тендерді ұйымдастырады (Тендерлік комиссияның құрамын бекітеді, Тендерге қатысушыларды тіркейді, ақпараттық хабарларды жариялауды қамтамасыз етеді);
      2) кепілдік жарналарды қабылдайды;
      3) Объектіні бағалау жөнінде қызметтер көрсетуге кеңесшілермен шарттарды жасайды;
      4) Тендер өткізу барысын бақылауды жүзеге асырады;
      5) Тендерге қатысушылармен және бағалаушылармен Тендерді өткізу рәсімдерімен байланысты есеп айрысуды жүзеге асырады;
      6) Сенімгерлік басқарушымен Шарт жасайды;
      7) Объектіні сенімгерлік басқаруға берумен байланысты өзге функцияларды жүзеге асырады.
      9. Акциялары және жарғылық капиталындағы мемлекеттің қатысу үлесі сенімдік басқаруға беру Объектісі болып табылатын мемлекеттік заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік емес заңды тұлғалардың лауазымды тұлғалары Басқармасының сұрауы бойынша Объектіні сенімгерлік басқаруға беруге дайындау үшін қажет мәліметтерді олар анықтайтын мерзімдерде ұсынады және үсынып жатқан мәліметтердің растығы үшін жауап береді.
      10. Объектіні сенімгерлік басқаруға беру шарттары Сенімгерлік басқарушының мыналарға қатысты міндеттемелері бола алады:
      Объектіге инвестициялардың көлемдеріне, түрлеріне және мерзімдеріне;
      өнімнің көлемдеріне, шығарылатын өнімнің немесе көрсетілетін қызметтердің түрлері мен номенклатурасы;
      белгілі тұтынушыларға өнімді жеткізу;
      баға белгілеуге, оның ішінде бағалардың шекті деңгейі бойынша шектеулер;
      табиғатты қорғау іс-шараларын өткізу;
      бар санын сақтап қалу немесе жаңа жұмыс орындарын құру;
      өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым обьектілерін пайдалану тәртібі;
      Обьектінің берешектерін белгіленген мерзімдереде өтеу;
      Сенімгерлік басқарушының Обьектіні кейін сатып алуы;
      белгілі мерзім ішінде Обьектіге қатысты белгілі қызметтерге мәмілелер жасау және/немесе тиым салу.

2. Тендерлік комиссия

      11. Тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін Басқарма Тендерлік комиссияны құрады, оның құрамына келесі органдардың өкілдері кіреді:
      1) Басқармасымен;
      2) Облыс әкімдігінің аппаратының;
      3) Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы;
      4) Маңғыстау облысының әділет департаментінің (келісім бойынша).
      Қажет болған жағдайда, комиссия құрамына мемлекеттік басқару органдарының өкілдері енгізілуі мүмкін. Ерекше жағдайларда, тендерлік комиссияның құрамы Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысымен құралады.
      12. Тендерлік комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) кепілді жарнаның мөлшерін анықтайды;
      2) Тендер шарттарын аықтайды;
      3) Тендер өткізеді;
      4) Тендер жеңімпазын хабарлайды.
      5) керек жағдайда тәуелсіз сарапшыларды қатыстырады.

