Ескерту. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды қорғау агенттігі төрағасының 28.03.2014 № 64-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы N 57-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 21 наурызда N 2217 нөмірмен тіркелген, "Ресми газет" газетінде 2003 жылғы 17 мамырда N 20 нөмірінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 13 желтоқсанда N 3272 нөмірмен тіркелген, "Ресми газет" газетінде 2005 жылғы 29 қаңтардағы N 5 нөмірінде жарияланған "Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы N 57-НҚ бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 476-НҚ бұйрығымен, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 18 наурызда N 3501 нөмірмен тіркелген, "Ресми газет" газетінде 2006 жылғы 14 қаңтардағы N 3 нөмірінде жарияланған "Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы N 57-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 28 ақпандағы N 63-НҚ бұйрығымен, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 28 наурызда N 4143 нөмірмен тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2006 жылғы 19 мамырдағы N 89-90 нөмірінде жарияланған "Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы N 57-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 16 наурыздағы N 73-НҚ бұйрығымен, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 20 маусымда N 4260 нөмірмен тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2006 жылғы 29 маусымдағы N 118 нөмірінде жарияланған "Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы N 57-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 16 маусымдағы N 154-НҚ бұйрығымен, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 21 шілдеде N 4306 нөмірмен тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2006 жылғы 28 шілдедегі N 139 нөмірінде жарияланған" Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы N 57-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 11 шілдедегі N 171-НҚ бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесінде:
8-тармақтың үшінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
"Тіркелімнің республикалық бөлімі мыналарды:
1) екі және одан да көп облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағында табиғи монополиялар салаларындағы қызметтерді;
2) халықаралық әуежай қызметтерін;
3) халықаралық маңызы бар теңіз порты мәртебесі бар теңіз порты қызметтерін жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерін қамтиды.";
11-тармақ мынадай мазмұндағы 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:
"12) әуежайдың халықаралық екендігін растайтын;
13) халықаралық маңызы бар теңіз портының мәртебесін растайтын.".
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Темір жол көлігі және порттар саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Г.Қ. Ыбыраева) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О.Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төрағаның міндетін
атқарушы