3. Объектіні сенімгерлік басқару беруге дайындау

      13. Обьектіні сенімгерлік басқаруға беруге дайындауды Басқарма жүзеге асырады.
      14. Басқару органы Басқармаға акциялары (үлестері) Обьект болып табылатын заңды тұлғаның құрылтай құжаттарын, соңғы екі жыл ішіндегі қаржы-шаруашылық қызмет туралы толық ақпаратты.
      15. Тендерді өткізуге дайындық кезінде Басқарма Обьект туралы ақпаратты жинауды, ақпараттық хабарды уақытылы жариялауды қамтамасыз етеді, Тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдауды және тіркеуді, бағалауды (Обьектіні кейін сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берген жағдайда) жүргізеді,келіп түскен материалдарды Тендерлік комиссияның қарауына жібереді.
      16. Тендерді өткізу туралы ақпараттық хабарлау, оны өткізгенге дейін 30 күн бұрын жариялануы тиіс. Ақпараттық хабарлау ресми басылымдарда мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялануы керек.
      Ақпараттық хабарлау Обьект, Тендерді өткізу уақыты және орны, оның шарттары; Тендерге қатысу үшін өтінімдерді қабылдау орны, уақыты және мерзімі; кепілдік жарнаны салу мөлшері, мерзімі және тәртібі, сондай-ақ Басқармасының қалауы бойынша басқа мәліметтерді қамтау керек.
      17. Тендерлік комиссия Тендер шарттарын өзгерткен жағдайда, барлық өзгерістер туралы хабарлама, осы Ереженің 15-тармағымен белгіленген тәртіпте Тендерлі өткізгенге дейін 5 күн бұрын жариялануы тиіс.
      Тендер шарттары өзгергендігі туралы хабарлама жарияланғанға дейін Тендерге қатысуға өтінім берген және осыған байланысты Тендерге қатысудан бас тарқан тұлғалар кепілдік жарнаны толық қөлемде қайтаруды талап етуге құқылы.
      18. Акциялар ( үлестері) сенімгерлік басқару обьектісі болып табылтын әрбір заңды тұлға бойынша ақпараттық хабарлама жарияланғанға дейін Басқарма мына құжаттардың көшірмелерінен тұратын құжаттар пакетін дайындауы тиіс:
      1) жарғы;
      2) эмиссияны тіркеу туралы куәлік;
      3) есепті кезең алдындағы жылға қосымшылары бар бухгалтерлік баланстар;
      4) статистикалық карточка;
      5) заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлік;
      6) мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер, мемлекеттің қатысумен заңды тқлғалардың тізілімінен үзінді.
      Құжаттар пакетіне сондай-ақ Басқармасының тапсырмасы бойынша тәуелсіз кеңесшілермен өткізілген жұмыс істеудің кешенді мониторингі және Объектіні басқару тиімділігі негізінде қосымша мәліметтер қамтылуы мүмкін.
      Ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейін Басқарма Тендерге қатысушы болуға ықылас білдірген үміткерлерге Объект туралы ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз етеді.
      19. Тендерге қатысушылар Тендерді өткізу туралы ақпараттық хабарлама көрсетілген мөлшерде, мерзімдерде және тәртіпте кепілдік жарна салады. Кепілдік жарнаның мөлшері ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейін өзгертіле алмайды. Кепелдік жарна Қатысушы атынан кез-келген басқа жеке немесе заңды тұлғамен салына алады. Кепілдік жарнаны алушы Басқарма болып табылады.
      20. Тендерге қатысу үшін кепілдік жарна, әрбір Объект үшін жеке оның Ағымдағы бағасының немесе баланстық құнының (объектіні кейін сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берген жағдайда) 1-15 пайызы шегінде белгіленеді.
      21. Кепілдік жарна Қатысушының мына міндеттемелерін қамтамасыз ететін болып табылады:
      1) жеңген жағдайда Тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қою;
      2) Басқармамен Шарт жасасу.
      22. Тендерде жеңген Қатысушыға егер кепілдік жарна 100 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын болса қайтарылмайды.
      Егер кепілдік жарна мөлшері 100 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асып түскен жағдайда жеңімпазға 100 еселенген айлық есептін көрсеткіш тең мөлшерін сомасы шегері шегеріліп қайтарылады.
      23. Егер Тендерге қатысушылар осы Нұсқаулықтың 18-тармағының екінші абзацында көзделген жағдайларды қоспағанда, Тендерге қатысудан оны өткізгенге дейін кемінде үш күн бұрын бас тартқан жағдайда Басқарма оларға кепілдік жарнаны қайтармайды.
      24. Жеңімпаз болып табылмаған тендерге Қатысушыға кепілдік жарна тендер өткеннен кейін 20 банкілік күннен кешікпей қайтарылады, ал ақша Басқарма шотына Тендер өткеннен кейін түскен жағдайда, ол шотқа түскен уақыттан бастап 20 банкілік күн ішінде қайтарылады.
      25. Тендерге қатысушыларды тіркеу ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және Тендер басталғанға дейін үш күн бұрын аяқталады.
      26. Тендерге қатысушы ретінде тіркеу үшін мыналарды;
      1) Тендерге қатысушыны Тендер жеңімпазы деп хабарланған жағдайда оның жазбаша міндеттемесін білдіретін Тендерге қатысуға өтінімді, ақпараттық хабарламада көрсетілген және Тендерге қатысушының өзімен ұсынылған Тендер талаптарында Шарт жасасуын;
      2) Тендер талаптары бойынша жазбаша түрдегі Тендермен шарттасылған құжаттаманы қоса беріп, басқа құжаттардан бөлек конвертте жапсырылған ұсыныстарды;
      3) ықтимал Тендерге қатысушының банк (банктер) алдында тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашу күнінің алдындағы үш айдан артыққа бірінші басшы немесе қол қою құқығы бар тұлға және бас бухгалтер қол қойған банктің (банктердің) мқрі бар мерзімі өткен берешектерінің жоқтығы туралы банктің (банктердің) анықтамасын. гер, ықтимал Қатысушы екінші деңдейдегі бірнеше банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетел банксінің клиенті болып табылған жағдайда, осы анқтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады;
      4) соңғы қаржы жылы үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен міндетті аудитті өткізу белгіленген заңды тұлғалардың аудиторлық есебінен;
      5) зады тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы кәуліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін;
      6) стастикалық карточканың нотариалды куәландырылған көшірмесін;
      7) ықтимал тендер Қатысушысының біліктілігін растайтын біліктілігі туралы мәліметтер лицензия және/немесе патенттердің, куәліктердің, басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесін;
      8) Жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін. Шетел заңды тұлғалары құрылтай құжаттарын мемлекеттік және орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынанады;
      9) ықтимал Тендерге қатысушының төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайды қоспағанда, тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашу күнінің алдындағы үш айдан ұзаққа бірінші басшы немесе қол қою құқығы бар тұлға қол қойған, осы салық органының мөрі бар салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу және жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару жөніндегі мерзімі өтіп кеткен берешегінің жоқтығы туралы тиісті салық органының белгіленген нысандары анықтамасының түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін;
      10) кепілдік жарнаны Басқармасының депозит шотына аудару туралы төлем тапсырмасының немесе түбіртектің (жеке тұлға үшіш) түпнұсқасын және көшірмесін;
      11) ықтимал Тендерге қатысушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжатты (сенімхатты) (жеке куәлікті, төлқұжатты (шетел азаматтарды үшін) немесе ішкі істер органдарының анықтамасын ұсынған жағдайда жарамды) ұсынуы қажет.
      27. Жұмыс істеуге жарымды жеке тұлға болып табылатын ықтимал Тендерге қатысушы осы Ереженің 27-тармағының 1), 2), 10) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынады, сондай-ақ:
      1) жеке куәліктің, төлқұжаттың немесе ішкі істер органдарының тиісті анықтамасының көшірмелерін;
      2) тиісті мемлекеттік орган берген (Шарт жасау үшін азаматтық құқық қабілетінің барын растау үшін) заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін;
      3) лицензияларының және/немесе патенттердің, куәліктердің, ықтимал Тендерге қатысушының біліктілігін растайтын басқа құжаттардың нотариалды куәландыралған көшірмелері қоса берілген біліктілігі туралы мәліметті.
      28. Өтінімдерді қабылдау және Тендерге қатысуға үміт білдірген тұлғаларды тіркеу талап етілетін құжаттардың толық жиынтығы бар кезде жүгізіледі.
      29. Басқарма Тендерге қатысушыларға қатысы бар ақпаратты, Тендерді дайындау және оны өткізудің бүкіл кезеңі ішінде, Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларды қоспағында, ашып жариялауға құқығы жоқ.
      30. Ықтимал Тендерге қатысушылардың құжаттары тіркеу журналына тіркелгеннен кейін сейфте сақталады. Тендерді өткізу күні Тендерге қатысушылардың құжаттары Тендерлік комиссияға беріледі.

4. Тендерді өткізу

      31. Тендерге қатысушылардың ұсыныстары бар конверттерін ашады және Тендерге қатысушылардың ұсыныстарын қарайды. Тендерлік комиссия жобаға тәуелсіз сараптама жүргізу хақылы.
      32. Тендерлік комиссияның шешімі оның мүшелерінің жай дауыстың көпшілігімен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Дауыстар тең болған жағдайда, Тендерлік комиссия тең дауыс санын алған Қатысушыларды келіссөзге шақыруға құқылы және олардың келісімімен тендерлік комиссияның қарауына Объект жұмысын жақсартуға бағытталған қосымша ұсыныстарды енгізген Тендерге қатысушы жеңімпаз болып танылады.
      33. Тендерлік комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, оған тендерлік комиссияның мүшелері, оның төрағасы және Тендер жеңімпазы қол қояды. Тендерлік комиссияның мүшесі өзінің ерекше ойын жазбаша жазып, оны хаттамаға тіркеуге құқылы, ол туралы соңғысында белгі қойылады. Тендердің нәтижелеріне оның қатысушылары Тендер жеңімпазын хабарлаған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде наразылық білдіре алады.
      34. Тендер нәтижелері туралы хаттама Тендер жеңімпазы мен Басқармасының Тендер шарттары негізінде Шарт жасау міндеттемелерін және Тендер жеңімпазының ұсыныстарын бекітетін құжат болып табылады.
      35. Тендер нәтижелері Тендер жеңімпазын хабарланған күннен бастап 5 күнтізбелік күн ішінде Басқармамен бекітіледі.
      Басқарма жаңа тендерді хабарлауға, сондай-ақ Тендерлік комиссияға тендер шарттарын мына жағдайларда өзгертуді ұсынуға құқылы:
      Тендерге қатысуға өтінімдер жоқ болса;
      Тендерлік комиссия жеңімпаздың жоқтығы туралы шешімді қабылдаса;
      Тендер жеңімпазы Шартқа қол қоюдан бас тартса.
      36. Тендер мына жағдайларда өтпеген болып танылады, егер:
      1) Қатысушылардың ұсыныстары Тендерлік комиссиямен Тендер шарттарын қанағаттандырмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін болып танылса;
      2) тіркелген Қатысушылардың саны екеуден кем болса.
      37. Тендердің жеңімпазы Тендердің нәтижелері туралы хаттамаға немесе Шартқа қол қоюдан бал тарса, өзі салған кепілдік жарнаны жоғалтады.

5. Шарттың орындалуын бақылау

      38. Шарт ережелерінің орындалуын бақылауды Басқарма жүзеге асырады.
      39. Шарт тендер Жеңімпазының тендерлік ұсыныстарына сәйкес шарттарды қарастыру керек.
      40. Бақылауды жүзеге асыру үшін Басқарма Шарттың орындалуымен байланысты құжаттармен танысуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Объектіні басқару тиімділігінің жыл сайынғы мониторингін жүргізуге құқылы. Қажет жағдайда Шарт ережелерінің орындалуы бойынша аудит өткізіледі.
      41. Сенімгерлік басқарушы Департаментке өзінің қызметтері туралы есепті Шартта белгіленген мерзімде және тәртіпте ұсынады. Басқармасының талабы бойынша сенімгерлік басқарушының қызметі туралы есеп өзге жағдайларда да кідірмей ұсынылуы тиіс.
      42. Шарт ережелерінің орындалуын бақылау сенімгерлік басқарушы міндеттемелерін орындау аяқталған мерзімге дейін жүргізіледі.

6. Қорытынды ережелер

      43. Осы Нұсқаулықпен көзделген сенімгерлік басқару қатынастарына осындай қатынастары, Заңмен көзделен жағдайларды алып тастағанда, реттейтін азаматтық заңнаманың нормалары таралады.
      Ескерту. Мәтін бойынша өзгерістер енгізілді - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008.07.14 N 517 Қаулысымен.